Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет14/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
лекция

1. Балабақшада балалардың жас мөлшеріне қарай сөздік қорын молайту жұмысының мазмұны мен міндеттері. Мектепке жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың өзіндік тәсілдері бар.
І. Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру – ең негізгі тәсіл. Тәрбиеші сол сөзді балалардың назарын аударатындай етіп, жайлап түсінікті етіп, морфологиялық жағынан қатесіз айтуы тиіс. Жаңа сөзді мүмкіндігіне қарай сол затты көрсету арқылы түсіндірсе, бала есінде жақсы сақталады. Мысалы, тәрбиеші құмыра деген сөзді көтеріңкі екпінмен айтып және қолындағы құмыраны көрсетіп, «Балалар мынау сүт құйылған құмыра», - дейді.
Кей жағдайда таныстырылатын жаңа сөзді оларға бұрыннан таныс синоним, антоним сөздері арқылы түсіндірген тиімді. Немесе жаңа сөзді сөйлем ішінде келтіріп, оның басқа сөздермен байланысын байқауға болады. Мысалы, тәрбиеші бесік сөзін түсіндіруде «бесікте бала ұйықтап жатыр» деген сөзді келтіреді.
Жаңа сөз балалар есінде жақсы сақталуы үшін тәрбиеші сабақ соңында дейін өзі де, балаларға жеке – жеке және хормен айтқызады.
Балалардың назарын жаңа сөзге аударуда ол сөздің шығу тегін де айтқан жөн. Онсыз да бұл неге осылай аталады, не себепті деген сұрақ қойғыш балаларға сөздің түп-төркіні туралы түсінік беру артық болмайды. Қайта баланың тілге деген қызығушылығы, сезінуі күшейе түседі. Мысалы, жұмыс – жұмысшы, құрылыс – құрылысшы т.б.
Балалардың сөздік қорын жандандыруда сұрақтарды кеңінен қолдануға болады. Сұрақ қою тәсілімен әсіресе көп сөйлемейтін, тұйық балаларды сөзге тарту жеңіл.
ІІ. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.
Сөздік жұмысын жүргізудегі ең тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Мысалы, «Қуыршақ Сәуленің туған күні», «Біз қайда болдық, не көрдік?» деген дидактикалық ойындар арқылы балалар өз ойларын толық жеткізуге, естілген жаңа сөздерін естеріне түсіруге дағдыланады немесе «Шешуін тап» ойыны кезінде тәрбиеші сипаттайтын анықтауыштар айтады да, балалар анықталатын зат атауларын табады.


2. Балалардың актив және пассив сөздері.Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтап отыру, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда адамдардың еңбек процестерін, табиғат құбылыстарын бақылату, топсаяхаттық сабақтар өткізу басты роль атқарады. Мұндай сабақтарда балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне түсіріп бекітеді. Айналадаға заттар мен құбылыстардың белгілері, сан-сапа өзгерістері, қайда, неден жасалатындықтары, кімдер жасайтындығы жайында жаңа, бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдыларын кеңейтеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл дамыту сабақтарында балаларға тек қана жаңа сөздер үйретіп қоймай, сол үйретілген жаңа сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына да жағдай жасалу қажет. Ол үшін үйретілген әрбір жаңа сөзді белгілі уақытта сабақтан тыс кезде қайталап отыру қажет.
Бұл «Алғашқы қадам» бағдарламасы 1-3 жасқа аралығы бойынша балалар ересектермен тілдік қатынасын дамыту қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету; ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буынды қолдануға көшуге ынталандыру. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, аға т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1жас 6 айға қарай таныс заттарды түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді.
3 жастан - 5 жасқа дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту. «Зерек бала» бағдарламасы бойынша балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту. Заттардың бөліктерін ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағаналы сөздер антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, т.б.) енгізу.
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттар: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар сияқты атаулармен толықтыру.
Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен толықтырылып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Ал «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер, ыңғайлас салалас және бағыныңқы шылаулармен толықтыру. Осы жастағы балаларға:
- жалпылауыш сөздерді қолдана білуге (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, жиһаз, т.б.)
-түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білу іскерлігіне, сөйлемге көпмағаналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға; белгілі бір заттың белгілеріне қарай, затқа әрекет естуді және белілген әрекетке зат таңдай білуге.
Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру болып табылады.
Бала тіліндегі сөздер актив және пассив сөздер болып бөлінеді. Актив сөздерге бала түсінетін және сөйлегенде қолданатын сөздер жатады. Актив сөздерінен бала тілінің байлығы байқалады.
Ал пассив сөздерге бала мағынасын түсінетін, бірақ сөйлегенде пайдаланбайтын сөздері жатады. Зерттеулердің көрсетуінше, бала тіліндегі пассив сөздер актив сөздерге қарағанда саны жағынан көп болады. Бала тіліндегі пассив сөздері күнделікті тілдік қарым-қатынаста пайдалануға дағдыландыру оңай емес, өйткені бала сөздерінің мағынасын ажыратуда, айтуда қиналуы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші сөздік жұмысын жүргізгенде төмендегі принциптерді басшылыққа алады:
а) жаңа сөздер балаға айнала қоршаған ортамен таныстыру барысында үйретілуі керек.
ә) сөздік қорды молайту психикалық процестер мен адамгершілік қабілетті дамытуға да әсер етеді.
б) сөздік жұмыстары жүйелі, бірізділікпен жүргізілсе ғана нәтижелі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет