Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Күйік кезінде дәрежесін және көлемін анықтау



бет48/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Күйік кезінде дәрежесін және көлемін анықтау.

  1. I дәрежелі күйік. Зақымдану тек эпидермисті қамтиды. Терінің қызаруы, ісінуі, ашыған ауырсыну сезімімен көрініс береді. Бұл құбылыстардың негізінде тұрақты артериялық гиперемия мен қабынулық экссудация жатыр.

  2. II дәрежелі күйік. Тері тереңірек зақымданады, бірақ бүртікті қабаты сақталады. Эпидермис дермадан ажырап, мөлдір, сары түсті сұйық толған көпіршіктер пайда болады.

  3. І а дәрежелі күйік терінің ішінара (бүртікті қабаттың ұштарының) өлі еттенуімен сипатталады, әйтседе терінің тереңдегі қабаттары мен оның туындылары (шаш қапшықтары, тер мен май бездері) сақталады.

  4. ІІІ б дәрежелі күйік. Терінің толық өлі еттенуімен сипатталады. Кейде тері астындағы шел қабаттары да зақымдануы мүмкін.

  5. IV дәрежелі күйік. Тері мен тері астындағы шел қабаттары ғана емес, тереңде орналасқан тіндер де өлі еттенеді (бұлшық ет, сіңірлер, сүйек пен буындар).

Зақымдану ауданына байланысты
Күйіктің ауырлық дәрежесін анықтау үшін зақымданған беттің ауданын анықтаудың маңызы зор.Адам денесінің жалпы ауданы 15000 см -тан 21000 см -ге дейінгі аралықта.
Күйіктің жалпы ауданын және терең күйіктердің ауданын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген арифметикалық, графикалық жобалар мен есептер ұсынылған.
Күйіктің ауданын анықтаудың бірнеше әдістері ұсынылған.
А. Уоллестің әдісі (1951 ж.). Бұл әдіс «тоғыздық ережесі» деген атпен белгілі болды. Бұл ережеге сәйкес дененің негізгі бөліктері 1-2 тоғыздықтан тұрады (дененің жалпы ауданының 9%) – тиісінше 9-18 %. Балаларда бұл қатынас өзгешелеу және жасына сәйкес өзгеріп отырады.
«Тоғыздық ережесіне» сәйкес бас пен мойын 9%, қолдың ауданы 9 ■ 2 =18%, кеуденің алдыңғы беті – 9 ■ 2 =18%, кеуденің артқы беті – 9 ■ 2 =18%, сандардың ауданы – 9 ■ 2 =18%, балтыр аяқ басымен – 9 ■ 2 =18%, шап аралығы -1%. Уоллестің жобасы дәл болмағанмен күйіктің ауданын тез де қарапайым түрде анықтауға мүмкіндік береді.
И.И. Глумовтың әдісі (1953ж.). Бұл “алақан әдісі” деген атпен белгілі. Бұл ереже бойынша күйіктің ауданы 1%-ке тең зардап шегушінің алақанының ауданымен өлшенеді.
Б.Н. Постниковтың әдісі (1949 ж.). Б.Н. Постников күйген теріге стерильденген дәке немесе целлофан салып, күйіктің жиектерін сол дәкеге немесе целлофанға көшіруді ұсынды. Осылайша, миллиметрлік қағаз көмегімен күйіктің абсолюттік ауданы анықталады. Сонан соң дененің жалпы ауданына қатынасы арқылы күйіктің пайыздық ауданы анықталады. Бұл әдіс ұзақтығы мен машақаты көптігіне байланысты тәжірибеде қолданылмайды.
Г.Д. Вилявиннің жобасы. Күйіктің ауданын құжаттау мен есептеу үшін бірқатар авторлар адам денесі көрсетілген әртүрлі пішіндегі штамптар әзірледі. Бұл штамптар белгілі бір ауданға сәйкес келетін шаршыларға бөлінген. Бұл шаршылар «скиццалар» деп аталады. Кең таралған жоба Г.Д. Вилявиннің жобасы. Бұл жоба адам денесінің алдыңғы және артқы бетінің жобасы. Күйіктің тереңдігі әртүрлі бояумен немесе штрихпен көрсетіледі. Дененің бүйір бетінің жағдайын көрсету үшін профильдік скиццалар жасалған.
Күйікті көрсетудің Ю.Ю. Джанелидзе шығарған формуласы.
Күйіктің ауырлығы 3 негізгі фактор бойынша анықталады:

  • күйіктің тереңдігі (дәрежесі);

  • күйіктің ауданы (%);

  • күйіктің орналасқан жері.

Бұл аталған әдістердің барлығының бір кемшілігі –күйік жөнінде толық мәлімет бермейді.
Бұл орайда Ю.Ю. Джанелидзе (1931 ж.) ұсынған, кейін В.В. Васильев пен В.О. Верхолетов толықтырған формула дәлірек көрінеді.
Бұл формуланың қазіргі кездегі көрінісі мынадай: күйік бөлшек түрінде көрсетіледі. Оның алымында күйіктің ауданы, жақша ішінде терең күйік ауданы, ал бөлімінде – күйіктің дәрежесі көрсетіледі. Сонан соң – негізгі зақымданған аймақтар көрсетіледі (бас, мойын, кеуде және т.б.).
Мысалы, бас пен мойынның 10% (оның ішінде 5% терең күйік) II – III дәрежелі термиялық күйігі деген диагноз былайша жазылады: Термиялық күйік 10% (5% ) бас, мойын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет