Adobe Photoshop графиктік редакторы терезесімен танысу
0 – Программа терезесінің атауы
1 –Меню жолы
2 – Құралдар панелі
3 – Қасиеттер панелі (ағымдағы құралды баптауға арналған панель)
4 – Палитра панелі(қолданатын палитраны өзгертуге арналған панель)
5 – Басқаруға арналған палитралар жиынтығы
|
Аралас құжаттарды құру
Paint пен Microsoft Word - та ақпараттарды өңдеумен қатар аралас құжаттарды құруға болады.
Аралас құжаттар – мәтіндік және графиктік ақпараттардан тұратын құжат.
Аралас құжаттарды құрудың басты мақсаты : мәтіндік ақпаратқа қосымша графиктік үлгіде қосымша түсінік беру, графикалық ақпаратта детальдің атын атау.
|
Paint - та мәтін жазу
Paint - та графиктік ақпаратқа қосымша мәтіндік ақпарат енгізу үшін «Құрал - саймандар панеліндегі» мәтіндік ақпаратты енгізу командасы орындалады.
|
|
Paint - та мәтін жазу
Мәтіндік ақпарат енгізу барысында Paint терезесінің Тақырып жолында қосымша Мәтінмен жұмыс істеу командасы пайда болады. Онда қаріп,фон, түстер және алмасу буфері панельдерімен жұмыс істеуге болады.
|
3 - тақырыпша. Microsoft Word - та графиктік ақпаратты енгізу
|
Microsoft Word - та графиктік ақпарат енгізу
Microsoft Word - та қосымша графиктік ақпарат енгізу үшін «Меню жолындағы» «Қою» таңдалып, «Сурет» командасы орындалады. Команда орындалған соң компьютерде сақталған қажетті графиктік ақпараты таңдалады.
|
Аралас құжаттарды сақтау
Аралас құжаттарды сақтау үшін Paint пен Microsoft Word редакторының қарапайым командасы орындалады.
Paint пен Microsoft Word - та аралас құжаттарды кейін де өңдеуге болады. Ол үшін Paint - та мәтіннің,ал Microsoft Word - та суреттің үстіне басылып, «Тақырып жолындағы» мәтінмен немесе суретпен жұмыс істеу командасы орындалады.
|
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Adobe photoshop редакторы терезесін талда және мүмкіндіктерін ата
|
Paint - та мәтінді жазу командасы және оны сақтау командасын жаз.
|
Microsoft Word - та графикалық ақпарат енгізу және оны сақтау командасын жаз.
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Графикалық ақпарат дегеніміз не?
Аралас құжат дегенді қалай түсінесің?
Графикалық және мәтіндік ақпаратты өңдеудің қарапайым редакторын ата.
Аралас құжатты құрудың басты мақсаты неде?
Paint - та мәтіндік ақпаратты енгізу командасын ата.
Paint қандай программа?
Ақпараттың тағы қандай түрлері бар?
ІІ деңгей тапсырмалары
Microsoft Word - та графиктік ақпаратты енгізу командасын жаз.
Аралас құжатты сақтау командасын жаз. Аралас құжатты қайта өңдеу үшін қандай команданы орындау керек.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Paint пен Microsoft Word - та аралас құжат құрудың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Топтық жұмыс.
1 - топқа:
1. Горизонт сызығын салып, көрсет.
2. Эллипстің көмегімен күннің суретін салып, эллипстің төменгі жағын «Өшіргіш» арқылы өшіріп таста.
3. «Құю» әрекеті арқылы теңіз, аспан, күнді бояу қажет.
4. «Сызық», «Шашыратқыш», «Төртбұрыш», «Құю» әрекеттерін кезек қолдана отырып, экранның бос жерінде қайықтың суретін сал.
5. Оны «Ерекшелеу» әрекеті арқылы ерекшелеп, алмастыру буферіне сақтап ал. Ол үшін қажетті сурет аймағын белгілеп, ерекшеле. Содан соң, горизонтальды мәзірден «Түзету – көшіру», «Түзету – Қою» әрекеттері арқылы алмастыру буферіне сақта.
6. Алмастыру буферінде сақталған қайықтың суреттерін су бетіне бірнеше көшірме жасай отырып, орналастыр.
1. Суретті «Суда жүзген қайықтар» деп сақта.
2 - топқа
Paint - та түрлі фигураларды салып, фигуралардың атын сәйкестендіріп жаз.
3 - топқа
Microsoft Word - та графиктік ақпарат енгізіп, оны қалауың бойынша өңде.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |