Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет28/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Өмір сынақтарының сыры

ЖАҚСЫ АДАМ ЕЛІНІҢ СЕРКЕСІНДЕЙ...

Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тамаша сөз бар. Мен де осы ұлы сөзді ту етіп, Жаңаарқа мен қасиетті Нұраның өлке тарихын зерттеуші, «Бухгалтерлік есеп теориясы» оқулығы авторларының бірі, Нұра ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Жарылқасын Бикенұлы туралы сөз қозғағанды жөн көрдім.

Сәл шегініс жасап, өткенге көз жүгіртсек. Жәкеш аға Ұлы Отан соғысы жылдарында, нақтырақ айтсақ, 1943 жылы сәуір айында Нұра ауданының Черниговка, казіргі Көбетей ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Ұлының дүниеге келгенін Бикен атай сұрапыл соғыста жүріп естіген. Көреген әкенің ұлағатқа толы тәлім-тәрбиесін көріп өскен Жәкен аға жастайынан еңбекқор, алғыр болған.

Черниговкадағы Калинин орта мектебін (қазіргі Асубаев атындағы орта мектеп) 1959 жылы бітірген соң, ауылдағы «Шахтер» жұмысшы кооперативінің ұжымына бухгалтердің шәкірті болып жұмысқа тұрып, кейін аға бухгалтердің орынбасары қызметін атқарған.

1961 жылы Целиноград кооператив техникумына түсіп, оны 1963 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты. Орта арнаулы білім алғаннан кейін Целиноград облысындағы Балқашин аудандық тұтыну одағында ревизор, аға ревизор болып қызмет атқарған. Жалпы, Жәкеш ағаның ғұмыры есеп-қисап әлемімен тығыз байланысты. Ол өзінің өмір белесінде көптеген қызметтерді абыройлы атқарып, ел алғысына бөленген жан. Оның әрбір атқарған ісіне, жасаған қызметіне жіліктеп тоқталмасақ та, атқарған еңбегі ел есінде екені ақиқат.

Мен осы ел сыйлаған көпшіл азамат Жәкеш ағамен алғаш рет 1985 жылы таныстым. Сол жылы 1 маусымда менің жұбайым Гүлнардың ұзатылу тойы болды. Сол тойда алғаш рет көрген Жәкеш аға жұбайымның туысқан ағасы болғанымен, өн бойынан қарапайымдылықтың, шыншылдықтың, әділеттіліктің, жақсылықтың лебі есіп тұратын жігіт ағасы кейін менің өзімнің туған ағамдай болып кетті.

Содан бері отыз жылға жуық уақыт өтіпті. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» дегендей, Жәкеш аға әлі бәз-баяғы қарапайым да дегдар қалпынан өзгермей келеді. Бойындағы адами, ізгілік, имандылық қасиеттері жүзінің сыртына шығып, менмұндалап тұрғандай. Жәкен ағаның бойында өзгені тәнті ететін жақсы қасиеттері көп-ақ. Ойша санамаласақ, ол біріншіден, елінің, жерінің тарихын жатқа білетін, жалпы оқыған-тоқығаны ұшан-теңіз дерлік адам, екіншіден, өзінің өмір жолында білгені, бойына түйгені сонша көп болса да, өзіндік ерекшелігі - қарапайымдылығын ешқашан жоғалтпаған жан. Ол әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, жалпы адами сыйластықты ту еткен азамат. Өзі алып денелі болғанымен, жүзі мейірімге толы, қоңыр дауысы құлаққа жағымды. Әңгімелесіп, сөйлескен адамын өзіне бірден баурап әкетеді.

Осынау өмірде ол маған аға, мен оған іні болып сыйласып келеміз.



Жақаңның, сондай-ақ, әншілік өнері де бар. Қазақтың дүлділ әншілерінің репертуарынан, опера, ариялардан нақышына келтіріп үзінділер орындағанда құдды бір кәсіби әншіні тыңдағандай боласыз. Жақаңсыз ауыл-аймақтың той-думаны өтпейді. Тіпті бір-екі ай бұрын арнайы шақырту жіберіп алдыратындары да бар. Ол кісінің тойдағы арнау-тілектерінің өзі бөлек дүние дерлік.












Жарылқасын Бикенов

Көпшіліктің ұйғарымымен «Сарыарқаның философы» атанған Жақаң тойларда той иелерінің арғы-бергі жағына, өткен-кеткен өмір дерегіне шолу жасап барып, тілек тиегін ағытады. Осыған қарағанда, оның өз жерінің, туған елінің ғана емес, өз ауылындағы адамдардың да өмір тарихын көкейіне жастан өскенін байқаймыз.

Құда-жекжаттары да өзінің кемеңгер ақылының сәулесін шашып жүретін жанды құрмет тұтады. Мәселен, менің мың жылдық құдам Әбіләкім Жұмахметов екеуіміз Жақаңды біздің құда-жекжаттық қарым-қатынасымыздағы «Алтын көпір» деп айтамыз. Олай дейтін себебім, осы құдам Әбіләкімнің әкесі екеуі кезінде айнымас дос, жолдас болғанының өзі бір әңгімеге арқау боларлық. Игі жақсылардың достық жібін бүгінде ұрпақтары біздің балаларымыз Ерболат пен Әйгерім жалғап жатыр. Мұның өзі де өзгелерге жақсы бір үлгі дерлік.

Иә, Жақаң өзінің саналы ғұмырын еліне еңбек етуге, есеп-қисап саласына арнаған адам. Ол - үлгі тұтар аға, ер, азамат. Нұра ауданының Құрметті азаматы атанып отырғаны соның айғағы болса керек.

Ол ­­­­­ шежіреші, данагөй. Оның көкірегі тұнған тарих қойнауы іспетті. Халық даналығында «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген аталы сөз бар. Өткеніңді, тарихыңды білу азаматқа сын. Осы орайда Жақаңның қосқан үлесі мол. Оның бастамашы болуымен төрт тарихи шежіре кітабының жарыққа шығуы да ел тарихының қалыптасуына қосылған сүбелі еңбек дерлік.

Ақын, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев 1994 жылы Жарылқасын аға туралы «Нұра перзенті» атты деректі поэма жазды. 2000 жылы бұл поэма өңделіп, республикалық «Сарыарқа» журналында «Шын ғажапты қараңыз» деген атпен жарияланған. Поэмадан үзінді келтіре кетейік.

«Әсте тыншып, дамылдауды білместен,

Отыз үш жыл

Еңбекпенен күн кешкен,

Есеп-қисап саласында бұл Жақаң

Дәйім жансыз цифрлармен тілдескен», ­ дейді ақын Жақаң туралы.

«Өмірдің өзі-есеп» деп бір ғұлама айтқандай, поэмадан өмірге құштар, еңбекқор жанның образының ақын тілі мен шебер де дәл бейнеленгенін көреміз.

«Көпті көрген,

Көшелі жан сөз ұғар,

Кеңес құрсаң,

Мәжілісің созылар.

Ел ағасы Жақаң Тұнған шежіре,

Кеудесінде

Жарқыраған көзі бар», дейді ақын тағы абзал азамат туралы.



Иә, өмірде көкірегінде көзі жоқ, құр атақ-даңқты місе тұтып, жер басып жүргендер қаншама? Осындайда Жақаң сияқты жақсы жандар қатары көбейсе ғой дейсің. Сабырлы мінезі мен сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы азаматтың әр ісі кейінгі ұрпаққа үлгі. Осы арада дүлдүл ақын Сүйінбай Аронұлының:






Өмір сынақтарының сыры

«Жақсы адам елінің серкесіндей,

Халқының қалың жүнді көрпесіндей.

Жақсы болар баланың жүзі жылы,

Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсының айтқан сөзі тиянақты,

Түйенің аумайтұғын өркешіндей,

Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей», деген жолдары еске түседі. Тектілік пен бекзат болмыс, қарапайымдылық адамды қашанда биік көрсетеді. Биіктігі де, тереңдігі де, кеңдігі де бір басынан табылатын жандар жеткілікті. Жақаңың сондай жанның бірі десек, артық айтқандық болмас.

Жақаң туралы бір ауыз сөзбен айтар болсақ, ол Нұрадай қасиетті, киелі жердің топырағынан бойына нәр мен жақсылық дарыған жақсы адам, абзал азамат. «Жақсы адам жай келеді, жан-жағын байқай келеді» деп халық даналығында айтылғандай, жүрген жеріне шапағатын сеуіп жүретін Жәкеш ағаға, өмірлік серігі Әнияш тәтеме, балаларына, немерелеріне мықты денсаулық, баянды өмір тілеймін. Жаратқан иеміз Жәкең ағамыздың абыройын арттыра берсін!

Нұрлан Мәжитұлы ӘБДІРОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің төрағасы,

заң ғылымдарының докторы, профессор

ДАРА ДИДАР

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең».

Халық нақылы

Жарылқасын Бикенұлы мен әкем Қуаныш достығы бүгінгі күнде «Өстік, жетілдік» деген біздің өзімізді көктемгі күннің нұрындай жылытып келеді.

Адам баласы ғұмырының сындарлы, қысылтаяң шағында қол ұшын беріп, қолтығынан демеген қамқор жанның жақсылығын әкесінің маңдайынан сыйпағанындай қабылдайтыны бар. Ондайда «Әкесіндей көреді» деп те айтып жатамыз.

Жеке азамат ретінде қалыптасып, өмірлік таңдауымды қателеспей жасауым үшін өз басыма Жарылқасын Бикенұлының ақыл-кеңесі көп көмектесті. Әскерден азаматтық борышымды өтеп келгеннен кейін арман қуып кеншілер астанасына жеттім. Осы тұста ағамыздың айтуымен әуелі рабфакқа, содан соң ғана ҚарМУ-дың математика факультетіне оқуға түстім. Жатақханадан орын алғанға дейін екі-үш ай Жәкеңнің үйінде тұрақтадым. Жәкемнің енесі Бақыт әжеміздің маған дегенде жанын қоярға жер таппай, туған немересі сияқты күтіп-баптағаны ешқашан есімнен кетпейді. Бұл кезең Жәкемді әкемдей, Әнияшты анамдай көруімнің басы еді. Көңілімізді тоғайтатыны: сол сезімге күні бүгінге дейін селкеу түскен емес.











Жарылқасын Бикенов

Жұбайым Алма екеуіміз шаңырақ көтеруге уағдаласқан кезде қайын жұртыма құдалыққа Сәтбек ағатайым мен Таня жеңгем, Әнияш жеңгеміз аттанды. Жарылқасын көкеміз бас құда мәртебесінде бастап барды. Сол кезде орта толтырып сөйлеген даналығы, көзге көрнекті ғибратты даралығы дәл қазіргідей есімде. Иә-иә, уақыттың талай тезіне төзген қарым-қатынасымыз қашанда шынайы, қашанда қимастық қамалындай.

Өз басым ерекше тәнті болатыным: Жәкең достың достығын білетін, біліп қана қоймай, қадіріне жететін адам. Үлкенмен үлкенше, кішімен кішідей тіл табысып, тонның ішкі бауындай болып кетеді. Бұл ол кісінің бойындағы табиғи мәмілегерліктің, адами кеңдіктің белгісі.

Жәкеңді атамыз Сатыбалды да, әжеміз Құлқадиша да өте жақсы көруші еді, көңіліне жақын тартатын. Сондай-ақ, ол анам Тілеулес Балтабайқызымен бір мектепте оқыған екен. Яғни, ата-тектік тұрғыдан ағайындық таппасақ та, туысқа бергісіз байланысымыздың өзін мақтан тұтамын.

Жарылқасын ағамыз қанша асқақ әрі айбарлы көрінгенімен, әркез өзгеге жақсылық жасауға бейім, аса бауырмал азамат.

Ол өршіл, рухты тұлға. Шын мәніндегі зиялылар санатынан. Сөзінен де, ісінен де өмірлік ұстанымы анық көрінеді: «Малым жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы». Ол кісінің елімізде, облыста болып жатқан өзгерістерге деген сергек көзқарасы, ой-пікірі қашанда құндылығымен ерекшеленеді. Үйде тыныш қана отырса да болушы еді, бірақ елін, жерін сүйген үлкен жүрек үнсіз қала алмайды.

Жәкеңдей тұлғалардың ықпал-әсері бір ғана отбасы емес, әулеттен асып, қалың елге жетеді. Ауыл-аймақ атаулының ажары, елдің елдігі нығая беруінде Жарылқасын Бикенұлы сынды ақсақалдардың беделі ылайым зор.

Бұл күнде Жарылқасын ағамыз бен Әнияш анамыз айтулы әулетке айналды. Сөздері сыйлы, өздері өтімді ол кісілерге ізінен ерген біз – кейінгі ұрпақ үлкен қызығушылықпен, перзенттік тілектестікпен қараймыз.

Бейсембай ЖҰМАБЕКОВ, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -

Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры

ЖИЫРМА ТҮЙІНГЕ БЕРІК ТАҒДЫР

«Адамның адамдығын айтупендеге парыз...»

Автор

Тағдыр – пенденің шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, ғұмырының соңына дейінгі өлшенген мөлшері. Адам баласы тағдырына бірде шүкір етсе, кейде керісінше налитын сәттері де болады... тек, Иман келтіру ғана пенденің қолында. Баршамыздың санамызда жатталған «Маңдайымызға не жазса, соны көреміз» дейтін сөз де осының дәлелі деп білемін. Ал менің жағдайымда, Жарылқасын











Өмір сынақтарының сыры

ағамен таныстырып, осындай кісіні өмірімде кездестірген тағдырыма мың да бір шүкір деймін!

1977 жылы Қарағандыға оқуға түсуге аттандым. Сол кезде әкем, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғыр: «Ол жақта менің жақын досым бар, сені соған табыстаймын, барып амандасып тұр», – деген соң, аманатын жерге тастамай Жарылқасын ағаның шаңырағына барған кезім әлі есімде. Ағамен алғаш танысып, қолын ұстаған сәтімде адалдықты, ата-анадан бөлек адамилықтың шынайы келбетін ұғындым. Жан-жары Әнияш апайды көріп, бір отбасының ғана емес, барша адамзаттың анасына тән мейірімділікті сезіндім. Әнияш апайдың анасы Бақыт апа да, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай, жылы қабақ танытып, туған әжемдей әсер қалдырды. Жүректері мейірімге толы, берекелі отбасы өз үйлерінде мені осылай ыстық ықыласпен қарсы алды. Әрине, енді ғана туған жерден жыраққа кеткен мен үшін, мына жалған өмірде мұндай кісілермен кездескеніме іштей қуанышты болғанымды жасыра да алмаймын.

Солай уақыт өте берді. Қатарлас студенттермен бірге жатақханада тұрып жүрдім. Демалған күндерімде үйлеріне барып тұрамын. Мен келгенде ол кісілер де куанып қалатын. Кейде балалықпен, кейде оқудағы себептермен бір-екі апта бара алмай қалатын кездер де болатын. Сондай сәттерде, Бақыт апа өзі іздеп келіп, жатақханада болмасам, аудиториялардан тауып: «Неге келмей кеттің? Біз сені өз баламыздай көреміз, ұялма, үйге жүр», – деп қолқалап алып кететінді. Бұл ол кісілердің де маған бауыр басып, өз балаларындай көріп уайымдайтындығынан деп білемін. Әйтпесе, менің неге келмей жүргендігім, жағдайымның қалай екендігі, қарным аш па, тоқ па, соны білу не үшін қажет? Мұның барлығы ол кісілердің пейілдерінің кендігінен, Жарылқасын ағаның әкем екеуінің арасындағы достығына деген адалдығынан деп түсінемін.

Қазіргі таңда қай жерде жүрсем де нағыз дос деген Жарылқасын ағадай-ақ болсын деп айтып жүремін. Бұл күнде де дос болуды, достың қадірін түсінуді сол кісіден үйреніп келемін. Туған жерден, ата-анадан жырақта жүрген мені еш тарылтпай, еш қиналтпай өз отбасының бір мүшесіне айналдырып, кейде ағадай ақылын айтып, кейде достай сырласым болып, әкелік қамқорлығын сездірген мұндай жанға қашанда алғысым шексіз. Мені өз балаларынан кем көрмеді, тендей жақсы көрді. Осындай кісімен бір дастархан басында отырғаным мен үшін қашанда мақтаныш. Қазір ойлап қарасам, сол кезде жатақханадан шықпай, ұялып бармай қойғанымда, өмірде осындай кісілердің бар екенін, пайда үшін емес, ар үшін араласатын адамдардың кездесетінін білмей кетер ме едім? Қазіргідей үлкен әулет болып, қуанышымызбен ортақтасып, қайғымызды бөлісіп араласпайтын да ма едік, кім білсін...



Сол уақыттарда әкем Қызылорда облысы Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып жүмыс атқарып жүрді, ал Жарылқасын аға Қарағанды облысы Тұтынушылар одағының бас бухгалтері қызметінде еді. Бір таңқалғаным, көз жанары көрмесе де, есепке қатысты жұмысты ұршықша иіріп жүретін. Есту, есте сақтау қабілеті тым жоғары, өжет, қайсар кісі. Бұл танда жетпістің үстіне шықса да әлі күнге дейін өте тың, денсаулығы мықты жан. Ылайым ғұмыр жасы ұзақ болғай... Қызметіне де тек маман ретінде ғана емес, адам ретінде де өз-өзін арнап келді. Қол астындағы жұмысшыларына үлгілі басшы бола білді. Қызмет орны емес, керісінше кәсібін көркейткен жандардың бірегейі. Өз ісіне адал, өресі биік, өрісі кең жан деп есептеймін. Әкем екеуін біріктірген де осы мамандық десек, арғы жағында басымырақ тұрған.









Жарылқасын Бикенов

адамдығын да ескермеске болмас. Ол кісілер адамдығын, досқа деген адалдығын, әлемнің барлық кұндылақтарынан жоғары қоя білген жандар. Екі бөлек тағдырдың бір арнаға тоғысып, дәл осындай кіршіксіз, шынайы дос бола білгендерін көрегендік деп есептеуден басқа амал жоқ. Мұндай кісілердің өмір жолы ұрпағына үлкен болашаққа мәңгілік өнеге болары сөзсіз.

Қарағандыдағы оқуымды аяқтаған соң, білім жолын Мәскеуде жалғастырамын деп шештім. Ол жаққа барарда да Жарылқасын аға тілеулес болып, барынша ақылын айтып, жол сілтеді. Осы күнге жеткенім де сол кісінің берген ақ батасының арқасында деп ойлаймын. Кейін оқуымды бітірген соң Қарағандыға қайта келдім, жұмыс істедім. Сол кезде болашақ жарым Гүлнарды кездестірдім. Үйлену ойымда болған соң әрине, таныстыруға бірден Жарылқасын аға мен Әнияш апайдыкіне тарттым. Сол кісілердей айрандай ұйыған берекелі отбасы болайық деген ниетпен босағасын көрсетіп, алдарынан өттім.

Кейін бір жылдан соң өз отауымды құрып, Қызылордаға барып, туған жердің топырағында той жасадым. Сол кезде сонау алыс жерден ат терлетіп, ақ тілектерін арқалап, қуанышыммен бөлісуге келді. Кезінде кіп-кішкентай бала болып, жаңадан студент атанып алдарына барған мен үшін бұдан асқан мәртебе болар ма? Үйленген соң да Қарағандыда пәтер жалдап тұрмақ болған едім, Жарылқасын аға қарсы болып, әйелім екеуімізге өз үйлерінің бір бөлмесінен орын бөліп берді. Ол кісілердің тарапынан мұндай қадамды нағыз тектілік дер едім. Қызмет істеп жүргенде, жас отбасы болған соң мемлекеттен пәтер алдым. Гүлнар екеуміздің бұл қуанышымызда да қарап қалмады... Үй-ішін дүние мүлікке толтырып, шаңырағымның берекесін кіргізді, бір жағыма шығып көмектесті. Ол кісіні мал-мүлік, дүниеден адам көңілін жоғары қоятын алып жүректің иесі деп айтсам қателеспегенім. Кейін жұмыс бабымен Алматыға көштім. Осында қыдырып келген кездерінде де өз баласындай, ал балаларымды немересіндей көргендіктен бәрін ескеріп, әр кез үйіме тоқтап, Гүлнар екеуіміздің төбемізді көкке жеткізіп тұрады. Әйелім екеуміз әрқашанда осы күнге жеткізген, бірінші Құдай, ата-баба аруағы, ата-анамыз, сонан соң сол кісінің пейілі, ақ ниеті екенін айтудан ешқашан жалықпаспыз.

Жарылқасын ағаның маған жасаған жақсылығы, өзінен 17 жас кішіге деген ізеті, жиырма жас үлкен әкеме деген құрметі деп білемін. Әкемнің осындай кісімен араласқанына, менің де ол кісінің баласындай болып кеткеніме әлі күнге дейін Алла Тағалаға мың да бір шүкір деймін! Себебі, олардың арасындағы екінің бірінде кездесе бермейтін мұндай ерекше түсіністік, сыйластық менің тағдырымдағы қасиетті тұмарыма айналды.

Олар екі адамның ғана достығын емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын әулеттер туыстығын құра білді. Осындай бастамаға жеткізген жандарға біз – балалары, немерелері, шөберелері мәңгілік бас иіп өтеміз!

Бұл – бірінде жиырма жыл кеш, бірінде жиырма жыл ерте оянған адамзат баласының ұлы достығы деп сеніммен айта аламын. Бұл – араларын жиырма жас ажыратса да, жиырма түйінге берік тағдырлар тоғысы деп түйіндеймін...



166










Өмір сынақтарының сыры

ПРОФЕССИОНАЛ, НАСТАВНИК И ЗАМЕЧАТЕЛЬНАЯ ЛИЧНОСТЬ

Спустя год после того, как мы торжественно и широко отметили 70-летний юбилей Бикенова Жарылкасын Бикеновича, он при очередной встрече со мной поделился своими планами написать книгу автобиографического характера.

Услышав мое одобрение, предложил мне написать что-либо о нашей совместной работе в системе потребкооперации, которые хотел бы включить в актив будущей своей книги.

Собравшись и начав писать, память вновь вернула меня в тот период, когда я впервые познакомился с Жарылкасын Бикеновичем.

С этим ярким, необыкновенно интересным, прекрасным по внешности и удивительным по уму человеком я познакомился в далеком 1973 году.

Проработав некоторое время рядовым бухгалтером в Баянаульском райпотребсоюзе Павлодарской области, куда я был направлен после окончания вуза, меня потянуло на родину в Караганду.

В те времена в аппарат правления облпотребсоюза было довольно сложно попасть. Поэтому, я по рекомендации друга моего старшего брата, должен был обратиться к главному бухгалтеру Карагандинского облпотребсоюза Бикенову Жарылкасын Бикеновичу.

Робко постучав в дверь кабинета главного бухгалтера, и тут же услышав «да, войдите», я очутился в кабинете, где за большим столом, покрытый посередине зеленым сукном, сидел довольно молодой человек.

На столе, как я заметил, кроме настольного календаря и бухгалтерских счетов ручной обработки ничего не было. На тумбочке рядом с рабочим столом стояло несколько телефонных аппаратов внутренней и внешней связи.

Я представлял себе увидеть главным бухгалтером облпотребсоюза пожилого, седого мужчину в очках, а на столе гору бухгалтерских документов.

Позже, по ходу нашей совместной работы, я уяснил для себя то, что бухгалтерская документация и текущая переписка должна быть своевременно обработана и подшита в соответствующую папку, которая должна храниться в специально отведенном для него месте. Это был стилем работы Бикенова Ж.Б., которому он приучил и нас.

Передо мной предстал высокий и статный мужчина. Он был в темно-синем, ладно сидящем на нем костюме, в белоснежной сорочке с модно повязанным на то время галстуке. Про себя я сразу же отметил: «Какой импозантный мужчина» и невольно подумал: неужели в аппарате облпотребсоюза принято так строго одеваться.

Приняв мое приветствие, он очень энергично с кем-то продолжил разговор по телефону, настойчиво разъясняя положения какой-то инструкции касательно методологии ведения бухгалтерского учета.

Закончив телефонный разговор, он обратился ко мне с вопросами кто я и с чем пожаловал. Я, сказав имя моего «протеже», рассказал свою короткую биографию молодого специалиста и обратился с просьбой устроить меня на работу бухгалтером в аппарат или где-нибудь в предприятиях городского хозяйства облпотребсоюза.



Подробно расспросив об участке моей бухгалтерской работы в райпотребсоюзе, он несколько остановился на параметрах теории и практики, которые необходимы молодому специалисту для дос-












Жарылқасын Бикенов

тижения, прежде всего, азов этой довольно сложной профессии.

После короткой паузы, он предложил мне работу рядового ревизора в контрольно-ревизионном отделе облпотребсоюза.

Предложив эту работу, он пояснил, что должность ревизора облпотребсоюза считается престижной, но не простой. По ходу ревизорской работы мне необходимо изучить систему и построение первичного бухгалтерского учета и документооборота, методы обеспечения сохранности кооперативных средств и принципы документального оформления результатов ревизорской проверки.

Одним словом, дал понять, что ревизорская работа это необходимый этап молодого специалиста для приобретения практического и жизненного опыта, и как себя покажешь на этой работе – дальше посмотрим.

С первых минут делового разговора с ним у меня сложилось ощущение, что я его уже давно знаю. Более того, в общении друг с другом он каким-то образом чисто по родственному притянул к себе, как старший брат.

Эта прекрасная черта его характера, когда помощь принимается человеком естественно, без взятия на себя каких бы то ни было обязательств, присуща людям широкой и открытой души.

Простота и естественность общения, умение найти общий язык с любым человеком до сих пор притягивают к нему окружающих его людей. При этом можно получить от него обширную информацию на любую тему и самое главное дельный, разумный совет.

Целиком и полностью доверившись ему, я с удовольствием принял его предложение.

В этот же день он представил меня начальнику контрольно-ревизионного отдела облпотребсоюза Аубакирову Каирбек Аубакировичу, с которым у него были особые, очень близкие доверительные отношения, не вмешивая при этом функциональные полномочия отделов облпотребсоюза.

Спустя год я стал старшим ревизором, меня начали назначать руководителем бригады ревизоров, и все эти годы я ощущал ненавязчивую опеку и внимание Жарылкасын Бикеновича.

Проработав более двух лет в ревизионном отделе, в один из перерывов ревизорских командировок, меня пригласил Жарылкасын Бикенович и предложил перейти работать к нему в Центральную бухгалтерию и сразу на должность заместителя главного бухгалтера облпотребсоюза.

Это было полной неожиданностью для меня, я естественно, опешил и, по-моему, не убедительно что-то сказал. Однако он, проявив характерную для него настойчивость, внушил мне то, что настала пора переходить на бухгалтерскую работу, а дальнейшая перспектива зависит только от меня.

Работать под непосредственным руководством Бикенова Ж.Б. считалось за честь для любого работника потребительской кооперации, тем более для меня – молодого специалиста. Это предложение стало в моей трудовой биографии поистине судьбоносным.

Центральная бухгалтерия, которая в последствие была преобразована в Управление бухгалтерского учета и отчетности, считалась одним из ведущих отделов и управлений облпотребсоюза.








Өмір сынақтарының сыры

Принимая и обрабатывая периодическую и годовую бухгалтерскую отчетность по области, мы выдавали реальную картину учетно-финансовой информации всех без исключения организаций и предприятий системы. По нашим данным на заседаниях правления или Совета облпотребсоюза, а также на ежегодно проходивших Балансовых комиссиях принимались важные управленческие решения.

В промежутке между отчетными датами мы находились в длительных командировках по системе, где вплотную занимались проверкой состояния бухгалтерского учета, а в необходимых случаях вопросами восстановления бухгалтерского учета с оказанием практической помощи на местах. Вся эта работа происходила строго по плану работы Центральной бухгалтерии, при разработке которой и реализации его исполнения в Жарылкасын Бикеновиче чувствовалось отличное знание положения состояния бухгалтерского учета буквально всех организаций и предприятий системы потребкооперации области и высокая степень его профессионализма.

Как Главный бухгалтер – Начальник управления бухгалтерского учета и отчетности по должности, Жарылкасын Бикенович до ухода на заслуженный отдых был бессменным членом правления облпотребсоюза.

Помню, как на каждое заседание правления, какой бы вопрос не стоял, он тщательно готовился, мобилизуя всех нас. В результате знал реальную обстановку, выступал на заседаниях правления открыто и независимо. В большинстве случаев его мнение, по тем или иным вопросам деятельности потребкооперации, было решающим.

Самое главное, он мог твердо и объективно отстаивать свое мнение, особенно если рассматриваемый вопрос затрагивал экономические интересы потребкооперации области или решалась судьба добросовестного руководителя потребкооперации района или хозяйства облпотребсоюза.

Председатель правления облпотребсоюза Хан Вениамин Александрович и последующие после него председатели с большим уважением относились к нему не только как специалисту высокого класса, но и человеку, которому можно довериться во всем.

Около пяти лет я был заместителем Жарылкасын Бикеновича. За этот период, в силу коммуникабельного характера, личностных деловых и профессиональных качеств, которые были заложены в нем, прежде всего, природой и воспитанием, у нас сложились достаточно теплые и дружеские отношения.

Однако по работе спуску не давал, держал нас, как говорится, в «ежовых рукавицах». При этом, поручая важные участки работы, приветствовал нашу самостоятельность и личную инициативу. Подобная профессиональная щедрость очень характерна для талантливых, знающих свое дело, людей.



Хорошая практическая бухгалтерская подготовка, полученная им в системе потребкооперации Нуринского района, систематическая работа над собой по доскональному и скрупулезному изучению поступающих инструктивных материалов и положений бухгалтерского учета и отчетности, внедрение их в систему, поставили его в разряд первоклассных главных бухгалтеров среди облпотребсоюзов не только Казахстана, но и Союза. Мы все знали, что это результат его добросовестного труда, обширных профессиональных знаний, больших организаторских способностей, а также стремления быть всегда первым и лучшим.









Жарылқасын Бикенов

Председатель правления облпотребсоюза Хан В.А. всегда с особой гордостью отмечал на планерке или на заседании правления о том, что Жарылкас (так он всегда обращался к Жарылкасын Бикеновичу) очередной раз первым по республике досрочно и без единой ошибки сдал бухгалтерский баланс области.

Вениамин Александрович был отличным организатором кооперативного хозяйства области, прекрасным воспитателем и активным сторонником профессионального и служебного роста молодежи системы потребкооперации.

В те годы зеркалом деятельности предприятия считался его бухгалтерский баланс с приложенными к нему таблицами и справками.

Реальные результаты любой организации можно было проверить при сдаче-приемке бухгалтерской отчетности путем применения методов балансовой увязки. Этот метод особенно широко применялся в многоотраслевой деятельности потребкооперации, который практически не позволял что-либо скрыть или завуалировать.

Жарылкасын Бикенович (по исконно казахской традиции мы уважительно называем его Жаке), прекрасно владея теоретическими и практическими знаниями бухгалтерского учета и методами балансовой увязки, учил и наставлял этому нас.

К сожалению, в ходе компаний по сокращению объемов бухгалтерской и статистической отчетности, подобные методы бухгалтерского контроля были постепенно упразднены. Взамен этому были внедрены десятки различных форм бухгалтерской отчетности, экономическая сущность которых сводится для составления, так называемой налоговой отчетности, и электронной обработки. На роль и значение бухгалтерского учета и самой профессии бухгалтера сказался и стереотип взглядов характерный для методов деятельности новых рыночных структур.

Когда я перешел на самостоятельную работу главным бухгалтером в предприятия области, Жаке часто привлекал меня в состав бригады бухгалтеров. Эти мероприятия в основном были связаны с административно-территориальным делением районов или области, а также для участия в мероприятиях проводимой Казпотребсоюзом по восстановлению бухгалтерского учета в той или иной области республики.

При этом, приходилось составлять ликвидационный, вступительный или разделительный баланс, которая во многих случаях сопровождалась восстановлением бухгалтерского учета, производством сверки расчетов и организацией сплошной инвентаризации товарно-материальных ценностей. В ряде обстоятельств приходилось экстренно решать вопросы перестановки бухгалтерских кадров.

Эта сфера бухгалтерской работы стала для меня школой получения дополнительных знаний и практического опыта, которая впоследствии пригодилась мне достаточно легко ориентироваться в подобных ситуациях, работая в масштабе республики.

В этих поездках первое, что поражало в Жаке – это его огромная трудоспособность (трудоголик, как сейчас говорят), целеустремленность и прекрасная память, которая позволяла находить главное звено в решении возникших проблем, а их было предостаточно.



Благодаря авторитету Жаке, в командировках мы чувствовали себя достаточно комфортно. Поздно заканчивая работу, мы практически каждый вечер были в гостях не только у местных кооператоров и руководителей органов власти, но и у многочисленных родственников и друзей Жарылкасын Бикеновича. Соблюдая все казахские обычаи гостеприимства, они нас радушно прини-









Өмір сынақтарының сыры

мали. После ужина мы иногда позволяли себе поиграть пару партий в преферанс, где Жарылкасын Бикенович, обладая невероятными способностями логического мышления, практически не про- игрывал. Мы, шутя между собой, говорили – Жаке в карты не играет, а работает.

А работал Жаке всегда на совесть, ценил и относился с уважением к знающим, добросовестным бухгалтерам системы, горой стоял в защиту своих кадров и во всем их поддерживал. Он, безусловно, понимал, что их квалифицированный труд льет воду на мельницу на признание достижений работников бухгалтерской службы потребкооперации области, на признание его труда.

Хайдар Хабибулович Даминов, который на протяжении нескольких десятков лет возглавлял бухгалтерскую службу Казпотребсоюза, с особым уважением относился к Жарылкасын Бикеновичу. Уходя на заслуженный отдых и передавая мне свои должностные полномочия и дела, он настоятельно советовал мне – «Ты чаще обращайся к Жарылкасыну, он может дать самое разумное предложение».

В итоге неустанный и добросовестный труд Бикенова Ж.Б. был признан не только руководством потребительской кооперации республики, но и Главой нашего государства.

Так в 1994 году, в канун 70-летнего юбилея потребительской кооперации Казахстана, председатель правления Казпотребсоюза Сарсенов Умирзак Сарсенович пригласив меня, сказал о том, что правление решило ходатайствовать перед уполномоченными органами государства о награждении кооператоров, которые внесли существенный вклад в становление и развитие потребительской кооперации республики.

В то время, я уже работал начальником управления бухгалтерского учета и отчетности Казпотребсоюза и был членом правления.

Сказав об этом, он спросил – «Есть ли среди бухгалтеров системы, которые заслуживают представления». Я, не задумываясь, предложил кандидатуру Бикенова Жарылкасын Бикеновича.

«Наши мнения совпадают, за образцовое выполнение должностных обязанностей и личные качества он вполне заслуживает», – сказал Умирзак Сарсенович, и поручил мне готовить материалы.

В результате, Указом Президента Республики Казахстан от 16 июня 1994 года Жарылкасын Бикеновичу вполне заслуженно было присвоено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері». Через некоторое время ему была вручена медаль с удостоверением этого почетного звания. Подобное звание было учреждено нашим государством в первые годы приобретения суверенитета и независимости, а Жаке стал одним из первых кто получил это высокое звание.

С обретением суверенитета и независимости экономика нашей страны активно перешла в фазу рыночных преобразований. В целях внедрения экономических реформ и подавления гиперинфляции, в стране принимались законы о новых рыночных налогах и обязательных платежах, в корне менялась законодательная база товарно-денежных отношений, бюджетной и кредитно-банковской политики. Возникло немало экономических проблем и в деятельности потребительской кооперации республики. Переход к рыночным отношениям для потребительской кооперации на- чался с жесткого государственного регулирования цен и ценообразования, который принес системе не малые убытки. Несмотря на государственные гарантии, во многих областях системы, эти потери так и остались невозмещенными.



Затем цены были отпущены, начался этап либерализации цен и безудержной инфляции. Экономическое положение повсеместно становилась, мягко говоря, не стабильной. Острая конкурентная борьба поставила многие предприятия потребкооперации в неравные условия. Ранее действовавшие положения, а также принципы бухгалтерского учета и отчетности приходилось менять практически по ходу возникших ситуаций.










Жарылқасын Бикенов

В этих условиях, правление Казпотребсоюза наравне с другими мерами вынуждено было создать Методический Совет по бухгалтерскому учету, т.к. с распадом СССР и ликвидацией Центросоюза вся методология бухгалтерского учета системы потребкооперации перешла под юрисдикцию республиканских (национальных) потребсоюзов суверенных государств. При этом, надо особо отметить то, что одним из инициаторов создания и стимулятором плодотворной работы Методического Совета по бухгалтерскому учету в тяжелейших условиях переходного периода был Жарылкасын Бикенович.

Несмотря на заслуженный отдых, Жаке остается человеком с активной жизненной позицией. Он всегда старается быть в курсе экономических и политических событий в стране, а также активен в простых человеческих общениях. Кооператор по убеждению, он душой и сердцем принадлежит кооперации, всегда и везде может отстоять его интересы.

Правление Казпотребсоюза во главе с председателем правления Ашляевым Хазбулат Сопыжановичем, а также все коллеги Жаке по работе с особой симпатией относятся к нему, всегда его ценят и уважают.

Благодаря супруге Анияш, которая по жизни стала твердой опорой Жарылкасын Бикеновича, его дом всегда полон друзей и родственников. Гостеприимство и хлебосольство стало традицией у этой приятной семьи.

Я не затрагиваю все достоинства Жарылкасын Бикеновича, которого природа одарила проницательным умом и не делаю детальный хронологический анализ нашей совместной работы. Можно было бы вспомнить также отдельные эпизоды жизни, где время неоднократно испытывало его на прочность. Однако это займет намного больше страниц о нем, как человеке, который к любому вопросу подходит основательно, ответственно и фундаментально.

Остается пожелать Жарылкасын Бикеновичу и его дружной семье благополучия, доброго здоровья и долгих лет жизни.



Елубай АХМЕТОВ, заместитель председателя правления Казпотребсоюза

Алматы, декабрь 2014 года









Өмір сынақтарының сыры

«РОЖДЕННЫЙ» ПОТРЕБИТЕЛЬСКОЙ КООПЕРАЦИЕЙ

Мое знакомство с Жарылкасын Бикеновичем Бикеновым состоялось в 1974 году.

Карагандинский кооперативный институт Центросоюза: распределение выпускников факультета бухгалтерского учета.

Ж.Б. Бикенов – председатель Государственной экзаменационной комиссии, представитель работодателя от Карагандинского облпотребсоюза – главный бухгалтер центральной бухгалтерии Карагандинского облпотребсоюза.

Мне было очень приятно, когда он узнал, что я родом из аула Ынтымак Нуринского района, его земляк, проходил преддипломную практику в Нуринском райпотребсоюзе, и сразу предложил работу бухгалтером в Нуринском райпотребсоюзе. Так, моя трудовая деятельность в системе потребительской кооперации началась с благословения Жарылкасын Бикеновича.

Потом служба в рядах Советской Армии.

После службы в армии, вновь продолжил работу в Нуринском райпотребсоюзе в должности заместителя главного бухгалтера, где я по долгу своей работы сблизился с главным бухгалтером центральной бухгалтерии Карагандинского облпотребсоюза, сдавая бухгалтерские балансы и отчеты. Я был еще совсем молодой, неопытный бухгалтер и Жарылкасын Бикенович для меня казался недоступной глыбой. Физически здоровый, умный, требовательный финансист, отчеты принимал строго и скрупулезно. Все строки баланса знал наизусть, увязки проводки – для него как игра на любимом инструменте.

В течение пяти лет я работал в бухгалтерии, а затем меня избрали председателем Головного рабкоопа, а с 1986 по 1993 годы работал председателем Нуринского райпотребсоюза.

Работая руководителем районного звена, мне приходилось по долгу службы чаще разговаривать, встречаться с Жарылкасын Бикеновичем, так как всегда остро стоял вопрос сохранности товаро-материальных ценностей. Нуринский район по численности обслуживаемого населения был самый большой: сотни магазинов, тысячи работников, кроме того присоединили к нему еще Тенгизский район Акмолинской области.

Тесно судьба связала нас. Когда в 1993 году я был избран председателем Карагандинского облпотребсоюза, Жарылкасын Бикенович был членом правления, главным бухгалтером центральной бухгалтерии облпотребсоюза.

Это было очень сложное время перестройки.

С принятием нового Закона «О сельской потребительской кооперации в Республике Казахстан» изменилась организационно-правовая форма управления в системе потребительской кооперации, приватизация предприятий создала много проблем, сложностей в системе потребительской кооперации.

Огромные банковские процентные ставки (350-400% годовых) привели к убыточности, банкротству и ликвидации многих предприятий системы потребительской кооперации в области и как следствие к сокращению работников.

Это было очень неспокойное время.



Нападки банков, кредиторов сплотили наше правление и здесь я вплотную работал с Жарылкасын Бикеновичем. Это очень приниципиальный, грамотный финансист. Не стану отрицать его заслугу во многих победах по защите и сохранению потребительской кооперации в районах области.









Жарылқасын Бикенов

Однако были у нас и разногласия по отдельным вопросам. Но не ошибается только тот, кто не работает.

50 лет насыщенной трудовой деятельности Жарылкасын Бикеновича – с февраля 1960 по 6 февраля 2010 года в системе потребительской кооперации, в том числе 42 года в должности главного бухгалтера. Во время работы являлся членом правления райпотребсоюза, облпотребсоюза, членом Совета облпотребсоюза.

Его профессиональная деятельность была неразрывно связана с Карагандинским кооперативным институтом (ныне Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза). Постоянный член государственной экзаменационной комиссии, автор многих статей по совершенствованию бухгалтерского учета, внедрения механизации и автоматизации в бухгалтерии.

Профессионализма и признания, уважения, он достиг благодаря потребительской кооперации, Жарылкасын Бикенович стал многоуважаемым человеком.

По ходатайству правления Карагандинского облпотребсоюза ему присвоено звание «Казақстанның еңбек сіңірген қызметкері», награжден орденом «Құрмет», юбилейными медалями.

Жарылкасын Бикенович – Почетный гражданин Нуринского района.

Известный казахский поэт, лауреат премии Ленинского комсомола, член Союза писателей Казахстана Кайрат Жумагалиев посвятил ему документальную поэму «Нұра перзенті».

17 лет в одной команде. Грамотный, отзывчивый. Но судьба свела нас еще ближе, когда мы стали соседями. Общение с ним обогащает окружающих его многосторонними знаниями, кругозором.

Находясь на заслуженном отдыхе, продолжает участвовать в общественно-политической жизни области. Не прекращает связи с работниками потребительской кооперации. Сплотил вокруг себя бухгалтерский корпус ветеранов бухгалтерского учета. У него широкий круг общения, его организаторские способности знают люди многих поколений и рады ему на семейных торжествах.

Он прекрасный семьянин, воспитал троих детей, два сына и дочь, которые получили высшее образование и занимают ответственные государственные должности. Растут внуки. В целом. Он – счастливый человек!

Базарбай Корабаевич КАРЖАСОВ, Председатель правления Карагандинского облпотребсоюза

ҚҰСҚАНАТ ҒҰМЫР, ШЕЖІРЕ ДҮНИЕ

Менің Жарылқасын Бикенов ағамен 2000 жылдың басында, ол кісі Тоқа бабамыздың шежіресін жазып, Жаңаарқа жерінде сол шежіренің тұсаукесер шарасын өткізген кезде жақын таныстым.











Өмір сынақтарының сыры

Ә дегенде, үлкен тарихшы ма деп қалдым. Кез келген адаммен терең сөйлесіп, тарихтың жілігін шағып, майын ішкен мамандармен сөз таластырғанда адамды мысы басып тұратынын байқадым. Сөйлесе келе, ол кісінің мамандығы есепші екенін естідім, сұрастырсам, түбіміз бір туыс, аталас ағайын екенбіз. Алтай бабамыздың Мойын баласынан тарайтын Қалыбек руының ұрпағы екен. Сол кезде осындай ойы терең, алып рухтың иесі, асқаралы ағамның бар екеніне қуандым, көңілім көкке жетті!

Одан кейін Нұра ауданына әкім болып қызметке ауысқан кезімде де Жарылқасын ағамен тығыз байланыста болдым. Үнемі ақылын айтып, бағалы кеңестерін беріп жүрді.

Әсіресе өзі туып өскен өлке, Нұра ауданына қарасты Көбетей ауылының әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтерудегі үлкен істің басы-қасында болды. Ауданның экономикасын, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған, ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр жұмыстарыма оң бағасын беріп, аудан көлеміндегі істеліп жатқан игілікті істерімді жұртшылықтың жүрегіне дұрыс жеткізе білді, адал еңбегімді Алты Алашқа айғақ етті.

Нұра ауданының 80 жылдық мерейтойын өткізудегі іс-шараларға да бел шешіп, білек түріп кірісті.

Мерейтой қарсаңында «Нұра ауданының тарихы» атты ұрпаққа мұра болар, тарихи дастанға парапар, үлкен кітаптың шығуына, баға жетпес кұнды материал жинап, өлшеусіз үлесін қосты. Аудан көлемінде тұңғыш рет өтіп жатқан мерейтойға Астанадан, Алтай мен Арқадағы келген мемлекет қайраткерлері, қылқалам шеберлері, азуын айға білеген ақын-жазушылар да үлкен бағасын беріп, шексіз ризашылықтарын танытты!

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда келер ұрпаққа баға жетпес, қазына дүниелерді әкеліп, қазақ шежіресіне қомақты қолтаңбасын қалдырған, ағалық жанашырлық көрсетіп, мерейімді көкке көтерген, біртуар, асыл ағама Тәңірден ұзақ ғұмыр тілеймін!

Жарылқасын аға туралы әңгіме бастала қалса елдің айтары: ең бірінші терең білімдарлығы, шебер шежірешілігі, екінші – өз ісіне тазалығы мен сенімге адалдығы, үшінші – темірдей төзімділігі.

Жарылқасын ағаны қазақ даласының өнері өрге жүзген азаматтары мен қаламынан қымбат дүниелер туындаған ақын-жазушылары жақсы біледі. Арқа жеріне аяқ басқан зиялы қауым алдымен Жарылқасын Бикеновті сұрайды. Жүздесіп, әңгіме дүкен құрғысы келеді. Бұл да ағамызға Алланың берген әбүйірі.

Осыдан ширек ғасырдай бұрын қазақ даласының біртуар азаматы, ақын, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қайрат Жұмағалиев Жарылқасын ағамен кездесіп, бірер күн бірге болып, сыр шертісіп, әр алуан тақырыпта сұхбаттасқаннан кейін көңілі қатты толқып, «Нұра перзенті» деген елді елең еткізген деректі дастанын жазған екен. Осыдан кейін де ақындар Махмет Темірұлының және Рахпат Қаусылованың республикалық баспа беттерінде Жарылқасын ағаға арнаған бірнеше өлеңдері мен поэмалары жарық көрді.

Жарылқасын ағамның өмірге деген өлшеусіз құштарлығы, адамдығы мен азаматтығы, терең ойлылығы мен телегей теңіз данышпандығы әлі де талай поэмалар мен балладаларға арқау болары сөзсіз. Мен оған сенімдімін!













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет