Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет16/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
лекция

2. Бақылау мен топсаяхаттың рөлі және оларды ұйымдастыру әдістемесі.Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жолдарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау, экскурция, әңгімелету сабақтарын өткізген де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын ескертуім керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп дәл танып білсін. Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндай «оң жақ», «сол жақ», «қарсы алдында» деген сөздерді үйренеді.
Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға білгілі дәрежеде мәлімет береді. Ол мәліметтер: халықтар достығы, президентіміз Н.Ә.Назарбаев, мемлекет қайраткерлері жөнінде балаға лайықты түрде түсіндіру. Отан, мемлекет, әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы мәлімет беру арқылы жаңа ұғымдармен таныстыру. Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып әңгімелесіп, түсіндіреді.
Тәрбиеші:
Балалар, біз қай мемлкетте тұрамыз?
Берікжан:
Қазақстанда тұрамыз.
Дұрыс, біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыздейміз. Отан дегеніміз не, сендер «отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Ақмарал:
Отан дегеніміз – біздің тұратын жеріміз. Қазақстан.
Тәрбиеші:
Иә, Отан – бұл сен туып – өскен жер. Адам үшін Отан – бұл тек елі ғанаемес, бұл туған қаласы, ауылы, көшесі, үйі. Бұл оның өзі және достары, ата-анасы өмір сүретін өңір. Біздің Отанымыз – Қазақстан мемлекеті. Әрмемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Олархалқымыздың дәстүрімен, мәдениетімен байланысты болады. Сендер қаламыздыңқай жерлерінде туды кездестірдіңдер.
Нұржан:
Әр түрлі мейрамдар өтетін қаламыздың орталық алаңында және ғимараттарда тукездеседі.
Тәрбиеші:
Еліміздегі ең басты ғимараттардың барлығын да Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік Туы көрік беріп тұрады. Оны жасаған суретші – Шәкен Ниязбековдеген аталарың. Ал, Елтаңба дөңгелек пішінді болып келген. Мемлекеттікелтаңбасының негізі – шаңырақ. Шаңырыақ –үйді, отбасын, ошақтыбілдіретін киіз үйдің күмбезі. Әнұран – бұл салтанатты ән, ол халықтыңтарихын білдіреді. Әнұран халықты бірлікке шақырады. Әнұранның мәтінінНұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әуенін жазған – ШәмшіҚалдаяқов деген аталарың. Балалар, Нұрсұлтан Назарбаев деген кім?
Жансая:
Нұрсұлтан Назарбаев біздің президентіміз.
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасың, Жансая. Мемлекет басшысы – президент. Оны халық сайлайды.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Президент дегеніміз – бүкіл елімізді басқарып отыратын адам, ол елдегітәртіпті сақтайды.
Сабақты түсіндіру барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің суреттерінжәне кішкене макеттерін көрсетеді. Материалдарды балаға лайықты түрде, оғантүсінікті болатындай етіп түсіндіріледі. Айналадағы өмірді бақылатужұмысында екі түрлі әдіс қолданылады:Біріншісі – баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысындаіске асады. Осының нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралыайқын елес қалады. Көріп, танығын заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне,формасына байланысты сөздік қоры дамиды.
Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатыпкөрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі- еңбек процесі, өліжәне тірі табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыракөрсетіп таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарындасабақ мазмұнына қарай диафильм, ойыншық, суреттер көрсетіліп, әдебишығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі құралдарды пайдалана отырып,өмірмен, іс- тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана баланың санасындаайналадағ дүние жөніндн айқын елес қалады. Мысалы, балабақшада сәбилер затесімдерді жекеше, көпше, септеп, жіктеп айта алады. Тәуелдік жалғаулары I-III жақта жекеше түрде қолданатыны байқалады. Бұл жағдайда балаларға танысүй жануарлары не ойыншық пен сурет көрсетіп әңгімелескенде анықталады. 3-3,5 жасар балалар кейде суреттегі заттарды көргенде оны өзінше меншіктіетіп қолданады. Мысалы, Бұл - менің суретім. Менің осындай бөлмем бар.
т.б.Сөздік қорды қалыптастыруда мынандай міндеттер көзделеді:
- Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу.
- Өмірмен байланысты сөздерді үйрету.
- Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету.
- Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет