Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Зақымдану тереңдігін анықтау



бет49/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Зақымдану тереңдігін анықтау.
Зақымдану дәрежесін анықтау анамнездің мәліметтеріне, күйік жарасын қарау кезінде алынатын мәліметтерге және қан айналысы мен сезімталдықтың бұзылу дәрежесін анықтайтын бірқатар диагностикалық сынамалар нәтижесіне негізделеді.
Күйік аймағын қараған кезде қызару, қабық, өлі еттену ошақтары сияқты белгілерге назар аудару керек. Тиісінше, табылған белгілерге сүйене отырып, күйіктің тереңдігін болжауға болады. Күйік дәрежесін ажырату үшін, әсіресе, ІІІ а және ІІІ б дәрежелерін ажырату үшін қан айналысы мен сезімталдықтың бұзылуын анықтайтын әдістер, арнаулы бояғыш заттар мен ферменттік препараттар қолданылады.
Қан айналысының бұзылуын анықтау. Беткі күйіктерге тән құбылыс.
а) Басу әдісі
Қан айналысының бұзылу дәрежесіне байланысты үш аймаққа айырады:

  1. Гиперемия аймағы. Беткі күйіктерге тән. Қызарған теріні басқан кезде тері бозарады.

  2. Іркіліс аймағы. Басқан кезде терінің түсі өзгермейді. Өйткені айқын көктамырлық іркіліс пайда болады. Әдетте, бұл құбылыс 1 тәуліктің аяғына таман дамиды (сынама аталған мерзім өткен соң айқын байқалады). Сонымен қатар, артериялық қан қысымын өлшейтін аппаратпен 60-80 мм.сын. бағ. тең қысым жасалса, некроз болған жерлерде көгеру байқалмайды. Мұндай өзгерістер ІІІ б және IV дәрежелі күйіктерге тән.

  3. Қан айналысы толық жоқ аймақ. Терең күйіктерде, ылғалды, құрғақ өлі еттену аймақтарында байқалады.

Тетрациклиндік флюоресценция әдісі. Окситетрациклинді ішкеннен соң қараңғы бөлмеде күйік болған жерді кварц лампасымен сәулелейді. Беткі күйіктер (I – ІІІ а дәрежелі) сары түсті жарық береді, ал терең күйіктерде мұндай құбылыс байқалмайды.
Термометрия әдісі. Терідегі қан айналысы бұзылса температурасы төмендейді. Бұл әдістің көмегімен ІІІ а, ІІІ б дәрежелі күйіктерді ажыратуға болады. ІІІ б дәрежелі күйікке шалдыққан жерлерде температура 1,5 -2оС -қа төмен.
Ауырсыну сезімін анықтау. Ауырсыну сезімі ІІІ а дәрежелі күйікте күрт төмендейді, ІІІ б, IV дәрежелі күйікте тіпті болмайды.Күйік тереңдігін анықтаудың тағы бір әдісі – терідегі түкті жұлып көру – егер науқас ауырсынатын болса және түк тез жұлынбаса – күйік беткі күйік; терең күйікте түктер оңай алынады, ауырсыну сезімі болмайды.
Аталған сынамаларды дұрыс бағалау үшін тексеруді терінің сау немесе беткі күйік жағынан бастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет