Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет31/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Өмір сынақтарының сыры

Енді олардан немере көріп,

Әнияш екеуіңнің көңілдерің марқайсын.

Арлыжандай немерең шетелде оқып,

Ұлағатты ұрпақпен жүздерің тек шаттансын!



Зәуреш АЛМАЖАНОВА Қарағанды қаласы

  1. жыл

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЗАМАТ

Адам өмірінде өз жолын таңдап алады. Содан соң сол жолмен өседі, өзгереді, жетіледі, азамат атанады, қайраткер дәрежесіне жетеді, тұлғаға айналады. Кісі келбеті кісілігінен, ірілігі ісінен, парасаты пайымынан танылады. Өмір жолында осылай болып қалыптасады, өмір талқысына түседі, бойындағы ата қанымен, ана сүтімен келген қабілетті шыңдайды, ширатады, ел қажетіне асырады.

Бірақ адам деген ардақты атты жоғары ұстау үшін ар, ұят, адалдық, әділдік, халыққа қызмет ету, парасаттылық, адамгершілік, қарапайымдылық, намыс, мақсат, қысқасы имандылық, рухани байлық, тән және жан тазалығы сияқты қасиеттер болуы керек. Осы айтылған қасиеттердің басым көпшілігі Жарылқасын Бикенұлына тән деп білеміз.

Бұлай деуімізге алпыс жыл бұрынғы мектептес балалық шақтан басталған жерлес азаматтар қарым-қатынасының отбасылық достыққа айналу барысындағы көзіміз көрген жайттар негіз бола алады. Ол күндердің қызығы мен шыжығын кейінірек әңгіме етерміз.

Жарылқасын Бикенұлы мінезге бай адам, ұлық та, кішік те бола біледі. Қарапайымдылық, адалдық, әділдік, ойшылдық сияқты адамдық құндылықтарды өмірінің берік арқауы еткен жан. Жақсылыққа жақын жүріп, жайсыз жайттардан өзін аулақ ұстайды. Жәкеңе артық дәулет бітсе де, әрқашан қанағатшылдығы көзге ұрып тұрады.

Совет дәуірі кезінде облысқа келген тауар толығымен қолында бола тұра, «Тәуірі менде болуы керек» деген көзқарастан аулақ болды. Есесіне жаңа үй болғандардың, той жасағандардың, бала үйлендіргендердің қажеттілігін ашуда үлкен азаматтықпен көмек беретін. Бұл Жәкеңді танитын адамдардың көпшілігінің басынан өткен жәйт десем артық емес. Өйткені, ол кездерде бар ақшаңа қажет нәрсеңді алу қиын соғатын заман еді, яғни, тауар тапшылығы болатын.

Бұл өмірде адам жақсыны да, жаманды да көреді, тұщыны да, ащыны да татады. Ол өмір заңы. Біз осы ғұмырымызда талай жақсы, жайсаң азаматтарға жолықтық, сырлас, аралас та болдық. Соның ішінде Жәкеңдей текті азаматпен сырлас, дос болғанымыз үшін тағдырға ризамыз. Ешкімге өзіңді зорлап сүйгізе алмайсың. Ол басы ашық нәрсе. Елдің жүрегіне жеткізетін жалғыз нәрсе – ол өзіңнің шынайы кісілік келбетің. Сол арқылы Аллаға да, адамға да сүйкімдісің. «Дүние жалған арбайды, адамгершіліктен өзге еш нәрсе әлемде, бірақ, қалмайды», – деп ғұлама Фирдоуси айтқандай, әрдайым адамгершілік бәрінен биік тұрмақ.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын», – дейді екен бұрынғылар. Өйткені жақсылықты айтсаң, жақсының ғана нұры тасымайды, жақсылықты жақтайтын барша жұрттың көңіліне сенім ұялайды.












Жарылқасын Бикенов

Сондықтан болар. Жәкең үлкен отырыстарда қатар жүрген азаматтардың жақсы жақтарын, кісілік қылықтарын, бар ниетімен өсіре айтқанды дұрыс көреді. «Жәке сіз осы адамдардың мақтауын асырып жібересіз», – деген кездерімізде, «Ол өзінің кемшілігін менсіз де біледі емес пе, мен түзетуші емеспін, Жақсылық жан семіртеді ғой», – дейді. Досымыздың осы қылықтары оның адамгершілігінің жоғары, қызғаныштан аулақ екеніне дәлел емес пе?!

Жарылқасын бала кезінен қағылез алғырлығымен, зеректігімен көзге түсіпті. Өзі алты жастан оқымақ болып мектепке келіп, кетпей қойған. Мектеп директоры Бикен әкейдің сұрауымен «Отырса отыра тұрсын, аздан соң өзі қоятын шығар», – деп келіседі. Ақыры бірер ай дегенде мектеп директоры баланың алғырлығын көріп тізімге кіргізіп алған көрінеді.

Уақытынан мектепті ерте бітірген Жәкең жас кезіндегі білімге кұштарлығын, жаңалыққа құмарлығын, ізденгіштігін, өмірде болып жатқан құбылыстарға сезімталдығын, қызығушылық қасиеттерін өмірлік ұстаным етті. Жылдар өте, Жәкеңнің беделі, лауазымы, мәртебесі өскен сайын әлгі қасиеттері күшеймесе әлсіреген жоқ. Өрши түсті. Халық айтқандай, жеткеніне мастанбады, кердең басып мақтанбады, керуенде көш бастады, топ ішінде сөз бастады. Бойына білім жинақтап, ішкі мәдениетін дамытты.

Басқаша болса, бүгінгідей әділ де шынайы құрмет бола қоймасы белгілі.

Бұлай болуына негізгі себеп – Жәкең табиғатының терең тамырлық сапасында болар. Әуел бастан намысын қайрап өскен жігіт қай жерде жүрсе де, қазақ азаматының жоғары қабілеттілігі мен адалдығын, тазалығын өз болмысымен дәлелдей жүріп, ортасына үлгі бола білді. Оған дәлел әскери борышын атқарудағы оң жетістіктері, қазақша оқыған жас жігіттің кілең орыс арасында, Балқашиндегі аға ревизорлық қызметті бағындыруы, облыс орталығындағы ірі қызметтерді дөңгелетуі. Солай болуына жоғары оқу орындарында сүйіп араласқан ұстаздық қызметі де мейлінше ықпал еткеніне күмән болмас. Оның дәлелі Қазақстанның облыс орталықтарында еңбек етіп жүрген білікті бухгалтерлік есеп мамандары осы Жәкеңнен дәріс алғандар десек артық емес.

Айтқандай, ол азаматттардың Жарылқасын сынды ұстаздарына деген сый-құрметтеріне де талай мәрте куә болып жүрміз.

«Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді, абырой-атаққа азамат білгірлігімен жетеді», – деп халқымыз айтқандай. Жәкең табанды тынымсыз еңбегі мен білгірлігінің арқасында көздеген арманы мен мақсатына жеткен адам.

Жарылқасынның келісті тұлға болып, өрлеп жүруіне жанын салып, рухани қорын байытып, құт-берекесін шалқытып отырған жары – парасатты әрі мейірімді Ана – Әнияш Исабекқызының еңбегі десек артық емес. Осы тұрғысынан алғанда мінезімен де, адамгершілігімен де терезесі өзімен тең түсетін, жарқын жүзді Әнияш сияқты жарының болуы да Жәкеңе Алла берген бақыты деп білеміз.

Әр отбасының тату-тәтті өмір сүру жолдары, ең бірінші ерлі-зайыпты екі адамның қарым-қатынасында, сыйластығында, мәдениеттілігінде екені белгілі. Осы орайда, Әнияш пен Жарылқасынның өмір сүру жолы, бір-біріне деген сүйіспеншілігі, сыйластығы достық жолмен қырық жылға тарта келе жатқан біздерге және туған-туысқандарына, өздерінің қызметтес әріптестеріне, бала-шағасына үлкен үлгі екендігіне ешкімнің күмәні болмас.

Жәкең мен Әнияштың ұйымшыл шаңырағынан қандай туыстары тәрбиеленбеді, білім алмады десеңізші?! Өздерінен кейінгі барлық іні-қарындастарына үлкен бауырмалдықпен, жанашырлықпен қарап, қамқоршы болу қандарына сіңген азаматтар. Ол үйде жылдың қай мезгілінде, аптаның қай күнінде барсаң да ауылдан келген туыстар немесе олардың студент балалары болып тұрады.





205










Өмір сынақтарының сыры

Елден ауырып-сырқап келген ағайындарды емхана, ауруханаға қаратып, артынан тамағын апарып отырады. Мұндай жағдайлар қазақи отбасыларға тән болғанымен, Жәкеңнің ерекшелігі адамға жасаған жақсылықтарын шынайы көңілмен, міндетсінбей, ренішсіз жасауында.

Жәкең мен Әнияш бүгінде өмір бойы адал еңбектерінің зейнеті, жасаған жақсылықтарының қайтарымы шығар, балаларының қызығын, жолдас-жораларының сый-құрметін көріп отырған бақытты ата мен әже.

Біздің кейіпкеріміз – жылы жүзді, көпшіл әрі мейірман Әбілқасым, Гүлшат, Ерқанат сынды үш баланың ата-анасы. Балалар деп отырғанымыз арнаулы жоғары білімді, айтарлықтай мансапты қызметтері бар білікті азаматтар. Жәкең мен Әнияштың үлкен немересі Арлыжан болса студент, бүгінгі күні Чехияда білімін ұштауда. Мұхаммед пен Томирис ағасы мен әжесінің көз қуаныштары әрі қолқанаттары болып отыр. Атасы Жәкең болса немерелерінің болашағын ойлап жағдай жасау үстінде.

Жәкеңнің достыққа деген адалдығы, досты сыйлай білуі, достықты ардақтай білуі ерекше екендігіне талай рет көзіміз жетіп жүр.

Біздің отбасымызға қатысты өткен үлкен істердің абыроймен сәтті өтуі нұралық біртуар абзал азамат, Төкеннің арқасүйер ағасы марқұм Сәтбек Сәрсекейұлы және досымыз Жарылқасынмен ұштасып отырады.

Қызымыз Ләззатқа құда түсу мәселесінде және «Орбита» мейрамханасындағы ұзату тойына қажетімізді түгел тауып қана қоймай жеткізіп отырған Сәкең мен Жәкеңнің мәрттігін ұмытуға бола ма?

Тойдың Баянауылда сән-салтанатпен жалғасуының куәгерлері әрі демеушілері болған осындай Аға мен Досқа ризашылығымыз шексіз.

Бәрін айт та, бірін айт дегендей, балаларымыз Ләззаттың кандидаттық диссертациясын, Нұрлан мен Жаннаттың кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғау кездеріндегі Әнияш пен Жәкештің ықыластары туралы бір сөзбен айтсақ ол: диссертациялық кеңес өтіп жатқан қалаға елден бұрын қоңырау шалып құттықтауы, ол істі бітіріп келгендегі үйге бірінші болып жетіп демеушілік жасауы, ал банкет өткізу барысында ақыл-кеңес пен адал тілектерін аямай тойды басқарып кетуі.

Айналасына қолдан келгенше тек жақсылық жасау және оны сұраусыз жасау, адал және әділетті ғұмыр кешу, ұялтпас та, ұмытпас та іс тындыру сияқты сирек қасиеттер біздің Жәкеңде бар екенін қайталап айтудың артықтығы болмас.

Бірде Жәкең: «Төкен, сен «Шын мықты мықтымын деп айта алмайды, мықты емес мықтымын деп айқайлайды»-ның кебін киіп жүре бересің бе? Ешкім сені шақырып алып мадақтамайды, ол заман өткен. Профессор атағын алуға құжаттарыңды берсеңші, еңбегің даусыз ғой, «пысықтар» соңына түсіп, сұрап та алып жатыр», – дегені бар. Көп кешікпей, сол қозғаушы күні себеп болып, профессор, артынша академик атақтары бекіп келген болатын.











Жарылқасын Бикенов

Адал досың болуы, әрине, бақыт. Керісінше, амал досың – өкініш. Адал дос – барыңда да, жоғыңда да дос. Қуанышыңда да, ренішіңде де қасында.

Өмір болған соң аталған жағдайларды біз де басымыздан кешірдік. Соның бәрінде Жәкеш ақыл-кеңесімен жанымыздан табылып отырды. Айта кетейік, сексен алтыншы жылы ақпанның аязында қайтыс болған шешемізді елге жеткізу қиын болғанда, қаладан барған автобус тоқтап, далада калу қаупінен де алып шыққан Жәкеш бастаған азаматтар еді.

Жәкеңді арқасүйер азамат деп білетіндер көп десем, артық емес. Өйткені, қандай да бір мәселе болсын, бұл кісі оны шындығына жетіп барып шешеді. Бұл кісіге қиналып, жағдайын айтуға келген адамдардың көңілдері орнығып шыққанын талай көзіміз көрді.

«Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы», – деген ұстанымға берік құрбымызбен кездесіп, әңгімелескен сайын ойымызға ой қосылып, көңіліміз байып қалатыны рас. Өмірде оқығаны да, тоқығаны да көп Жәкең елінің тарихын, ұлтының әдет-ғұрпын жақсы біледі.

Біздер, Ата балалары, Жарылқасынның алдында Тоқа шежіресін, Қарпық шежіресін жинақтап, оған жастарымызға үлгі, өнеге боларлық құнды материалдарды ұсынғаны үшін қарыздармыз десек болады.

Адамдар бір-бірін түсіну, ойлары, арман-тілегі бір арнада тоғысып, ортақ мүддеден шығу арқылы қимас жандарға, сыйлас достарға айналып жатады. Ал жастық шағың бірге өткен достардың жөні тіптен бөлек. Олар кездескенде пікірлесіп, қызық күндерді еске түсіріп, жан рахатына бөленеді. Бұл орайда, Нұра ауданы Көбетей ауылындағы Калинин орта мектебін қатарлас бітірген бес-алты азаматтың аралары үзілмей, аралас-құралас жүрулері қызығарлық дүние. Олар, Раис Шайдуллин, марқұм Мәжит Ыдырысов, Төлеу Балмағамбетов, Жарылқасын Бикенов, Қайыржан Бекішев және Келіс Момышев. Бұл ұжымның шашырамауына да ұқыпты досымыз Жәкеңнің еңбегі бар. Күнделікті күйбең тіршілік арасында ешкімді ұмытпай хабарласып, жағдайды біліп тұратын да осы Жәкең.

Бұл жігіттердің, қазірде ақсақалдардың, соңғы 40-50 жыл арасындағы мерей-тойлары мен балаларының үйлену тойлары ортақ мерекеге айналғаны қашан. Бұл мәселе әр отбасының балаларына да үйреншікті қалыптасқан дәстүр әрі үлкен тәлім-тәрбие. Осындайдан болар, бірінің баласына екіншісі: «Ол да сенің әкең болады», – деп айтып жағатыны.

Дос-жолдастардың арасында біздің өз басымыз жұқалтаң болғандықтан, олардың тілектері маған темекі шегуді тастату болатын. Бірде Жәкең «Шахтер» демалыс үйіне екі кісілік жолдама алып, осы шаруаны бітірмек болды. Әйелдерден аулақ жерде, таза ауа, көл жағасы, қымыз бен қазы-қарта, жәшіктерде сыра тағы басқа деген сияқты. Демалыс мерзімі аяқталған кезде менің өзгеріссіз қайтқаныма ренжіген Жәкең: «Тәулігіне бір бөтелке сыраны тауысып ішпейді, тіпті қазы-қартаны да қырып жемейді, қышқыл деп қымыз ішпесе қалай семіреді?», – деп шын қынжылғаны бар. Осы сияқты жанашырлық жақын туыстар арасында да жиі кездесе бермейтіні анық.

«Өмір ұзақтылығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді», – деп Сенека айтқандай, Жарылқасын өзінің тіршілігінде парасатты өмір сүріп жүрген азамат деп білеміз.

Жәкең мен Әнияштың бұл күнде араласатын жолдас-жоралары, сыйласатын отбасыларының өрісі кең, олардың көбісі белгілі ғалымдар, қоғам, мемлекет қайраткерлері деңгейіндегі сыйлы азаматтар.












«Адам бойында жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды», – деген Баласағұн бабамыз. Мінеки, Жәкең, жақсы қасиеттеріне орай, бақ та, бақыт та қонған азамат. Бұл айтқанымыздың көріністері: Жарылқасын Бикенұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1994); «Тоқа шежіресі» (2000), «Қарпық шежіресі» (2002), «Қарпық және Қожа шежіресі» (2008), «Алтай Қалыбек шежіресі» (2009) еңбектерін жазған зертеуші-автор; Қайрат Жұмағалиевтің «Нұра перзенті» поэмасының кейіпкері (1994); «Нұра ауданының Құрметті азаматы» (2006); «Құрмет» орденінің иегері (2010) ретінде еліміздің зиялы қауымы арасында белгілі болып отыр.

Сөз соңында, «Алла Тағаланың бір адамға берген бақыт-сыйы осындай-ақ болсын», – дей отырып, қадірлі Жәкеңе және отбасына зор денсаулық тілейміз. Қосақтарыңызбен қоса ағарып, немерелерінің қызығына тоймай, Алланың берген жасын жасай беруіне тілектеспіз!



Төлеу БАЛМАҒАМБЕТОВ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың еңбек сіңірген қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Ұлттық жаратылы-

стану ғылымдары академиясының академигі

Қарағанды қаласы

СЛОВО ОБ УЧИТЕЛЕ И НАСТАВНИКЕ

Судьба каждого из нас во многом зависит от того, какие люди встретятся на жизненном пути: кто-то из них не оправдает надежд, а кто-то мудро наставит на жизненную тропу. Таким человеком оказался для меня Бикенов Жарылкасын Бикенович.

В 1973 году я училась на четвертом курсе Карагандинского кооперативного института Казпотребсоюза (ныне Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза), в этот год Жарылкасын Бикенович являлся председателем государственной экзаменационной комиссии выпускников специальности «Бухгалтерский учет». Мы, студенты – народ любопытный, стали наводить справки кто же это? Преподаватели кафедры сказали: «Учите и готовьтесь хорошо, этот человек очень требовательный и знает бухгалтерский учет досконально». Перед государственными экзаменами мы очень волновались, но наши опасения не подтвердились, на деле он оказался внимательным и доброжелательным человеком.

После окончания института меня направили на работу заместителем главного бухгалтера в Жезказганский облпотребсоюз, который только начал свою деятельность и опытных специалистов по бухгалтерскому учету в потребительской кооперации было недостаточно. Здесь судьба опять свела меня с Жарылкасын Бикеновичем. По заданию Казпотребсоюза он приехал в г. Жезказган для оказания практической помощи в организации и ведении бухгалтерского учета в системе



Өмір сынақтарының сыры









потребкооперации Жезказганской области. Тогда он удивил меня своими познаниями в области бухгалтерского учета, особенно знанием нормативных документов: инструкций, положений, методических рекомендаций и многочисленных писем Центросоюза по тем или иным вопросам бухгалтерского учета. Мне пришлось еще раз держать перед ним экзамен – проводя консультации в Центральной бухгалтерии, в хозяйствах Облпотребсоюза он все время обращался ко мне с вопроса- ми подчеркивая, что я только закончила институт и должна все это знать. И теперь, по прошествии многих лет, встречаясь с бывшими коллегами и вспоминая эпизоды того времени, мы с душевной теплотой говорим о высоком профессионализме, доброжелательности, принципиальности Жарылкасын Бикеновича.

Отработав в Жезказганском облпотребсоюзе три года я вернулась в г.Караганду и была приглашена на работу на кафедру бухгалтерского учета Карагандинского кооперативного института. Для меня эти годы были хорошей профессиональной и научной школой. Мое становление как ученого и преподавателя проходило под чутким руководством тогдашнего заведующего кафедрой бухгалтерского учета к.э.н., доцента Кошкарова С.К.

Тогда кафедра работала в тесном контакте с Карагандинским облпотребсоюзом и его главным бухгалтером Бикеновым Ж.Б., поэтому я могу сказать, что в моем становлении как преподавателя высшего учебного заведения он тоже принимал непосредственное участие.

Под его руководством и при участии членов кафедры бухгалтерского учета в 70-е годы XX века были начаты и успешно реализованы работы по механизации и автоматизации бухгалтерского учета на базе использования вычислительных бухгалтерских машин «АСКОТА 170», перфорационных машин, ЭВМ «Изот» и первых персональных компьютеров Е8М-1700. Результаты исследований были внедрены в практику работы организаций системы Карагандинского облпотребсоюза: созданы машино-счетные бюро при Карагандинской и Осакаровской межрайбазах, Каркаралинском, Ульяновском, Нуринском, Молодежном и Мичуринском райпотребсоюзах.

Щедро делился своим большим практическим опытом Жарылкасын Бикенович оказывая помощь и при организации филиала кафедры в Мичуринском райпо в 80-е годы. Тогда кафедрой бухгалтерского учета заведовала прекрасный человек, профессионал высокого класса Китебаева К.А. Это был первый филиал в истории кафедры, на базе которого проводились выездные занятия, сбор практического материала для курсовых и дипломных работ студентов. Филиал способствовал укреплению связей кафедры с производством и усилению практической направленности подготовки специалистов по бухгалтерскому учету.

В 90-е годы XX века в Казахстане, в связи с переходом на рыночные отношения, началась реформа бухгалтерского учета. Старая система учета не отвечала требованиям и нужно было создать новую, соответствующую рыночным отношениям систему бухгалтерского учета и аудита. Этот период был очень трудным и для бухгалтеров-практиков и для преподавателей бухгалтерского учета. Приходилось заново учиться азам рыночного учета и многие бухгалтеры этого испытания не выдержали. Многие, но не Жарылкасын Бикенович! Хотя свою основную деятельность в области бухгалтерского учета он осуществлял в советское время, в годы реформирования учета он стал активно работать и внес значительный вклад в становление и развитие национальной системы бухгалтерского учета и аудита в суверенном Казахстане.




Жарылқасын Бикенов









При Казпотребсоюзе тогда был создан Методологический совет по бухгалтерскому учету, активным участником которого был Ж. Бикенов.

С первых лет обретения Независимости Республикой Казахстан в кооперативном институте открылось отделение по обучению на казахском языке. Очень нелегко было и студентам и преподавателям, не хватало учебной литературы на казахском языке, особенно по специальным дисциплинам. В этот период большую помощь кафедре оказал Ж.Б. Бикенов. Одним из итогов плодотворных работ в этом направлении стало издание под редакцией Бикенова Ж.Б. русско-казахского словаря бухгалтерских терминов и первого в Казахстане учебника на казахском языке «Бухгалтерлік есеп теориясы». При работе над словарем и учебником Жарылкасын Бикенович проявил себя как специалист знающий не только бухгалтерский учет, но и как человек владеющий грамотно и профессионально казахским языком, в 90-х годах таких людей было не много.

Сегодня имя Жарылкасын Бикеновича по праву стоит в первых рядах известных и авторитетных людей Казахстана. Все годы жизни и работы Ж.Б. Бикенова показали, что в его личности счастливо совпали внутреннее предназначение человека и выбранная им профессия – профессия бухгалтера. Ведь эта профессия не терпит ленности, праздности, почивания на лаврах, она признает только тех кто любит эту профессию и преданно служит ей.

Именно таким преданным своей профессии является Жарылкасын Бикенович и не случайно, то что он единственный бухгалтер в Казахстане, награжденный орденом «Құрмет» и знаком «Республикаға сіңірген еңбегі үшін». Принципиальность, честность, требовательность к себе и подчиненным помогли ему пройти все ступени нелегкого бухгалтерского труда от рядового бухгалтера до организатора бухгалтерского учета системы потребительской кооперации Карагандинской области.

Коллектив кафедры «Бухгалтерский учет и аудит» Карагаңдинского экономического университета постоянно чувствует поддержку и внимание к кафедре со стороны Жарылкасын Бикеновича. Он сыграл большую роль в формировании и становлении нас, преподавателей кафедры, и является учителем и наставником многих поколений выпускников специальности «Бухгалтерский учет и аудит». Все мы благодарны ему за это и гордимся знакомством и плодотворной совместной работой с таким разносторонним и харизматичным человеком.

Жарылкасын Бикенович и сегодня полон душевной щедрости, светлого оптимизма, сохраняет человеческую скромность и огромное жизнелюбие.



Хочется пожелать ему от всей души доброго здоровья, долголетия, любви и уважения родных и близких ему людей, радости и добра.

К.С.МАДИЕВА, Заведующая кафедрой бухгалтерского учета и аудита Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза, к.э.н., профессор.

Өмір сынақтарының сыры









НЕСКОЛЬКО СЛОВ О ЖАРЫЛКАСЫН БИКЕНОВИЧЕ

Писать про Жарылкасын Бикенова очень сложно, он человек «известный и узнаваемый не только в Сары-Арке, но и во всем Казахстане.

Жарылкасын Бикенович – наш семейный друг, на правах старшего брата. Дружим семьями в течение долгих лет. Много времени пролетело, это было почти 30 лет тому назад, как мы с ним познакомились. Мы переехали в Караганду в 1985 году, я по работе был назначен на должность директора вычислительного центра областного статистического управления статистики. Для нас Караганда стал новым городом в нашей жизни, никого не знали в городе. Я много времени проводил на работе, ибо этот период времени сам по себе стал очень ответственным, но семейная жизнь не ограничивалась только работой. Начали обживаться, знакомиться с новыми людьми, находить новых друзей. Одним из первых людей с кем мы познакомились в Караганде – эта была семья Бикеновых. Нас однажды пригласили в гости к Бикеновым по адресу – Утренний переулок, где они и проживают до сих пор. Как всегда этому способствовала моя общительная жена Гульнара, которая раньше познакомилась с женой Жаке по имени Анияш в курорте Сары-Агаш, где они лечились. Эта первая встреча положила нашей дружбе на долгие годы семьями. В тот вечер был накрыт богатый казахский дастархан со всевозможными блюдами и деликатесами, гостеприимные хозяева радушно приняли нас в свою среду. Было много гостей, много тостов и разговоров, ощущалось большое радушие и гостеприимство. В то вечер мы засиделись допоздна и меня поразила следующая вещь — все время приходили и уходили новые гости, перед которым ставились новые блюда, обновлялся стол. Весь вечер руководил застольем сам хозяин дома — Жарылкасын Бикенович, высокий светлолицый мужчина с приятным баритоном, он был очень внимательный к нам и своим гостям. Открытость и радушие хозяев на нас оказали большое впечатление. Так получилось, что с тех пор мы вместе идем по жизни, участвуя во всех хороших начинаниях, торжествах и горестях в домах наших.

Как говорится, первое впечатление, самое верное. Мои первые впечатления про Жарылкасына с первых встреч сложились самые приятные, тогда ему было где- то за 40 лет. Таким он остается и в настоящее время. Настоящий мужчина – высокий, уверенный в себя, познавший трудности жизни. Действительно, мы с ними за эти 30 лет очень подружились, много узнали друг о друге, побывали у каждого на малой родине, познакомились со всеми родственниками и друзьями.



В начальный период жизни в Караганде мы много работали совместно в сфере автоматизации и механизации разделов бухгалтерского учета в подразделениях облпотребсоюза. Он будучи главным бухгалтером областной системы потребительской кооперации выступил новатором и впервые в республике начал внедрять автоматизированный учет бухгалтерской отчетности с помощью вычислительного центра облстатуправления, которую я руководил. В этой стезе я впервые поразился его знанию всех тонкостей бухучета, стратегическому мышлению в построении современного учетного механизма отчетности. При внедрении разделов бухгалтерского учета нам приходилось побывать во всех районных потребительских союзах, познакомиться с работниками потребительской кооперации, познать их самоотверженный труд, ибо надо понимать, что в те годы советской власти реальным механизмом обеспечения сельского населения промышленными и продовольственными товарами оставался только потребительская кооперация, его районные звенья. Работники потребительской кооперации хорошо знали его и проявляли болыное уважение к нему, со своей стороны он их всех знавал по имени и оказывал всяческое содействие при необходи- мости.

Жарылқасын Бикенов









Эти человеческие и служебные отношения были взаимно дружественными и уважительными. Жарылкасын будучи выходцем из низов сельской кооперации уделял особое внимание развитию сельской потребкооперации и неразрывно связывал свою жизнь и собственные успехи с родным потребсоюзом, об этом неоднократно он говорил на своих торжествах.

Сложности жизненного бытия он преодолевал и преодолевает с присущим только ему оптимизмом и волей. Будучи ограниченным в зрении, он на протяжении долгих лет в должности главного бухгалтера облпотребсоюза не давал никому усомниться в своих должностных функциях, благодаря великолепной памяти, дотошности, трудолюбию и отличному знанию бухгалтерского учета, умению организовать работу. Он сам в жизни добивался всего своим трудом, своим умом, твердой воле, не было у него влиятельных родственников рядом с ним, рассчитывать приходилось только на себя и свои силы. Отдельно мне хотелось бы отметить его феноменальную память, его умение говорить страстно, логично и душевно, находить для любого человека добрые сочувственные слова. А как он поет казахские песни, надо просто слышать это! Многогранность его человеческого таланта просто поражает людей при знакомстве. В народе говорят про таких людей как Жарылкасын — «Сегіз қырлы, бір сырлы азамат».

Сказав про Жаке, нельзя не отметить его жену Анияш, спутницу жизни, высокопорядочную, честнейшую женщину. Успехи и достижения Жаке невозможны без поддержки этой самоотверженной женщины. В нашей жизни и жизни наших друзей Жаке и его Анияш были и остаются центром притяжения и общения для всех. Жаке с большим вниманием и уважением относиться к своим друзьям, всегда может поздравить с праздниками и днями рождения всех нас, не забудет он поинтересоваться о всех наших детей, внуков, родственников и др. Его внимательность, точность стали обычным для нас, без его звонков немыслима наша жизнь. Все родственники и друзья наши знают Жаке и отмечают его человеческие качества. Доброта Жарылкасына – это одна из характерных черт его. Он всем помогает, соучаствует в радости и горе, кого-то помогал трудоустроить, кто-то жил и учился у них и всем он с Анияш находили доброе внимание. Выросли дети, у них появились свои дети. Наши Жарылкасын и Анияш стали дедушкой и бабушкой, есть внуки и внучка, о которых заботы брали на себя, нянчились. И, по-моему, их отношение к ним, особенно к старшему внуку Арлыжан, трепетное, они не думают о себе, забывают о своих болезнях и других проблемах, а помогают чем могут.

Особо хотелось бы отметить общественную сторону в жизни Жарылкасына Бикеновича. Жаке почти никогда не сидит дома, он постоянно занят, время у него расписано на целые месяца вперед, насколько он желанный гость для многих людей и общества. Доходит до смешного, когда друзья хотят пригласить Жаке и его супругу в гости, то надо заранее минимум за месяц сделать приглашение, ибо в плотном жизненном графике Жаке нет свободного времени. Как человек неравнодушный к чужим проблемам, горю, он всецело отдает свои силы и знания оказанию помощи и поддержке родным и близким, знакомым. Круг общения очень велик, кто только его не знает в области и во всем Казахстане. Жаке – Почетный гражданин родного Нуринского района, делами и заботами он подтверждает это.



Жаке принимает активное участие в общественных мероприятиях города и области. Его общественная востребованность жить для людей, помогать им, заложена в человеколюбивом характере Жаке, его неиссякаемой энергии быть нужным для людей – в этом величие нашего друга и

Өмір сынақтарының сыры









старшего брата. Где его только не встретишь? Можно видеть его на многочисленных общественных торжествах, можно лицезреть как он выступает на закладке камня для центральной мечети или на траурных мероприятиях в городе или районах. Везде его словам люди внимают с большим по- чтением и вниманием, ибо слова Жаке всегда понятны и созвучны чаяниям людей.

Жаке будучи профессионалом в сфере учета, тем не менее проявил себя как блестящий исследователь истории, этнографии. Он великолепный рассказчик, может часами рассказывать о многих исторических событиях родного края. Жарылкасын Бикенович славно поработал для будущего поколения в области истории казахских родов Центрального Казахстана, выпустил ряд фундаментальных монографий в сфере шежіре, сделал ценный подарок для познания своей истории и своих предков, обычаев жизни казахов ушедших лет.

Теперь деду Жарылкасыну вроде возраст за 70 лет, но никто не скажет, что ему столько лет. В его речах слышна мудрость по-прежнему активный в жизненных позициях, выглядит моложавым и походка стройная, седина конечно уже в волосах, которые только подчеркивают мужественность деда и по-прежнему на него обращают внимание не только мужчины, но и представители прекрасного пола, особенно когда он поет или говорит, завораживая своим очарованием окружающих.

Амир СЕМБЕКОВ, доктор экономических наук, профессор

Караганда, 2015 г.

Жарылқасын Бикенов

АРҚАНЫҢ АБЗАЛ АЗАМАТЫ

– Асқар-ау, меніңше Жарылқасын ағамыз жайлы сыр шерту, бәлкім, оңайға соқпас. Әсіресе, ол кісінің азаматтық болмысын бірер сөзбен жеткіземін деу – тым үстірт ой. Дегенмен біз, Жәкеңнің соңынан ерген жолдас-інілері болған соң, үн-түнсіз қалмауымыз керек, біраз сұхбаттасайық. Оған себеп те баршылық.

Естуімше, Жәкең естелік кітап жазып жатқан тәрізді. Әлбетте, жазса жазады ғой, себебі өмірінің қай кезеңінде болсын, тіпті қазір абыз атанып, басын ақ қырау шалған шағында да оның бүкіл болмысы талассыз сан түрлі идеяға толы емес пе?

Осыдан 17 жыл бұрын сен арқылы Жарылқасын ағамызбен және оның жанұясымен танысып, бүгінгі таңға дейін, иншаллах, дәм-тұзымыз айырылмай келе жатқан жайымыз бар емес пе? «Көп қырлы, бір сырлы» зиялы ағамызға не тілесек те, қайсыбір қырын айтсақ та артық болмас, өз басың не айтар ең?



– Сөзіңіздің жаны бар, Елаға. Жарылқасын ағамыз жайлы шағын бір мақалаға, оның барлық қыр-сырын сыйғызу оңай шаруа емес.









Жәкеңмен бірге өсіп-қайнасып, бірге жүрген, кезінде қызметтес болған зиялы азаматтар да баршылық, өмірлік баянын сол адамдар толығырақ жазатын болар, ал біз ол кісінің адами тұрғыда қандай азамат екендігін, өзімізге әсер еткен жақтарына тоқталғанымыз дұрыс болар.

Өз басым, Жарылқасын ағамызды және де жанұясын жиырма жылдан астам уақыт шамасында білемін. Ол кісілермен туысқаным Әмір мен Клара арқылы танысып, бүгінге дейін, тумасақ та туғандай аға-іні болып, қуанышта да, қайғы-қасіретте де біргеміз, әмісе бола да жатармыз.

Жәкеңді мақтаса да артық болмас, бірақ біз ол кісімен мақтанайық!

Жәкеңнің шешендігі, жан-жақты да терең білімділігі, ол сөйлеген ортада үлкен әсер қалдыратыны баршаға мәлім.

Шешендік дәстүр – жалпы қазағымызға тән қасиет, әйтсе де Жәкеңнің шешендігі ерекше емес пе?! Эрудицияға негізделген шеберлік сан қырынан көрініп, көрікті ой табиғи үйлесімін тауып отырады ғой, шіркін!

Есте сақтау қабілеті өте зор. Той-томалақта болсын, арнау-астарда болсын әр адамның есімін, тіпті бесіктегі сәбидің атына дейін жаңылыспай атап өтуі бір ғажап емес пе?!

Тағы бір қасиеті – көпшіл. Шақырған жерден қалмайды. Кейбір кездерде, бір күнде бірнеше жерге шақырылып, бірін де қалдырмай баруға тырысады. Жасыратыны жоқ, ондай қажымастық жігер әркімнің қолынан келе бермейді.

Бірде менің: «Жәке, осы сіз бір күнде, бірнеше шақырылымға барудан шаршамайсыз ба?», – деген абайсыз айтылған сұрағыма, Жәкең түңілместен: «Асқаржан-ау, мен де адам баласымын ғой, маған да шаршау деген ұғым жат емес, бірақ, ата-бабамыздан қалған өсиет сөз бар емес пе: «ІІІақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың», – деген жауабын естігенде жерге кіріп кете жаздағаным бар.

Бұл жағдай Жәкеңнің адамгершілігін, ешкімді талғамастан сый-құрмет көрсетіп, қуаныштарына ортақтасып, тілек білдіру – Жәкеңді ерекше бір сипаттайтын қасиет деп ойлаймын.

Жәкеннің туған-туыстарына, бала-шағаларына деген мейірбандығы өз алдына.

Өмірлік жары Әнияш жеңгеміз де өзіне сай: өте бауырмал, ниеті дұрыс, адамға деген қамқорлығы мол жан. Екеуара үш бала асырап, дұрыс бағытта тәрбиелеп жеткізді.

Тұңғышы Әбілқасым болса заңгер, жоғары шенді офицер. Кенжетайлары Ерқанат та заңгер, қаржы полициясының майоры. Сүйікті қыздары Гүлшат Астанада тұрады, білдей мамандық иесі, бір мекемеде заң саласының жауапты қызметкері.

Жарылқасын ағамыз бен Әнияш жеңгеміз үш бірдей немере сүйіп отыр – бақыт деген осы емес пе?!

– Асқаржан, расында да халықтың «Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деп айтқан нақыл сөзі дәл осы Жәкеңе арналғандай. Азаматтық – өте жоғары адамгершілік ұғым. Екінің бірі оны ұстап тұра алмайды. Бірде болмаса бірде аңдамай басып, азаматтық абыройына дақ түсіреді. Сөйтіп, азаматтық ұстанымын аласартып алады. Ал Жәкең болса, өзінің осы азаматтық биігінен ешқашан төмендеген емес.



Жәкеңнің тағы бір қыры – еңбекқорлығы. Енді еңбек жолындағы жетістіктеріне көңіл аударсақ, ол кісі бір салада, атап айтқан болсақ, Қарағанды облыстық Тұтынушылар кооперациясында 39 жыл бас бухгалтер қызметін атқарған.

Өмір сынақтарының сыры









1994 жылы Президенттің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» деген үлкен атаққа ие болды. Сонымен қатар, «Нұра ауданының Құрметті азаматы» деген атағы және бар. Көптеген медаль-ордендермен марапатталған.

Осы үлкен табыстарға, лауазымды дәрежелерге, басына түскен өмірдің қатал сынақтарына сыр бермей асқан ерліктің, табандылықтың арқасында жетіп отыр.

«Бәрін айт та бірін айт» демекші, Жәкеңнің тағы бір қырын айтпасқа болмайды. Ағамыздың тікелей бастауымен 2000 жылдың басынан «Тоқа шежіресі», «Қарпық шежіресі», «Алтай Қалыбек шежіресі», ал бертін «Қарпық және Қожа шежіресі» жазылып, жарық көргені бәрімізге мәлім. Өзің білесің, шежірені жинақтап жазу оңай емес, әркімнің қолынан келе бермейді және де үлкен жауаптылықты талап ететін шаруа. Қазағымызда «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Ата тегін білмеген кешегісін білмейді, өткенін байыптамаған ертеңін ойламайды», – деген аталы сөздер бар емес пе?! Әрбірден соң, шежіре дегеніміз – біздің бойтұмардай төлқұжатымыз, ата-тегіміздің алтын байрағы. Біздің Жәкең осы ұғымды жетік зерттей келе, келешек ұрпаққа өсиет ретінде жазғаны ақиқат.

– Айтпақшы, Асқаржан, жоғарыда аталған шежірелердің басылып шығуына мен де ат салысқаным бар, сондықтан өзім де бұл іске аздаған үлес қосқандығымды айтпасқа болмайды.

Өзіміз жоғарыда айтқандай, Жәкеңмен дос-туыс болғанымызға ондаған жылдар өтіпті. Уақытты тоқтататын кұдірет жоқ. Жарылқасын ағамыз да жетпістен асып, сексенге бет алғаны құтты болсын дейік! Атамыз қазақ айткандай:

Көпті көрген қария,

Ақылы – теңіз, дария.

Көкірегінде көзі бар,

Елге өнеге сөзі бар.

Сөзі шежіре, өзі нар Жәкең ағамызға алдағы өмірде таудай тұлғаңыз төмендемей, еліңізге елеулі, халкыңызға калаулы, достарыңызға адал, адами құндылықтардың көрсеткіші бола беріңіз демекпіз. Аман болыңыз, абыз ақсақалымыз!



Інілері Елемес пен Асқардың екеуара жарыса Жәкеңді мадақтап айтқан сөздерін қағаз бетіне бұлжытпастан түсірген жұбайлары Тамара ханам ИМАНҒАЛИЕВА және Пану МАРДАНОВА.

2015 жылғы қаңтар айының 15-ші жұлдызы

Қарағанды қаласы

Жарылқасын Бикенов

«ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР»

Менің Жарылқасын ағамызбен танысқаныма 42 жылдай болған екен. Әлі есімде, біз біраз апайларымыз бар және кластас досыммен бірге 1973 жылы қазанның 19-шы жұлдызында Қарағандыға Раисаны алуға барған едік. Сол күні атамыз Жүнісов Нұрғиса, енеміз Қаят Оспанқызы баласының ұзату кешіне үйге біраз туыстарын жинап, той жасап, бізді Балқашқа шығарып салған болатын.











Атамыз бен енеміздің тойға жиналған туыстары үлкен қызметтегі азаматтар: Мұқаев Төлеубай – ол кезде Қарағандыда шахта директоры, кейін республикалық дәрежеде үлкен қызмет атқарған марқұм бізге әкедей болған азамат еді; Түсіпбеков Омар қазір марқұм, Қарағанды қаласында 40 жылдай сот болған; Мұсылманбеков Қани Жұмкенұлы ол кезде медицина ғылымының докторы, қазір академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қарағанды қаласының және Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы; марқұм Мәдікенов Өмір медицина ғылымының докторы, профессор болған; Жүнісбекова Бағдат ол кезде Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің институтында ұстаз болып, майор шенінде қызмет ететін, республикамызда әйелдер ішінде полковник шенін бірінші алған адам еді; Бикенов Жарылқасын ағамыз сол кезде-ақ Қарағанды облысының Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып істейтін. Ал бізбен келген нағашы жеңгеміз Әбішева Бикен, жеңгеміз Махатова Балқаш, кластас досым Әукенов Сүйіндік – самбо бойынша республикамыздың бірнеше дүркін чемпионы. Мен ол кезде жаңадан құрылған Жезқазған облысының сауда басқармасы бөлімінің бастығы болып қызмет атқаратынмын.

Осы тобымызбен ұзату тойында болып, Раисаның біраз туыстарымен Балқашқа таңғы 8-де самолетпен ұшуға тиіс едік. Түнімен тойлап, таңертең ерте әуежайға барамыз деп асығып, мен Раисаның бөлмесіне келсем, аталарымыздың салтымен Раисаны ағамыз Жарылқасын есікті керіп, «Раисаны бермеймін», – деп жолға тұрып алды. Мен асығып жүріп жеңгемізді тауып алып, «жолын» бергізіп, әуежайға келсек, рейске тіркеу басталған. Бізбен Балқаштағы тойға ұшатын сегіз адамның билеттері үйде қалып қойыпты. Мен далаға шыға сала ол кезде таксилер де жоқтың қасы, бір мүгедек ақсақалды тауып алып, жағдайды түсіндіріп, ескі қалаға 20-25 минутта құстай ұшып барып, билеттерімізді алып келіп, Балқашқа ұшқан едік.

Сонда бізбен бірге ұшқан Раисаның үлкен ағасы қазір марқұм болған Мұхаметқали Қарлығаш деген жолдасымен, Қарлығаштың ағасы Секен, Раисаның апалары Бағдат, Күләш, кішкене ғана, сүйкімді келген 10-шы сынып оқушысы сіңлісі Роза, апасы, Жарылқасын ағамыздың жолдасы Әнияш және Раисаның техникумда бірге оқыған Мұхаметжанова Роза деген құрбысы болатын.

Әнияш апамыз сонда көзіме жылы, әдемі келген келіншек болып көрінді. Міне, бүгінгі күнге дейін сондай әдемі ана, сүйікті де сенімді, берекелі дастарханы мол жар болып, балаларын ағамызбен бірге өсіріп, жеткізіп, немере көріп, қызықтап өмір сүріп отыр.

Осы таныстықтан кейін біз Раисамен Қарағандыға барғанда талай дастархан басында бірге болып жүрдік. Үйлеріне шақырылып, отбасын көрдік. Сонда Әнияш апамыздың жасаған тамақтары ылғи да ерекше дәмді, көрнекті, мол болатын. Өйткені, жасаған дастарханы шын жүрегімен, үлкен ықыласымен жайылады. Пейілі осы күнге дейін жастарға үлгі болып келеді.

Жарылқасын ағамызбен кездескенде әңгімелерін естіп, сөйлеген сөздері, тілеген тілектерін естігенде үлкен рухани байлыққа ие болып қаласың. Сөздері нақты, терең ойларға жетелейтін орынды, жүрекке жағымды, ашық та анық дауысымен айтқанда құлағыңа құйылып, жүрегіңді тебірентеді. Міне, мұндай қасиет әр адамның бойында бола бермейді. Алланың ағамызға берген тағы бір қасиеті – адам тану: үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлап сөйлесе білуі; айтқанды ұмытпай, таспаға түсіргендей ойында сақтауы әр жігіттің бойындағы қасиет емес.



Өмір сынақтарының сыры









Жолдастарына деген жүрегі, іс-қимылы айтарлықтай ерекше. Уақыт қаншама тар болса да ретін тауып, жолдастарының үйлерінде болып, көңілдерін көтеріп, Жезқазған, Қызылорда, Алматы, Астана, тағы басқа қалаларға барып тұрады. Жолдастарының туған-туыстарының қызығында бірге қызықтап, реніші болса бірге бөлісіп жүргені. Ағамыз қазіргі кезде жолдың ауырлығына қарамай, алыс болса да, кей кездері екі-үш үйде болып, ренішімен бөлісіп, көңіліндегі сөздерін айтып, жұбататын адамдарды жұбатып, қуанғандарды қуантып жүреді.

Бикеновтер әулетінде бас көтерері осы ағамыз болғандықтан бауырлары, қарындастары, келіндері Жәкеңнің айтқанын екі еттірмей үлкен ықыластарымен, сыйластықпен орындайды.

Өмір болғандықтан, кейінгі жылдары бұл әулетте де ренішті жағдайлар болды. Бауырлары қайтыс болғанда ағамыз өзі басқарып, ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, жөнімен мәңгілік сапарларына шығарып салды. Әрине, ағамыздың осындай ауыр жағдайларында және қызықтарында біз де жанында болдық. Сонда менің байқағаным: Жәкеңнің сабырлылығы, бәрін ойластырып, майда-шүйде шаруа демей, сағатына дейін орын-орнына келтіріп ұйымдастыратындығы. Ағамыздың осы қасиетін біле тұра көп туыстары, жолдастары, таныстары, қайғылы жағдайда, әйтпесе қуаныштарында да Жәкеңмен ақылдасып, жөн-жобасын сұрайды. Осылай ақылдасып істеген шаруалар жөнімен атқарылады. Атам қазақтың «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген сөзі осындайдан шыққан ғой. Сондықтан да, көпшілік ағамызға ризашылығын білдіріп, рахметін айтып жатқанына мен бірнеше рет куә болдым.

Тағы бір атайтын жағдай, жаңа жоғарыда айтқандай, естіген әңгімелерін таспаға түсіргендей бойында сақтап, көп елдермен араласып, ата-тегін зерттеп, ізденіп, сараптап, нәтижесінде үш-төрт кітап қылып біраз атаның шежіресін жазды. Міне, мұндай еңбек оңай емес, қаншама ғасыр, жылдар өткен ата-бабалардың есімін есте сақтап, руларды талдап беру мыңдардың бірінің қолынан келе беретін шаруа емес.

Жарылқасын ағамыз кәсіби мамандығы бухгалтер ретінде 50 жылдай Тұтынушылар одағында, оның ішінде 40 жылдай осы салада облыста бас бухгалтер болып қызмет атқарған еліміздегі жалғыз адам шығар. Осы саланы егжей-тегжейіне дейін біліп, осыған байланысты заңды құжаттардың әр бабын жатқа білу әркімнің қолынан келе бермейді. Осындай кәсіби білімділігінің арқасында республика шеңберінде ғана емес, бұрынғы Совет уақытында Мәскеудегі «Центросоюзға» дейін белгілі болған. Бұған дәлел мен Жезқағанда облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы болып қызметте жүргенде, біздің бухгалтерлер Жәкең жайында аңыз қылып айтатын. Бұл кісінің пікірімен «Центрсоюздың» мамандары санасатындығына таң қалатын.

Міне, осындай бойындағы қасиеттерімен ел арасында үлкен абыройға ие болып, поэманың кейіпкеріне де айналды. «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп, егеменді еліміздің «Құрметті қайраткері» атағына біріншілер қатарында ие болды, «Құрмет» орденімен де марапатталды.



Бойының тазалығы, елдің ала жібін аттамаған, дүниенің, қызметтің мүмкіншілігін өзі үшін пайдаланбаған қасиеттері бала-шағасына дарып, бүгінгі күні балалары Әбілқасым, Гүлшат, Ерқанат өз еңбектерімен өсіп-өркендеп келе жатыр. Қазақ атамыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенді бекерден айтпаса керек.

Жарылқасын Бикенов









Жарылқасын ағамыз әкесінен көргенін, үлкендердің айтқанын жадына тоқып, басқа түскен ауыртпашылықты жеңе біліп, өмір сынағынан таймай, жасына жас қосып, ел арасындағы беделі зор болып келе жатқанына біз қуаныштымыз және де тілегіміз де сондай!

«Әке көрген – оқ жанар» деген, оған осы ағамыздың бойындағы бар қасиеттері дәлел емес пе?! Біз бұған қуанамыз да, мақтан тұтамыз!



Қарабай Қабайұлы МАХАТОВ, Алматы облысы Талғар ауданының Құрметті азаматы Алматы қаласы, 2015 жыл

БІРТУАР АҒАМЫЗ

1980 жылы кооперацияға алғаш келген уақытымда қазақтың біртуар азаматы Жарылқасын ағамызбен таныстым. Жәкең бүкіл саналы өмірін кооперацияға, есеп-қисапқа арнаған жан. Бұл кісі өз ісінің профессоры болды. Адам бет-пішінімен де, сыртқы тұлғасымен де, киімімен де, жан дүниесімен де, ой санасымен де сұлу болуы керек. Сол қасиеттердің барлығы Жәкеңнің бойында баршылық. Жәкең еңбек жолында таза, сауатты, адамгершілігі зор, адамнан қамқорлығын аямайтын қарапайым тұлға. Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген. Жәкеңнің адал достарын білеміз, олар – Сапар, Сәлім, Ермеққали ағаларым, ұстаздарым!

Жәкеңнің жанұясы бақыт құсы ұялаған шаңырақ десек, артық болмас.



Бауырларымыз бір-бір бақытты үй болып, немерелері өсіп, қуанып жатыр. Жәкеш ағамыздың асыл жары Әнияш жеңгеміздің есігі қашанда ашық, дастарханы жаюлы. Бұдан артық бақыт болар ма?!

Ақылсерік ӘБІШЕВ, Тұтынушылар одағының ардагері, Қарқаралы аудандық Тұтынушылар одағының бұрынғы төрағасы,

Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының бұрынғы орынбасары

Өмір сынақтарының сыры

ВЕДУЩЕМУ ВПЕРЕД

Июнь 1976 года государственный экзамен по бухгалтерскому учету в Карагандинском кооперативном институте Центросоюза. Председатель государственной экзаменационной комиссии главный бухгалтер центральной бухгалтерии Карагандинского облпотребсоюза Бикенов Жарылкасын Бикенович и я - выпускница, Овчинникова-Жолкевская Татьяна.

Первое знакомство, первое впечатление солидный, серьезный мужчина, внушительная внешность.









Получив удовлетворение от моего ответа, стал подшучивать: «Дивчина из Кустаная, идешь по стопам своего свекра – Геннадия Ивановича Жолкевского – главного бухгалтера ПМК Облпотребсоюза».

По распределению я была направлена в бухгалтерию ПМК Облпотребсоюза.

Так началась моя трудовая жизнь, стала узнавать ближе Жарылкасына Бикеновича через своего свекра Геннадия Ивановича (ныне покойного) – профессионала до мозга костей, умного, требовательного. Это был, наверное, стандарт бухгалтера того времени.

Жизнь шла своим чередом и мы, молодое поколение, имея хороших наставников быстро повышали свой уровень знаний, квалификацию.

Однако, в тот период партийно-административного стиля руководства мне не дали долго работать под руководством свекра. Жарылкасын Бикенович, уважая Геннадия Ивановича, предложил мне работу старшего бухгалтера в Облкоопторге, в котором не очень было благополучно с сохранностью.

Но так как у меня не было достаточно опыта, я отказалась.

И здесь, конечно я узнала Бикенова Ж.Б. с другой стороны:

«Не подчиняешься мне – нет тебе другой работы в системе».

Серьезный человек.

Я пошла работать товароведом на Карагандинскую межрайбазу, в Карагандинский облпотребсоюз.

Но вот судьба! Мне предложили работу экономистом в планово-экономическом отделе Карагандинского облпотребсоюза, возглавляемом Смирновой Евдокией Ивановной (ныне покойной).

Статистика, отчеты, анализы – работа связанная с центральной бухгалтерией, возглавляемой главным бухгалтером – Бикеновым Жарылкасыном Бикеновичем.

Через три года меня назначили начальником планово-экономического отдела, избрали членом правления облпотребсоюза. Мне пришлось сразу повзрослеть, так как предстояла совместная работа с центральной бухгалтерией, возглавляемой Жарылкасыном Бикеновичем.

Многоуважаемый Бикенов и молодая Жолкевская должны находить общий язык, взаимопонимание. Скажу откровенно, не всегда это получалось, так как Жарылкасын Бикенович считал, что бухгалтерская работа важнее и точнее экономической работы, а значит, по-любому, он главнее!

Работа в команде – это здорово! Такая команда у нас была в облпотребсоюзе. Возглавлял ее главный бухгалтер Бикенов Жарылкасын Бикенович, я – начальник планово-экономического отдела, Меньшикова Ирина Владимировна – начальник финансового отдела и Жукова Лилия Станиславовна – начальник отдела труда и заработной платы. Сколько было выездов в районы области, мы объехали всю область, все совхозы, отделения.

Проверяя районные потребительские кооперативы по вопросам отчетности, сохранности, оказывали практическуто помощь, проводили научно-практические конференции.



Жарылкасын Бикенович – невероятно работоспособный человек. Знание законодательства, сложных цифр и статистических данных. Готовясь к какому-то выступлению он перелопачивает огромное количество информации, пребывая во всеоружии, имея феноменальную память.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет