Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет21/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
3. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем шығармаларды іріктеу принциптері, кітаппен жұмыс істеу.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлау мәселелерінде әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие екенін ескерту қажет.
Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім дағдалар (пәнаралық байланысты ескере) бір-бірімен байланыстырыла өтіледі.осылай оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі дайындық тобынан бастап баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, қзі басқаға сұрақ қойып, жауап алуға үйрету міндеті іске асады. Осы білім дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші баланы айналасындағы адамдармен амандасу, әдепті сөйлеу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты мінез-құлық әдептеріне үйретеді.
Қ.Мырзалиевтің «Ойыншықтар » өлеңін дайындық тобындағы балаларға оқығанда тыңдай білуге үйрету, өлеңде аталған жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін жетілдіру қажет. Мысалы балаларда үй жануарларының аттарына байланысты сөздер мен олар туралы ұғымдары қалыптасқанмен, балаларға үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелескен жөн:
1.Үй жануарларының аттары.
2.Немен қоректенеді, қайда, қандай жерлерде болатыны, бір-бірімен ұқсастығы, ерекшелігі.
3. Адамға тигізетін пайдасы, т.б.
Балалардан мысық жайлы сұрағанда, олар; Бұл-мысық, сүт ішеді, ет жейді,-дей келе мысықтың көзін, құлағын, аяғын, тұмсығын атап айтады. Тәрбиеші ай тақырыпта қандай шығарма оқысада, бақылау, іс-қимылдардың, экскурсия, әңгімелеу, әңгімелетіп айтұызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың іс- қимылдардың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті.
Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі-сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізуарқылы тәрбиеші балаларға шығармада, әңгімеде кездесетін жаңа сөздермен, ұғымдармен таныстырады. Сонда ғана олар әңгіме мазмұнын саналы түрде түсініп, әңгімелеп бере алады.
Әдеби шығармаларды оқу арқылы алған білімдерін тиянақтау, жалпы сөз қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастырады.
Дайындық тобындағы балалар шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білугеүйренуге тиісті.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді өолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста-6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету сабақта және сабақтан тыс әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
19 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуды диагностикалау
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілінің даму диагностикасының қызметі.
2. Ақыл-ой әрекетін зерттеудегі бала тілінің диагностикасының өзіндік ерекшеліктері.
3. Бала тілінің дағдыларын зерттеу.

Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.


Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.
Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.
Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.
Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Соның бірі неміс психологы В.Штерн (1871-1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күнделігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 ж) сәбилік шақтағы балалардың ақыл-ойының даму кезеңдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылаған қорытындыларына жиі сүйенеді. Кеңес зерттеушісі Н.Н.Ладыгина Корс (1889-1963) кішкентай Шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулары нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырды.
Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синхқасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.
Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе оның белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек ойын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы немесе бір ғана үдерістің кемшілігі есепке алынады. Ч.Дарвиннің өз ұлының эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал, кеңес лингвисі А.Н.Гвоздев (1949) өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды.
Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Бақылауды жоспарлы түрде жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.
Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек. 3.Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу. Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:
- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.
- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.
- Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.
- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Жағымсыз жақтары:
- Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;
- Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.
- Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.
- Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.
Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:
- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;
- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;
- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:
- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;
- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;
- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:
- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.
Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.
Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.
Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.
Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы эксперименттібалаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.
20 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуды диагностикалау
1. Байланыстырып сөйлеудің даму деңгейінің оқу әдістемесі.
2. Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі.
3. Балалардың жалпы тілін дамыту диагностикасының әдістемесі.
4. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» (ҚР МЖМБС) стандартындағы индикаторлардың мазмұны, «Қатынас» білім беру саласы оған сипаттама.

21 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуды диагностикалау


1. 1-6 жас балаларының тілінің дамуын бағалау көрсеткіштері.
2. Бала дамуының өлшемдері
3. Бала тілін әр қырынан зерттеу, оның нәтижелерін сараптау тәсілдері.
4. Мектепке барар алдында балалардың тілдік дағдыларының қалыптасу көрсеткіштері

1 жас – 1 жас 6 ай


Тілді түсінуді дамыту. Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің атауларын білуі тиіс. Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру. Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр, қазір киініп, серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын процестеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.
Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып, қарапайым тіркестерді түсінуге балаларды үйретеді. Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету («Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші»). Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, бір-екі көріністен тұратын ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба), тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық заттарды көрсетіп, атын атау. Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін суреттерді тани білуге үйрету. Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау).
Белсенді сөйлеуді дамыту. Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай – 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу. Балалардың бастамашылық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.
1 жас 6 ай – 2 жас
Тілді түсінуін дамыту. Сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);
- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.) мен олардың қимылдары;
- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар, т.б.);
- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл);
- заттардың күйі (таза, кір) мен орындары (мұнда, ана жерде);
- қарым-қатынастардың уақыты (қазір, содан кейін) мен саны (біреу, көп);
- ниет білдірумен (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) байланысты іс-әрекеттер;
- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмегі, жанашырлық сезімі («Көжек ауырып қалды, емдеу керек» және т.б.);
- жасы мен жынысына қарай айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата, әже).
Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлана білуге үйрету. Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің көмегімен) іскерліктерін бекіту. Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек, үстел мен орындық, бас киім мен мойын орағыш және т.б.) таба білуге үйрету. Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету. 2-3 әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой). Балаларды (1 жас 7 айдан бастап, 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр, т.б.), кейіннен (1 жас 10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету. Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану.
Белсенді сөйлеуді дамыту
Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту. Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру. Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру. Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді. Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету. 1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.
Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдайын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау. Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» -«Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»). Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету. Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды;
- заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын;
- айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды;
- ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды;
- екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды;
- сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді;
- ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды;
- кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды;
- 300-ге дейін сөзді;
- заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды;
- ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды;
- таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді;
- өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді;
- дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.
2-3жаста Көркем әдебиет мақсаты: көркемсөзге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, шығармалардың мазмұнын түсінуге көмектесу.
Міндеттері:
1. Балаларды тақпақтарды, ертегілер мен әңгімелерді қабылдауға, әрекеттің дамуын қадағалап, мазмұнын түсінуге үйрету.
2. Тілдің эмоционалды мәнерлілігін дамыту, балаларды тақпақтарды айтуға, кітаптағы суреттерді қарауға, суреттері жайлы айта білуге үйрету.
3. Тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап бере білуді дамыту.
Мазмұны: Балаларды жыл бойы қазақ және басқа халықтардың қарапайым мазмұнды ертегілерімен, фольклормен, қазақ және басқа халықтардың балалар шығармаларымен жазушыларымен, жазушы-классиктерімен таныстыру. Ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуге тәрбиелеу. Балаларды өздеріне таныс күлдіргі тақпақтарды, қысқа өлең жолдарын асықпай, анық қайталауға ынталандыру. Балалардың көркем сөзді біртұтас қабылдауын қалыптастыру: эмоционалды елгезектік, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен кейіпкерлерін түсіну. Ертегідегі, қысқа әңгімедегі оқиғаларда, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын байқау, драмалық жағдайларда кейіпкерлерге жаны ашу, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуана білуді бекіту. Айналасындағы адамдардың сөзін көрнекіліксіз тыңдау қабілетін дамытуды жалғастыру, тұрмыстық («Айжан мысық тауып алды») немесе ертегі («Назгүлдің құсы ұшып кете жаздады», «Қыңыр мысық табанын күйдіріп алды») тақырыптарына байланысты әңгімелер тындау. Шығарма мазмұнына эмоционалдылық білдіру, түрлі дауыс екпінін байқай білу қабілеттілігі, болған жағдайға жанашырлық білдіру, кейіпкерлер бейнесіне (тауық, әтеш, мысық) ене білу қабілеттерін дамыту. Өздеріне таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсете білуге үйрету. Кітаптағы суретерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- ертегідегі, қысқа мазмұнды әңгімедегі болып жатқан оқиғаларды, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуы мен олардың қарым-қатынасын байқауды;
- драмалық оқиға кейіпкерлеріне жанашырлық білдіруді, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуануды;
- таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсетуді;
- кітаптағы суреттерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуі тиіс.


2-3 жаста тіл дамыту мақсаты: балалардың жалпыға ортақ зат есім, етістік, үстеу, сын есім және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Баланың өз айналасындағы адамдарды көрнекіліксіз түсіну қабілеттілігін дамытуды жалғастыру, пассив сөздікті кеңейту
2. Балалардың өзіңдік тілін жандандыру, белсенді сөздікті қалыптастыру.
3. Балалардың сөйлеуін белсендіру, белсенді сөздіктерін қалыптастыру.
4. Балаға түсінікті сөйлей білуін мадақтау, сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу интоннациясын қалыптастыру.
5. Сөйлемді қолдануға, оны грамматикалық жағынан дұрыс құруға үйрету.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Балаларды ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету, дауыс аппаратын дамыту. Бала тілінің түсінікті, анық, асықпай, жеткілікті дауыста айтылуын қадағалау керек. Балалардың назарын дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді анық айтуға, сөйлеу қарқыны, дауыс күші мен биіктігіне аудару. Бала айналасындағы адамдардың сөзін естуге және тыңдауға, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді үйренуі керек. Бұрын меңгерген буындағы, сөздегі дыбыстарды: дауысты дыбыстар (а, у, и, о) мен айтылуы қарапайым дауыссыз дыбыстардың (м, п, б, ф, в) дұрыс айтылуын анықтау және бекіту. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеушілікке (бақ-бақ, тық-тық, з-з-з) жаттықтыру. Балалардың дыбысты анық айтып қана қоймай, сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағын сақтауына талпыну. Дыбыстар мен сөздерді сөз тіркестерінде бекітуді ары қарай жалғастыру. Сөйлемдегі сөздерді анық айтуға үйрету.
Сөздік қорын қалыптастыру. Баланың сөздік қорын молайту және жандандыру. 2 жастағы баланың сөздік қоры орта есеппен 250-280 сөзді құрайды. 3 жасқа қарағанда сөздік қор 3-3,5 есе артады. Өзінің киімдерін атауға үйрету – мойынорағыш, кеудеше, пальто, қолғап, жейде, көйлек, кофта, қамзол, шалбар, шұлық. Бас киім – бөрік, орамал. Аяқ киім – бәтеңке, етік, туфли. Ыдыс-аяқ – шыныаяқ, табақ, қасық, шайнек, қазан, құмыра, кесе. Тамақтың аттарын дұрыс атау: сорпа, ботқа, шырын, компот, кеспе, бауырсақ; азық-түлік: сүзбе, сүт, ірімшік, қаймақ, айран, қымыз, балық, ет, жұмыртқа, күріш, картоп, макарон, бұршақ, қарақұмық. Сөйлемде зат есіммен (доп, мысық, ыдыс) бірге әрекетті білдіретін (доп домалады, мысық ұйықтап жатыр, ыдыс сынды) сын есімді қолдануларын жетілдіру. Сын есімді қолдана отырып, затты сипаттау (үлкен үй, жақсы бала). Ересек адам өз сөзінде сөз таптарының барлық түрін қолданып, үлгі көрсете білуі керек. Балаларда отбасында және балабақшада тілдік қарым-қатынас жасауға қажеттілікті тудыру. Ересектерге өтініш жасауға және сұрақ қоюға ынталандыру. Балалардың сөйлеу тілін дамыту: тілдік қатынастың әр түріне қатыстыру (ересектермен және құрдастарымен әңгімелесуін қолдау, сұраққа жауап беруге, сұрақ қоя білуге үйрету); тек бүгін көргендерін айтып қана қоймай, сонымен бірге жақында көшеде, учаскеде, музыка залында және т.б. жерде көргендерін екі-үш сөйлеммен айтып беруге үйрету. Белсенді сөздікте заттардың сапасы және олармен әрекет жасаудың атауларын бекіту. Тілдегі жинақтық зат есімдерді, тілдің жалпылау қызметін меңгеруге көмектесу. Балаларға күнделікті әрекетте ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды, түрлі сөз табын, заттардың белгілерін, жануарлар мен олардың төлдері, көкөніс, жеміс, өсімдік, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолданып, жауап беретіндей сұрақтар қою. Заттар туралы қойылатын сұрақтар қарапайым болады: «Бұл кім?», «Бұл не?» (қозы, орындық) және күрделірек «Не жүгірді?» (ит), «Мысық қайда ұйықтайды?» (кілем үстінде).
Тілдің грамматикалық құрылымы. Тәрбиешінің сөйлеуін түсінуте, қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйретуді жалғастыру. Балаларды зат есімнің көшпе түрін пайдалануға, сын есімді өткен шақ түрінде зат есіммен және етістікпен үйлестіруге, сөз тіркестерінде сөздің жалғауына (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) назар аударуға үйрету. Сөз қосымшаларын қолдана білуге үйрету. Дауыс екпіні көмегімен мақсатты жеткізе білу (баяндау, іздену, сұрақ қою және т.б.) – 2,5 жастағы балалар құрамы үш сөзден көп сөйлемдерді айтады, ал 3 жаста өз сөзінде күрделі сөйлемдерді қолданады. Үш жастың соңына қарай бала тілдің барлық грамматикалық түрін, құрылымдарын қолданады. Бағыныңқы құрмалас сөйлемді қолдану, бірнеше сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру. Байланыстырып сөйлеу. Заттар мен құбылыстардың маңыздысын бақылауға, қарастыруға, бөліп көрсетуге, олардың арасындағы қатынасты орнатуға, сөзбен белгілеуге үйрету. Диалогты (кейінірек монологты сөйлеу), байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Тәрбиешінің бүкіл топқа бағытталған сөзін балалардың мұқият тыңдауына назар аудару. Ерсектермен және құрдастарымен тілдік қатынас жасауды дамыту. Балаларды ертегі айтуға белсенді қатысуға үйрету: бір-екі сөзбен немесе тіркесті толық айту, әңгімеге қатысу, сұраққа жауап беруге үйрету. Балалардың пікір білдіруін мадақтау, түсініксіз жерін түсіндіру, бөліктерді анықтау және балалардың барлық сұрақтарына жауап беру. Сөз мағынасын кеңейте отырып (балаға түсінікті етіп), қарапайым пікір айта білуге үйрету. Жыл соңында суреттегі бейне жайлы, серуен кезінде көргендері туралы 2-4 сөйлеммен айтып беруге, сөзінде жақын арада болған оқиғаны айтып беруге, осы шақтағы сөйлемдерді қолдануға, болашақты қарапайым түрде бағдарлай білуін көрсетуге үйрету.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді асықпай, анық айтуды;
- айналасындағы адамдардың сөзін естуді және тыңдауды, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажыратуды, тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап беруді;
- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын пайдалануды;
- құрамы үш сөзден тұратын сөйлемді айтуды, өз сөзінде күрделі сөйлемдер қолдануды;
- заттар мен құбылыстардың маңыздысын бөліп көрсетуді, олардың арасындағы қатынас орнатуды, сөзбен белгілеуді;
- көргендері жайлы 2-4 сөйлеммен айта білуі тиіс.

3-4 жаста. Тіл дамыту мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.


Міндеттері:
1. Артикуляциялық аппаратын дамыту және барлық дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға әзірлеу.
2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.
5. Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.


Тілдің дыбысталу мәдениеті. Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту. Сөздік жұмыс Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту. Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету. Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.). Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар. Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуіш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Тілдің грамматикалық құрылымы. Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.). Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.). Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету. Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау. Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілді дамыту. Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету. Тақпақтап, ұйқасты сөздер айтып ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізу керек. Сол арқылы баланың тілі дамиды. Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау. Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

22 Тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау және есепке алу


1. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлаудың маңызы. Жоспарлаудың принциптері.
2. Жоспардағы тәрбиешінің балалармен жеке жұмысы. Календарлық және апталық жоспарлау.
3. Тіл дамыту жұмысын есептудің маңызы.

23 Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық


1. Балабақшада әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
2. Балалардың тілін дамытудағы балабақша меңгерушісінің, тәрбиешісінің басшылығы.
Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге жүктеледі. Егер балабақшада әдістемелік жұмысқа басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса, онда екеуі бірлесіп оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.
Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі – тіл дамытуға байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы мүмкін:
Барлық топта тіл дамыту бойынша бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты балабақша мен мектеп арасындағы байланысты жүзеге асыру.
Тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсету.
Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау, әдістемелік кабинетті жабдықтау.
Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын көтеру.
Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат жұмысын жүргізу.
Топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша жұмысын тексеру. Топтарға барғанда белгілі бір мақсат болу керек. Мысалы, меңгеруші тәрбиешіден топтағы балалардың байланыстырып сөйлеуі бойынша дағдылары қандай екенін сұрап алып өзі барып тікелей балалармен әңгімелесуіне болады немесе балабақшадағы балаларға таныс емес, яғни ата-ана, бөгде адамдарды шақырып, балалардың олармен қалай сөйлесетіндіктерін байқайды. Сондай-ақ тәрбиешінің жалпы жұмыс тәртібін бақылау да меңгеруші тексерісінің мазмұнына енеді. Меңгеруші сабақтың қандай түрлеріне қатысса да, мейлі ол серуен, мейлі бөлмедегі сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта бөлігінен кетіп қалуға болмайды.
Меңгеруші сабаққа қатысқан кезінде тәрбиешінің балаларға әсерін, қарым-қатынасын да бақылайды. Негізінен меңгеруші топтағы сабаққа қатысқанда мына мәселелерге назар аударуы тиіс:
Кіші топтағылардың сөйлеу белсенділіктері, естиярлар тобындағы балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты сабақ және сабақтан тыс кездегі фронтальді жүмыстар, ересектер тобында баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс айта білуге үйретудегі жеке жүмыс, тікелей бақылау жұмысының жүргізілу әдістері.
Әр топқа барғанда меңгеруші мына мәселелерді есте сақтаған жөн: сабақ кезінде тәрбиешінің жұмысына араласпайды, оның беделін балалар алдында көтере білу. Сондықтан меңгеруші сабаққа қатысқанда оның жүрісін дәптеріне жазып отырып, кейін сабақ бойынша өзінің пікірін, тілегін айту керек немесе меңгеруші жұмыс практикасында, сабаққа қаттысқанда оның жүрісін де өзінің ескертпесін жеке беттерге жазып, педкабинеттегі тәрбиеші бұрышындағы қалтаға салып қоюға болады. Жұмыс аяғында тәрбиешілер жиналып, ондағы жазуды талқылап тырады. Ал бұл жазулар кейін жиналыстарға материал да бола алады. Меңгеруші осы топқа сол тәрбиешінің екінші рет қатысқаннан кейін екі жазуды салыстырып, оның ескертпелері қандай орындалғанын байқайды.
Меңгерушінің өзінің сабақ өткізіп көрсетуі. Мұндай, әсіресе, еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші оған ойынды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың өз білгендерін қалай пайдалана білуді, үлестірмелі материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу керектігін т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.
Іс – қағаздарын тексеру. Меңгеруші күнтізбелік жоспарды апта сайын тексеріп отыруы тиіс. Ал сабақ конспектілері, сценарийлері таңдап тексеріледі. Күнтізбелік жоспарды қарағанда, тіл дамыту бойынша негізгі мәселелердің қамтылуы, жеке жұмыс түрлеріне назар аударылады.
Балалармен әңгімелесу арқылы да топтағы балалар тілін дмыту жұмысының деңгейін байқауға болады. Мұндай әңгімелесуді алдын-ала жоспарламай-ақ серуенде, топтың бөлмесінде, коридорда да өткізген тиімді. Кейде тәрбиешімен келісіп, меңгеруші өзінгің кабинетіне 3-4 баланы шақырып алып, сөйлесіп, олардың тіл байлығын, сөздік қорын, дыбыстау ерекшеліктерін байқауына болады.
Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу – жоспардан тыс болса да, қажетті жұмыс. Мұндай әңгімелесу кезінде күнтізбелік жоспар бойынша ескертпелер, алда тұрған концерт бағдарламалары т.б. жұмыстар туралы пікірлесуге болады.
Жеке тәрбиешілерге немесе тәрбиешілер тобына консультация бергенде, алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар таңдалады. Меңгеруші консультацияны өзі ғана өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де қатыстыруына болады.

24 Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық


1. Тәрбиешінің білімін көтеру.
2. Озат тәжірибені тарату.
3. Консультация, практикум, семинарлар өткізу әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет