Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қол үзіп қалғанымыз белгілі жайт. Ономастика
саласындағы бұрмалауш ылықтар дәл осы тұста
еріс алып отыр. Мысалы, ономастикалық заң-ере-
жеде елді мекен, жер атаулары, көше, оқу орын-
дары тірілердің атымен аталмауы керек еді. Бірақ
Қазақстанның түкпір-түкпірінде олар тірі кісілер
атымен аталып жатыр. Мысалы, Жамбыл облысы
Мерке ауылындағы Жамбыл атындағы көше аты
өшіріліп, ол көшеге сол көшеде тұратын бір соғыс
ардагері өз атын қойдырып, ұялмай-ақ жүріп жатыр.
Осы тәрізді көптеген мектептер тірі кісілердің аты-
мен аталуда. Әрине, бұл - топономикалық сауат-
сыздықтан туындап жатқан жағымсыз құбылыстар.
Ономастика саласындағы аса қауіпті де күрделі
нәрсеғасырларбойы қалыптасып,тұрақты құбылысқа
айналған ұлттық дәстүрден қол үзу, халықтық тарихи
жадымыздан көз жазып қалу қателіктері санамызды
мәңгүртікке алып келуге жол беруде.
Жалпы, біздің қалыптасқан ата дәстүріміз бойын-
ша, макротопонимдерге кісі аты қойылмауы керек,
бірақ макротопонимдерге кісі аттары қойыла береді.
Мысалы, пәленшенің құдығы, түгенш енің аулы
(ертеде ауылда бір атаның бала-шағасы тұрған),
пәленшенің жайлауы т.б.
Макротопонимдерге адам атын қою дәстүрі бізге
Ресейден, ал Ресей орыстарына православие дінін
қабылдауына байланысты (X ғасырда) Византия-
дан енген православиелік дәстүр болатын-ды. Оры-
стар православие дінін қабылдаған соң, өз жеріндегі
макротопонимдерге адам атын қоя бастады, ол,
тіпті, дәстүрге айналып кетті. Біз Ресей боданына
айналған соң, отарланған жерлердегі макротопо-
394
Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері
нимдерге кісі аттарын қоя бастады. Мысалы, Павло-
дар, Гурьев, Петропавл, Черняев, Самсонов, Перов-
ский т.б. Кеңес үкіметі бұл дәстүрді ары қарай дамы-
та түсті. Мысалы, Ленинград, Сталинград, Калинин-
град, Чкалов т.б.
Б іздің
санам ы зды ң
сы рттан
келген
жат
дәстүрдің
ш ы рмауы нан
шыға
алмауына
бай-
ланысты, Қазақстанда, тіпті, тәуелсіздік заманға
қолымыз жеткен соң да сол дәстүр жалғасын тауып,
елді мекендерді Ы. Алтынсарин ауданы, Байзақ,
Бәйдібек, Исатай, Махамбет ауданы деп атап ат
тізгінін тартар түріміз жоқ. Осылай салып ұрып жат
дәстүрдің ықпалында кете берсек, халықтық тарихи
жадымыздан айырылып, мәңгүрттене беретін түріміз
бар. Мысалы, бабаларымыз жер рельефіне қарай
Сарыкемер деп атаған жерге біз Байзақ датқа атын
қойдық, тарихи мәні бар, ғасырлар бойы келе жатқан
Меңдіқара деген атауды Ыбырай Аптынсарин атына
ауыстырдық. Мұндай құбылыстар кең өріс алып
келеді. Егер біз ономастикадағы халықтық дәстүрді
сақтаймыз десек, жат дәстүрден қол үзуіміз керек
екен. Бұл аз дегендей, енді біз кейбір елді мекен,
жер атауларын ру атымен қою дертіне ұшырап
өрекпіп барамыз, бұл - жақсылықтың белгісі емес,
кертартпа құбылыс.
Х алы қты қ дәстүрден қол үзу дертінен тұған
жері, макро, микротопонимдерге жеке адамның
ез аты мен ф ам илиясын қосақтап қою тәрізді
жат дәстүрді қолданып келеміз. Бұл дәстүр -
орыстар мен кейбір Еуропалық елдерге тән. Ал
бізде атқарылған іс не тарихи оқиғаға байланы-
сты аталымдар жеке кісінің өз атына байланысты
|