25 Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық
1. Балабақша мен отбасының арасындағы байланыс.
2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Тіл дамыту бойынша ата – аналар арасында насихат жұмысын жүргізу.
Балабақша мен ата –ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті бола ды, сондықтан түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.
Ұжымдық форма. Ата – аналар жиналысында жыл басында әр топтың тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар тұрғанын түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата – аналармен лекция, әңгіме, консультация өткізуге болады. Ата – аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес. Балабақшадағы ата – аналарға арналған бұрышта балалардың тілін дамытудың жағдайын көрсететін стенді іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата – аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл – кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте, ата – аналар жиналысы кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған педагогикалық әдебиеттің көрмесі ұйымдастырылады.
Ата – аналар мен балабақшаның арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір формасы белгілі бір топтың ата – аналарының біреуінің жұмыс орнына балаларды топсаяхатқа апару.
Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша педагогикалық журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.
Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не меңгеруші баланың сөйлеу қабілеті жайында айтып, нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың үйіне барып та жүргізуге болады.
№26 Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық
1. Халық ағарту бөлімінің әдіскері мен инспекторлық жұмыстың мақсаты мен міндеті
2. Балабақшадағы тексеру жұмыстары
Достарыңызбен бөлісу: |