Солтүстік қазақстандағы жаздық ЖҰмсақ бидайдың селекциясының жетістіктері мен болашағЫ



бет3/4
Дата03.02.2017
өлшемі1,56 Mb.
#8724
1   2   3   4

Целинная-Зс, Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да Шортандинская х Лютесценс 104/6-24 сорттарымен сатылы жолмен будандастыру арқылы алынған.

Авторлары В.К.Мовчан, О.С.Хориков, Л.А.Троицкая т.б.

Лютесценс түршесі, масағы ақ, қылтықсыз, түктелмеген, дәні қызыл. Масақ сабаққа жай ғана иілген, ал тамырда тұрып қалса жатып қалады.

Масақ пішіні призматикалы, жоғары қарай үшкірленген, масағы бос /10 см білікте 15 мүшедей. Масақ қауыздары дөрекі, ланцетті, орташа ұзындығы 8-9 мм, нервация әлсіз бейнеленген. Масақ қабық тісшелері қысқа, тік, қырсыз.

Иығы тік, жіңішке 1-2 мм, килі күшті көрінеді, тегіс. Дән пішіні жартылай домалақ, дәні қызыл, ойпағы орташа.

Түптену мерзімінде түп пішіні шашыраңқы, жапырағы жасыл түсті түктелген. Сабағы орташа қалыңдықта, қуысты. Сорттың морфологиялық белгісі басқа сорттарға қарағанда айырмашылығы, масағы борпылдақ, масақ қылтықшасының жоғарғы жағы 2,5 см тік орналасса, гүл қабықшасының сыртқы жағына қарай үлкейеді. Өсу-даму, жетілу кезеңдеріне қарай бұл топ орташа мерзімде пісетін сорттарға жатады. Табиғи жағдайда және инфекциялық фонда тозаңды қаракүйемен, қоңыр, сабақ таттарымен және сабақ зиянкестерімен залалдануы Саратовская 29 сорты секілді. Қазақстанның солтүстігінде бұл жоғары сапалы, күшті бидай сортына жатады.

1995 жылдан бастап аудандастырылған.



Ақмола 2, Сорт астық шаруашылығы ҒЗИ-да күздік түрлердің жаздық түрлерге трансфармациялық будандастыру арқылы алынған. / линия Лютесценс М-808 х Целинная 60/.

Жаздық линиялы Лютесценс 808, күзгі бидай Мироновская 808 сортынан алынған,

Лютесценс түршесі, масағы ақ, қылтықсыз, түктелмеген, дәні қызыл. Сабақта тік орналасқан.

Масақ пішіні призматикалы, жоғары қарай жіңішкерген, ақ түсті, тығыздығы орташа /10 см білікте 22 мүшеден/. Масақ қабықшасы дөрекі, ланцетті, орташа ұзындығы 9-10 мм, ені 4-5 мм, нервация әлсіз бейнеленген. Масақ тісшесінің қабықшасы қысқа, өткір, жеңіл қайқыланған. Иығы тік, ортасында 1-1,5 мм, масақтың жоғарғы жағында көтерілген, килі күшті айқындалған, тісті.

Дән пішіні жартылай домалақ шынылы, жалаңаш, қызыл түсті, тұқым ойығы көгіддір, дәні ірі, 1000 дәннің массасы 33,1-44,1 г.

Түптену кезінде түбі тік, жапырағы күңгірт жасыл, әлсіз түсіңкі, балауызданған. Сабағы орташа жуандықта, берік, қуыс.

Ақмола 2 сортының морфологиясын мына белгілері бойынша ажыратуға болады, қылтықты гүлдің сыртқы қабықшаларында масақ ортасынан 0,5 мм бастап, масақтың жоғары ұшына дейін /10 мм/ болады.

Қылтықшалары тік және тек жекелеген гүл қабыршақтарда бүгілген қысыңқы болып келеді.

Өсіп жетілу мерзімі ұзақтығы орташа мерзімде стандарт Саратовская 29 сортымен бірдей немесе 1-2 күн ерте піседі.

Кенжегали. Сорт Ақмола аграрлық университеті мен Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да жаздық жұмсақ бидай Целиноградка сортының регенерантарынан іріктеу әдісі бойынша алынған.

Авторлары В.К.Швидченко, К.А.Сағадиев, Б.Ө.Әлімжанов, В.И.Зотиков, А.М.Тысленко т.б.

Лютесценс түршесі. Масағы ақ, түктелмеген, қылтықсыз, дәні қызыл. Жоғарғы агрофонға ауымтал, шашылмауға және жатып қалуға төзімді. Саратовская 29 сортынан масағының жоғары дәнділігімен ерекшеленеді. Құрғақшылыққа төзімді, технологиялық және дәннің наубайханалық сапалары жақсы, өнімділігі жоғары.

Сорт өндірістік өсіру технологиясына, механикалық жинауға және өңдеуге төзімді.

Солтүстік Қазақстанның жоғарғы агрофонға 18-23 мамырда 3,2-3,5 өнгіш тұқым мөлшерінде далалы аймақтарда себуге ұсынылған.

Солтүстік Қазақстанның климаты

Солтүстік Қазақстанның климаты құрғақ, шұғыл континентальды, жауын-шашынның аздығы және ауа райының құбылмалылығымен сипатталады. Бұл жағдайлар ең бірінші мыналарға байланысты, Еуразия материгінің ортасында тұрған Қазақстан Атлантика мұхитынан өте алыс тұр, ал ол дымқылдандырудың ең негізгі көзі.

Орта Азияның шөлейт жерлерінің жақындығы да Қазақстанның солтүстігіндегі құрғақшылықты күшейтеді. Ол жақтан келетін ауа құрғақшылығы мен жоғары температурасымен белгілі. Жазғы мерзімде олар күшті құрғақшылықтың дамуына әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның территориясына келетін, көбінесе дымқылы аз арктикалық ауаның және континенттік негізі қоңыржай ендіктің ауасы да маңызды жағдай /А.С.Утешев, 1959, 1965/.

Солтүстік Қазақстанның территориясы батыстан шығысқа 1300 км астам және оңтүстіктен солтүстікке 800 км жердің көлемін алып жатыр. Бұл үлкен аймақтың көлемінде климатгың өзгеруі салыстырмалы көп емес және көп жағдайда жер бедеріне байланысты. Мұнда жылына орта есеппен 200-300 мм ылғал түседі. Солтүстік Қазақстан территориясында олар біркелкі бөлінбейді. Ылғалдың ең көбі солтүстік және солтүстік батысына /350-400 мм/, ал оңтүстігіне ең азы /200-250 мл/ түседі /А.А.Григорьев, 1944. В.В.Редков, 1964. А.С.Утешев, 1959/.

Қысы ұзақ және суық желдер мен борандар жиі болады. Ең суық ай-қаңтар. Бұл айдың орташа температурасы солтүстік бөлігінде — 18,-19 градус, ал оңтүстігінде — 15, -16 градус. Температураның абсолюттік минимумы —48,-50 градус, ал жылдық орта есептік минимумы —36,-40 градус, оның өзінде төменгі көрсеткіштер /-40 градус/ Ақмола және Павлодар облыстарында болады. Өсімдіктердің қыстан шығуы өте қиын және қардың түсуіне байланысты. Әсіресе далалық аймақта қар біркелкі түспейді, кейбір жылдары топырақтың тоңдану, тоңазу тереңдігі 2,5 м, ол күздік егістіктерге жағымсыз әсер етеді /Б.В.Федорович, 1960/.

Қысқы мерзімде 70-100 мм ылғал түседі, ол жылдық мөлшердің үштен бір бөлігі.

Солтүстік Қазақстанның көктемгі қысқа орташа тәуліктік температурасы тез көтеріледі. Температураның жоғарылауы тез салқындаумен ауысып отырады. Мамырдың бірінші онкүндігінде суықтар байқалады. Бозқыраулар бүкіл мамыр бойы болады, кейде 15-20 маусымға дейін созылады.

Қардың еріп кетуінен жаздық бидайды себуге дейінгі кезеңде жауын-шашынның түсуі өте аз /35-50 мм/ және олар булануға кететін ылғал шығыны мөлшерін жаба алмайды. Осы кезеңдегі жапырақтағы ылғалдың булануы көктемгі жауын-шашын мөлшерінен 2 есеге асып түседі /Н.М.Бакаев, Л.Е.Ревенский, 1976/.

Солтүстік Қазақстанның жазы ұзақ және ыстық болады. Тек кейбір жылдары жаз ылғалды және салқын болады. Шілде айындағы ауаның орташа температурасы солтүстік аудандарда +19 градус шамасында, ал оңтүстік аудандарда / Торғай/ +23, + 24 градусты құрайды.

Көктемгі соңғы бозқыраумен күзгі алғашқы бозқырауға дейінгі кезеңнің ұзақтығы салыстырмалы түрде өте ұзақ емес және жылдар бойынша қатты өзгеріп отырады, көктемгі бозқыраудың түсуінің аяқталуынан, күзгі алғашқы бозқыраудың түсуіне дейінгі уақыт. Бір жылда орта есеппен 100-125 аязсыз күндер болады. Кейбір жылдары олардың ұзақтығы 146 күнге дейін өсуі мүмкін немесе 73 күнге дейін қысқаруы мүмкін. /Шортанды метеорологиялық станциясының деректері/

Ауаның температурасы +10 градустан жоғары кезеңдегі орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 1800-3200 градусты құрайды, осы температура жиынтығы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі үшін жеткілікті болады.

Жазғы уақыт кезеңінде /маусым-тамыз/ 120-170 мм жауын-шашын түседі, олардың көбі шілде айына келеді. Солтүстік Қазақстанда жауын-шашын мөлшері жазды екі қуаңшылық кезеңге бөледі, жаздық ерте мамыр-маусымдык, қуаңшылық және тамыздағы күзгі қуаңшылық. Осы екі қуаңшылық кезеңге де суық жиі сәйкес келеді. Көктемгі суықтың созылуы, күздің ерте салқындауы, жазғы жауын-шашынның кеш түсуі Солтүстік Қазақстанның климатына тән келеді және жаздык, бидай өсіретін аймақтардың климаттық жағдайынан ажыратуға болады. Мысалы, Ресей Федерациясының Поволжье ауданында құрғақшылықтың ең төменгі керексіз әрекеті жаздың басында көрінеді де аяғына қарай күшейеді. Ал Солтүстік Қазақстанда қуаңшылық көктемнен басталады, жаздың ортасына қарай тоқталады да, күзде жалғасады.. Осы климаттың өзіндік ерекшеліктері ерте пісетін және тез пісетін сорттардың селекциясында біздің аймақта да көп қиындық әкеледі /С.С.Сдобников, 1964, В.П.Кузьмин, 1965, 1978/.

Атмосфералық қуаңшылық Қазақстанның солтүстігінде қатты желдермен, әсіресе оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бағытта сәйкес келеді. Ерте қуаңшылық және шаңды дауыл сәуірдің аяғында, мамырдың басында байқалады. Жазғы кезеңде булану түсетін жауын-шашынның мөлшерінен жоғары болады, нәтижесінде топырақта ылғал жетіспеушілігі және қуаңшылықтардың жиі қайталануы байқалады/ В.П.Чупахин, 1973/.

Ылғал жетіспеушілігі бірқатар ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге қиындық тудырады.

Жалпы Солтүстік Қазақстанның климаты біртексіздігімен ерекшеленеді. Өте ылғалды жылдар және қуаңшылықты жылдар бір-бірімен кезектесіп отырады. Жауын-шашындар ақ жауын түрінде жауады, олардың түсу уақыты мен мезгілі жыл сайын өзгереді. Солтүстік Қазақстанның климатына В.П.Кузьмин /1965/ талдау жасағанда былай деп жазды: " Бұл жерде ойламағанда батыс аудандардың /жаз ортасының құрғақшылығы/ немесе Полярье маңының /өте қысқа және суық өсу мерзімі/ не оңтүстіктің /көктемнен күзге дейін аңызақ ауа райы/ шөлейт климаттарының езгерістерін байқауға болады".

1-сурет.Солтүстік Қазақстан және басқа жаздық бидай аймақтарында ылғалдың болуы

Солтүстік Қазақстан (Шортанды п., Ақмола облысы)

— Ресей Федерациясының Оңтүстік-шығысы (Саратов қ.)

~ " Ресей Федерациясының қара топырақсызы (Москва қ.)



Солтүстік Қазақстан республика территориясының 600 мың шаршы км көлемін алып жатыр. Аймақтың солтүстік бөлігі Батыс-Сібір төмендігінің оңтүстік шектелуінде орналасқан. Орталық және оңтүстік бөлігін қазақтың таулары алып жатыр. Солтүстік Қазақстанның батысында Торғай үстірті орналасқан, солтүстікке қарай Батыс-Сібір ойпат жеріне айналады. Осы үлкен аймақтың территориясы түгелдей ашық жазықтық.

Солтүстік Қазақстанның топырақ қыртысы біркелкі емес.Солтүстік жазықтық бөлігінде кәдімгі қара топырақ орналасқан. Шығыс жағында құмдық топырақтар иеленген, ал батыс бөлігінде ауыр және орташа саздақ қара қоңыр топырақтар басым. Орталық Қазақ үстіртінің жазықтық аумағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ, механикалық құрамы саздак, және орташа саздақ. Бұл топырақтар кәдімгі /сортаңдалмаған/ карбонатты және сортаң топырақтарға бөлінеді/А.М.Петелина, Ю.В.Федорин, 1960/.

Солтүстік Қазақстандағы осы аталған топырақ түрлері бейтарап әлсіз сілтілі реакцияға жақын. Аймақтағы топырақтардың тұздануы әр түрлі дәрежеде, шағын бөліктерден біртұтас сор және сортаң жерлер қазіргі уақытта шабындық және жайылым құрамына енеді, оның көбі түбегелі жақсарту арқылы өнімді мал азығы құруға бағытталады.

Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың

өнімділігі және морфологиялық-биологиялық

ерекшеліктері



Өсу мерзімі

Өсу мерзімі сорттың шаруашылық қасиетін бағалағанда негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ұзақтығы мен көптеген қасиеттеріне байланысты, олар өсімдіктердің аязға, құрғақшылыққа, татқа, зиянкестердің зақымдалуына және т.б. төзімділігі. Өсу мерзімінің ұзақтығы мен сорттардың кең таралуына байланысты.

Зерттеушілердің пікірінше, өсу мерзімінің ұзақтығы сорттың тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен және өсу жағдайларымен /топырақ пен ауаның температурасымен, жауын-шашын мөлшерімен, ауаның дымқылдығымен, агротехникамен т.б. белгіленеді /Н.И.Вавилов, 1935. Е.Ф.Пальмова, 1935. В.И.Разумов, 1954 т.б./.

Дәнді дақылдардың өсу мерзімін көбінесе екі негізгі кезеңдерге бөледі, көктеуден масақтануға дейін және масақтанудан пісуге дейін. Көктеу мен масақтанудың арасындағы күндердің санына көбінесе ауаның температурасы мен күннің ұзақтығы әсер етеді /А.И.Носатовский, 1950. Д.Ацци, 1959/. Бұл мерзімнің ұзақтығына сыртқы жағдайлар аз әсер етеді, ал сорттың биологиялық ерекшеліктері басым түседі /Г.К.Иванов, 1971. Ф.А.Удачин, 1961/. Ал масақтану-пісу мерзімінің ұзақтығына температура және дымқылдық жағдайлары бірден әсер етеді / А.П.Шехурдин, 1961. П.М.Фокеев, 1961. А.И.Носотовский,1965./

А.И.Носотовскийдің /1950/ айтуынша, дәннің толуы мен пісуіне, топырақта ылғал болса, ең жағдайлы көрсеткіштер ауаның орта тәулік температурасы 16-20 градус және ауаның салыстырмалық ылғалы 50 процент болғанда жөне бұл мерзімнің ұзақтығы температурамен байланысты, көтерілсе қысқарады, ал төмендесе ұзарады.

Н.И.Вавилов /1935/, Е.С.Кузнецова /1929/ ескерткен, өсу мерзімінің өзгергіштігі көбінесе географиялық факторлардың әсерімен байланысты. Ерте пісетін сорттар бір жағдайларда кеш пісетін, ал екінші жағдайларда-ерте.

ВА.Кумакованың /1978/ пікірі бойынша жаздық бидайдың өсу мерзімі тек қана географиялық әсермен өзгермейді, ал болатын жағдайларға қарай бір ауданда да әр түрлі.

В.П.Кузьмин /1965/ ескерткен, Қазақстанның солтүстігінде бидай сорттарының өсу мерзімінің ұзақтығы метеорологиялық және басқа факторлармен көп байланысты. Бұл аумақта көп жылдық зерттеулер жүргізгенде, орта пісетін Саратовская 29 сортының /О.С.Хориков, В.К.Швидченко, 1982/ өсу мерзімі 72-ден 98 күнге дейін өзгерген /1-кесте/. Сонымен қатар көп озгерістер Саратовская 29 өсу мерзімінде масақтану-пісу уақытына келген. Құрғақ жылдары бұл мерзім ол сортта қысқа, ал суық жауын-шашынды жылдары үзақ. Қазақстанның солтүстігінде өсу мерзімінің үзақтығының өзгерістері жұмсақ бидайдың басқа сорттарында байқалған.

1 кесте

Жаздық жұмсақ бидай Саратовская 29 сортының өсу мерзімі /Шортанды п. Қазақ АШҒЗИ/

Даму мерзімі

3 жыпдьң орташасы

Төменгі шеңбері

Жоғарғы шеңбері

Орташадан ауьпқу

+

-

Егу-көгеру

12

8

14

2

4

Көгеру-масақтану

42

37

48

6

5

Көгеру-гісу

82

72

98

16

10

Масақтану-пісу

40

32

57

17

8

Дүние жүзінің сорттарының өсу мерзімі әр түрлі - 75 күннен 300-ге кейде одан да көп күндерге созылады. Жаздық бидай тобында бүл көрсеткіш 75-тен 105 тәулікке дейін. Тәжірибелік қолданғанда бидайды тез піскіштігімен кластарға беледі. Ол жағдайда әр түрлі топтар мен терминдер қолданылып түсінбестік пен қателестікке соғады. Көбінесе тез пісетін және ерте пісетін деген түсініктерді шатыстырады, өйткені ерте пісетіндер тез пісетіндер емес. Сондықтан зерттеулер жүргізгенде бір классификацияны қолдану керек. Бидай сорттарын тез піскіштікпен арасында 5 күн жіберіп бөлген тәжірибелі шаруашылықта ондай сорттардың болғаны егін ору жұмыстарын дұрыс және уақытында жүргізуге көп көмек береді. Бұл классификацияда сорттар келесі бес типке типшелерімен қоса топталады. 1. Өте тез піскіш, 7 күнде және одан да тез пісетіндер. 2. Тез піскіш, даму және пісуі 76-80 күндерде бітеді, 3. Ерте пісетін сорттар, 81-85 күндерде пісетіндер, 4. Орташа пісетін 86-90 күндік мерзімде пісетіндер. 5. Кеш пісетін, даму және пісуі 91-100 одан да көп күндерде бітеді. Бұл сорттар екі типшеге бөлінеді, а/ орташа кеш-өсу мерзімі 91-95 күн, б/ кеш-өсу мерзімі 96-105 күн.

Бұл классификация көпжылдық эксперименттердің негізінде жасалып ұсынылды. Айта кету керек, аумақта жаздық бидайдың тез піскіш аудандырылған сорты - болмағандықтан, стандарт ретінде Қазақстанның солтүстік облыстарында жақсы зерттелген, аудандырылған жаздық жұмсақ бидайдың орташа пісетін сорты Саратовская 29 алынды. Бұл сорттың орта есеппен өсу мерзімінің ұзақтығы көп жылдар зерттеу көрсеткішімен далалық жағдайда 86-90 күндер арасы.

Жаздық бидайдың сорттарының өсу мерзімінің ұзақтығы Қазақстанның солтүстігінде метеорология және басқа жағдайлардың әсерімен құбылмалы болады. 1-кестенің көрсеткіштеріне қарасақ төменгі шеңбермен жоғарғы шеңбердің арасында - 26 күн. Сондықтан ерте пісетін және орташа пісетін сорттар бұл аумақта тез піскіш не өте тез піскіш болады, ал орташа кеш және орташа пісетіндер - кеш пісетіндер сияқты. Аумақта орташа пісетіндер климаттық жағдайларға байланысты өте сирек. Қазақстанның солтүстігінде бидайдың орташа кеш пісетін сорттарына көңіл бөледі, өйткені өсу мерзімінің басында құрғақшылық жиі болады, ал суықшылық аяғында аз болуы мүмкін, сондықтан өсу мерзімі орташа кеш пісетіндікі.

Жаздық бидайдың өнімділігі қоршаған ортаның факторларымен байланысты және өсімдіктің сандық белгілерінің қоршаған ортамен әрекеттестік көрсеткіші.

Г.Гензельдің /1966/ пікірінше сорттардың өнімінің әр түрлі мөлшері, көбінесе генотипке емес, қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты. Сондықтан селекциялық жұмыстың нұсқаулары мен бағдары көбінесе аймақтың топырақтық-климаттық жағдайларымен байланысты. Қазіргі уақытта көптеген зерттеулермен әр түрлі аймақтарға климаттық жағдайларына байланысты бидайдың сорттарының модельдері жасалған. Мысалы, Ресей Федерациясының Волга бойының құрғақшылық жағдайында селекциялық сорттарды шығарғанда тез пісу мен құрғақшылыққа төзімділікке зор маңыз беріледі / А.П. Шехурдин, 1961/. Оны былай түсінуге болады, тез пісетін сорттар құрғақшылықтан қашады, өйткені ол аймақта құрғақшылық көктемнен күзге қарай күшейеді. В.Н.Мамонтова айтқан, сондай-ақ Ресейдің оңтүстік-шығыс жағдайында жаздық бидайдың сорттарын шығарғанда селекциялық жұмыста дұрыс бағдарлама алынған. Ресей Федерациясының оңтүстік-шығыс жағдайында көктеу-масақтану кезеңі қысқа және масақтану - пісу кезеңдері ұзақтау жаздық бидайдың тез пісетін сорттары керек. Ондай сорттарға жататындар Альбидум 43, Саратовская 21 т.б. / Л.Г.Ильина, 1970/.

Ресейдің Краснодар өлкесінің жағдайларында бидайдың сорттарының өсу мерзімі ұзарса өнімі төмендейді деп П.П.Лукьяненко /1973/ ескерткен. Сондықтан дүниежүзінің жаздық бидай өсіретін көп елдерінің аймақтарында астық өндіру кеш пісетін сорттарда емес, ол ерте пісетін сорттарда негізделеді./ В.П. Кузьмин, 1965 ж./

Солтүстік Қазақстан аймақтарының жағдайларында керісінше заңдылық байқалады. Аязсыз мерзімнің қысқалығына қарамастан бұл аймақта кешірек пісетін сорттар өнімділеу. В.П.Кузьмин /1965/ оған мынадай түсінік берген, кешірек пісетін сорттар осы аймақта жаздың кеш жауатын жауындарын көбірек пайдаланады.

Қазақстанның солтүстігінде жаздық жұмсақ бидайдың және басқа дәнді дақылдардың өнімі көбінесе, А.И.Бараевтың пікірінше, жаздың шілде және тамыздың бірінші жартысында болатын жаңбырдың әсерімен молаяды. Сондықтан жақсы жағдайда тез пісетіндер қалмайды, Ресей Федерациясының Волга бойындағыдай, қайта кеш пісетіндер.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның жылы мерзімі аздығына қарамастан, орташа пісетін және орташа кеш пісетін сорттар көптеген алқаптарды алып жатыр, ал ерте пісетін сорттардың егістіктері шамалы. Айтып кеткендей, дүниежүзілік тәжірибеде жаздық бидайдың ерте пісетін сорттары астық өндіруде алғы қатарда. Осындай қайшыластық Солтүстік Қазақстанның гидротермикалық ерекшелігімен байланысты, әсіресе жауын-шашынның болу уақыты мен молшылығы. Жаздық бидай егетін үш үлкен аймақтың /Канададағы Манитоба штаты, Орта Волга бойы- Саратов, Солтүстік Қазақстан/ жаңбыр жауатын уақытын талдай отырып біз бұл ерекшеліктерді байқаймыз, /4-кесте/ уақыттың қысқалығынан көп өндіріледі. Ал жауын-шашын болатын уақыт бидайдың барлық өсу мерзімінде. Волга бойында да ерте пісетін сорттарды кеңінен қолданады, өйткені бұл жерде күзгі-қысқы уақытта ылғал көп жиналады, бірақ жазда жаңбыр болғанымен ауаның температурасы тез көтеріледі. Құрғақшылық көктемнен күзге қарай күшейетіндіктен көктемгі ылғалды молынан пайдалану үшін ерте пісетін сорттар қолданады. Қазақстанның солтүстігінде басқа жағдай. Қысқы аязсыз уақыт ерте пісетін сорттарды қамтамасыз етеді, ал жазғы жауындар орта және орташа кеш пісетін сорттарға көңіл бөлгізеді /В.П.Кузьмин, 1978 ж/.

4-кесте

Жаздық бидай егетін аймақтардың аязсыз мерзімінің ұзақтығы және атмосфералық жауын-шашынның жиынтығы


Метеорологиялық станциялар

Аязсыз

мерзімнің

ұзақтығы


Айсайын болатын жауын-шашынның жиынтығы, мм

Бір жылды

Қазан-

наурыз


Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркуйек

Виннипег

96

501

127

35

57

80

80

62

60

Саратов

161

336

123

23

34

43

42

35

36

Шортанды

99

261

63

14

26

40

61

38

19


Көптеген зерттеушілердің көпжылдық байқауларымен айқындалынған,селекциялық жолмен кеш пісетін сорттарды Қазақстанның солтүстігінде болатын жаңбырларға тәрбиелеуге болады. Оны теориялық есептермен есептеп болжамдап көрсетуге болады. /2-сурет/ Жаздық бидайдың кеш пісетін сорттарының өсімдіктерінің ең маңызды кезеңі түтіктеніп өсу-масақтану уақытында, тез пісетін сорттармен салыстырғанда, топырақтың жаңбырмен ылғалданған мезгіліне келеді. Ал ерте пісетін сорттар дән толысу мерзімінде болады. Сонымен, жергілікті жағдайда ең жақсы ылғалды пайдаланатын кеш пісетін сорттар, сонысымен олар өнімділеу болады. Қазақстанның солтүстігінде жаздық жұмсақ бидайдың тез піскіш және ерте пісетін сорттары өнімнің деңгейі мен көлемінен орташа және кеш пісетіндерден ұтылады. Бұл аймақта сорттардың өнімділігі өсімдіктердің өсу мерзімі ұзара берсе өсе береді. Яғни, өсу мерзімінің әр күні өнімділікке әсер етеді.

5-кесте


Жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының өнімділігі және өсу мерзімінің ұзақтығы /алғы дақыл-сүрі жер/

Піскіштік тобы

Өсу мерзімі күндер

Сорттар саны

2 өнімі, г

Өте тез пісетін

70-75

32

102

Тез пісетіндер

76-80

22

135

Ерте пісетіндер

81-85

18

223

Орташа пісетін

86-90

14

236

Орташа кеш піс

91-95

7

308

Кеш пісетіндер

96-100

8

317

Өте кеш пісетін

101-105

4

319

НСР 0,95

-

-

28,9

Мына формулалармен (1,2) өсу мерзімінің қысқаруы өнімге қалай әсер ететінін есептеуге болады.
; ; (1)

; ; (2)

Формулаларда: АХ- жаздық бидайдың сорттарыныңпіскіштік топтарының арасындағы орташа үстеме, %; дХі-үстеме абсолюттік мөлшерде; ДУі- бидайдың сорттарының бір тобының орташа өнімділігі; УІ+1 - бидайдың сорттарының келесі топтарының орташа өнімділігі; 5- күндердің саның; д5-аралық сомасымен өнімнің орташа үстемесі %; д8і-үстеме абсолюттік мөлшерде; Уі- өте тез піскіш сорттар тобының орташа өнімділігі; Уп- жаздық бидайдың сорттарының өте кеш пісетін тобының орташа өнімділігі; Кдн-өте тез піскіш және кеш пісетін топтардың арасындағы күндер саны.

Егер есептеу негізіне экспериментальдік көрсеткіштерді алсақ, олар 5-кестеде, жаздық бидайдың сорттарының өсу мерзімін бір күнге кемітсек Қазақстанның солтүстігінде өнімнің шырынының көлемі 8,4 пайыз немесе 0,9 ц/га болады. / 6-кесте/Айта кету керек, өнімнің орташа үстемесі піскіштік топтарының арасында көп құбылмалы. Мысалы, егер өте тез піскіш пен өте кеш пісетін топтардың арасындағы өнім айырмасы 8,4 % немесе 0,9 ц/га болса, ал қатар тұрған топтардың арасында әр түрлі. Ең көп үстеме тез піскіш және ерте /3-2/ топтардың арасында 13,0 %, ал ең азы-орташа пісетіндер мен ерте пісетіндердің /4-3/ арасында 11%. Егер бидай сорттарының өсу мерзімі жергілікті жағдайда 95 күннен көп болса, онда өнім үстемі сезімді /6-5/-0.6 процент, ал еғер 100 күннен астам болса /7-6/ барлығы 0,1 процент.

6-кесте.


Аралық

Аралықтарға байланысты орташа үстеме

%

г

2-1

6,3

6,5

3-2

13,0

17,6

4-3

1,1

2,6

5-4

6,0

14,3

6-5

0,6

1,9

7-6

0,1

0,4
Өсу мерзімінің ұзақтығына байланысты жаздық жұмсақ бидай сорттарының өнімінің орташа үстемесі /алғы дақыл-сүрі жер/

Аралық саласымен орташа үстеме * Е-8,4%,* Е1-8,672 гр.

Ескерту 1,2,3,7-піскіштік топтары. /5-кесте/

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет