Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет2/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
Нормативті әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы. А., 1999.

  2. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. А., 1989.

  3. «Балбөбек» бағдарламасы. А., 2006.

  4. «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары. –А,2009.

  5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы . ҚР Білім және ғылым министтрінің 29.12.2018 №721 бұйрығы// Қолжетімді түзім:http//egov.kz

Интернет көздері



  1. www.edu.gov.kz/.../

  2. www.predschool.kz/.../

  3. irbis.pushkinlibrary.kz/.../cgiirbis

  4. www.oouk.vko.gov.kz/kz/files/conference

  5. Bilimainasy.kz Білім айнасы газеті.

1 Кіріспе. Тіл дамыту әдістемесі


1. Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән.
2. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті.
4. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі қазақ тілі әдістемесі арасындағы айырмашылық пен байланыс.
1. Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән.«Тіл дамыту әдістемесі» пәні – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші-педагогтерге бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету жолдарын яғни балалардың (дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой-өрісін кеңейту өшін сөздердің мағыналарын салыстыру; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; балалардың сөздік қорын молайту, т.б. меңгерту.мектепке дейінгі балаларды ана тілінің жоғарғы сөйлеу мәдениетін игеруге (орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, нормаларын) тәрбиелеу. Сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар жүргізу барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді түзеп грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету,сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз
интонациясының жекелеген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге төрт-бес жастағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету.
Пәннің негізгі міндеті:
- Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру;
- Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;
- Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелеріндегі
белгіленген кестелеріндегі белгіленген мерзімде өткізу.
Пәннің мазмұны:
Студент курс аяқталған соң бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету әдістемесі жайында түбегейлі біліммен қарулануы қажет.
Осы пәнді игеру үшін аудиториялық сабақтарға толық қатысуы, берілетін білімді, ақпаратты меңгеруі, байқау, салыстыру, ойлау процестерін жүзеге асыруы,ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуі қажет.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды: білім беру құралдары мен жолдарына, мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материалдарды, оқу жұмысын ұйымдастыруға көңіл бөледі. Оны үйретудің әдістері жатады. Мектепалды тіл үйретужұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет