Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Көптік, тіркес, қосарланған жарақаттар



бет47/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Көптік, тіркес, қосарланған жарақаттар.

Политравма деген сөз жинақталма түсінік болып, оған мынадай механикалык жарақаттар кіреді: көптеген, қосалқы, құрастырылған жарақаттар.
Көптеген(көптік) механикалық жарақатқа бір қуыс ішіндегі екі немесе бірнеше мүшелердің, тірек-қозғалыс мүшелерінде не аяқтың, не қолдың әр бөліктерінің жарақаттары жатады. Мысалға, іш құрылысында бауыр мен ішек, аяқ пен қолда сан сүйегі мен білек сүйектерінің сынуы.
Қосалқы(қосарланған) жарақат деп бір уақытта екі немесе бірнеше іш қуыстарының мүшелері немесе іш мүшелері және тірек-қозғалыс аппараттарының жарақатын айтады. Мысалға, көк ет және қуық жарақаттары, кеуде қуысының мүшелері және аяқ сүйектерінің сынуы, бас сүйек-ми жарақаты және жамбас сүйектерінің жарақаты.
Құрастырылған(тіркес) жарақат деп әртүрлі жарақаттандыру факторлары әсер еткенді айтады.
Мысалға, ортан жіліксынуы мен кез келген жердің күйігі. Бұл жағдайда екі фактор әсер еткен. Кейде бұдан да көп факторлар әсер етуі мүмкін.
Мұндай жарақаттар жарақаттық шокпен, көп қан кетумен, қан айналысы мен дем алудың бұзылуымен қабаттасуынан болады.
Көптеген жарақат мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1. Өзара ауырлату синдромы байқалады. Мысалға, қан кету жарақаттық шоктың пайда болуына әсер етеді де, жарақаттанған адамның халін
нашарлатады.
2. Кей уақытта тіркестік жарақат болғанда ауруға керекті толық ем жасау мүмкін болмайды. Мысалға, кеуде сүйектерінің сынығы тоқпан жіліктің сынығымен тіркескен болса, тоқпан жіліктің сынығын орнына салып торокобрахиальдық гипспен бекітуге мүмкіндік болмайды.
3. Мынадай өте ауыр асқынулар: көп қан кету, шок, токсемия, бүйректің кемістігі, майлы эмболия, тромбэмболия аурудың жағдайын өте қиындатады.
4. Көптеген қосалқы жарақаттар бір-бірінің клиникалық белгілерінің толық білінуін жойып, диагноз қоюда әртүрлі қателіктерге әкеп соғады.
Политравма көбіне көлік апаттарында, немесе үлкен биіктіктен құлағанда кездеседі. Мұндай жағдайларда көбінесе 20 мен 50 жас арасындағы адамдар жарақаттанады. К





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет