Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет10/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
лекция

3. Сабаққа қойылатын талаптар. С.Рахметованың «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулығында бастауыш мектептегі оқу сабақтарының мақсаты деп төмендегідей мәселелерді айтады:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық еңбекке баулу арқылы тәрбие беру.
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
3. Балалар, жасөспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бірін – бірі сыйлаушылыққа адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
4. Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін, тілін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5. Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу;
6. Еңбекке қызығушылығын арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтын бала түсінігіне ауыр, жеңілдігі. Сондықтан тәрбиеші сабақ жоспарын жасаған кезде таныстырылатын жаңа тақырыптың баланы көп ойландыратындай ауыр болмауы немесе баланы жалықтыратындай өте жеңіл болмауы қажет, яғни сабақтарға жаңа тақырып баланың жас ерекшеліктеріне сай, өзі қысқаша қорытынды жасай алатындай дәрежеде болуы тиіс.


Сабақтың тәрбиелік мәні. Тіл дамыту сабағы кішкентайлар тобынан бастап белгілі бір жүйемен жүргізілетіндіктен балада тілге деген қызығушылық пайда болады. Яғни, балаға тіл үйрету кезінде, оның психологиялық процестері де жетілдіріледі. Сөйтіп тіл дамыту сабағы арқылы мақсатқа жетуге талпынушылық, тәртіптілік, ізеттілік, еңбек сүйгіштік, ұжымдық секілді қасиеттер қалыптасады. Яғни тіл дамыту сабағының осындай тәрбиелік мәні бар.
Сабақтың эмоционалдық сипаты. Сабақты бастамас бұрын балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту керек. Әр сабақта балаларға қанағат сезімін туғызуы тиіс. Яғни реті келгенде балаларды қызықтыратындай, күлдіретіндей дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы бастауға болады.
Сабақтың құрылысы. Сабақ әдетте өткен материалды қайталаудан басталады,содани соң жаңа тақырып түсіндіріледі.Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы балалардың түсініктері сұралады.Сабақтың қорытынды бөлімі балаларды сергітетіндей жұмбақтар айту,хормен өлең айтқызу,дидактикалык ойындар ойнату,сурет салдыру секілді жұмыстармен аяқталуы тиіс.Бақшадағы өткізілетін сабақты көне сөзбен қорытындылаудың қажеті жоқ.
Сабақ кезіндегі баланың сөйлеу белсенділігі. Баланың сөйлеці белсенділігін арттыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады және сонымен қатар бала өз жолдастарының жауабын тыңдауға да дағдылануы керек.
Оқытудың ұжымдық сипаты және баламен жеке жұмыс. Әдетте жаңа тақырып бойынша балаларға ортақ сұрақ қойылып, ортақ тапсырма беріледі. Кейде топтағы ұялшақ, аз сөйлейтін, өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын балалармен тәрбиешінің жеке жұмыс жүргізуіне тура келеді. Мұндай жеке жұмыс күннің ІІ жартысында жалғастырылуы керек және баланың сөйлеу тілін жаттықтыру үшін ата-анасына да әдістемелі көмек көрсетіледі. Яғни тәрбиеші баламен үйде қандай жұмыс жүргізу керектігі жөнінде ақыл-кеңес береді.
7 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
1. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – балабақшаның негізгі міндеті.
2. Байланыстырып сөйлеудің түрлері (диалог және монолог).
1. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – балабақшаның негізгі міндеті. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізгі бөлігі болып саналады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады.Яғни сөздің сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын солай байқауға болады.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, ақылмен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5- 3 айда сәбилер үлкен адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы: қолыңды бер т.б)
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұмыстық қатынас кезінде, яғни, таамақтану, киіндіру, бірге серуендеу ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі естейтін сөздерді ұғып алады, бірақ бұл кезеңде баламен сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп ұстау және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек.
Бала үш жасқа келгенде пассивті қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлу қажет.
4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке ғана емес, өтіп кеткен іс- әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді.
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді бейнелеуге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады.
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет