2. Қазіргі кездегі тіл дамыту әдістемесінің басты міндеттері.Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – тәрбиеші-ұстазы содан кейін бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрби есігін ашу тәрбиеші-ұстаз бен бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі – мектепалды даярлық тобында бастау алып, бастауышта қолданады.
Қазірде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда. Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың қиын дыбыстарды дұрыс айтуын нақтылауға бейімдеу. Балаларды ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға жеткізу; сөйлеу мақамын жетілдіру, дауыс аспаптарын , сөзді есту қабілетін, фонетикалық қабылдауын, сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.
«Сөз», «дыбыс» ұғымдарын тәжірибелік жолмен меңгерту және олардың сөздік ойларын ойнаған кезде пайдалануға дағдыландыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру. Әңгімелеу кедерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйрету. Белсенді сөздік қорындағы әр түрлі грамматикалық формада септеп, жіктеп, жекеше, көпше түрлерін айта білуін жетілдіру. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап, сөзді дұрыс, таза мәнерлі етіп айтуға төселту.
Сөйлеуде бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібін сақтап айтуға жаттықтыру. Балалар асықпай анық, айқын сөйлеуін үнемі бақылап отыру. Дыбысқа еліктеу жаттығуларын жасату сөздерді тез, ақырын, қатты айтуға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ( м,н,л,б,т,д,п,ф,в) дұрыс дыбыстауға үйрету.
Ауыз арқылы еркін дем алу мен дем шығаруға жаттықтыру. Балалардың қазір қабылдаған және бұрын көргендері жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қалыптастыру.
Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі, онығ тілі болып табылады. Тіл – адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын құралдың икемділігі артып, шыңдала береді.
Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерінің, шәкірттерінің осы талапқа сай болуына мақсат етеді. Бүгінде жақа бөлім, жаңа ән ретінде тіл дамыту сағатын оқыту заман, уақыт талабы болып отыр. Тіл дамыту курсының міндеті- тіл заңдылықтарын үйрете отырып, ауызша және жазбаша түрде дұрыс әрі жақсы сөйлей білуге үйрену. Баланың тілін дамыту дегеніміз оның ойлауын дамыту екені белгілі. Бланың ойлау білу дағдыларын көрсететін белгіні-олардың ойлау операцияларын іске асыра білуі. Бұған теңеу, анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жинақтау әдістері, инструкция, дедукция әдістері жатады. Бұл операцияларды күрделілігі түрлі дәрежеде болып келетін аяқталған ойлар құрайды.
№5 Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
1.Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
2. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері.
1.Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін өлең, ертегі, әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор. Сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
ҚР «Білім беру» Заңының «Жалпы және кәсіптік білім беру» деген 21-бабында: іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру – жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін мына міндеттер жүзеге асырылады, осы міндеттер тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайды.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту. Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтай отырып, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда, адамдардың еңбек процестері, табиғат құбылыстарын бақылату, топ саяхаттық сабақтар өткізу басты рөл атқарады. Мұндай сабақтарда балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне тиүсіріп бекітеді. Айналадағы заттар мен құбылыстардың белгілері сан – сапа өзгерістері қайда неден жасалатындықтары кімдер жасайтындықтары жайында жаңа бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдылар кеңейеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсеруге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл дамыту сабақтарында балаларға тек қана жаңа сөздерді үйретіп қана қоймай сол үйретілген жаңа сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына жағдай жасау керек. Ол үшін үйретілген әр бір жаңа сөзді белгілі уақытта қайталап отыру керек.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету екі түрге бөлінеді: екі не одан да көп адамдардың сөйлесуі – диалогты сөйлесу деп аталады. Мұндай сөзге үйрету алдын-ала әзірленген арнайы сабақтар арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы жүзеге асырылады. Баланы жуындырғанда, киіндіргенде. Тамақтандырғанда, серуенге шығарғанда, ертеңгілік қабылдауда, кешке алып кеткенше әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгі байланыстырып сөйлеуге үйретудің екінші түрі – монолог. Монолог – бір адамның байланыстара сөйлеген сөзі. Мұндай сөйлесудің мақсаты белгілі бір факт оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне қайталап айту ойдан шығарып айту әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |