Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет36/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

КАК СДЕЛАЛИ МЫ

До сих пор не задумывались над тем, кто же является собственником кооперативного имущества, каковы его права? Подразумевалось, что чем-то владеют работники отрасли, пайщики... Но чем? Правление Казпотребсоюза рассмотрело вопрос о закреплении прав на собственность, утвердило примерное положение. Мы же в свою очередь конкретизировали его. Вот об этом и хочу рассказать подробнее.

Итак, на правлении облпотребсоюза приняли свой документ, а на собрании совета утвердили его, четко разграничив, чем и кто в нашем хозяйстве владеет. Доля пайщика. не работающего в потребкооперации, определяется его взносом в паевой фонд. У кооператоров все зависит от стажа работы, трудового вклада в систему.



За основу собственности, подлежащей закреплению, приняли уставный фонд организаций и хозрасчетных предприятий, из которого 51 процент считается неделимым, и мы закрепили его за правлениями потребсоюзов и обществ с правом владения, пользования и распоряжения.

Остальную часть распределили следующим образом: 35 процентов работникам, но при условии, что стаж их в потребкооперации не менее года, паевой и целевой взносы по тысяча рублей. 14 процентов поступает в резервный фонд, который используем для молодых специалистов, пенсионеров. Последним установлен целевой взнос 800 рублей, паевой в размере, утвержденном собранием пайщиков.

Размер трудового вклада женщин, находящихся в декретном отпуске с прошлого года, определяем из месячной тарифной ставки. Решили, что за теми, кто проработал менее года или трудится по совместительству, собственность не закрепляется.

Во всех организациях работают специальные комиссии по закреплению собственности. Они и выдают кооператорам и пайщикам свидетельства-обязательства с указанием причитающейся доли. А в конце года при распределении прибыли все это будет учтено и начислены дивиденды.



Учли и такие нюансы. Для тех, кто уволен по инвалидности, сокращению штатов, право собственности сохраняется и дивиденды начисляются на общих основаниях. В случае смерти работника потребкооперации, в том числе и пенсионера, наследниками закрепленной доли являются лица, находящиеся в близком родстве, что определено законодательством.

Ж. БИКЕНОВ, начальник управления учета и контроля Карагандинского облпотребсоюза Журнал «Қазақстан тұтынушылар кооперациясы - Потребительская кооперация Казахстана»,

1992 год, № 10 (412)









Өмір сынақтарының сыры

ЕНШІҢІЗДЕН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛҒЫНЫЗ КЕЛМЕСЕ...

Қазір белгілі болғандай, мемлекеттік және жекеменшік түрлері қалыптасып отыр. Жекеменшік, акционерлік қоғам меншігі, Ұжымдық немесе кооперативтік меншікке бөлінеді. Бұл ретте біздің оған қарсылығымыз, дау-дамайымыз жоқ. Тек айтайын деген мәселе мынада. Өкінішке қарай, кейінгі уақытқа дейін тұтыну кооперациясының меншік иесі кім екендігін ешкім ойламады. Оның жалпы меншіктегі үлесі қандай? Меншік иесінің қандай құқы бар? Осы сауал көп уақыт бойы басы ашық күйінде қалды.

Міне, осы жай алаңдатушылық туғызуына байланысты биылғы наурыз айында Қазақ тұтынушылар одағының басқармасы тұтыну кооперациясы қызметінің меншікке құқылығы мәселесін қарап, тиісті ережелерді бекіткен еді. Іле, облыстық Тұтынушылар одағының басқармасында «Қарағанды облысындағы тұтыну кооперациясының меншікке құқылығын бекіту туралы ережелер» қабылданды. Ол сәуір айында он үшінші шақырылған облыстық Тұтынушылар одағы кеңесінің бесінші жиналысында талқыға салынды. Онда облыстық Тұтынушылар одағында жұмыс істемейтін пайшы мүшелерге меншік үлесі олардың пай қорына қосқан жарнасына қарай анықталатындығы белгіленді. Ал тұтынушылар кооперациясы жүйесінде жұмыс істейтіндердің жұмыс стажына және сіңірген еңбегіне байланысты тұтыну кооперациясына жататын меншікке өз үлестері барлығы көрсетілді.

Тұтыну кооперациясындағы меншіктің 51 проценті бөлінуге тиіс емес және ол Тұтынушылар одағы басқармасына, тұтынушылар қоғамдарына пайдалану үшін беріледі. Қалған бөлігі бөлініске түседі. Мәселен, 35 проценті Тұтынушылар кооперациясы қызметкерлерінің еншісіне тиеді. 14 проценті резерв қорда сақталып, соның есебінен зейнеткерлерге, жас мамандарға меншік үлесін бекітіп жүргізіледі.

Меншікті бекітуде мынадай жайлар ескеріледі:

- кем дегенде бір жылдық еңбек стажы;

-1,0 сом пай жарнасын және бір мың сом мақсатты жарна төленуі керек.

Тұтынушылар кооперациясы жүйесінде жұмыс істемейтін зейнеткерлерге меншікті бекіту олардың өз тілектеріне қарай 500 сом мақсатты жарна және осы мөлшерде пай жарнасын төлегенде жүргізіледі.

Қазір барлық ұйымдарда бұл шараны жүргізу үшін комиссиялар құрылған.

Еншіңізден құралақан қалғыларыңыз келмесе, Тұтынушылар кооперациясындағы бұл жаңа шараға белсене ат салысыңыздар.



Ж. БИКЕНОВ «Орталық Қазақстан» газеті, 10 маусым, 1992 жыл









Жарылқасын Бикенов

***

Акиму Карагандинской области Ахметову С.Н. от ветерана труда, заслуженного работника

Республики Казахстан, Почетного гражданина Нуринского района

Бикенова Ж.Б.

Обращаюсь с просьбой и пожеланиями по решению следующих насущных вопросов, затрагивающих интересы широких слоев людей, проживающих в городе и селах области:

1)С целью улучшения условий жизни сельчан и централизованного обеспечения их углем предлагается организовать в районном центре на базе комхоза или других служб специального уполномоченного лица, который мог бы организовать посреднические услуги по заключению договоров с угольными шахтами для эффективной реализации угля сельчанам, с учетом стоимости топлива, транспортных расходов, затрат на содержание посредника. В функции посредника должно входить, в первую очередь, сбор заявок по району с предварительной оплатой услуг по договорным ценам, а также решение других вопросов, связанных с доставкой угля потребителям.

2)Учитывая затруднения сельчан с заготовкой сена и отсутствия кормовых отходов из-за прямого сбыта зерновых культур без очистки, предлагается следующее. На базе управления сельского хозяйства организовать централизованный сбыт кормовых отходов и сена для скота, птиц и др. подворий сельчан.

3) В Караганде внутриквартальные дороги, особенно в частном секторе, десятки лет не ремонтировались. Можно было бы поручить руководителям городских и районных акиматов решить эту проблему следующим образом – разделить внутриквартальные дороги по участкам и привлечь организации, находящиеся в пределах этих участков и возможно самих жителей к поэтапному ремонту и асфальтированию этих дорог.

4) Во многих сельских школах в 10-11 классах учатся по 5-10 учеников, в отдельных случаях и того меньше. После девятого класса ученики стали уходить в колледжи из-за страха провала на ЕНТ. В связи с этим, предлагается в отдельных ведущих школах районов, где имеются условия для создания полнокомплектных групп старших классов, организовать по примеру прошлого школы-интернаты, где могли бы учиться дети с аулов, в которых возникает проблема комплектования старших классов.

5)Качество обучения в сельских школах связано с учительскими кадрами. Многие учителя, имеющие высшее образование на базе заочной формы обучения, имеют низкую квалификацию. А молодые специалисты с высшим образованием, обучавшиеся по очной форме обучения при этом остаются без работы. Отдельные учителя работают на 1,5-2 ставки. Облоно, районо следовало бы обратить внимание на эту проблему таким образом, чтобы обеспечить качественный и объективный отбор учителей в школы.

6) Отдельные сельские районы не имеют в составе старейшин при областном акимате своих представителей. По рекомендациям районных акимов, желательно было бы ввести в практику представительство от каждого сельского района по 1-2 человека из числа проживающих в г. Караганде.












Өмір сынақтарының сыры

7)Во время Курбан-айта в течение трех дней при проведении пожертвований возле мечети совершается массовый забой скота. Для устранения антисанитарии, связанной с опасностью распространения инфекционных заболеваний, предлагается организовать платные услуги для цивилизованной процедуры проведения забоя скота, современному вывозу отходов, очистки территории и водоснабжения, а также, одновременно организовать присутствие ответственных представителей от детских домов, домов престарелых и инвалидов для того, чтобы лица, принес- шие жертву, могли непосредственно передавать мясопродукты.

8) На мусульманском кладбище ввести планировку внутренних проходов, дорог, строений. На кладбище прослеживается произвольность расположения отдельных объектов, без подчинения определенному порядку. Возможно, следует поручить земельному комитету, отделу архитектуры или иному органу, в ведение которого относится данное кладбище, установить контроль над планировкой и культурой выполнения этих работ.

7 октября 2010 года, принял - аким области Ахметов С.Н.

ЕСКЕ АЛУ

Нұра ауданы Көбетей ауылында 1931 жылы туған алғашқы ұстазымыз әрі жездеміз Қаусылов Қабдолла Мұхамедияұлының о дүниелік болғанына он жылдың жүзі болып қалыпты.

Жездеміз өте білімдар, инабатты жан еді.

Ол 1949 жылы Ақмола педагогикалық училищесін бітіріп келген соң, кіндік қаны тамған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып істеді. Қабдолла 1952 жылдан бастап совхоз, аудан көлемінде қоғамдық салада басшылық қызметтер атқарды.

Қабекең жұбайы Рафқат екеуі алты перзент өсірген абзал әке болатын. Оның балалары Сағыбалды, Гүлнар, Гүлнара, Мұрат, Гүлсара, Гүлмиралар жоғары оқу орындарын тәмамдап, қазіргі кезде өндірістің әр саласында қызмет атқарып жүр.

Қ.М. Қаусыловтың отбасы – өсіп-өнген өнегелі әулет. Оның жұбайы Рафқат – Қабекеңнің қарашаңырағында ұл-қыздарынан туған немере-шөберелерін тәрбиелеп отырған абзал әже. Бәрімізге қамқор. Ол кісіні әрқашанда үлгі тұтамыз.



Қабдолла 1991 жылы 30 маусым күні 60 жасында Қарағандыда ауруханада мезгілсіз қайтыс болды. Ол кісі қайтыс болған күні қызмет бабымен Санкт- Петербург қаласына ұшуымыз керектін. Жездеміздің рухының қасиеттілігінен, Алла жолын берік ұстағандығынан, жанының пәктігінен болар, ұшақ ұшатын уақытынан төрт сағатқа кешігіп ұшқандықтан, қайтыс болғанын естіп, отбасының қайғысына ортақтасып, қоштасып үлгердік.









Жарылқасын Бикенов

Қабдолла жездеміздің рухына бас иіп, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын деген ниетпен еске аламыз.

Жарылқасын, Әнияш және Бикеновтер әулиеті,

2011 жыл

СӘТБЕККЕ АРНАУ

Сәтбек Уәйісбектің 60 жылдығына Ж. Бикеновтің арнауы

Баласы Сәрсекейдің Сәтбек батыр,

60-қа, міне, бүгін келіп жатыр.

Ата-баба аруағы риза болып,

Тілегін достарының беріп жатыр.

Жігер-оты құлшындырған еңбекке,

Атақ-даңқын паш етті ғой жер-көкке.

Жарлығы Нұрсұлтанның жарық көрді

Арнайы атақ берген Сәтбекке.
Жақсылыққа әрқашан тағзым еткен,

Орындалды арманың, жанды үміттер!

Құрметті атағыңмен құттықтаймыз,

Еліне еңбек сіңірген қызметкер!

Бойында Сәтбек ердің қуаты мол,

Жігерімен тау-тасты уатып ол,

Еңбегінің жемісін көріп отыр,

Кенеліп шын бақытқа, мұратына ол.

Зымырап жылдар өтті, күн өтті,

Бала өсіп, немерелер ер жетті.

Қызығына өмірдің ол қалықтап,

Қол ұстасып, достарымен бір жетті.

Достары Кәртай, Болат, Қанапия,

Әрқайсысы тұрған бір дара тұлға.

Мықты емес деп кім айтар достықтарын,

40 жыл қыл өтпеген арасынан.

Ақшаңқан, Қараталда туған жері,

Шақаман тау, жайлаған туған елі.

Шөптікөлде мыңғырып малы жатыр,

Қара Нұра ұрпағы Сәтбек елі.











Өмір сынақтарының сыры

Ағасы Қамидолла орны бөлек,

Анасы Қанипадай туған жан жоқ.

Өнегесін солардың жоғары ұстап,

Қанаттанды Сәтбек ер, мүдірген жоқ.

Торқалы той құт болсын, құрбы-достар,

Орындалсын зор міндет, ұлы жоспар.

Ақ дастархан үстіне ақ ниетпен

Тойламаққа жиналдық бауырластар.

Құрметті үлкен-кіші ауылдастар,

Қалмасын ұлы тойда қолы бостар.

Сәтбек ерге ғасырлық ғұмыр тілеп,

Соғылсын, келіңіздер, толы тостар!



19 қаңтар, 1996 жыл Қарағанды қаласы









Жарылқасын Бикенов

Жарылқасын Бикенұлы БИКЕНОВТІҢ

ӨМІРБАЯНЫ

(ұрпақтарыңа арналады)

Жарылқасын Бикенұлы Бикенов – Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

Жарылқасын Бикенов 1943 жылдың 9 сәуірі күні Нұра ауданындағы Черниговка (қазіргі Көбетей) селосында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келді. 1949 жылы Черниговкадағы Калинин орта мектебінің (қазіргі Асубаев атындағы орта мектеп) 1-ші сыныбына барып, оны 1959 жылы бітіріп шықты.

Мектепті бітіргеннен кейін, 1960 жылы «Шахтер» совхозы жұмысшы кооперативінің ұжымына бухгалтердің шәкірті болып жұмысқа тұрып, аға бухгалтердің орынбасары қызметіне дейінгі жолдан өтті.

1960 жылы Целиноград (қазіргі Астана) кооператив техникумына түсіп, оны 1963 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты.

Орта арнаулы білім алғаннан кейін Целиноград облысындағы Балқашин аудандық Тұтынушылар одағында тексеруші (ревизор), аға тексеруші болып жұмыс істеді.

1964-1967 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Әуе қорғанысы әскерлері құрамындағы жойғыш ұшақтар авиациясында (дыбыстан да жылдам жойғыш ұшақтар, зымыран тасығыштар) механик, ұшақ технигі, 1-ші санатты аға механик болып, сержант, одан кейін запастағы аға лейтенант шенінде әскери қызметін өтеді.

1965 жылы Свердлов облысындағы Ирбит қаласында авиацияның кіші мамандарына арналған алты айлық мектепті үздік бітіріп, «Ұшақ қозғалтқышының механигі» мамандығын алып шықты.

1964 жылы Новосібірдің Кеңестік кооператив саудасы институтының есеп-экономика факультетіне түсіп, оны 1968 жылы үздік тәмамдады.

Әскери қызметтен кейін, 1967 жылы Нұра аудандық Тұтынушылар одағында бас бухгалтердің орынбасары қызметіне орналасып, осы жерде 1968-1971 жылдар аралығында бас бухгалтер қызметін атқарды.

1971 жылы Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағына бас бухгалтер болып тағайындалып, 1996 жылға дейін бухгалтерлік есеп, қаржы және бақылау басқармасының бастығы, одан кейін 1996 жылдан 2010 жылға дейін облыстық Тұтынушылар одағы орталық бухгалтериясының бас бухгалтері қызметтерін атқарды.



Жарылқасын Бикенов Тұтынушылар кооперациясы саласында қызмет істеген кезінде аудандық Тұтынушылар одағы басқармасының, облыстық Тұтынушылар одағы басқармасының және облыстық Тұтынушылар одағы кеңесінің мүшесі (1971 жылдан) болды. 1994 жылы Қазақ Тұтынушылар одағының съезіне делегат болып қатысты.









Өмір сынақтарының сыры

Жарылқасын Бикеновтің еңбек жолы партия-комсомол жұмысымен тығыз байланысты болды. 1957 жылдан БЛКЖО мүшесі ретінде Балқашин аудандық Тұтынушылар одағының және Кеңес Қарулы Күштері авиация эскадрильясы комсомол ұйымының жетекшісі болып сайланды.

1967 жылы әскерде жүргенінде Коммунистік партия қатарына мүше болып өтті. 1968 жылы Нұра аудандық Тұтынушылар одағы партия ұйымының хатшысы, 1972- 1975 жылдары Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы партия ұйымының хатшысы, 1975-1991 жылдары Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы партия ұйымы бюросының мүшесі болды. Қазақстан халықтық кооператив партиясының мүшесі болды. 1998 жылдан бері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

Жарылқасын Бикеновтің кәсіби қызметі Қарағанды кооператив институтымен (қазіргі Қарағанды экономика университеті) тығыз байланысты. Орталық Одақ және Қазтұтынуодағы басшылығының бұйрығына сәйкес, ол осы оқу орнында жиырма бес жылдай (1973-1998 жылдары) мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды. 1990 жылдан 2000 жылға дейін Қазтұтынуодағының бухгалтерлік есеп бойынша Әдістемелік кеңесінің мүшесі болды.

1973-1998 жылдары Қарағанды кооператив институтының бухгалтерлік есеп кафедрасында кесімді сағат бойынша оқытушы болып қосымша жұмыс атқарды. Біраз уақыт осы кафедраның аға оқытушысы болды.

Бухгалтерлік механикаландыру, автоматтандыру бойынша бірқатар еңбектердің авторы. «Бухгалтерлік есеп», «Ақпараттық-есептегіш жүйесі» кафедрасының оқытушылары С.К. Қошқаров, С.С. Аяжановпен бірге (Қарағанды және Осакаров ААБ, Мичурин, Осакаров, Қарқаралы, Ульянов, Егіндібұлақ, Нұра, Молодежный, Тельман АТО) бухгалтерлік есепті механикаландыру және автоматтандыру ісін «Аскота-170» бухгалтерлік машинасына, перфорационды машинаға, болгариялық үлкен ЭЕМ «Изот», Е8М-1700, америкалық және германиялық дербес компьютер- лерге енгізген.

1990 жылы Қазтұтынуодағы басшылығы бухгалтерлік есеп теориясының оқулығын қазақ тілінде әзірлеу туралы шешім қабылдады. Оқулықты әзірлеу үшін Қазтұтынуодағы мен Қарағанды кооператив институты арасында шаруашылық келісім жасалып, сондай-ақ құрамына К.А. Китебаева, К.С. Мәдиева, О.М. Жақыпова және Жарылқасын Бикенов енген авторлық ұжым құрылды. Қазтұтынуодағы Басқармасының қаулысымен, Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Жарылқасын Бикенов авторлық ұжымның жетекшісі болып тағайындалды.

Дайын болған оқулық Қазтұтынуодағы бухгалгерлік есеп бойынша Әдістемелік кеңесінің Қазтұтыну одағының барлық облыстардағы бас есепшілерінің және Қарағанды кооператив институтының және Қазтұтынуодағы кооператив техникумдарының бухгалтерлік есеп кафедрасы оқытушыларының қатысуымен болған кеңейтілген жиынында талқыланды. Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша, «Бухгалтерлік есеп теориясы» оқулығы Қазтұтынуодағы жүйесінде «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша студенттер даярлауға арналған оқулық ретінде ұсынылды. Бұл шешімді Қазтұтынуодағы басқармасы бекітті.

Жарылқасын Бикеновтің бухгалтерлік есеп және экономист мамандарын дайындау ісіндегі сіңірген еңбегі туралы Қарағанды кооператив институтының 40 жылдық мерейтойында «Десятилетия созидания: годы, события, люди» (І8ВК9965-703-70- 1, Караганда, ТОО «Типология Комплекс», 2006. — с. 40 и 189) деген атпен жарыққа шыққан кітапта атап өтілген.












Жарылқасын Бикенов

Жарылқасын Бикенов бухгалтерлік есепті дамыту, механикаландыру, автоматтандыру тақырыбы және тұтыну кооперативті меншігін сақтап қалуды қамтамасыз ету бойынша одақтық, республикалық баспасөзге көптеген еңбектерін жариялады.

Қарағанды кооператив институтында өткен аудандық, облыстық, республикалық, одақтық бас бухгалтерлерге арналған семинарларда, кеңестер мен ғылыми конференцияларда үнемі дәріс оқып, баяндамалар жасады.

Мәскеу, Ленинград, Воронеж, Львов, Қазан, Ташкент қалаларында білімін жетілдірді.

Ж.Бикеновтің бастамасымен және тікелей ат салысуымен тарихи төрт шежіре кітап – «Тоқа шежіресі» (І8ВМ5-7667-937-6, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2000. - 402 б.); «Қарпық шежіресі» (І8ВМ5-7667-937-1, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2002. - 620 б.), «Қарпық және Қожа шежіресі» (І8ВМ978-601-7020-04-0, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2008. - 1008 б.); «Алтай Қалыбек шежіресі» (І8ВЫ978-601-7020-15-6, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы»,2009. - 400 б.) жазылды.

Ж.Бикенов туралы деректер «Почитаемые люди земли Казахской» – «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» (І8В1Ч9965-517-07Х, Алматы, ТОО РПИК «Дәуір», 2006. с. 178-190) атты энциклопедияның 13-ші басылымында, «Қарағанды. Қарағанды облысы» (І8ВЫ9965-34-515-5, Алматы, «Атамұра», 2008. -с. 172) облыстық энциклопедиясында, Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандарының 70 жылдық мерейтойына екі тілде жазылған «Нұра» (2008) және «Жаңаарқа» (2009), Нұра және Жаңаарқа аудандарының 80 жылдық мерейтойына қайта басылып шығарылған энциклопедияларында бар. Сондай-ақ, ол туралы мәліметтер «Болашақ-Баспа» баспасынан шыққан «Нұра. Нұра ауданы» атты Нұра ауданының жаңа энциклопедиясында көрініс тапты. (Қарағанды қ., 2014 ж., 173-6.)

Сондай-ақ, оның есімі Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің ұсынуымен, 2010 жылы жарыққа шыққан «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына (І8ВК1 978-60180013-0-7, ТОО «Редакция энциклопедии «Лучшие люди Казахстана», 2010.- с. 446) енгізілген.

Жарылқасын Бикеновке ақын, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев 1994 жылы «Нұра перзенті» («Кооператор Казахстана» журналы, № 11, 12; «Орталық Қазақстан» газеті; «Нұра» аудандық газеті) атты поэмасын арнады.

2000 жылы осы поэма өңделген нұсқада республикалық «Сарыарқа» журналында (№ 6, 2000 ж.) «Шын ғажапты қараңыз» деген атпен жарияланды.

Бұл поэма Қайрат Жұмағалиевтің 2001 жылы шыққан «Күншуақ» кітабында да (Қ. Жұмағалиев. Күншуақ. - Астана, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Елорда» баспасы, 2001. - 221-223 б.) басылды.



2003 жылдың сәуір айында Ж.Бикеновтің 60 жылдық мерейтойында ол туралы «Нұра» және облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Махмет Темірұлының поэмасы жарық көрді, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде Рахпат Қаусылованың өлеңдері шықты.









Өмір сынақтарының сыры

Жарылқасын Бикенов бірнеше мемлекеттік наградалардың – «Құрмет» орденінің (№ 2524, ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. № 34241 Жарлығымен) «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» (1994), В.И. Лениннің туғанына жүз жыл толуына арналған «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «КСРО еңбек ардагері» (1990); «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (ҚР Президентінің 16.06.1994 ж. № 1744 Жарлығымен), «Нұра ауданының Құрметті азаматы» (аудандық Мәслихаттың 06.01.2006 ж. шешімі) құрметті атақтарының; «Ударник 10 и 11-ой пятилеток» (1981, 1986 ж.ж.), «Победитель социалистического соревнования» (1973-1979), «Отличник кооперативной торговли Казахстана», «Белсенді қызметі үшін» («Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының 29.12.2006 ж. қаулысы) төсбелгілерінің иегері. Ленин комсомолы ОК-нің Құрмет грамотасымен (1964) және Қазтұтынуодағы Президиумы және Республикалық мемлекеттік сауда және тұтыну кооперациясы кәсіподақ комитеттерінің, сондай-ақ облыстық Тұтынушылар одағы басқармасының және облыстық Мемлекеттік сауда және тұтыну кооперациясы кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2013 жылдың сәуірінде 70 жасқа толуына байланысты Қарағанды облысы әкімінің Кұрмет грамотасымен марапатталды.

Құрметті еңбек демалысында жүрген Жарылқасын Бикенов облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі. Ол Қарағанды қаласында 2010 жылдың 12 мамырында жаңа мешіттің құрылысы басталғанда сөз сөйлеп, игілікті іске бата берген қадірменді ақсақал. Ал 2011 жылдың 22 қарашасында осы мешіттің салтанатты ашылуына орай, Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов, ҚР Бас мүфтиі, хазірет Әбсаттар Дербісәлі қажы, ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенатының депутаттары, көпшілік қауым қатысқан салтанатты жиында елді ұйытып, аталы сөз сөйлеген. Сондай-ақ, ол 2010 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына орай өткізілген салтанатты жиында мемлекеттік наградамен марапатталған 46 адамның қатарында болып, сөз сөйледі.

Жарылқасын Бикеновтің еңбек кітапшасына көз салар болсақ, оның тұтыну кооперациясы саласындағы еңбек жолының 1960 жылдың 6 ақпанынан басталғанын және де оның еңбек өтіліне 2010 жылдың 6 ақпанында 50 жыл толғанын байқаймыз. Оның 42 жылында ол бас бухгалтер болып қызмет етті; 1968-1971 жылдары – Нұра аудандық Тұтынушылар одағында, 1971-2010 жылдары - Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы орталық бухгалтериясында (39 жыл) бас бухгалтер қызметтерін атқарған.



Бухгалтер және бас бухгалтер болып қызмет еткен 50 жылдық мерейтойына орай 2010 жылы республикалық және облыстық газеттерде:

  • 05.02.2010 ж. «Егемен Қазақстанда» Айқын Несіпбайдың «Тура жол»;

  • 06.02.2010 ж. «Казахстанская правда» газетінде Наталья Рыжкованың «И мудрость, жизни высота»;

  • 06.02.2010 ж. «Орталық Қазақстанда» профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбдікәрімовтің «Нұра ақпанда да ағады»;

  • 09.02.2010 ж. «Индустриальная Караганда» газетінде Болат Әбдікәрімовтің «На счетах, как на компьютере» атты мақалалары жарық көрді.









Жарылқасын Бикенов

2010 жылы Ж.Бикенов «Құрмет» орденімен (№ 2524, ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. № 34241 Жарлығымен) марапатталды. Осыған байланысты:

  • 16.12.2010 ж. «Орталық Қазақстанда» (№205-206) Ерсін Мұсабековтің «Елдік рухтың салтанаты» (газетте облыстың марапатталушы азаматтары және Ж.Бикеновтің облыс әкімімен бірге түскен суреті қоса берілген);

  • 16.12.2010 ж. «Индустриальная Караганда» газетінің №146 санында Кирилл Кругловтың «Герои нашего времени» мақалалары (газетте марапаттау туралы ҚР Президентінің Жарлығы берілген) жарық көрді.

2013 жылы Жарылқасын Бикенұлы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылы ол өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеканалы оның кәсіби және шығармашылық өмірі туралы деректі фильм түсірді. Бұл фильм «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеканалының «Ғибрат» бағдарламасында екі рет көрсетілді.

Сондай-ақ, оның мерейтойы жылы облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда келесі мақалалар жарияланды:



  • 6.04.2013 ж. «Индустриальная Караганда» газетінде Владимир Марковтың «Благословение свыше» мақаласы;

  • 6.04.2013 ж. «Орталық Қазақстан» газетінде Тазагүл Пішенбаеваның «Айтулы Азамат» мақаласы;

  • 9.04.2013 ж. «Орталық Қазақстан» газетінде ҰҚК отставкадағы полковнигі Амантай Балтабаевтың «Жалғасы жақсылар мен жайсаңдардың» деген және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Махмет Темірұлының «Нұраның асыл ұлы Жарылқасын» деген мақалалары;

  • 4.04.2013 ж. «Орталық Қазақстан» газетінде Тұтынушылар одағының Қарағанды облысындағы ұжымының атынан құттықтау мақала;

  • 9.04.2013 ж. «Егемен Қазақстан» газетінде – Рафхат апа Қаусылованың (Астана қ.) «Жүздеріңнен күлкі кетпесін» құттықтау мақаласы;

  • 30.03.2013 ж. аудандық «Нұра» газетінде Тазагүл Пішенбаеваның «Аяулы жар, сүйікті ата, абзал дос, құрметті азамат» атты мақаласы.









Өмір сынақтарының сыры

АВТОБИОГРАФИЯ

БИКЕНОВА

Жарылкасын Бикеновича

(посвящается потомкам)

Бикенов Жарылкасын Бикенович – «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Почетный гражданин Нуринского района, обладатель ордена «Құрмет» и других наград.

Родился 9 апреля 1943 г. в с. Черниговка (ныне Кобетей) Нуринского района Карагандинской области в семье простых рабочих.

В 1949 году пошел в 1 класс Калининской (ныне СШ им. Асубаева) средней школы с. Черниговка, которую закончил в 1959 году.

После окончания школы в 1960 г. устроился на работу в совхоз-рабкооп «Шахтер», где, начав работать учеником бухгалтера, вырос до заместителя старшего бухгалтера.

В 1961 году поступает в Целиноградский кооперативный техникум на специальность «Бухгалтерский учет» и в 1963 году завершает обучение с красным дипломом.

После окончания кооперативного техникума работал ревизором, старшим ревизором в Балкашинском РПС Целиноградской области.

В 1964-1967 г.г. проходил службу в рядах Советской Армии в истребительной авиации ПВО (сверхзвуковые истребители, ракетоносцы) – механиком, старшим авиационным механиком 1-го класса, техником самолета, сержантом, старшим лейтенантом запаса.

В 1965 году с отличием окончил шестимесячную школу младших авиационных специалистов в г.Ирбит Свердловской области по специальности «Механик самолетодвигателя».

Проходя службу в рядах Советской армии Жарылкасын Бикенов, в 1964 году поступает в Новосибирский институт Советской кооперативной торговли на учетно-экономический факультет и в 1968 году успешно его заканчивает.

После демобилизации из рядов Советской Армии начал работать заместителем главного бухгалтера (1967г.), затем главным бухгалтером Нуринского райпотребсоюза (1968-1971г.г.).

В 1971 году был переведен на работу главным бухгалтером Центральной бухгалтерии Карагандинского облпотребсоюза, затем с 1996 по 2000 годы работал начальником управления бухгалтерского учета, финансов и контроля, с 2000 по 2010 годы – главный бухгалтер Центральной бухгалтерии облпотребсоюза.

За время работы в системе потребкооперации являлся членом Правления райпотребсоюза, членом Правления облпотребсоюза и членом Совета облпотребсоюза (с 1968г.), участвовал в работе съезда Казпотребсоюза (1994г.).

Трудовая деятельность Жарылкасына Бикенова связана с партийно-комсомольской работой. Будучи членом ВЖСМ с 1957 года, он избирался комсоргом Балкашинского РПС и авиационной эскадрильи Вооруженных Сил СССР.















Жарылқасын Бикенов

Во время прохождения армейской службы в 1967 году вступил в члены КПСС, в 1968 году был избран секретарем партийной организации Нуринского райпотребсоюза, в 1972-1975 г.г. -секретарь партийной организации Карагандинского облпотребсоюза, в 1975-1991 г.г. – член бюро партийной организации Карагандинского облпотребсоюза. Был членом Народно-кооперативной партии Казахстана (1991-1998 г.г.). С 1998 года по настоящее время – член НДП «Нұр Отан».

Профессиональная деятельность Бикенова Ж.Б. неразрывно связана с Карагандинским кооперативным институтом Центросоюза (ныне Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза). В течение двадцати пяти лет (1973-1998 г.г.) он являлся председателем Государственной экзаменационной комиссии, согласно приказам руководства Центросоюза и Казпотребсоюза. С 1990 по 2000 годы являлся членом Методологического совета по бухгалтерскому учету Казпотребсоюза.

В 1973-1998 г.г. по совместительству работал преподавателем-почасовиком кафедры бухгалтерского учета Карагандинского кооперативного института Казпотребсоюза. Некоторое время являлся штатным старшим преподавателем этой кафедры.

Автор многих статей по совершенствованию бухгалтерского учета, внедрения механизации и автоматизации в бухгалтерии. Совместно с учеными кафедры «Бухгалтерский учет» и «Информационно-вычислительные системы» Карагандинского кооперативного института Кошкаровым С.К. и Аяжановым С.С. внедрил в систему облпотребсоюза (Карагандинский и Осакаровский МРБ, Мичуринский, Осакаровский, Каркаралинский, Ульяновский, Егиндыбулакский, Нуринский, Молодежный, Тельманские райПО) механизацию и автоматизацию бухгалтерского учета на фактурных машинах, бухгалтерских машинах «Аскота-170», перфорационных машинах, на больших болгарских ЭВМ «Изот», Е8М-1700, американских и немецких персональных компьютерах.

В 1990 году руководством Казпотребсоюза было принято решение о разработке учебника по теории бухгалтерского учета на государственном языке.

Для подготовки учебника был заключен хозяйственный договор между Казпотребсоюзом и Карагандинским кооперативным институтом Центросоюза, а также создан авторский коллектив, в состав которого вошли: Бикенов Ж.Б., Китибаева К.А., Мадиева К.С., Жакупова О.М. Постановлением Правления Казпотребсоюза руководителем авторского коллектива был назначен главный бухгалтер Карагандинского облпотребсоюза Бикенов Ж.Б.

Подготовленный учебник был рассмотрен на расширенном заседании Методологического совета по бухгалтерскому учету Казпотребсоюза с участием всех главных бухгалтеров областных потребсоюзов Казахстана и преподавателей бухгалтерского учета Карагандинского кооперативного института, кооперативных техникумов Казпотребсоюза. По итогам заседания учебник «Теория бухгалтерского учета» был рекомендован для использования в качестве учебного пособия при подготовке студентов по специальности «Бухгалтерский учет» в системе Казпотребсоюза. Это ре- шение было утверждено Правлением Казпотребсоюза.

Заслуги Бикенова Ж.Б. по подготовке кадров бухгалтерского учета и экономистов были отмечены в книге «Десятилетия созидания: годы, события, люди», подготовленной в честь 40-летия Карагандинского кооперативного института (І8ВМ9965- 703-70-1, Караганда, ТОО «Типология Комплекс», 2006. -с. 40 и 189).









Өмір сынақтарының сыры

Следует отметить, что Бикенов Ж.Б. неоднократно публиковался в республиканских и союзных газетах, журналах потребительской кооперации по вопросам совершенствования бухгалтерского учета, по его механизации, автоматизации, обеспечению сохранности собственности потребкооперации.

Постоянно выступал с лекциями и докладами на семинарах, совещаниях и конференциях перед районными, областными, республиканскими и союзными главными бухгалтерами научно-практических конференциях Карагандинского кооперативного института.

Проходил повышение квалификации в городах Москва, Ленинград, Воронеж, Львов, Казань, Ташкент.

По инициативе Бикенова Ж.Б. и при его личном участии были изданы 4 книги родословных: «Тоқа шежіресі» (І8ВЫ5-7667-937-6, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2000.-402 б.); «Қарпық шежіресі» (І8ВМ5-7667-937-1, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2002. - 620 б.), «Қарпық және Қожа шежіресі» (І8ВИ978-601 -7020-04-0, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2008. - 1008 б.); «Алтай Қалыбек шежіресі» (І8ВЫ978-601-7020-15-6, Қарағанды: ААҚ «Қарағанды Полиграфиясы», 2009. - 400 б.).

Сведения о Бикенове Ж.Б. отражены в 13-ой книге «Почитаемые люди земли Казахской» - «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» (І8ВЫ9965-517-07Х, Алматы, ТОО РПИК «Дәуір», 2006. – с. 178-190), областных энциклопедиях «Қарағанды. Қарағанды облысы» (І8ВЫ9965-34-515-5, Алматы, «Атамұра», 2008. – с. 172), изданных к 70-летию Карагандинской области на казахском и русском языках, районных энциклопедиях: «Нұра» (2008) и «Жаңаарқа» (2009), посвященных 80-летию Нуринского и Жанааркинского районов.

Также сведения о нем отражены в новой энциклопедии Нуринского района «Нұра. Нұра ауданы», изданной в издательстве «Болашақ-Баспа» г.Караганда, 2014 г., стр. 173 .

По представлению акимата Нуринского района Карагандинской области он включен во второй выпуск энциклопедии «Лучшие люди Казахстана», изданной в мае 2010 г. (І8ВЫ 978-60180013-0-7, ТОО «Редакция энциклопедии «Лучшие люди Казахстана», 2010. - с. 446).

Известный казахский поэт, лауреат премии Ленинского комсомола, член Союза писателей Казахстана Қайрат Жұмағалиев в 1994 году посвятил ему документальную поэму «Нұра перзенті» (журнал «Кооператор Казахстана», № 11, 12; газета «Орталық Қазақстан»; районная газета «Нұра»).

В 2000г. поэма в переработанном варианте была опубликована в республиканском журнале «Сарыарқа» (№ 6, 2000 г.) под названием «Шын ғажапты қараңыз».

В 2001г. в своей книге «Күншуақ» Қайрат Жұмағалиев опубликовал поэму «Нұра перзенті» (Қ. Жұмағалиев. Күншуақ. - Астана, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Елорда» баспасы, 2001. - 221-223 б.).



В апреле 2003 года в честь 60-летия Бикенова Ж.Б. в районной газете «Нұра» и областной газете «Орталық Қазақстан» были опубликованы поэма члена Союза писателей РК, поэта Махмета Темирова. В то же время в республиканской газете «Егемен Қазақстан» вышли стихи Рахпат Каусыловой, также посвященные его юбилею.










Жарылқасын Бикенов

Бикенов Ж.Б. награждён рядом государственных наград: Орденом «Құрмет» (2010) за № 2524 (Указ Президента РК № 34241 от 07.12.2010 г.) «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» (1994), юбилейной медалью «За доблестный груд», посвященной 100-летию со дня рождения В.И. Ленина (1970), медалью «Ветеран труда СССР» (1990); почетных званий: «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (Указ Президента РК № 1744 от 16.06.1994 г.), «Почетный гражданин Нуринского рай- она» (решение сессии районного Маслихата от 06.01.2006 г.); нагрудными знаками: «Ударник 10 и 11-ой пятилеток» (1981 и 1986), «Победитель социалистического соревнования» (1973-1979), «Отличник кооперативной торговли Казахстана», «Белсенді қызметі үшін» (Постановление Председателя Республиканской политической партии «Отан» от 29.12.2006 г.). Награждался Почетной грамотой ЦК ЛКСМ Казахстана (1964) и неоднократно Почетными грамотами Правления Казпотребсоюза и Президиума Республиканского комитета профсоюза госторговли и потребко- операции, а также Правления облпотребсоюза и Президиума областного комитета профсоюза госторговли и потребкооперации.

В апреле 2013 года по случаю 70-летия со дня рождения был награжден Почетной грамотой акима Карагандинской области.

Находясь на заслуженном отдыхе, Бикенов Ж.Б. активно участвует в общественно-политической жизни области, является членом областного Совета ветеранов войны и труда. Он принимал участие и выступал с речью при закладке камня на строительстве новой мечети в г.Караганде 12 мая 2010г. и открытии данной мечети 22 ноября 2011г. Эти мероприятия прошли при непосредственном участии акима Карагандинской области Ахметова С.Н., Верховного муфтия РК Хазрет Абсаттар Дербисали, депутатов Мажилиса и Сената Парламента РК и общественности об- ласти (5-10 тыс. человек). Также ему единственному из 46 человек, получивших государственные награды, было представлено ответное поздравительное слово на областном торжественном собрании, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан 14 декабря 2010 года.

Если обратить внимание на трудовую книжку Бикенова Ж.Б., становится ясно, что в системе потребительской кооперации он начал трудится с 6 февраля 1960 года и 6 февраля 2010 года исполнилось ровно 50 лет его насыщенной трудовой деятельности. Из них 42 года он занимал должность главного бухгалтера, с 1968 по 1971 годы являлся главным бухгалтером Нуринского райпотребсоюза, с 1971 по 2010 годы – главным бухгалтером ЦБ Карагандинского облпотребсоюза (39 лет).



В связи с 50-летием трудовой деятельности в Потребительской кооперации в должности бухгалтера и главного бухгалтера в 2010 году в республиканских и областных изданиях был опубликован ряд статей:

  • 05.02.2010 г. в газете «Егемен Қазақстан» статья собкора Айқын Несіпбая «Тура жол»;

  • 06.02.2010 г. в газете «Казахстанская правда» статья собкора Натальи Рыжковой «И мудрость, жизни высота»;

  • 06.02.2010 г. в газете «Орталық Қазақстан» статья профессора, доктора педагогических наук, Заслуженного деятеля РК Болата Абдикаримова «Нұра ақпанда да ағады»;









Өмір сынақтарының сыры

  • 09.02.2010 г. в газете «Индустриальная Караганда» статья Болата Абдикаримова «На счетах, как на компьютере».

В 2010 году Бикенов Ж.Б. награжден орденом «Құрмет» за № 2524 (Указ Президента РК № 34241 от 07.12.2010 г.). В связи с награждением в этот период вышли статьи:

-16.12.2010г. в газете«Орталық Қазақстан» (№205-206) статья Ерсін Мұсабекова «Елдік рухтың салтанаты» (В газете приводятся слова Бикенова Ж.Б., фотография Бикенова Ж.Б. вместе с группой награжденных и с акимом Карагандинской области. Также опубликован Указ Президента о награждении орденом «Құрмет»);



  • 16.12.2010 г. в газете «Индустриальная Караганда» (№146) статья Кирилла Круглова «Герои нашего времени» (в газете также опубликован Указ Президента о награждении).

В 2013 году Жарылкасын Бикенович отметил свой 70-летний юбилей. В этот год он был награжден Почетной грамотой акима Карагандинской области за активное участие в общественно-политической жизни региона. Областной телеканал «Казахстан-Караганды» снял документальный фильм о его профессиональной и творческой биографии. Этот фильм дважды транслировался в программе «Ғибрат» областного телевидения «Казахстан-Караганды».

Также в год его юбилея в областных и республиканских печатных изданиях были опубликованы следующие статьи:



  • 6.04.2013 г. в газете «Индустриальная Караганда» статья Владимира Маркова «Благословение свыше»;

  • 6.04.2013 г. в газете «Орталық Қазақстан» статья Тазагүл Пшенбаевой «Айтулы Азамат»;

  • 9.04.2013 г. в газете «Орталық Қазақстан» – статьи полковника КНБ в отставке Амантая Балтабаева «Жалғасы жақсылар мен жайсандардың» и члена Союза писателей Казахстана Махмета Темирұлы «Нұраның асыл ұлы Жарылқасын»;

  • 4.04. 2013 г. в газете «Орталық Қазақстан» статья-поздравление от коллектива Потребсоюза Карагандинской области;

  • 9.04. 2013 г. в газете «Егемен Қазақстан» – статья-поздравление Рафхат апа Каусыловой (г. Астана) «Жүздеріңнен күлкі кетпесін»;

  • 30.03. 2013 г. в районной газете «Нұра» статья Тазагүл Пшенбаевой «Аяулы жар, сүйікті ата, абзал дос, кұрметті азамат».









Жарылқасын Бикенов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет