Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет12/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
3. Балабақшадағы әр жас тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты.

9 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі


1. Монологты сөзге үйрету әдістері.
2. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және олардың маңызы.
3. Әңгімелеудің әдістері
4. Көркем шығарма мәтінін қайталап айтуға үйретудегі тәрбиешінің басшылығы. Шығармаларды іріктеу.


Әңгімелеуге үйрету әдістері
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету. Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.




Әңгімелеп бере білу қабілеті. Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып келеді. Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу. Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.
Әңгімелеу – өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.
Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады. Суреттеу – бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді. Түсіндірмелі әңгімелеуде – бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу – бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады. Әңгіменің формасынан гөрі мазмұны өте маңызды. Балаларға әңгімелеп берудің әдістерін таңдау үшін оларға екі факторды ескеру қажет: не туралы әңгімелеуші айту керек, қандай психикалық процеске сүйену қажет. Әңгімелеп берудін үш категориясы: қабылдау бойынша, есте сақтаған оқиғаларды әңгімелеп беру, ойдан шығару. Бірінші екі әңгімелеу категориясы нақты негіздері болады, бар зат, құбылыстар туралы айтады.
Үшінші түрі – шығармашылық әңгіме болып есептеледі. Бала өзі ойластырып айтады, бірақ бала суреттегі кейіпкер туралы, көрмей тұрған зат туралы ойдан шығарып айта алады.
Немесе қолында ұстап тұрған ойыншықтар туралы әңгіме құрастыра алады. Практикада бала түрлерін араластырып та айта алады. Тәрбиеші балаға талап қояды: бірінші не көріп тұрсын сол туралы айт, артынан ойдан шығарып айтуға болады.
Кішкентайлар тобында әңгімелеуге әзірлейді. Әңгімедегі оқиғаларды бірінен соң бірін тәрбиешінің сұрақтарына, илюстрацияларға, силуэттерге қарап әңгімелеп беруді ұсынады.
Бірнеше сөзбен өз ойларын айтқан балаларды мадақтау. Балалар тәрбиешінің әңгімесіне қатысады: аяқталмаған сөйлемдерде сөздерді аяқтайды, әңгімеде оқиғалар бір-бірінен соң келетінін байқайды.
Бес жасқа қараған балаларда монологтік тілде сөйлеу қабілеттері көрінеді. Ортаңғы топта мәнерлеп әңгімелер мен ертегілерді, заттарды сипаттауға, олардың маңызды қасиеттерін атап әңгімелеп беруге үйретеді. (ойдан).
Ересек тобында заттарды салыстырып, өз тәжірибесінен, есте қалған әңгімелер айтуға, суреттер бойынша салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелер қабылдауға сүйеніп (сюжетті сурет бойынша ІІІ тоқсанда). Әңгіменің сапасына көңіл аударады. Әңгімеде байланыс, тақырыптың бағытынан басқа жаққа ауыспау, қай жерде, қай уақытта болып жатқанын айту.
Мектепалды даярлық тобында балалар өздері тәрбиеші ұсынған сюжет бойынша әңгіме құрастыра алу қажет (ІІІ тоқсан).
Сонымен қатар балаларды бір-бірін мұқият тыңдауға, тапсырманы дұрыс орындап жатқанын байқауға үйрету қажет.
Әңгімелеуге үйрету әдістері: әңгіме үлгісі (еліктейді). Үлгіні 1-2 нашар әңгімелеп беретін балаға қайталату. Балалардың өз бетімен әңгімелеу мадақтау қажет. Сабақ басында пайдаланады.
Жартылай үлгі-әңгімелеуді бекітуде пайдаланады. Балаларға әңгіменің басын ойластыру ұсынылады.
Әңгімені түгел, немесі бір бөлігін тәрбиеші қажеттілігіне қарай қайталайды, балалардың жауаптарын ойыншық атынан бағалау.
Үлгіні талқылау, әңгімелеудің жоспарын құрастыруға әкеледі.Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін оқыту әдісі деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдіс – егер оқылатын объекті мен балалар тікелей танысатын болса,онда сол нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі қажет.
Сөздік әдіс.
а﴿ Әңгімелесу әдісі – көркем әдеби шығармалармен таныстырған кезде жиі қолданылады. Әңгімелесу әдісі тәрбиешінің сұрағынан және балалардың жауабынан тұрады. Яғни бұл әдіс бойынша тәрбиеші де балада сөйлейді.әңгімелесу әдісі кезінде де көрнекілікті пайдалануға болады. Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі бала әрі ойынға қызығады және байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
б﴿ Қайталап айту әдісі – бұл әдіс бойынша тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді немесе топсаяхатқа, серуенге шыққан кезде өздерінің көрген, бақылаған құбылыстарды естеріне түсіріп, маз мұндап айтады. Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Өйткені екі әдісте де бала тәрбиешінің айтқанын қайталайды. Ал бұл әдістің айырмашылығы еліктеу әдісінде кейде сол бойда немесе белгілі уақыт өткеннен кейін өзінің түсінігі бойынша қайталайды.
Практикалық әдіс – бұл әдістің мақсаты баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын қамтамасыз ету. Балабақшада көбінесе праактикалық әдіс ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, оқылған ертегілер ді, әңгімелерді кейіпкерлендіру арқылы сценарии құру арқылы балаларға рөлдерді бөліп беріп, шығарманың оқиғасын еске түсіруге болады.
Тәсілдер:
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізі іс-әрекетке оқу, дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атайды.Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:
1) Негізгі
2) Жанама болып екіге бөлінеді.
Негізгі тәсілдерге:
Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады. Ал жанама тәсілге: ескертпе, ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде сабақ мазмұнына қарай бір сабақта негізгі тәсілдердің бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі болады, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен сабақтарында жиі қолданылатын тәсілдің бірі – көрнекілік тәсілі.
Көрнекілік тәсілі ойыншықтарды, суреттерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен қатар жаттығу да жиі қолданылады. Жаттығу дегеніміз – балалардың үйренген тілдік әдістерімен дағдыларын жетілдіру үшін жұмыстану.

10 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі


1. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы.
2.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері: модульдік тапсырма орындату, проблемалық жағдаят жасау, сауалнама т.б.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауындағы ауызша білімдері мен көрнекілік тәжірибесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет