Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Методы исследования костей и суставов



бет5/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Методы исследования костей и суставов
Рентгенография
КТ
МРТ
УЗИ
Ангиография
Радионуклидные методы (ядерная медицина)
Костная денситометрия
РЕНТГЕНОГРАФИЯ
Основные требования к рентгенографии:
- выполнение рентгенограмм в стандартных укладках как
минимум в двух взаимно перпендикулярных проекциях
- отображение на снимке двух или хотя бы одного сустава,
ближайшего к исследуемой области
- использование дополнительных укладок при
исследовании сложных анатомических структур

КТ-ангиография - КТ с внутривенным болюсным контрастным


усилением выполняется при обследовании пострадавших с
тяжелой сочетанной травмой, а также больных опухолевыми,
сосудистыми, воспалительными заболеваниями опорнодвигательной системы
Рентгеновские методики с контрастированием
применяют для получения дополнительной информации о
состоянии сосудов, характеристики сосудистой сети
новообразований, локализации абсцессов и гнойных
затеков, визуализации внутрисуставных структур,
синовиальных сумок и синовиальных влагалищ
сухожилий:
ангиография
лимфография
фистулография
артропневмография,
бурсография
тенография
Кт
КТ обладает более высокой разрешающей способностью и широким диапазоном при измерении рентгеновской плотности по
сравнению с рентгенографией и томографией • Это создает возможность детального изучения состояния костных и многих мягкотканных
анатомических структур • КТ позволяет получить комплексное трехмерное (объемное) изображение органов
опоры и движения

  1. Қан кетудің классификациясы. 67 сұрақта дұрыс классификациясы бар.

Қан кетудің жіктелуі
Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі: қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі. қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету. қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар.
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Артериялық қан кету – өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара – көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.
III. Сыртқы ортаға, ағзаларға және тіндерге қатынасына байланысты тін ішілік, сыртқы және ішкі қан кету деп бөлінеді.
Тін ішілік қан кету. Қан тамырдан шығып оның айналасындағы тіндерге сіңгенде, қан құйылу пайда болады, егер қан тіндерді ажыратса гематома түзіледі.
Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді.
Қан ішкі қуыс ағзалардың ішіне немесе организмнің табиғи қуыстарына құйылатын болса ондай қан кетуді ішкі қан кету деп атайды.
Егер қуыс сыртқы ортамен тікелей байланыста болып қан сыртқа ағатын болса ондай қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды (мұрын қуысынан қан кету, асқазаннан қан кету, несеп жолдарынан, іш қуысына, кеуде қуысына, буын ішіне, үлпершек ішіне).
Ішкі қан кетулер айқын және астыртын қан кетулер болып екіге бөлінеді.
Қан өзгеріске ұшыраған түрде болсын, белгілі бір уақыт өткеннен соң, сыртқа шығатын болса мұндай қан кетуі ішкі айқын қан кету деп аталады және күрделі тексеру жүргізу мен арнайы белгілерді анықтауды қажет етпейді. Мұндай қан кетулерге асқазан – ішек жолдарының қуысына қан кету жатады («кофе тұнығы» түстес құсықпен, нәжістің қара түске (мелена)
боялуымен көрініс береді). Ішкі қан кетуге сонымен қатар, өт жолдарынан қан кетуді, бүйрек пен несеп жолдарынан қан кетуді жатқызады.
Астыртын қан кету кезінде қан ішкі қуыстарға құйылады, сондықтан көзге көрінбейді.
Олардың қан құйылған жерге байланысты арнаулы атаулары бар. Серозды қуыстарға қан кетудің бір ерекшелігі қанның фибринінің серозды қабықтарға шөгуі. Сондықтан, серозды қуыстардағы қанның құрамында фибрин болмайды да қан ұйымайды. Астыртын қан кетулерді анықтау өте күрделі. Сондықтан, қан кетудің кәдімгі белгілерінен басқа жергілікті белгілерді анықтайды, диагностикалық пункциялар жасалады және қосымша анықтау тәсілдері қолданылады.
Қан кетудің басталу мерзіміне байланысты біріншілік және екіншілік қан кетулер болады.
Жүректің, қан тамырының, паренхиматозды ағзаның жарақатынан кейін бірден болатын қан кетуді біріншілік қан кету деп атайды.
Егер қан кету өздігінен тоқтап, белгілі бір уақыт өткен соң сол жерден қайталанатын болса ол екіншілік қан кету деп аталады. Оның қайталану мерзіміне байланысты екіншілік қан кетуді ерте және кеш екіншілік қан кету деп екіге бөледі. Ерте екіншілік қан кету деп тоқтағаннан кейін бірнеше сағаттан 4-5 тәулікке дейінгі аралықтағы қан кетудің қайталануын, кеш екіншілік қан кету деп 4-ғ тәуліктен кейінгі қан кетуді айтады.
Егер паренхима мен оның қабығы бір мезетте зақымданып қан қуысқа бірден құйылатын болса мұндай қан кетуді бір мезеттік қан кету деп атайды. Егер паренхима зақымданып, қан қабық астына жиналып, қабық кейін жыртылған кездегі қан кету екі мезеттік қан кету деп аталады.
Ерте екіншілік қан кетудің екі негізгі себебі бар:
Алғашқы операция кезінде тамырға салынған байлаудың босап кетуі.
Жүйелік қан қысымы көтеріліп, қан айналысы жылдамдаған кезде, қан тамырының спастикалық жиырылуы (жедел қан кетудегі) бәсеңдейді де қан тромбты жуып жібереді.
Кеш екіншілік қан кетулер немесе аррозиялық қан тамырларының жарадағы инфекциядан ыдырауымен сабақтасты.
Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.
Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.
Қан кетудің науқастың өміріне қауіптілігі мен организмдегі қан айналысының бұзылу сипаты қан кетудің ауырлық дәрежесімен анықталатын болғандықтан, қан кетудің ауырлық дәрежесін анықтаудың маңызы аса зор. Қан кетудің ақыры үшін 2 фактордың шешуші маңызы бар: жоғалтқан қанның көлемі және қан кетудің жылдамдығы. Айналыстағы қан көлемінің (АҚК) 40%-дан (салмағының 4-4,5%) астамын жоғалту адам өмірімен сәйкессіз деп саналады.
Қан кетудің ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.
Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).
жеңіл дәрежесі – АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
орташа дәрежесі – АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
ауыр дәрежесі – АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 – 2000мл)
массивті дәрежесі – АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)
Қан жоғалту дәрежесін анықтаудың емдеу тактикасын және трансфузиялық емнің сипатын анықтау үшін маңызы зор.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет