Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет34/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Қ. ЖҮНІСҰЛЫ

«Орталық Қазақстан» газеті, 28 наурыз, 2006 жыл

СУДЬБЫ ІІРОСТОЕ ПОЛОТНО

Шестидесятилетний юбилей отметил 23 декабря один из электромонтеров линейных сооружений Нуринского узла телекоммуникаций Меиркасым Бикенович Бикенов из села Кобетей. Это очень значимая дата в жизни каждого человека, за плечами которого десятки лет трудовой биографии, взрослые и уже определившиеся в жизни дети, почет и уважение. А то, что его уважают и ценят по делам, в один голос говорили практически все, с кем доводилось беседовать, потому что человек он по жизни добродушный и веселый, ответственный и исполнительный, отзывчивый и трудолюбивый. Только лишь заглянув в его трудовую книжку, можно найти немало благодарностей, которых достаточно накопилось за многолетний труд на одном предприятии. Да и всего лишь одна запись о приеме на работу электромонтером в совхоз «Черниговский» 28 ноября 1972 года говорит о преданности любимому делу, которому отдано немного, немало 38 лет.



Надо сказать, что эту дату он хорошо помнит, и каждый год с большим почтением к своему скромному труду перелистывает еще одну страницу славной биографии. А пришел он на работу хоть молодым, но зато уже достаточно окрепшим и довольно самостоятельным человеком, окончившим курс учебы комбайнеров в СПТУ и отслужившим в армии. В ту осень как раз умер отец, и мать осталась с большим подсобным хозяйством на руках. Он, самый младший из сыновей, только что демобилизовавшийся, стал для нее и опорой, и надеждой, и помощником. Надо было не только помогать по дому, но и искать работу. Почему-то очень тянуло к себе профессия связиста, а не ком-


Өмір сынақтарының сыры









Өмір сынақтарының сыры

Байнера, «корочка» которого уже лежала дома. Вот он и пошел в узел связи, который возглавлял в то время Иван Василевич Оноприенко, приступил к работе электромонтера вместе с Михаилом Яковлевичем Кондыбко, ставшего для него первым наставником, и с кем рядом довелось постигать азы профессии целых 16 лет. С уходом на пенсию Михаила Яковлевича напарником Меиркасыма Бикенова стал Ахметов Маулен, который позднее перейдет в Ивановку.

За это время он окончил шестимесячные курсы повышения квалификации Свердловского училища, а позднее выучился в Мичуринском техникуме по специальности «техник-механик». Но главные звания приносила, конечно же, ежедневная работа, на первый взгляд совсем непримечательная. Однако, достаточно востребованная и нужная, потому как жить в цивилизованном мире нам без связи просто нельзя. Сегодня люди, имеющие телефон в доме, уже не могут обходиться без него и при малейшей неисправности или поломке сразу же обращаются к монтеру. Вот тут-то и выручает многолетний опыт и профессионализм Меиркасыма Бикеновича.

Изначально АТС в совхозе «Черниговский» была всего лишь на 100 номеров абонентов, затем добавилась еще на 50 и в настоящий момент расширилась до 200 номеров. С первого дня он с головой окунулся в работу и всегда относился к ней с большой требовательностью, что и помогало ему всегда справляться с любыми нагрузками.

На сегодняшний день еще не везде в районе прошла модернизация с заменой станции и линейного хозяйства на беспроводную телефонизацю абонентов. А потому его пока еще довольно-таки старенькие сети требуют более тщательного подхода, сил, терпения, навыков, ведь многое приходится поддерживать вручную.

Не замечая возраста, он сам лазит на опоры, устраняет неполадки, не считаясь со своими выходными, всегда идет навстречу землякам, если у кого-то случился прорыв или какие-то неисправности в бесперебойной работе телефона.

Доводить любое дело до конца и по первому зову приходить на помощь – это у Меиркасыма



Бикеновича черта семейная. Несмотря на то, что у родителей было девять детей, каждый получил достойное воспитание. А пример отца, участника и инвалида Великой Отечественной войны, был для детей маяком в жизни, за которым хотелось идти и быть достойным родителей. К сожалению, сегодня из всей семьи, прибывшей в Нуринский район из Жанаарки в 30-е годы, осталось всего три брата. Самый младший – это Меиркасым, средний Рахметулла, агроном по профессии, проживающий ныне в родительском доме, старший брат – Жарылкасын Бикенович, заслуженный деятель Республики Казахстан, Почетный гражданин Нуринского района.

У самого Меиркасыма Бикеновича два сына, имеющих высшее образование и дослуживших до капитанского звания, один из которых Адилькасым 15 лет служил в финполиции города Петропавловска, второй был участковым испектором Нуринского РОВД в п.Киевка. У обоих сыновей уже свои семьи, где подрастают дети. Теперь они самые дорогие гости в родительском доме, где поддерживают очаг супруга Риза. Говорят, что по характеру Меиркасым Бикенович и Риза Махметовна очень похожи: они оба родились в декабре с разницей в один год, оба очень легкие на подъем и трудолюбивые люди, оба по жизни веселые и добрые. Как сослуживцы, так и земляки их без улыбки на лице практически не видели. А если человек относится ко всему с улыбкой, то к нему тянутся и ругие, потому что рядом с такими людьми надежно, комфортно и легко.



Встретились эти два жизнерадостных человека совсем не в романтической обстановке – на сакмане во время стрижки овец в совхозе «Нуринском» в 1974 году, куда ежегодно посылали молодежь на отработку, и где в то время Риза Махметовна жила с родителями. С первого взгляда они

сразу поняли, что это судьба и с тех пор больше уже не расставались, отметив в прошлом году 35-й юбилей совместной жизни. В этом году Меиркасым Бикенович был переведен электромонтером 5-го разряда, а это немалая оценка труда, ведь именно его заслуга заключается в том, что до сих пор находите в рабочем состоянии очень ветхая и старая линия связи, которая наконец-то совсем скоро будет заменена на беспроводную. Вот такая на первый взгляд скромная и ничем непримечательная биография у этого сельского жителя, который уважаем в коллективе, любим семьей и среди земляков.

Наталия Шевченко («Нұра» газеті, № 53. Туған інім Мейірқасым Бикеновтің 60 жылдығына арналған мақала)









IV

ТАРАУ









ҚОЛҒА ҚАЛАМ АЛҒАНДА... Жарылқасын Бикеновтің жазбалары ТЕКТІЛІКТІҢ ТЬІЛСЫМ СЫРЫ

Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешкен кешегі алапат қырғын – Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгері, парасатты педагог, абзал әке, ақылман қария Зайролла Нығматуллаұлы туралы естелік айту мен үшін өте жауапты шаруа және үлкен мәртебе.

1971 жылы Қарағандыға, облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып келген кезімнен Зайролла ақсақалмен және Зейнеп апамызбен жақын танысып, бұрынғыдан да етене аралас-құралас бола бастадық. Сол кездің өзінде мен Зайролла ақсақалдың көпті көрген көшелі адам екенін және сонымен қатар, ол кісінің өте қарапайым жан екенін танып-білдім. Әрине, бұлай деп ой түюіме ақсақалдың өз өмір жолынан шерткен әңгімелері, көзбен көріп, көңілге түйген ой-пікірлері үлкен қозғау салған еді.

Зайролла Нығматуллаұлының кір жуып, кіндік кескен жері атақты Баянауыл өңірі еді. Бұл кісі 1920 жылы Баянауыл ауданындағы Көкдомбақ деген ауылда, Нығматулла ұстаздың отбасында дүниеге келген. Заманында Нығматулла ұстаздың жақсы аты Баянауыл өңіріне кеңінен тараған екен. Қазан төңкерісінен кейін ел есін енді жиып, оқу-білімге деген қажеттілік тарих сахнасына шыққан кезде Нығматулла ұстаздың да дәурені жүрген. Ол кісінің алдын көріп, тәрбиесін алып, сауатын ашқан шәкірттер де мол болыпты. Бұлардың көбі кейіндері елге қызмет еткен көшелі азаматтар болып өскен. Солардың бірі – халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, қазақтың тұңғыш академик-ғалымы Қаныш Сәтбаев болатын. Бұл жайында академик Евней Бөкетовтің «Қаныштың жастық кезі» деп аталатын кітабында жазылған. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деп халық тегін айтпайды. Ұлағатты ұстаздың өнегесін алып, өміріне азық болар білім нәрімен сусындап өскен Қаныш Имантайұлы кейін үлкен ғалымға айналып, қазақтың жақсы атын айдай әлемге жайған жоқ па?!

Міне, осы жерде мына бір ғибратты, шарапаты мол іс туралы айта кеткім келеді. Өмірінің соңғы жылдары Зайролла ақсақал перзенттік парызына адалдық танытып, бүкіл үрім-бұтағын өзі бастап барып, Көкдомбақ ауылындағы зиратта жатқан ата-анасының басындағы белгі тастарды жаңартып, қорымды түгелдей темір шарбақпен қоршатты. Аруақтарға деп ас беріп, құран бағыштатты. Сол жолда дана қарттың ұрпақтары ата-баба рухымен танысып, шыққан жерін, арғы тегін танып қайтқан болатын.

Зайролла Нығматуллаұлының өмір жолына үңілер болсаңыз, бұл кісінің талайлы тағдыр иесі екеніне көз жеткізесіз. Баянауылда туып, Алматыда оқыды. 1936 жылы осындағы сегіз жылдық мектепті бітіргеннен кейін, өмір жолы оны Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласына алып келген; мұнда ол темір ұстасы болып еңбек жолын бастады. Осы жерде жүргенінде, 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған.



Зайролла Нығматуллаұлының Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерлігі ұрпақтар жадынан өшпек емес. Әлбетте, бұл турасында генералдардың мемуарлық естеліктерінде, қаламгерлердің очерк-мақалаларында тәптіштей айтылған да болатын. Дегенмен, мен ақсақалдың өз аузынан естіген әңгімелерімнің бір парасын айта кеткім келеді. Негізінде, бұл кісі өзі туралы айтқанды ұната қоймайтын; көбіне өзінің майдандос достарының ерлігін мақтанышпен айтып отырушы еді.


Өмір сынақтарының сыры









Зайролла Нығматулин қанды қырғын соғысқа аттанғанда жиырмадан жаңа асқан қылшылдаған жас екен. Еті тірі, ширақ, сөзге де, іске де бірдей мығым жігітті командирлері де бірден байқап, барлаушылар тобына алыпты. Құрамында Зайролла бар барлаушылар тобы жау тылына аттанғанда, бәрі де аман-сау оралатын көрінеді. Мұны біліп алған жауынгерлер ақжолтай жігітті ерекше сыйлап, құрметтейді екен. Жалпы, бұл кісі Ленинград және Балтық жағалауы майдандарындағы атқыштар полкінде барлаушы болған.

1943 жылдың көктемі болса керек. Зайролла Нығматулин арнайы мақсаттағы тапсырманы орындау үшін Тосно деген елді мекенде бекінген жау тылына ұшақтан парашютпен түсіріледі. Дұшпанның ордасында алты күндей «жансыз» болып жүріп, жау әскерінің орналасуы туралы аса құнды мәліметтерді жинаған. Содан кейін, түн жамылып Красный Бор елді мекенінің тұсында майдан шебінен өткен. Өзінің бөлімшесіне келе жатқанында пулемет құрып, тасада отырған екі неміске кез болыпты. Жаужүрек жауынгер табан астында шешім қабылдап, гранатаның күшімен екі немістің көзін жойған екен. Осы ерлігі үшін қатардағы жауынгер Зайролла Нығматулин III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Бірде Зайролла бастаған барлаушылар тобы жау тылына кезекті жортуыл жасайды. Тапсырма – дұшпан эшелонының көзін жою. Жауынгерлердің бәрі бірдей аман қайтатындарына сенімді-тұғын: өйткені, араларында Зайролладай ақжолтай жігіт бар ғой. Суыт аттанған топ тапсырманы орындағаннан кейін өздерінен күші басым жау әскеріне тап болады. Арада болған шайқастан кейін топ бөлімшеге қайтып оралады. Бірақ, араларында Зайролла жоқ болып шығады. Мұны өлдіге санаған майдандастары аза тұтып, Зайролладай өжет жауынгерді құрметпен еске алысқан екен. Ал Зайролла болса, бұл кезде жау снарядының жарықшагы тиіп, топыраққа жартылай көміліп жатқан болатын. Ес-түссіз күйдегі жаралы жауынгерлерді басқа бөлімшенің сарбаздары тауып алыпты. Жарақаты өте ауыр болған екен; содан да әскери госпитальда ұзақ емделуге тура келген.

Жарақатынан жазылған соң Зайролла қолына қаруын қайта алып, майданға аттанады. Бірақ, ол өзінің жетінші гвардиялық полкының құрамында емес, басқа әскери бөлімшенің сапында жауға қарсы соғысын жалғастыра берген. Выборг қаласын, Балтық жағалауын, Украина мен Польшаны фашистерден азат ету шайқастарына қатысқан.

Тағдырдың тәлкегі емес пе, қанды қырғын соғыстан аман-есен оралған Зайролла Нығматулин майданда жүріп алған әскери наградалары турасында бертінге дейін бейхабар болған. Бірақ, ерлік ешқашан ұмытылмақ емес, сол наградалар араға ұзақ уақыт салып, өзінің иесін тапқан болатын. Бұл, әрине, өз алдына бөлек әңгіме...

Соғыстан келген соң Зайролла Нығматулин 1947 жылы Қоңырат ауданында (қазіргі Ақтоғай ауданы) орман шаруашылығының бастығы болып қызмет етті. Сол кезде ауданды Махами Абдулұлы Яхин деген азамат басқарған екен. Осы арада Зайролла ақсақалдың өз аузынан естіген мына бір әңгімені айта кеткім келеді.



«Бірде, – деп бастаған еді әңгімесін Зайрекең, – аудандық партия комитетінің басшысында әлдебір шаруам болып кеңсеге келіп едім, бірінші хатшының кабинетінде бейтаныс бір адам отыр екен. Содан, үлкен кісілердің үстінен кіргенді жөн санамай, қайтып келіп, өзімнің жұмыс бөлмемде отыр едім, қасында ауданның басшысы бар, әлгі бейтаныс азамат келіп кабинетіме кірді.


Жарылқасын Бикенов









  • Әй, сен Зайролла емессің бе? – деді жаңағы кісі. Ұзын бойлы, кесек тұлғалы, киім киісі, жүріс-тұрысы жоғары жақтан келген, оқыған адам екенін аңғартып-ақ тұр.

– Иә, – деп жауап бердім.

– Ә, онда мен Қылыш Бабаев деген болам, – деп таныстырды өзін жаңағы кісі. Ол кезде Қылыш Бабаев Алматыда, ВАСХНИЛ филиалы директорының орынбасары болып қызмет етеді екен. Атағы шыққан, есімі Қаныш Сәтбаев, Кәрім Мыңбаевтармен қатар аталатын үлкен ғалым. Сол кездесуде Қылыш аға біздің нағашылы-жиен екенімізді айтып, туысым деп бауырына тартқан еді. Үлкен кісінің мені жанына ертіп алып, хал-жағдай, тұрмыс-тіршілігімді егжей-тегжей сұрастырғаны, тіпті өзінің құрметіне деп жайылған дастархан басына отырғызғаны да әлі күнге есімнен кетпейді. Тау тұлғалы осы бір ғазиз жанның адами тұрғыдағы кішіпейіл мінезіне, кол-көсір пейіліне, бауырмалдығына ерекше тәнті болған едім. Осы бір кездесу менің өміріме ерекше әсер еткен, ықпалын тигізген маңызды оқиғалардың бірі болып қалды...».

Зайролла Нығматуллаұлы Қарағандыға көшіп келген соң, қаладағы № 2 мектеп-интернатта директордың орынбасары болып ұзақ жыл қызмет етті. Сандаған шәкіртке тәлім-тәрбие берген парасатты педагог болды. Балалар Зайролла Нығматуллаұлын мейірімділігі, жанының жұмсақтығы үшін ерекше жақсы көріп, сыйлаушы еді. Алдынан кесе-көлденең өтпей, «Ағайлап» тұратын. Баланы жанындай жақсы көретін Зайрекеңнің өмірлік ұстанымы да өте қарапайым, әрі ұлы еді: «Адамдар үшін өмір сүр, қолыңнан келгенше жақсылық істе», – деген тілегінен өмір бақи айныған жан емес еді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Зайролла ақсақалдың майданда алған наградаларының иесін іздеп тапқаны өз алдына бөлек әңгіме, адам сенбестей қызғылықты хикая. Осы оқиғаның мен білетін нұсқасы мынадай еді. Қарағандыда, Ленин көшесінде тұратын Зайролла ақсақалдың көршісі, ұлты еврей Алла Михайловна Елкина деген әйелдің Ленинград қаласында әпкесі болған екен. Ал ол әйел соғыста хабар-ошарсыз кеткендерді іздейтін ұйымның мүшесі болған көрінеді. Дәл сол кезде олар Ленинградты блокада құрсауынан азат етудің 25 жылдығы қарсаңында атақты қаланы қорғауға ат салысқан, бірақ із-түссіз жоғалып кеткен жауынгерлерді іздестіріп жүріпті. Содан, апалы-сіңлілі екеуі хат жазысқанда Алла Михайловна әпкесіне өзімен көрші Зайролла Нығматулин есімді майдангердің Ленинград өңірінде соғысқаны туралы ақпарат жібереді. Көп ұзамай көктен іздегені жерден табылған ленинградтық әйелден сіңлісіне таңданыс пен қуанышқа толы хат келеді. «Менің іздегенім осы кісі ғой!», – деп жазған екен Тәңірі жарылқағыр әлгі әйел қуанышын жасыра алмай.



Содан, оқиға кең өріс алып, осыған дейін жоғалғандар тізімінде жүрген Зайролла Нығматуллаұлы Ленинградқа арнайы шақырылады. Ондағылар ержүрек жауынгерді тік тұрып қарсы алған. Ленинград обкомының бірінші хатшысы, Орталық партия комитеті Саяси Бюросының мүшесі Григорий Васильевич Романов жолдастың өзі қабылдап, Ленинград блокадасын бұзуға ерлікпен үлес қосқан майдангерге лайықты сый-құрмет көрсеткен. Тіпті, мынадай да езуге күлкі үйіретін әңгіме бар. Ерлігіне тәнті болған ленинградтықтар Зайролла Нығматуллаұлына қаланың орталығынан бір бөлмелі пәтер де берген екен. Бірақ, дүниеге қызықпаған Зайролла ақсақал: «Үйдегі бәйбішем импортный кілем әкел деген», – деп жомарт сыйдан бас тартыпты. Сол жолы Ұлы Отан соғысының қатардағы қаһарман солдаты өзіне тиісті әскери наградаларды – II дәрежелі Даңқ, I, II және III дәрежелі Отан соғысы, екі бірдей Қызыл Жұлдыз ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Ленинградты қорғаганы үшін» медальдардын төсіне қадап, «Ленинград қаласының Құрметті азаматы» деген атақты иеленіп қайтқан.


Өмір сынақтарының сыры









Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығына арналған мерекелік жиынға да Зайролла Нығматуллаұлы шақырылып, Ленинградтың төрінде отбасымен бірге салтанатты шараға қатысты. Атақ-даңқы жер жарған маршал, генералдармен бір дастархан басында отырып, сый-құрмет көрген.

Зайролла Нығматуллаұлын жар таңдауға келгенде Жаратқанның нығметіне бөленген жан еді деп айтуга әбден болады. Ол кісінің Құдай қосқан қосағы Зейнеп Кәриқызы текті атаның қызы болатын. Егер шежіреге жүгінсек, Зейнеп Кәриқызы Алаштың ақиық ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің сенімді серігі болған, қазақтың аяулы ұлдарының бірі Абдолла Асылбековтің немере қарындасы болып келеді. Жұрт Абдолла Асылбековті Сәкеннің серігі деп танығанмен, ол кісінің өзі Қазақстан тарихында із қалдырған ірі тұлғаның бірі еді. Қазақстанда кеңес өкіметі орнағанда Абдолла Асылбеков аяғынан қаз тұрған жаңа мемлекеттің дамуына жанын салып еңбек еткен азаматтың бірі, партия, кеңес және мемлекет қайраткері болды. Қарағанды облыстық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болған адам.

Міне, осындай тарихи тұлға шыққан тұқымнан тараған Зейнеп апамыз да бекзаттықтан құралақан емес еді. Менің тануымда, Зейнеп апамыз қазақтың ырыс қонып, бақ дарыған дейтіндей нағыз бәйбіше бейнесіндегі жан болып қалады. «Келін ененің топырағынан» демекші, апамыздың үйіндегі келіндерінің бәрі де ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білетін, қолы ашық қонақжай болып шықты. Барша әулетті аузына қаратып, айрандай ұйытқан, шаңырақтың құты болған Зейнеп Кәриқызындай аяулы жанды Ұлы Ана деп қалайша атамасқа?!

Зейнеп апамыздың қолынан талай дәм таттық. Кейін олар Астанаға көшіп, балаларының қолында тұрған кездерінде де бұл отбасымен жиі араласып жүрдік. Әсіресе, «Қарпық және Қожа шежіресі» кітабын жазған жылдары қарым-қатынасымыз күпшейе түскен болатын. Сол кездері байқағаным: Зайролла ақсақал мен Зейнеп апамыздың құда-құдағилары да Құдай деген, иманды және беделді адамдар санатынан болып шықты. Яғни, бұл шаңырақты несібелі балалар туып, ырысты келіндер түскен әйгілі әулет деп атамасқа тағы болмайды.

Иә, өнегелі өмір сүрген Зайролла Нығматуллаұлы бала-шағаның қызығын, ел-жұрттың өзіне деген ықыласын, ел ағаларының сый-құрметін бір кісідей көріп өтті. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің белсенді мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға білек сыбана араласты. Көзі тірісінде «Құрмет» орденімен марапатталды. Қарағанды және Ленинград қалаларының Құрметті азаматы болды. Жасы сексенге келгенде Меккеге барып, қажылық парызын да өтеді.

Ең бастысы, бауыр еті балалары абзал әкенің атына кір келтірмей, ел сыйлаған азамат болып өсіп-жетілді. Зайрекеңнің сүйікті қызы, балаларының үлкені Мархаба көп жылдар сауда саласында қызмет етті. Қазіргі таңда тасы өрге домалаған кәсіпкер. Ұлдарының үлкені Арыстан Зайроллаұлы медицина саласында абырой-беделге ие болған жан. Қазіргі таңда ол «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып қызмет етеді.



Жарылқасын Бикенов









Арғыны болса, мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етті. Бұл күнде Арғын Зайроллаұлы – елімізге танымал қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының президенті. Зайрекеңнің тағы бір баласы Арын Зайроллаұлы қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігінің департамент басшысы болып қызмет етіп жүр. Ал егіз ұлдары Нұрланы мен Ерланының жөні бөлек. Нұрлан Зайроллаұлы – Парламент Мәжілісінің төрағасы, Елбасының сенімді серіктерінің бірі. Ал Ерлан Зайроллаұлы – Парламент Сенатының депутаты. Міне, балалары осылайша заңғар болып өскен Зайролла ақсақалды қалайша мәуелі бәйтерекке теңемейсің?!

Зайролла Нығматуллаұлы өмірінің соңына дейін өзінің қарапайым болмысынан айныған жоқ. Әл үстінде жатқанында балаларына айтқан аманат-өсиеті де осы сөзімізді дәлелдей түседі. «Өлмейтін адам жоқ. Алда-жалда бақиға аттанып жатсам, елді әбігерге салмай, ешқандай дабырасыз, жұрт қатарлы жерлеңдер», – деген екен абыз ақсақал. Алладан бұйрық жетіп, ақсақал мәңгілік сапарға аттанғанында балалары әкенің өсиеті бойынша әрекет жасамақ болған. Бірақ, бұл қайғылы хабардан іссапарда жүріп құлағдар болған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқаша шешім қабылдаған болатын. Ауқымды ойлап, мәселеге жан-жақты қарайтын Елбасы өзінің сенімді серіктесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен сенатор Ерлан Нығматулин сынды мемлекеттік дәрежедегі тұлғалардың әкесі, Ұлы Отан соғысының қаһарман солдаты дүниеден қайтып жатқанда ұсақталуға болмайды, мұндай шараны өз деңгейіне сай өткізу керек деген нұсқау берген. Әлбетте, бұл мемлекет басшысының еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген ірі тұлғаларды тәрбиелеп өсірген қарапайым жанға деген құрметі еді. Иә, Зайролла ақсақалды мәңгілік сапарға шығарып салған жиын күні кешегідей есте. Мыңдаған қала тұрғындары, елімізге белгілі азаматтар, Үкімет басындағы лауазымды тұлғалардың бірі де қалмай қарт майдангерді, мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайған қадірлі жанды рухына құрмет көрсете отырып, ақырғы сапарға шығарып салып еді...



Зайролла Нығматуллаұлындай тау тұлғалы ақсақалдың өмір жолына үңіле отырып, оның тұла бойындағы тектіліктің тылсым сырын ұққым келді. Оның талайлы тағдырына, ғибратты ғұмырына, адами болмысына бойлай келіп, өзімді қызықтырған құпияны тапқандай да болдым. «Адам баласына жақсылық жасаудан жалықпаңдар!», – деп өсиет айтып кеткен ғазиз жан артына өлмес мұра, таусылмас қазына, баға жетпес байлық қалдырып кеткен екен. Яғни, мен іздеген тылсымның сыры – Зайролла Нығматуллаұлы сынды асылдың сынығынан қалған ұлағатты ұрпақ екен. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын арғында із қалдырған», – деп хакім Абай айтқан даналық осы емес пе?!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Нұра ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері.

«Орталық Қазақстан» газеті

Өмір сынақтарының сыры

г г







Арқа төсін қаққа жарып, шалқып аққан Нұра бойының шежірелі тарихы турасында, жалпы туған жер, өскен орта жайында әңгіме қозғала қалған жағдайда іс-әрекетіне халқы сүйінген қадау-қадау азаматтар хақында айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, қазақ: «Азаматына қарап ауылын таны», - демеуші ме еді?! Жаратқанның рахымына мың рахмет, қасиетті Нұра топырағынан түлеп ұшып, елі мен жеріне қалтқысыз қызмет етудің ерек үлгісін көрсетіп жүрген жампоз жандар жетерлік. Біздің бүгінгі әңгіме етпек әйдік тұлғамыз да сондай азаматтардың жуан ортасынан табылатын марқасқаның бірегейі. Ол – мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, экономика доценті Болат Әбдікәрімов. Белгілі тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімовтың туған ағасы.

Болат Әбдікәрімұлы 1939 жылдың ақпан айының ақтүтек боранды бір күнінде дүниеге келді. Кіндік қаны қасиетті Нұра топырағына тамғанды. Аудан орталығы Киевка кентінде ержетіп, сонда орта мектепті бітірді.

Ауылда өскен арманшыл жас Қарағанды политехникалық институтына түсіп, оны 1962 жылы таукен инженері мамандығы бойынша тәмамдады. Қолына күректей диплом тиген соң «Абайкөмір» бірлестігінің № 13 шахтасында әуелі слесарь, сонсоң учаске механигі болып өзінің еңбек жолын бастады. Мұнда бір жылға жуық жұмыс істеген соң, Қарағандыдағы кәсіптік-техникалық училище директорының орынбасары, одан кейін Қарағанды облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметтерінде болып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Бұдан кейін тағдыр Болат Әбдікәрімұлының пешенесіне Жезқазған топырағының дәм-тұзын татуды жазды. Мұнда ол 1973 жылдан бастап, бақандай он жыл облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының екі тізгін, бір шылбырын уысында ұстады.

Адамдармен тіл табыса қызмет етуді мықтап меңгерген тамаша ұйымдастырушы, өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен білікті маманның наны ерте пісіп, қызметтің бабында да жақсы өсті. Ол 1983 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік кәсіптік-техникалық білім беру комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып бес жылға жуық жемісті қызмет етті. Аталған комитеттің қайта ұйымдастырылуына байланысты, 1988 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіп комитетінің кадр және оқу орындары басқармасы бастығының орынбасары болды. Ал 1990-94 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы білім министрінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін ол ҚР Білім министрлігіне қарасты Кәсіптік-техникалық білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.



Өзінің өмір тарихында Болат Әбдікәрімұлы ҚР Парламенті Сенатының сектор меңгерушісі болып та бір жылға жуық қызмет етті. Одан кейін өзінің сүйікті кәсібіне қайта оралып, Л. Гумилев атындагы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі болды. Пенде баласының қолы ілікпек түгіл, түсіне де кірмеген аса жауапты һәм лауазымды қызметтерді атқарып жүріп те ол өзінің ананың сүтімен, әкенің қанымен сүйегіне сіңген дара қасиеттеріне дақ жуытпады. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген ұстанымды өмір бойы ту еткен Бөкең көрінгеннің пешенесіне бұйыра бермейтін кішіпейілділік сынды мәрт мінезден күні бүгінге шейін айрылмаған.


Нұра ауданының 80 жылдығы қарсаңында

НҰРЛЫ НҰРА ПЕРЗЕНТІ

Жарылқасын Бикенов









Болат Әбдікәрімұлы жауапты қызметтерде жүрсе де, өзінің ескі серігі ғылымның туын жықпады. 1990 жылы Ленинградтағы Н. Вознесенский атындағы Қаржы-экономика институтында «Шаруашылықты жүргізудің жаңаша жағдайында АӨК салаларын білікті жұмысшылармен қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды, экономика доценті атанды. Ал 1996 жылы педагогика ғылымдарының докторы атағын алу жолында «Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту теориясы мен практикасы» тақырыбында диссертациясын табысты қорғап шықты. 2001 жылы Болат Әбдікәрімұлына педагогика ғылымдарының профессоры атағы берілді. Сол жылы ғалым Ресей Кәсіптік білім беру академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ал 2005 жылы Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі атанды.

Жалпы, Болат Әбдікәрімұлы-Қазақстандағы кәсіптік мектептерді реформалауды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың негізін қалаған тұлғалардың бірі. Ғалымның ат салысуымен Білім министрлігінде кәсіптік мектептер мен орта арнаулы оқу орындарында оқушыларды еңбекке баулу және тәрбиелеу, дене тәрбиесі тұжырымдамалары бекітілді.

Дәл қазіргі таңда Болат Әбдікәрімұлы Қазақстандағы білім беруді дамыту теориясы мен практикасы бойынша кең көлемді ғылыми және педагогикалық жұмыстарды атқаруда. Ғалымның «Кәсіптік мектеп және нарық» атты монографиясы осы мұратты жолдағы аса көрнекті еңбектің бірі болып табылады. Қосалқы автор ретінде «Кәсіптік-техникалық даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты оқу құралын жарыққа шығарды. Жалпы, ғалымның қаламынан алты бірдей кітап пен 200-ге тарта ғылыми мақалалар туған. Болат Әбдікәрімұлының жетекшілігімен және оның тікелей қатысуымен кәсіптік-техникалық училищелер үшін 50-ден астам оқу жоспары мен бағдарламалар дайындалған. Бұл кісінің тікелей ат салысуымен алыс-жақын шетелдер ғалымдарымен кәсіптік білім беру мәселелері бойынша өзара іскерлік қарым-қатынастар орнады. Соның нәтижесінде, біріккен қазақ-неміс, қазақ-түрік техникалық лицейлері дүниеге келді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Болат Әбдікәрімұлы оқу орындары мен ғылыми орталықтарда білікті жұмысшыларды кәсіптік-техникалық тұрғыда даярлау тәжірибесін зертеу мақсатында бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларында, сондай-ақ Германия мен АҚШ-та, Қытай мен Түркияда және Болгария мен Монғолияда болып, орасан зор зерттеу, білім мен ғылым саласында аралас-құраластықтың негізін қалаған кең көлемді жұмыстар атқарды. Оның бер жағында көрнекті ғалым Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады.

Болат Әбдікәрімұлы – «Жоғарғы педагогика, педагогика және білім, этнопедагогика тарихы», «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы. Ғалымның тікелей жетекшілік етуімен педагогика саласы бойынша сегіз докторлық және 42 кандидаттық, сондай-ақ экономика ғылымдары бойынша үш кандидаттық диссертация қорғалған.



Өмір сынақтарының сыры









Қазір Болат Әбдікәрімұлы Еуразия гуманитарлық институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді. Өзінің бар саналы ғұмырын, күш-жігерін шәкірт баулып, еліміздің ертеңгі үміттерінің бойынша білім нәрін себу сынды шарапатты іске арнаған.

Болат Әбдікәрімұлының ұзақ жылғы қалтқысыз қызметі мен ерен еңбегі өкімет тарапынан лайықты бағасын алған. Оның омырауында «Құрмет» белгісі ордені мен бірнеше медаль жарқырайды. Қазақ КСР және КСРО Кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Жоғары мектебінің құрметті қызметкері. Сонымен қатар, ол «Қазақстан Республикасы Кәсіптік-техникалық білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағының иегері.

Ғасырдан астам ғұмыр сүріп, «Ел анасы» дейтін дәрежеге жеткен жан деп Әбіш Кекілбаев пен Мырзатай Жолдасбеков сынды кесек тұлғалар айтып кеткен Бибіжандай анадан туып, оның қасиет күші ғұмыры таусылмас тәлім-тәрбиесін алған Болат Әбдікәрімұлы өмірдің өзінде сыры терең, ойы асқар өте кішіпейіл жан. Құлаш сермеп қандай биікке шықса да, нендей асуларды көктей өтіп бағындырса да, соның бәріне де адал еңбек пен асқақ парасаттың пәрменімен жеткен жан. Сөйлеп бір кетсе ел мен жердің арғы-бергі тарихын тереңнен қопарып айтар ділмарлығы тағы бар. Ай- наласында, жүрген жерінде өзгені сыйлай отырып, өзін де сыйлаттыра білу дегеніңіз екінің біріне бұйыра бермейтін қат қасиеттің бірі. Ал біздің кейіпкеріміз болса, дәл осы үдеден үнемі шығып жүрген аптал азамат, ұлағатты ұстаз һәм көрнекті ғалым.

Болат Әбдікәрімұлы тірліктің «отбасы, ошақ қасы» дейтін кезеңінде де асығы алшысынан түскен бақытты жандар санатынан. Құдай қосқан қосағы Тазагүл Мұқашқызы екеуі Аян, Баян және Дина есімді ұл-қызды тәрбиелеп өсірген. Балаларының бәрі де жақсы білім алып, қазіргі уақытта белді де беделді қызметтерде жүр. Ұл мен қыздан көрген Ақан, Сәкен, Нұркен, Шыңғыс және Дәнела есімді немере-жиендері ғылым деген қияға құлаш сермеп, өмір бойы ізденіс үстінде жүрген ғалымдардың көз қуанышы, үміт еткен көзінің нұры. Айтпақшы, Бөкеңнің зайыбы Тазагүл Мұқашқызы да белгілі ғалым. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы. Бұл кісі 80-нен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» атағының иегері. Ал қазіргі уақытта жауапты қызметте жүрген ұлдары Аян да ата-ананың жолын қуып, ғылымның қиясына көз тіккен. Ол техника ғылымдарының кандидаты, 20-ға жуық ғылыми еңбектің авторы. Қазіргі уақытта Астана қаласында тұратын ғалым елге жиі келіп тұрады. Осында олардың үлкен ағалары, ұзақ жылдар шахтада еңбек еткен құрметті кенші Қамидолла ақсақал тұрады.



Нұра ауданының 80 жылдық тойы қарсаңында осы топырақтың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері, келер жылдың ақпан айында 70 жастың қиясына шығатын Болат Әбдікәрімұлы туралы әңгімені әзірге осылайша қысқа қайыруды жөн көрдік. Туған топырақтың атын шығарып, нарқын өсіріп жүрген осындай нарқасқа перзентімен Нұра жері лайықты мақтанады деп бек сеніммен, нық тұжырыммен айта аламыз.

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы.

«Орталық Қазақстан» газеті, 25 қыркүйек, 2008 жыл

Жарылқасын Бикенов









АРЫСҚА АРМАН БОЛҒАН АРУ ЕДІ...

Бұл мақала – дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің жары Гүлбаһрам Батырбекова-Сейфуллина жайлы ол кісінің көзін көріп, тәлім-тәрбиесін алған Рахила апамыздың естелігі.

Қазір Алматыда тұратын Рахила Ералықызы – соғыс және еңбек ардагері, ширек ғасырдан астам уақыт бойы медицина саласында басшылық қызметтерде болған. Бүгінде «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері» қайырымдылық қауымдастығының вице-президенті. «Қазақстанның қайраткер әйелдері» атты энциклопедияның шығуына мұрындық болып жүрген кісілердің бірі.

Қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллин мен оның аяулы жары Гүлбаһрам Батырбекқызының жұбайлық ғұмыры қысқа болғанымен, біле білген адамға өзіндік бір сыры бар тарихи байланыс. Бірі елі үшін құрбан болған арыс болса, екіншісі әйелге тән бар жақсы қасиетті бойына жиған асыл жардың символы іспеттес.

Сонау 1920-шы жылдарда білім алу жолына талпынып, оқу іздегендердің алғашқылары тобында Гүлбаһрам Батырбекқызы да бар еді. Әлі біліммен еркін қарулана қоймағанымен, түр-тұлғасымен, айтар сөзін еркін жеткізе алатын батылдығымен, тұжырымды ойымен көзге түседі. Қолы жеткенге кеуде соқпайтын, жетпесе жасып, басқаның ығына лезде түсе қоймайтын қатал тұлғасын бірден таныта алатын мінезіне маңайындағылардың көңілі риза болып жүреді екен. Осы бір кезеңде тағдырдың өзі бастап Сәкен екеуінің кездесуін үйлестіргендей.

Жалпы, Гүлбаһрам апамыз туралы баспасөзде аз жазылды деуге болмас. Әсіресе, саналы ғұмырын сәкентануға арнап жүрген жазушы-ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің кітаптары мен мақалаларында ол кісі жайлы біршама деректер келтірілген.

Гүлбаһрам Батырбекқызы 1909 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданы Көбетей (қазіргі Черниговка) ауылында орта шаруаның шаңырағында дүниеге келген. Руы – Тоқа, Құлымбет бұтағынан. Бір кіндіктен төртеу: ең үлкені – Кәрім, одан соң – Гүлден, Бозтай, кенжесі – Гүлбаһрам. Кәрім – оқыған азамат, алайда жастай қайтыс болып, оның құрметіне бір жаңа туған нәрестенің есімін Кәрім деп қойыпты. Ол – кейінгі белгілі мемлекет қайраткері, үлкен ғалым, ВАСХНИЛ-дің вице-президенті Кәрім Мыңбаев. Ол кісі де сондай құрмет-беделмен жүрген кезінде 1948 жылы 42 жасында бір топ ғалымдармен, халқымыздың бірнеше аяулы азаматтарымен бірге әуе апатына ұшырап, қаза тапты.

Бозтай (шын есімі – Абдолла) Сәкеннің қамқорлығының арқасында оқып шыққан инженер-энергетик, ТЭЦ-те қызмет бабымен жүргенде кенеттен қайтыс болған. Гүлбаһрам тәтем Челябинскіде жерленген Бозтайдың сүйегін келесі жылы Ақмолаға әкеп, қайта жерлетті. Сонда Қайып Айнабековтің зарлана айтқан жоқтауы әлі есімде, соны Т. Кәкішев өз кітабында келтірген екен.

Гүлден тәтеміз көрікті, мінезге бай, салмақты да сабырлы жан еді. Қожа тегінің ел басқарып жүрген Темір деген азаматына тұрмысқа шыққан. Өмірдің біраз қиындығын өткерген ол кісі 32 жасында жесір қалып, соғыстан кейін өзі де өтті дүниеден.

Ал Гүлбаһрам тәтемнің бойына біткен табиғи қасиеттеріне жеке-жеке тоқталсақ, ол – ұзақ әңгіме. Өзі де өмірдің қиындығын көп көріп, шынығып, көп нәрсені үйреніп өскеннен бе, ең алдымен адам баласына деген мейірімі зор, жылы жүзді, кең пейілді, кек сақтау дегенді білмейтін дархан мінезді жан еді. Бозтайдан қалған үш қызды, қуғын-сүргіннің, Ұлы Отан соғысының құрбаны болған ағайын-туыстарының балаларын шаңырағы құламасын деген оймен іс тігіп, ақша тауып, оқытып, киіндіріп, асырап-жеткізді.



Өмір сынақтарыпың сыры









Сол тәтемнің үйінде мен де өстім, 7-8 бала бір бөлмелі үйде тұрып, жоғары білімге қол жеткізіп, бүгінде үбірлі-шүбірлі бір-бір шаңыраққа бас болып жүрміз. Ол кісі, әсіресе, қыз балаларға деген қамқорлықтан аянбаушы еді. Өзінің күнкөрісі мен жетімдерді жетілдіру үшін іс тігумен шұғылданып жүргенінде, өткен еңбегіне елден болмашы қолақы алғанына қысылатын кезін есіңе түсіргенде еңіреп жібергің келеді.

Біреуге істеген жақсылықтың зая кетпейтініне талай жерде көз жеткізген тәтемізді Карлагтағы айдаудан мерзімін өтеп келе жатқанда қамқорлығына алған азаматтардың оң істері де орасан екен. Әйгілі ғалым Кәрім Мыңбаев пен танымал азамат Жақия Рахымбековтің пана, тірек болғаны дәл сол кезде екінің бірінің қолынан келе бермеген, ерлікпен парапар қамқорлық еді. Кесімді уақытын өтеп шыққан соң да еркін жүріп-тұра алмаған тәтеміз Алматы маңына жақындап, облыстық өнеркәсіп одағының Қаскелең ауданындағы «Қайрат» артелінде 1941 жылдан 1942 жылдың тамызына дейін тігінші болып істеп, кейін колхоздың есеп-қисап жұмысына ауысты- рылады. Денсаулығы дәрігерлік-сарапшылық комиссияның шешімімен II топтағы мүгедектікке жатқызылады. Жақия мен Кәрімнің рухани-материалдық көмегімен Алматыда тұрақтап, тұрмыс кешуге мүмкіндік табады.

1957 жылдың наурызында Сәкен ағамыз ақталғанымен, сол қуанышты құптарлық шаралар көрініс таба қоймады. Тек сол жылдың қазан айында Сәкеннің таңдамалы өлеңдері мен поэмалары Есмағамбет Ысмайыловтың құрастыруымен һәм алғысөзімен кітап болып басылып шықты. Ал, 1960-1964 жылдар аралығында 6 томдық шығармалары жарыққа шыққан кездерді еске алсам, жан тебіренеді... Тәтемнің ішінде көп арман кетті. Сәкеннің Алматыдағы өз есімімен аталатын көшесінде ескерткіші тұрса, ешнәрсе кеміп қалмас еді ғой деп налитұғын жарықтық. Бұл да болса өзімізді өзіміз бағалай білмейтін кертартпалығымыздың салдары екені даусыз әңгіме.

1936 жылы Сәкен мен Гүлбаһрамның сүйікті ұлы дүниеге келгенде шілдеханасында болып, есімін Аян деп қойған Мұхтар Әуезов екенін екінің бірі біле бермейтін шығар. Сол Аян 1938 жылдың ызғарлы күзінде тәтем «АЛЖИР-ге» айдалып бара жатқанда көз жұмып, Көкшетаудағы қазақ зиратына жерленген. Міне, содан бері 60 жылдай уақыт өткенде көкшетаулық ғалым, саясаткер Қажыбай Қабыловтың әдейілеп іздеуімен Аянның қабірі табылып, басына ескерткіш-тақта орнатылды.

Тәтеміздің Сәкен ағаның өз қолына табыстаймын деген үмітпен оның қолжазбаларын, киімдері мен түрлі суреттерін, сондай-ақ пайдаланған заттарын үлкен-кіші демей өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтап келуі де – айнымас адалдықтың белгісі емес пе.

Сәкеннің 1936 жылы Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігіне барғанда ала келген әтірін сақтап, бір тамшысына да тиместен, сіңлілеріне аманат етіп тапсырған. Оны маған өзі ауырып жатқанда көрсетіп: «Сәкен құлағының астына, тамағына, мұртына жағушы еді бұл әтірді. Мен өлгенде маған солай жақ та, қалғанын музейге тапсырыңдар», – деді. Сәкенге деген махаббаттың иісіндей жұпарды өзімен бірге о дүниеге ала кетті тәтеміз. Аманатын орындадық: қазір сол әтір Ақмоладағы (Астана) мұражайда. Сәкен дүниелерінің көпшілігі (24 зат) Алматыдағы мұражайда тұрақтап қалды.




Жарылқасын Бикенов









Тәтеміз сүйген жары Сәкенді қырық жылға жуық уақыт бойы есіктен әне-міне кіріп келетіндей күткенін білесіздер ғой...

... Гүлбаһрам әу баста айттырылып қойған жеріне Ақмола қаласындағы бастауыш мектепті бітірісімен ұзатылмақ болған екен. Алайда, ол айттырған жігіт кенеттен опатқа ұшырайды да, қыз бас бостандығына ие болады. Осы кезді пайдаланған Гүлбаһрам дереу Қызылжардағы партия-кеңес мектебіне оқуға түседі. Сонда оқып жүргенде Сәкенмен кездесіп, кейін өзара келісулерімен Қызылордаға ауысады. Жұбайлық күндері зымырап өтіп жатады. Бұл – 1926-1937 жылдардың аралығы. Сәкеннің қызмет бабына орай Қызылорда, Ташкент, Орынбор арасында жиі қоныс ауыстырады. Осы қалаларда бірде жатақханада, бірде Сәбит Мұқанов пен Мәриям апаның Мәскеудегі шағын пәтері секілді тамыр-таныстарын сағалауы жайсыз ахуалдарын аңғартса керек. Мәскеуге барғанда ондағы тұрмыс өте ауыр, азық-түлік карточкамен берілетін уақыт. Ол үшін қалайда жұмысқа орналасу керек. Сөйтіп жүріп КСРО ОАК-нің «Известия» баспаханасы шеф-базасының өндіріс комбинатына тігінші болып орналасады. Қызы Лаура С. Мұқановтың үйінде тұрғанда ауырып, 1932 жылы жаз ортасында Қызылордаға келгенінде қайтыс болады. Қайғыдан есін жиғандай болысымен, күзде, кешкі дайындық факультетінен 1-курсқа ауысады. Студенттік өмірдің де талай қиыншылығын көреді. Осындай халде жүргенде де БК(б)П ОК жанынан ұлт аймақтарында жұмыс істейтін стенографистердің 1934 жылы ақпан айында ашылған екі жылдық курсында оқиды. Кейде Сәкеннің жіберген азын-аулақ ақшасын алуға арланып, қайтарып жіберетін намысқойлығы да болыпты.

Бір ғана Тоқа руының өзінен Сәкен ағаның қанатын паналаған 15 шақты адам болыпты. Солардың ішінде менің әкем мен шешем де Сәкен ағаның үйінде екі баласымен тұрған. Сол кезде шешем өзінің шеберлігімен іс тігіп, қаражат табатын. Сібірде он тоғыз жыл айдауда жүріп келген белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі, сыншы Сәйділ Талжанов та Сәкен ағаның көп қамқорлығын көрсе керек, өмір бойы пір тұтып өтті. Сәйділ аға жұрт Сәкеннің атын атауға қорқып жүретін кезде де оның шығармаларын жариялаудан тайынған жоқ.

Сәкен ағаның әкем мен ағамның білім алуына көп көмектескені өз алдына, кейінгіде менің өзім Гүлбаһрам тәтемнен көрген шапағатымды ақтай алар ма екенмін. Мен 1949 жылы Қарағандыдан Алматыға оқуға келгенімде мейірлене қарсы алып, бауырына тартқаны есімнен кетер ме? Мені Гүлбаһрам тәтеме әкеліп табыстаған Күлән тәте (ол кісі – Қайып Айнабековтің қызы, Асқар Тоқпановтың жұбайы).

Тәтемнің үйінің төріндегі кереует (қазіргі Астанадағы мұражайда) тұсына ұстаған кілемнің жоғары жағында Сәкен ағаның бөрік киген суреті ілулі тұр екен. (Ол суретті салған белгілі режиссер, суретші, Қазақстан Республикасы өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмен Хайдаров). Кереует алдына төселген сары аюдың терісінің үстіне тізерлей отыра кетіп, солқылдай жыладым. Мұным әрі қуанғанымның, әрі сағынғанымның әсері болса керек...

Шіркін тәтем, өзі жақын тартқан қыздарға әлдене айтса, онысын салмақпен, қатаң талап қоя жеткізетін. Күнделікті, тіпті кейін жеке тұрмыс құрғанда қалай жүріп-тұру керектігін үйретуден, ақыл-кеңес беруден жалықпаушы еді. «Әйел заты – ер-азаматтың анасынан кейінгі тәрбиешісі, жанашыры болуы керек. Ол үшін көп жерде кешірімді де төзімді болған жөн. Сүйікті болу үшін алдымен өзіңді сүйкімді етуге тырыс», – дейтін. Ол кісінің айтқандарынан аспауға әлі күнге дейін тырысамын.




Өмір сынақтарының сыры



Жарылқасын Бикенов

Құдайға шүкір, отағасым Кәрібай Шөкетаев – қазір отставкадағы полковник, екі ұлым ел ағасы дерлік жасқа жеткен, ойлы, өз орталарына сыйлы азаматтар. Келіндерім мен бес немерем бар. Ең үлкен немерем Санжар – атасының жолын қуып, заң институтын бітіріп, заңгер болды. Кіші немерем Сардар маманданған ағылшын мектебін үздік бітіріп, Америка колледжінің II курсында оқып жүр.

Тәтеміздің арманы – Сәкен бейнесінің өзінің туған жерінде тұруы еді. Сол арманы орындалды: Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана мен мұражайының ортасындағы ескерткіш – халқымыздың мақтанышы.

Биылғы жылдың қазан айында Гүлбаһрам тәтеміздің туғанына 90 жыл толуын атап өту қамына кірісіп кеттік. Ол үшін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасындағылармен ақыл қосып, жоба құрдық. Баспасөз беттерінде жариялап, радио, теледидардан насихаттап жүрміз. Асыл жанның аруағына тағзым ету шарасына қол ұшын беремін, ат салысамын деген азаматтар болса, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазақ дегенде қабырғасын сөгіп берген арыстың арманы да жан жары ғой ол кісі!



Жазып алған: Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері «Орталық Қазақстан» газеті, 4 тамыз, 1999 жыл

ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАРЫ

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс», – деп қайсар ақын Қасым айтқандай, адамзат баласының басына нәубет болып келген сұм соғысқа соңғы нүкте қойған 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне биыл 65 жыл толады. Осы даңқты дата қарсаңында өзім танып-білген жақсы аға, атпал азамат, Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Мәулен Ғазалиұлы туралы айта кеткенді қасиетті борышым санадым. Бұл – кешегі қанды қырғында жауға қасқайып қарсы тұрған ерге деген тәбәрік-тағзым, қадір тұтқан құрмет болса керек.

Мәулен ағамен жақынырақ танысуыма Құлкен Шаяхметовтей асыл азамат, аяулы аға себепкер болды: ол кісі Нұра аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жүргенінде, 1943 жылы менің шілдеханама қатысып, әке-шешемнің қуанышын бөліскен, мен үшін аса қастерлі адам болатын. Мен ол кісімен ширек ғасырдай уақыт облыстық Тұтынушылар одағында бірге қызмет етіп, былтыр 93 жасына келіп өмірден озғанына дейін өте жақын араластым, соңғы сапарына шығарып салыстым.

Жалпы, Мәулен Ғазалиевтей ғажап жанның өмірде жан қиыспас үш досы болды: олар – Құлкен Шаяхметов, Уайда Ақашев және Ахмедия Әлқожин. Бұл төртеуінің өмірдің қызығы мен шыжығын бір бөліскен болаттай берік достығын жұрт аңыз қылып айтушы еді. Заманы бір ағалар өмірлерінің соңына дейін адам баласын тәнті еткен шынайы достыққа ақ-адал болып өтті.











Өмір сынақтарының сыры

Құлкен Шаяхметов ағамыз Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра аудандарында басшы қызметтер атқарып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, ел ішінде абырой мен беделге бөленген жайсаң жан еді. Мен 1971 жылы Қарағанды қаласына облыстық Тұтынушылар одағына қызметке келгенімде осы Құлкен аға мені Мәулен Ғазалиевпен таныстырған-ды; содан бері де, міне, қырық жылға жуық уақыт сынаптай сырғып өте шығыпты...

***

Қандай да болсын азаматтың адами болмысын тереңірек тану үшін оның арғы тегіне үңілген жөн. Осы орайда әңгіме қозғар болсақ, Мәулен Ғазалиұлының бір бабасы – Таңсық қожа Абылай хан заманында қалмаққа қарсы соғысқа қатысқан һас батырлардың бірі болыпты. Бұған Бұқар жырау бабамыздың мына бір толғауы дәлел бола алады:

«Қалданменен ұрысып,

Жеті күндей сүрісіп,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай.

Шақшақұлы Жәнібек,

Сіргелі Қара Тілеуке,

Қарақалпақ Қылышбек,

Текеден шыққан Сатай, Бөлек,

Шапырашты Наурызбай,

Қаумен, Дәулет, Желек батыр қасында,

Бақ дәулеті басында.

Сеңкібай мен Шойбек бар,

Таңсық қожа, Мәмбет бар,

Қасқараудан Молдабай,

Қатарда жақсы қалдырмай.

Есенқұл батыр ішінде,

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты».



Мәукеңнің өз атасы Жыржыс қажы мен әкесі Ғазали туралы да үлкен тебіреніспен айтпау мүмкін емес. Жыржыс қажы имандылық жолымен Мекке-Мединеге барып, қажылық парызын өтеп келгеннен кейін, 1920 жылы Ақжар ауылынан қозыкөш жерден мешіт салдырған. Мешіт жанындағы медреседе бала оқытып, жас өскінді имандылыққа тәрбиелеген. Қылышынан қан тамған большевиктік сыңарезу саясаттан қаймықпаған қажы 1928 жылы маңайдағы елдің басын қосып, тұңғыш рет Мәуліт тойын өткізген, тұла бойына имандылықтың рухы тұнған аса діндар, ерекше жүректі адам болды. Арада бір жыл өткенде, яғни, 1929 жылдың ақпан айында Жыржыс қажыны белсенділер ұстап әкетпекке келеді. Қажы дәретін алып, намазын оқып, «Алла тілегімді берер, мені кәпірдің алдына жеткізбес», – деп дұғасын айтып, дайындалып отырған екен, жарықтық. Қажының тілегі орындалып, ол айдалып кетіп бара жатқанда орта жолда дүние салады. Ол өмірден озған сол қыс аса қатты болып, жұрттың көбі Жыржыстың жаназасына келе алмапты. Соңырақ, наурыз туғанда











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет