Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет17/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
4. Жалпылама сөздерді меңгерту. Жалпы мағынасы бойынша топқа бөлінген сөздерді балалардың меңгерулері бірнеше сатыдан тұрады.
1. Жалпылаудың нольдік сатысы немесе дәрежесі.
Бұл сатыда бала жалқы есімді де, жалпы есімді де түсініп қабылдайды. Мысалы, ата, әже, кітап, орындық т.б Жалпы есім сөздерді Айнұр, Айгүл деген есімдер секілді жалқы есім деп түсінеді.
2. Жалпылаудың І дәрежесі. Яғни біртектес заттардың, іс- әрекеттердің жалпы атауын түсіну. Мысалы допты көрген бала соған ұқсас нәрселерді мөлшеріне, материалына қарамастан доп деп түсінеді.
3. Жалпылаудың ІІ- дәрежесі. Бұл кезеңде тектік ұғымды білдіретін сөздерді бала ажырата алады. Мысалы, үстел, орындық, шкаф - бәрі де жиһаз екендігін, ал көйлек, костюм, пальто - киім түрлері екенін түсінеді. Бұл дәрежедегі сөздерге балалар үш жастан кейін үйренді.
4. Жалпылаудың ІІІ дәрежесі. Бұл кезеңде балалар ІІ дәрежедегі сөздердің қандай топтарға жататындығын меңгереді. Мысалы, жиһаз, аяқ - киім , ыдыс- аяқ, ойыншықтар- бәрі де заттар екендігін, ал, ақ, қызыл, сары, жасыл түстердің түрлері екендігін түсінеді. Мұндай сөздердің топтарын 5-6 жасқа келгенде жақсы меңгереді.
5. Жалпылаудың ІҮ дәрежесі. Бұл кезеңде балалар әр топтағы лексикалық сөздерді, мысалы, зат атауларын, қимылды білдіретін сөздерді, заттың санын, сапасын білдіретін сөздерді толық ажырата алады. Мұндай сөздерді 6-7 жасқа келгенде айқын ажыратып, тәрбиеші сұрағына жауап бере алады.
Егер балалар жалпылаудың төртінші дәрежесіндегі сөздердің мағынасын үйренуге қабілетті болса, онда олар лингвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяр болғаны: Бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.
Тектік түрлері қатынастағы сөздерді жиһаз - үстел, орындық, керует үйрене отырып, балалар оларды тұтас және оның бір бөлігі ретіндегі сөздерді айыра білу
тиіс: орындық- оның сирағы, арқалығы, отыратын орны;
бет - маңдай, жақ, мұрын, ауыз, көз;
13 Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі
1. Қарым-қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту.
2. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері.
3. Есту қабілетінің мәні
Жеке сөздер арқылы білдіруге болмайтын түрлі мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал-тәсілдерінің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы» деп аталады. Грамматика ұғымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттеуде өзінің тексеретін обьектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру обьектісінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екіге бөлінеді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім.
Синтаксис – сөйлем мүшелерін, сөздердің байланысу тәсілдерін, сөйлемнің түрлерін зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді. Бірақ бала тілінде грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде меңгертіледі, ереже айтылмайды. Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс жүргізіледі:
Балалардың ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету. Сөздің грамматикалық құрылысын көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей, екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп байқалады.
Өйткені балалар көбінесе сөйлеген кезде жай сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы балаларды құрмалас сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге дағдыландыруы тиіс. Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек:
А) бір топтағы балаларға арналған ұзақ мерзімдегі сабақ мазмұнын таңдау. Мұндай тақырыпты таңдаған кезде тәрбиеші жыл басында өз тобындағы балалардың қандай грамматикалық формалардан қате жіберетінін байқауы тиіс. Ол үшін сұрақ – жауап арқылы тексеру сабағы өткізіледі. Мұндай сабақ 10-20 минут болады. Тексерудің қорытыныдысы бойынша жалпы топқа тән грамматикалық формамен жұмыс жүргізіледі және бұл жұмыстың ұзақтығы сол грамматикалық қателерін топтағы балалар толық меңгергенге дейін жалғасады.
Ә) бір сабаққа арнап программалық материал таңдау. Тәрбиеші күнделікті тіл дамыту сабақтарына жоспар жасағанда белгілі бір грамматикалық форманы меңгерту жолдарын сабақ мақсатын енгізіп отыруы қажет. Мысалы, көмекші есімдерді меңгерту. (Зат есімдермен тіркесіп айтылады, мысалы, жаны, қасы, асты, үсті) Осы көмекші есімдерді меңгерту үшін түрлі ойыншықтарды түрлі жағдайларда орналастырып, сол ойыншықтың кеңістікте орналасқан орындарын сөзбен айтқызу қажет. Осылайша жеке бір тақырыптарды мысалдар арқылы түсіндіріп, баланың назарын, ынтасын сол материалға аударуға болады.
Б) сабақта өтілген материалдарды қайталау. Қайталау кезінде баланың түсінігіне қиындық келтіретін грамматикалық формада алған дұрыс. Қайталау жұмысы ең аз дегенде бір апта немесе бір айдан кейін жүргізіледі.
В) сабақтың сипаты қай топта болмасын бала тілінің грамматикалық жағын дамытуда, көбінесе, дидактикалық ойындар және жаттығулар жүргізу грамматикалық формаларын меңгерту кезінде тәрбиешінің негізгі қолданатын әдісі. Сол грамматикалық тұлғаның айтылу үлгісінің берілу балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын жетілдіруде қазақ тілі грамматикасының нормаларымен баланың жас ерекшеліктері ескеріліп жұмыс жүргізіледі. Бірақ соның өзінде де топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысы бірдей деңгейде болмауы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты болады:
Баланың жалпы психологиялық заңдылықтарының дамуына байланысты (нерв жүйесіне байланысты, ақыл – ой, есі, ынтасы т.б.)
Сөздік қорының мөлшеріне байланысты.
Баланың сөйлеу аппаратының жағдайына байланысты.
Меңгерген грамматикалық категориялардың ауыр, жеңілдігіне байланысты.
Бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші, аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық жағдайына байланысты.
Бала тілін дамытуға педагогикалық басшылықтың рөліне байланысты.
Яғни балабақшадағы тіл дамытудың жүргізілуіне байланысты. Зерттеушілердің пікірі бойынша мектеп жасына дейінгі балалар тілінің өз бетімен білуіне, яғни белгілі бір тақырыпта немесе картинаны түсіндіріп беруіне мүмкіндік жасау қажет. Екіншіден баланың активті сөздік қорына сондықтан, сол себепті, өйткені тағы басқа тілдік құралдарды енгізу арқылы балаларды құрмалас сөйлем құрастырып айтуға үйрету керек.
14 Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі
1. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
2. Арнаулы сабақтарды, грамматикалық жаттығуларды, дидактикалық ойындарды қолдану және өткізу әдістемесі.
3. Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Грамматикалық жаттығулар балалардың қандай тілдік материалмен жағдай жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті- балалардың айтылған буындарымен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды дұрыс анық айтып беруге қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе С мен Ш, Р мен Л, Ж мен З сияқты дыбыстарды жалғастырып айту кемшіліктері жойылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар орфоэпиялық заңдылықтарды яғни әдеби тіліміздің нормасын сақтап сөйлеуде ерекше орын алады. Балалардың жауаптарында ,әңгімелерінде байқалған орфоэпикалық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты – ана тілінің морфологиялық құрылысын балаларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілген жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:
Алдымен мүмкіндігіне қарай негізгі түбірді онан әрі түбірді туынды түбірнді ең соңында түбірлік сөзді таңдайтындай жағдай жасалады.
Белгілі бір сөздің ішінен түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру ескеріледі.
Туынды сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Синтаксистік жаттығуға мәтіндегі қойылған тыныс белгілерді талдау, қойылмаған белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдермен, мәтіндегі қажетті тыныс белгілерін қойып түсіндіру.
Балалардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мынандай талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін балалардың сол жаттығуларды орындарлық білімі болуы шарт.
Балалар жаттығуларды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу балалардың қызығуын, ынтасын ,ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріп берілуі шарт. Өйткені бір сарында жаттығу, балалардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек жуықта ғана өтілген материалдарға негізделией бұрын өтілген кейбір материалды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын, жаттығулар да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.
Шығармашылақ жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу бала еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар бала ойыны әсер етуі жағынан аналитикалық – синтетикалық болғаны жөн .
Яғни грамматикалық талдау сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндерді құрастыру, салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау. Өз пікірлерін дәлелдей алып, білгеннен жалпы қорытынды шығара білу т.б. Жаттығу жұмыстарының барысында балалар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсіреді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын әдістердің бірі лексикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұндай жаттығулар көбінесе сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мысалы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту және айттыру қажет.
Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс – логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды да, сол сипатталған өзгерістің жылдың қай мезгілінде болатындығын таптыртады. Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын балабақшада бар заттардың нәрселердің түрлеріне байланысты ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер тақырып табиғат құбылыстарына арналса, мынадай үш бағытта жүргізуге болады.
1. табиғаттағы қысқа мерзімде болып өтетін өзгеріс туралы мысалы, қардың еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б.
2. табиғат құбылыстарының заңды байланысын байқату, мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті.
3. Бір маусымда болатын өзгерістерді толықтырып түсіндіру және әңгіме құрату.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді меңгертудің де үлкен мәні бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, салыстыру арқылы іске асырылады. Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңінде:
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақша күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбырлайды қалтырап
Жақын қалды жел тоқсан
Жабырқайды жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунарма еді жатып-ап
Осы өлеңдегі күлімдеп, жалтырап, қалтырап, жабырқайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге ұқсайтындығын сұрағанда олар аппақ, жұмыр, қоңырқай, сары жұмыр тасты сабын секілді, судың мөлдір жерін айнадай деген теңеулерді айтып жауап бере алады. Сонымен балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап ететін тіл дамыту әдістемесінің басты саласы.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Сабақта жүйелі және орынды қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынтасын арттырып, білім дағдыларына игеруге іскерліктерін шыңдауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларға қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін білуге, есте сақтауға және оны бақылау кезінде және сабақта алған ұғымдарын тиянақты елестетулерін анықтай түсуіне көмектесуге болады. Соның негізінде байланыстырып сөйлеу тілі жетіледі.
Педагог-тәрбиешілер сабақта ойын элементін қолдану барысында мына негізгі мәселелерге көңіл бөлуі керек:
-ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерекшелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын;
-ойынға қатысушылардың санын анықтау;
-ойын барысында қолданылатын материалдардың тартымдылығы;
-ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
-ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәйкестігі;
Балабақшада балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету күннің екінші жартысында серуенге шыққанда әңгімелер, ертегілерді балалардың естеріне түсіріп өздерінің балабақшадан тыс уақытында көргенін әңгімелетуге болады. Мұндай жұмыс кезінде тәрбиешінің негізгі мақсаты олардың қатесіз дұрыс сөйлеуіне көңіл бөлу қажет.
15 Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі
1. Балаларды мектепке даярлауда баланың жеке басының дамуы және сөздік қарым-қатынастың дамуы үшін сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің маңызы және оның міндеттері мен әдістері.
2. Дыбыстың тазалығы мен мәнерлілігін қалыптастыру.
3. Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.
4. Сөйлеу техникасымен жаттығу (тыныс алу, дауыс, үн реңкі).
5. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы жалпы мағлұмат.
1. Балаларды мектепке даярлауда баланың жеке басының дамуы және сөздік қарым-қатынастың дамуы үшін сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің маңызы және оның міндеттері мен әдістері.
І. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс. Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету үш кезеңнен тұрады:
а) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.
ә) таныстырылған дыбыстардың айтылуын үйрету.
б) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
Осы үш кезеңді жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі. Үйретілетін дыбысты тәрбиешінің бірнеше рет қайталауы. Қандай дыбыстау мүшелері қатысатындығын түсіндіруі. Сол дыбыстарды балаларға айтқызу және тыныс алуларына көңіл бөлу. Сол дыбыстан құралған буындарды балаларға түрлі қарқында айтқызу. Сол дыбысты сөз ішінде қайталап айтқызу үшін тақпақтар оқып беру және жаттату, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтқызу.
ІІ. Үн реңкін жетілдіру.
Бұл міндетті жүзеге асыруда алдымен тәрбиешінің сөзі анық, айқын болуы қажет. Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде жаңылтпаштар айтқызудың мәні үлкен. Зеттеушілердің пікірінше бала сөзінің анық болуы еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына байланысты болады.
ІІІ. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.
2,5-3 айға дейін ссәбилер ересектердің сөзіне, ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды. Үш айдан алты айға дейін сәбидің дыбысты айыруы және оған көңіл қоя тыңдауы жетіле түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады. Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін жетілдіру үшін «Кімнің дауысы», «Қайдан естілді», «Мен не айттым» т.б. дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ жоғарылаған сайын жұмыста күрделене түседі. «кім көп естиді» деген ойын арқылы естіген дыбысын қайталату, дауыс қарқыны, дауыс күшінің қандай дәрежеде екендігін ажыратуға болады.
IV.Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Бұл міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен пайдалынады.
V. Сөз мәнерлілігін меңгеру.
Бұл міндет бойынша сөз сазына, екпін,кідіріс, дауыс күші, сөйлеу нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп сөйлеудің амал тәсілдеріне көңіл бқлуі қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп сөйлеудің тәсілдері пайдалануы тиіс.
VI. Дұрыс тыныс алуға үйрену.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру қажет.
2-3. Балалар тіліндегі бірнеше ерекшелік-сөздің дыбыстанужаын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл жағдайда жеке сөздердің дыбысық ағын дұрыс айтуына негіз болады.
Екінші ерекшелігі – олардың өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артиуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қатк айтады. Сондықтан олады сөздің дыбысық жағынан дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін тәрбиеші өз жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс балабақшаға алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеші түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы етістік кемшіліктерін анйқтайды. Балаланың толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмысары жүргізіледі. Балаларға қиян дыбыстар жиі қатысатын сөздер суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді.
Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін саақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылады. Тәрбиеші! Ф дыбысы дұрыс айтып үйренеміз-деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді, балалар. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларын бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді (шар, тор, кино т.б.) сабақ соңында сол дыбыстар жиі қаысатын өлең-тақпақ не жаңылтпаш оқылады.
Сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, инсцинеровка, драматизация жасатуға болады.
Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету сабағы айына бір-екі рет өтіледі. Түрлі жаттығу жұмыстарын бағдарлама талабын ескере отырып, басқа сабақтарға қосымша жоспарлауға болады. Күнделікті тәрбие жұмысы кезінде таңертең сабаққа дейін, түскі ұйқыдан соң әртүрлі жұмыспен байланыстыра өтізуге де болады. Мұндайда арнайы еңбекте көрсетілген жұмыс түрін кеңінен пайдалану қажет.
Бұл жастағы балаларды сөздің дыбыстық құрамына алдау жасай білуге үйрету үшн де жаттығу жұмыстары өтіледі.
Балаларды түрлі дыбыстарды айта блуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал-мәтел оқу, жаңылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, әңгімелеп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату,ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына-шұлық, жәшік чемодан, щетка: р,л,с,з дыбыстарына-радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс қолдануға үйрету. Ондайла: «жасырын сыр» «сөзді бірінен-біріне ақырын айту, жаңғырық (сөзді әр түрлі дауысты қатты, баяу, орташа қолдану) алыс-жақын (дуыс тонын көтере және төмендете оқу). Мұндай сөздер жақын және алыс, өте әріректе отырған балалар еститіндей дәрежеде айтылады. (ызың-ызың, сырт-сырт) Дыбыс сөз деген ұғымдарды меңгере оырып, сөздің дыбыстан құралатындығын түсініру қажет.
5. Бала сөздің сыртқы формасын (затты референтімен тоғыстыру) бірінші меңгереді, ал кіші өрінісіне, мазмұнына, мағынасына өз тәжірибесі,тілдік ортасы арқылы келеді. Жарым жастағы сәбимен қарым-қатынас жасай отырып, үлкен кісі оның езу тартып күлуін, талпынуын, алғашқы дыбыстық әсерін туғызады./ гуілдеу, ылдырлау/. Кейінірек жастың екінші жартысында қарым қатынас үлкен кісінің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сөйлеуімен қатынасқан эмоциялы-қимылды ойындар түрінде болады. (көбіне өлеңнің қысқа-қысқа жолдары айтылды) Сөйтіп бала алғаш рет көркем әдебиетпен ұшырасады. Екі жастағы кезеңде сабақтар шағын топтармен өткізіледі. Ұзақтығы балалардың белсенділігіне немесе керісінше, балалардың жалығу дәрежесіне қарай бірнеше минуттан он минутқа дейін құылып тұрады.Үш және төрт жастағы кезде балалардың тілінің жетілуі де шапшаң болады. Іл балалардың үлкендермен де, құрбыларымен де қарым-қатнасқа түсуінің негізгі құралына айналады.Үш-төрт жаста сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшйе түседі. Үш жаста балалардың сөз қоры бір жарым мыңға дейін көбеюі мүмкін. Төрт жастың аяғына таман бала өте қарапайым әңгіме құрасырып, бірнеше рет тыңдалған қысқа өлеңді еске сақтайды және қайталап айтады. Балалар бұл кезде шағын өлеңдерді, қысқа ертегілерді, әңгімелерді тыңдай алады және олардың мазмұны түінеді. Сондықтан да оларды тақпақты есте ақтауға, айтуға, таныс кіаптағы суреттерді қарайға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықылаын тудырып, қызықтырып отырудың маңызыд зор. Бес-алты жастағы кезде балалар шығарманы ықыластана тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деге өз көзқарастарын тиянақтап айа білуді меңгереді. Оларда шығарманың мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түірне қызығу тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды. Балалардың өздері жұмбақ, өлең құрай бастайды.
Балалардың тілін дамыту негізінен ережелерді меңгерту барысында және жаттығулар мен тапсырмаларды орындатқызу түрінде жүргізіледі. Осыған орай ережелерді нақтылай түсу /әрбір тақырыпқа тән ерекшеліктерді толық көрсету, жаттығуларды түрлендіру жағына қатты өңіл бөлінеді. Балалардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдерде белгілі біртақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда бізмына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет; яғни белгілі біртақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту, сөздерді үйретеотырып, сөздер жасайтын формаларды меңгерту және оларды байланыстырыпсөйлем құрауға, ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге,сөйлей білуге үйрету мақсат етілді. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөйлемқұрау және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлей білу) тіл дамыту жұмысыныңмазмұнын құрайды және олар күнделікті өтілетін грамматика, оқу сабақтарыменбайланысты біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршамажүйелі түрде өткізіледі деуге болады. Сондықтан тіл дамытудың осы негізгіүш бағытын бөлшектеуге, даралауға болмайды. Бұлар қатар жүреді, өйткенісөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негізболады;аләңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкінемес.
16 Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі
1. Ұтымды оқу іс-әрекетінің маңызы, мазмұны.
2. Балалар сөзінің мәнерлілігін тәрбиелеу.
3. Балалар әдебиетін пайдалану.
4. Балалардың сөздік, дыбыстық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті жағдай.
5. Тіл мәдениетінің ерекшелігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет