Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет5/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
лекция

3. А. Байтұрсынұлы, Г.К. Дүкенбаева, Х. Қожахметова және т.б. еңбектері.
Ахмет Байтұрсынұлы – әдебиеттанушы, көсемсөзші, тәржімашы, түрколог, қазақ тіл білімінің атасы. Қазақ тарихындағы Ахмет Байтұрсынұлы есімі халықтың рухани өркендеуімен тығыз байланысты. Әсіресе, тіліміздің атасы Ахметтің тіл ғылымындағы теориялық, психологиялық қисындары, әдістемелік ой-пікірлері аса мәнді.
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдуын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау. Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады. Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады». Ахмет Байтұрсынұлы баларды алғашқы үш жылда ана тілінде оқытуды жөн көреді. Оның тәрбиелік ықпалын, қадір-қасиетін, сөйлеу мәдениетін де егжей-тегжейлі түсіндіріп, терең ой қозғайды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында (1920 - 40 ж.ж.) Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер тұңғыш ашыла бастаған еді. 1930 жылдары бала бақша, балалар яслилерін ашу, сауатсыздар мектебін ашу сияқты күрделі де қиын мәселе болды. Оның себебі: біріншіден – мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан мол қаржы керек болды (арнаулы үй, үй, жиһаз, оқу құрал-жабдығы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар т.б. сатып алу қажет еді).
Екіншіден – балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын. Сондықтан оларды шет елдерден қымбатқа сатып алуға тура келді.
Үшіншіден – мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар жоқ еді. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады.
Төртіншіден – мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар мүлде жоқ еді. Міне, осы проблемаларды шешу ісімен кеңес үкіметінің басқару мекеме басшыларымен бірлесе отырып А.Оразбаева, Н.Құлжанова, Ш.Шонанова, С.Есова сияқты көрнекті педагог қайраткерлер айналысты. Олар бұл істегі батыс елдерінің педагог-қайраткерлері К.Цеткина, Н.К.Крупская, Е.Тасова т.б. іс-тәжірибелерінен үйренді. Олардың педагогикалық еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сөйтіп, өздері де мектепке дейінгі тәрбиемен байланысты төл оқу-әдістемелік құралдар жазу, кадрлар даярлау істерімен шұғылданды. Мәселен, Ш.Шонанова 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналына екі еңбегін ұсынды. Оның бірі «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының болашақ проблемасы», екіншісі «Балалар алаңын құру мәселесі» деп аталды. Ш.Шонанова (1903-1938) 1922 жылы Қазақстан Республикасы халық ағарту комиссариаты жанындағы мектепке дейінгі тәрбие ісінің методисі, ғылыми хатшысы, инспекторы қызметтерін атқара жүріп, республиканың әр аймақтарында мектепке дейінгі мекемелерді ашу ісімен айналысты. Ол екі рет медицина институтына (Орта Азия университеті, Алматы университетінің биология факультетіне) түсіп, табына байланысты оқудан шығарылды. 1937 жылы жұбайы, тіл маманы Телжан Шонановпен бірге ұсталып, халық жауы деген жаламен 1938 жылы ату жазасына кесілді.
Көрнекті педагог ғалым Назипа Құлжанова (1887-1934) Жангелді ауданында Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1914 жылы үздік бағамен бітіреді. Назипа Құлжанова Орынборда мұғалімдер семинариясында (1907-1914) оқып жүрген кезінде өзінің идеялық ұстазы А. Байтұрсынов Назипаға өлеңмен хат жолдап оқу инемен құдық қазғандай-ауыр іс. Оған асқан төзімділік, қажымас қайрат керек. Келешек ел үмітін ақтап шығар алғыр, турашыл, өр мінезді азамат бол дей келіп,
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы-жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда, мынау зиян демек
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар ? !
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
Қайраттанып қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын жолыңда өрлер де бар- деп сол кездегі саусақпен санарлық бірді-екілі талапты қазақ қыздарының білім жолындағы қиын кедергілерді жеңіп шығуына ағалық ақыл-кеңесін береді
Н.Құлжанова 1914-1920 ж.ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқытушы, 1920-22 ж.ж. Ақмолада оқытушы, 1923-25 ж.ж. «Қызыл Қазақстан» журналының әдеби қызметкері, 1925-29 ж.ж. «Еңбекші қазақ» газетінде, «Әйел теңдігі» журналында қызметтер атқарады. 1934 жылы Ақмолада қайтыс болады.Н.Құлжанова 1925-29 ж.ж. М.Горкийдің, В.Г.Короленконың, А.Куприннің, В.В. Лаврененконың, Н.К. Крупскаяның еңбектерін қазақ тіліне аударды. 1919 жылы Семей қаласында Ж.Аймауытов, М.Әуезовтермен бірге Абай мұраларын насихаттаумен айналысып, Семейде Абайдың қайтыс болғанына 15 жыл толуына байланысты әдеби кеш өткізіп, Абайдың ақындық творчествосы жайында екі тілде (орысша, қазақша) баяндама жасайды. Осы кеште М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьессасынан үзінді қойылады. Артынан концерт болады. Оған өнер саңлақтары И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, Абайдың әнші шәкірті Әмбағамбет, Қ. Сәтпаев Ж. Аймауытовтар қатынасып Абай өлеңдерін оқып, Абай әндерін орындады. Н.Құлжанова А.Байтұрсыновтың ұстаздық үлгісінен нәр алған адам. Ол өзі педагогикалық екі еңбек жазды. Оның бірі «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) деп аталса, екіншісі, «Ана мен бала» деп аталады. Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А.Байтұрсынов кіріспе сөз жазып, бұл еңбектің «Қазақстан топырағындағы жаңа тақырыпқа арналған тың туынды» деп жоғары баға береді.Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін – бала әлемін сөз етеді. Әсіресе, жас баланың айналаны білуге деген құмарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп жетілетінін айта келіп, баланың ойын дамыту үшін олардың сұрақтарын жауапсыз қалдыруға болмайды. Қазақтар баламен сөйлесуге жете мән бермейді. Сондықтан олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді дейді. Баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н.Кұлжанова баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін айта келіп, «Бала даланың кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандай жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп өркендемек» дейді. Автор осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп; «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл көтеру және денесі еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік сезімді болып келеді» деп мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін сөз етеді. Н.Құлжанова баланы үйде, бала бақшада еңбекке бейімдей тәрбиелеудің маңызына тоқталады. Ол үшін әр бала бақша жанында биологиялық бұрыш, тәжірибе участогі болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тоты құсты, кірпік шешенді, балықты өсіруді білсін, аулаға көкөніс, гүл отырғызып, оған су құюды үйренсін, саз балшықтан ойыншықтар жасап үйренсін дейді. Н.Құлжанова баланың санасын оятып, қиялын өсірудегі ойыншықтардың тәрбиелік рөліне ерекше мән береді. «Ойын баланың қиялын өсіреді. Ойнай білу дегеніміз, ойлай білуге үйрету» дейді.
Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттары «Тән саулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Заттың түр-түсін ажыратуы», «Бала тілінің шеберлілігі» «Баланы еңбекке дағдыландыру», «Баланың әдемілік сезімін ояту», «Бала ойындары мен ойыншығы», «Баланы көпшіл болуға баулу» деп жіктей келіп, осы мәселелердің әр қайсысының мән-мағынасын ашып талдайды.Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие туралы жазған еңбегінің құндылығы біріншіден, оның Қазақстан топырағында тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы педагог-ғалым болуымен ерекшеленсе, екіншіден Н.Құлжанова мектепке дейінгі педогогиканы биология, медицина ғылымдарының жетістіктерімен байланыстыра қарастырады, үшіншіден – ол қазақ этнопедагогикасын әлем елдерінің этнопедагогикасымен үндестіре білді, төртіншіден – Н.Құлжанованың еңбектерінде Қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады.
Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке дайындау жайында әдістемелік құралдар ана тілімізде күні бүгінге дейін тапшылық етуде. Олай болса бұдан 75-80 жыл бұрын жазылған Н. Құлжанованың еңбектері күні бүгінге дейін өзінің құндылына қылау түсірмес аса құнды еңбек екені даусыз.Сөйтіп Н.Құлжанова – тұңғыш мектепке дейінгі педагогиканың негізінсалушы педагог, ғалым болды.
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосқан журналист, публицист, педагог-тәлімгер, аудармашы Нәзипа Құлжанова. Зерттеуші еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы − баланың сөйлеу тілінің дамуы. Ол өзінің «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты әдістемелік құралында мектепке дейінгі баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген өз көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
- балаға сусындай керегінің бірі − сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдайды.
Ғалым Қ.Меңдаяқова «Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі» атты диссертациясында мектепалды даярлық тобының балаларын қарастырған. Ғалым балабақшадағы тілдік ортаның жасалуына аса мән берген. Ол тілдік орта алдымен тәрбиешіден басталады, оған балабақша қызметкерлері және балалар жатады. Ол: «Баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатысымдық, танымдық, тәрбиеленушілік.
− Қатысымдық қызмет айналасындағы адамдармен қарым-қатынас қажеттігі баланы байланыстырып сөйлеп, өз ойын басқаға білдіру үшін, тілін жетілдіруге ынталандырады.
− Бала үшін сөз таным қызметін атқарады. Сөзді ойланып та, сөзді жақсы байланыстырып та сөйлейді. Сөйлеу ортасы соған сай ұйымдастырылуы керек.
− Сөйлеу ортасы баланы тәрбиелейді, әсіресе, балаға «олай жасауға болмайды, олай жасауға болады» деген сияқты сөздер баланы жаман қылықтан сақтандырады, жақсы қылықты, мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, жақсы ұйымдастырылған жасанды сөйлеу ортасы баланың тілін дамытуына, байланыстыра сөйлеуге жаттығуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкен әсер етеді» -деп тұжырымдайды.
Байланыстыра сөйлеуге үйрету мәселесі ғалым К.М Метербаеваның «Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысында жан – жақты қаралған. Ғалым алдына табиғатта болатын өзгерістерді баланың байланыстыра айта білуін, ойын жүйелі жеткізуін қадағалау, баулу, үйрету мәселелерін мақсат етіп, алдына қойған. Ол үшін табиғат құбылыстарын сипаттауда логикалық ойлауын жетілдіру мәселелерін анықтаған. Олардың негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың көрсеткіштерін анықтаған. Олар:
- табиғат құбылыстарының маусымдық өзгерістерін бақылау;
- көркем шығармаларды талдау, халық ауыз әдебиетін қолдана білу;
- тәжірибе жасау, модульдік тапсырманы орындау;
- проблемалық жағдаяттар туғызу, қорытынды жасай білу.
Осындай негіздегі әдістемесін іске асыруда ғалым суретті сериялар, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар, өлеңдер, әңгімелер, ертегі, проблемалық жағдаяттар, сюжетті-рөлдік және дидактикалық ойындар, тәжірибелік сабақтарға көрнекі құралдар т.б. пайдаланған.

4. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы


1. К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М. Бородич, Ф.А. Сохин, О.С. Ушакова, М.М. Конина, В.И. Логинова және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.
2. Қазіргі кездегі тіл дамыту әдістемесінің басты міндеттері.


1. К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М. Бородич, Ф.А. Сохин, О.С. Ушакова, М.М. Конина, В.И. Логинова және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.
ХХІ ғасырдың ІІ жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі – К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді. Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің рөлін ерекше атап өтті. Оның тілін дамыту мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің басты рөл атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді. Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп,«бала алдымен өзінің ана тілін жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге бейімделеді» деп тұжырымдайды. Ушинский өзінің көзқарасын «Балалар әлемі және хрестоматиясы» (1861), «Ана тілі» (1864) деген еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинский бұл еңбектеріндегі құнды пікірлерінің бірі мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С. Семенович. Ол Петербургте. Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде «Отантану» деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар өткізу керектігі жөнінде сабақтардың балаларды қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты.
Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның педагогикалық тәжірибесінің негізінде «Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы» деген еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы халық ауыз әдебиеті деп түсінді және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Сондай-ақ жас бүлдіршіндердің байқағыштығын дамыту үшін балаға ойыншықтарды көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік беру керектігін айтты. Бұларды кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір айтқандардың бірі – И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева Россиядағы, Италиядағы балабақшалардың тәрбие, тәжірибелерімен танысып, кейін өзі де балабақшада меңгеруші болып қызмет істеді. Осы тәжірибесінің негізінде бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен программасы болу керектігін айтты. Ол еңбектерінде ұсақ буржуазиялық еркін тәрбие теориясына қарсы шықты. Алайда, Тихееваның ревалюцияға дейінгі көзқарасында теріс пікірлер болды. Ол діни тәрбиені насихаттап, қоғамды таптардан жоғары ұйым деп қарады. Ревалюциядан кейін Тихеева өзінің теріс көзқарастарынан айырылды. Өзі басшылық еткен балабақша мен Ленинград пединститутында тіл дамыту әдістемесінің оқыту тәжірибесін жинақтап "Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту " деген еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Оның осы еңбегіндегі практикалық нұсқаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
Тіл дамыту әдістемесі Октябрь революциясынан кейін жете дамыды. Яғни, еліміздегі балабақшалардағы саны артып мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық негізі қалыптаса бастады. Біздің елімізде балабақша халық ағарту жүйесіне енгізілді. Сондай-ақ ұлттық балабақшалар салынып, оларда сабақ өз ана тілінде жүргізіле бастады және ұлттық балабақшаға арналған кадрлар дайындау мәселесі қолға алынды.
1924 жылы бақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия құрылып, оған Е.А.Флерина басшылық етті. Комиссия бұларға коммунистік тәрбие беретін жаңа әдебиеттер жазу керектігін айтты. Осы кездегі бақшаға жөніндегі бір теріс пікір ертегіні оқытуға тиым салумен байланысты еді. Бұл қателік 1934 жылы жазушылар съезінен кейін түзетіледі. Еліміздегі балабақшаға жұмысының жақсаруы орталық комитеттің жаңа шыққан қаулыларымен байланысты болды.
Советтік мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуының Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі мол. Оның педагогикалық еңбектерінде балалар тілін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ол сөзді ақыл-ой тәрбиесінің негізі деп қарады. Ал, балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы қаншалықты білімдері, түсініктері бар екендігін көрсетеді деп есептеген. Сондықтан ол 1932 жылы жазған «Балабақшаға арналған программа жобасына ескертпелер» деген мақаласында балаларды тыңдай білуге олардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып отыруға үнемі көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен бірге Н.Константиновнаның балабақшада балалардың тілін дамыту кезінде бақылау және қайталау әдістерін кеңінен пайдалану керектігі жөнінде пікір айтты. Крупскаяның пікірлеріне сай 1934 жылы шыққан балабақшаға арналған программада балалар тілін дамыту, кітаппен және суретепен жұмыс деген арнайы бөлімдер берді.
Программа кемшілігі: Балалардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеді және тіл дамыту бойынша алынған тақырыптар саны өте аз болды.
1938 жылы «Балабақша тәрбиешісіне басшылық» деген атпен жаңа бағдарламалық әдістемелік құжат жарық көрді. Бұл басшылықтың тіл дамыту әдістемесіне балалардың мәнерлеп сөйлеуіне, қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Бірақ бұл басшылықта қателік болды. Яғни, бала тілінің дыбыстық жағын байланыстырып сөйлеуіне көңіл бөлінбеді.
1948 жылы шыққан «Тәрбиешіге басшылықтың жаңа басылымында» ана тіліне үйрету және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінді және осы кезеңде мектепке дейінгі мекемелереге арналған алғашқы ғылыми еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Е.А.Флерина. Ол қарапайым тәрбиешіден педагогика ғылымының докторына дейін көтерілген ғалым. Ленин атындағы Москва мемлекеттік пединститутының профессоры. Ол мектеп жасынап дейінгі балалардың эстетикалық даму заңдыфлықтарына, баланың тілін дамыту балабақшаға арналған ойыншықтар және оған қойылатын талаптар, сондай-ақ бақшада бейнелеу өнерін ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар педучилищеге арналған оқу құралдарын жазуға қатысты өзінің іс – тәжірибелері бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Жанды сөз» деген еңбегінде баяндады. Бұл еңбекте балалардың тілін дамытудағы баяндау, әңгімелесу әдістеріне тоқтала келіп, нақты мысалдармен ол әдістердің ерекшелігін дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар Флерина балалар әдебиетінің хрестоматиясын құрастыруға қатысты.
1940 жылы еліміздің көптеген қалалары мен обылыстарында мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне арналған ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Бұл конференцияда балабақшаға арналған ғылыми еңбектерге таладау жасалынып қол жеткен табыстар және алда тұрған міндеттер сөз болды. Сондай- ақ осы конференцияда жеке адамдардың тәжірибелері ортаға салынды. Мысалы, Е.И.Радинаның «Балабақшада тіл дамыту» сабақтарында әңгіме әдісін қалай пайдалану керектігі жөніндегі баяндамасы өте сәтті шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет