1. Ұтымды оқу іс-әрекетінің маңызы, мазмұны. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар:
Балабақшада оқу іс-әрекетін өткізу әдісіне қарай әңгіме сабағы, оқу сабағы, топсаяхат сабағы болып та бөлінеді. Осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қай түріне болсын төмендегідей талаптар қойылады:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне алдын ала мұқият дайындалу, яғни тәрбиеші топта өткізілетін әр сабақ бойынша алдын ала жоспар жасайды. Бұл жоспарда сабақтың тақырыбы, мақсаты, қолданылатын әдістемелік әдістер, көрнекі құралдар анық көрсетілуі қажет.
Сабақтың дұрыс өтуі топ бөлмесінің жағдайына да байланысты. Яғни бөлме ішінің жарықтануы, тазалығының талапқа сай болуы, орындықтар мен үстелдің балалардың жас ерекшеліктеріне дәл келуі секілді мәселелер қарастырылады.
Әр топтағы сабақтың дұрыс өтілуі тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа стандартында көрсетілгендей, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мына критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
– ізденіс сипаты болуы;
білім беру қызметінің педагогикалық процесінің алдын-алу сипатының болуы;
интеграциялық- дифференциалды сипаттың болуы;
оқыту процесінің субьектілері арасында қарым-қатынастың диалогтық типіне ықпал ету;
ынтымақтастық үшін жағдай жасау;
Сабақта балаларды сөйлеуге дағдыландыру барысында қолданылған жаттығулар тапсырмалар жүйесі, көрнекіліктер, тестілер, қойылған мәселесі сұрақтар, еңбекке қатысты мақал-мәтелдер мән-мағынасы оқушының ақыл-ой тәрбиелік дамытуды көздейді. Балалардың ақыл – ойын, тілін, сөйлеу дағдысын өрістетуді тәрбиелеуде пікірсайыс түрінде өткен сабақтардың рөлі ерекше.
Білімді меңгеру процесінде балалардың ойларын жандандырып, оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыра түсуге қолданылатын жұмыстар да ұтымды әдіс-тәсілді пайдалануды керек етеді.
Баланың жалпы жетілуіне, өмір тәжірибесіне байланысты. Бұл орайда, тағы да оқу процесінің рөлі зор. Бала кітапты немесе қосымша пайдаланған мәтіндерді тыңдай отырып, өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады.
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарында халықтық інжу-маржандары мақал-мәтелдерді ұғындыру, түсіндіру халқымыздың еңбексүйгіштігін дәлелдеу, халқына құрметпен қарау, сыйлау сезімін тудырады.
Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім. Сондай пәндердің бірі бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.
3. Балалар әдебиетін пайдалану.
«Алғашқы қадам» 1-2 жас
Көркем әдебиет мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балаларға шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.
2. Халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді қалыптастыру. Ең алдымен, тиісті сурет, ойыншық, әрекеттерді көрсете отырып, кейін заттарды көрсетусіз кішігірім, мазмұны қарапайым тақпақ, ертегі, әңгімелерді түсінуді дамыту. Көркем шығарманы тыңдау және оның мазмұнын белсенді сезіну қабілеттерін дамыту. Мәнерлі сөйлеуді түсінуін дамыту: көркем шығарма мазмұнына қатынасын білдіретін сұраулы, мақұлдайтын, лепті ырғақтарды дамытуды жалғастыру. Қайталап оқу барысында мәтіннің сөздерін айтуға үйрету. Таныс ойындағы өлең жолдарына сәйкес («Қуырмаш», «Санамақ», т.б.) ойын әрекеттеріне үйретуді жалғастыру, оқу немесе әңгімелесу барысында ұлттық шығармалардың, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоционалдығын білдіру. Бала тәжірибесі көрініс тапқан, балалар көрген жануарлар, тұрмыстық және ойын жағдайлары бейнеленген көркем әдебиет шығармаларын оқу. Екі жастың соңына қарай балаларға түсінікті табиғат құбылыстары: қар, жаңбыр, жел, шалшық, т.б., адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген шағын әңгіме, ертегі, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды түрде пікірлерін білдіруге үйрету. Шығарманы оқу және түсінгенін айту барысында шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру, пікірлерін білдіру ниеттерін мадақтау. Кітаптағы суреттерді қарастыруға үйрету.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- адамдар мен жануарлардың қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;
- мазмұны қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;
- халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;
- мәтінді қайталап оқығанда сөздерді айта алуды;
- өздеріне таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;
- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта білдіруді;
- кітаптағы суреттерді қарауды білуі тиіс.
3-4 жаста Көркем әдебиет мақсаты: қазақ және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту.
Міндеттері:
1. Халық ауыз әдебиеті мен Қазақстан және басқа да елдердің балалар әдебиеті арқылы адами қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
2. Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса, мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету.
3. Ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бағалауға тәрбиелеу.
Қоршаған әлем туралы, адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы түсініктерін кеңейту. Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіруге үйрету. Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру. Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға, оларды сахналауға қатысуға ықыластарын арттырып, қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |