Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру



бет11/17
Дата07.02.2022
өлшемі283,7 Kb.
#90475
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

    1. Білімін тексеру:

Эссе стратегиясы (баяндама, әңгіме, ертегі)
Шеңбер және Дөңглек
(ертегі)
Ертеде Шеңбер, Дөңгелек деген ағайынды жігіттер өмір сүріпті. Бірге ойнап-күліп, бірге жүріп, бірге ойын-сауық құрыпты.
Бірде Шеңбер:

  • Сен өзіңнің бет – пішіміңе қарап жүрсеңші, тек қарныңды ойлайсың – деп кекеткен күйде ойын айтыпты. Оған шамданған дөңгелек те қарап қалмапты.

  • Өзіңнің сырт пішініңді сылап-сипай бересің. Бәрібір сол күйіңдесің. «Қаңбақ» сияқты ұшып кетейін деп тұрсың. Тән сұлуы емес, жан сұлуы керек, - деген екен.

Шынымен де шеңбердің мінезі жеңіл, өзі сымбатты болатын. Ол жеңіл мінезін көрсетіп,

  • Әй, Дөңгелек бауырым, «қанағат қарын тойғызар деген, тарта ішсең тай қалады, қоя жесең қой қалады, - деген ғой. Сәл де болса, қанағат етіп, түр-түсіңе де қара лдегенім ғой деп ашумен айтып салыпты.

Мінезі салмақты Дөңгелек:

  • Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос – депті.

Осы жайтты сырттан естіп, бақылап тұрған әкелері Центр:

  • Дөңгелек ұлым дұрыс айтады, ақылды болыңдар. Мен үшін екеуің екі төбесіңдер. Шеңбер, айналайын, сен үлкенісің, сондықтан да ақылды болып, кішіге ізет көрсете біл. Сен Дөңгелек ұлым, үлкенге құрмет ет, - деп ақылын айтқан екен. Содан кейін, ағайынды екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.




  • Оқушылар, Шеңберді ағасы, Дөңгелекті інісі, ал әкесін Центр етіп алғанымның мәнісі неде екенін білесіңдер ме? Қане, кім айтады?

Оқушылар шеңбер, дөңгелек ұғымдары туралы өз ойларын айтады. Мұғалім толықтырып түсіндіреді.



    1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Шеңбер қазақтың төл сөзі. Орыс тілінде шеңбер - окружность делінеді.
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Шеңбердің барлық нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта жатады.
О нүктесін шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбер жазықтықты ішкі және сыртқы аймақтарға бөледі.
Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын фигураны шеңбер деп атайды.
Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады. Радиус латын сөзі radius – сәуле, доңғалақ шабағы дегенді білдіреді.
Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. Диаметр екі радиусқа тең: D=2R
Диаметр гректің dia – жарып және метр – өлшеу буындарының кірігуінен жасалған. Сонда диаметр – жара өлшейтін болып шығады.
Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.
Шеңбердің радиусы, диаметрі, доғасы ұғымдарын түсіндіріп, мысал келтіріледі.
Дөңгелек атауы грек тілінде ᴋνᴋλοξ – киклос болса, латын тіліне cyclus – дөңгелек, арба доңғалағы. М.В.Ломоносовтан бері круг атауы орыс тілінде қолдагылғанымен, онан бұрын оның циркуль баламасы болды. К.Жалановтың «Есептану жобасынан» (1923) бері дөңгелек атауын тұрақты пайдаланып келеміз.
Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі дөңгелектің де сәйкесінше центрі, радиусы, диаметрі болады. Дөңгелектің диаметрі оны өзара тең екі жарты дөңгелекке бөледі.
Тең шеңберлер, дөңгелектер жайында түсіндіру.

    1. Түсінігін тексеру:

а) №370, № 371- өздіктерінен
ә) № 372, №374, №375 - жазбаша тақтада орындау
б) ө – 3. Жеке оқушымен жұмыс. Яғни, жоспардағы есептерді шығарып болған оқушыларға қосымша өздік жұмыстар беріледі.

    1. Сабақты бекіту кезеңі:

1. Шеңбер дегеніміз не?
2. Қандай кесінді шеңбердің радиусы деп аталады?
3. Диаметр радиустан неше есе ұзын?
3. Дөңгелек дегеніміз не?
4. Шеңбердің доғасы деп нені айтады?

    1. Бағалау

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: № 373, №376, №377 - есептер
1.5. Математиканы оқыту үрдісінде терминдерді пайдалану.

Нашар ұстаз шындықты қайталайды,


Жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

А. Дистерверг


Математика барлық ілім бастауы, «ғылымдардың патшасы» атанған өмір тірегі. Осындай ғылымның саласында жүрген жан иелері де тәртіп, нақтылық, шынайылықтың жан - жағынан табылар. Яғни, осы маман иелері осы ғылымды математика пәні арқылы дамыта оқытуды қарастырады.
Қандай да бір пәнді оқытудың өз мақсаты, жоспары және әдісі, сондай -ақ басшылыққа алатын құжаттары мен оқу-құралдары болады. Математикалық білімді жаңалау, өмір талаптарына сай мазмұнын іріктеумен қатар даму тарихына да тоқтала кеткен өте орынды.
Оқушыларға сабақты меңгерту мұғалімнен кең білімділікті, шығармашылық еңбекті талап етеді. Сабақта әрбір математикалық ұғымға жеке тоқталып, шығу төркіні мен қазіргі пайдалану анықтамалығын түсіндіру керек. Бұл оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, білімнің мәнін түсінуге көмегін тигізер еді.
Математикалық ұғымдар, терминдер туралы түсініктер, символдар және олардың оқылуы, пайдаланылуы, шығу тарихы егжей-тегжейлі п.ғ.к., доцент С. Елубаевтың «Математика терминдерінің түсіндірме сөздігі» атты еңбегінде жазылған. Бұл түсіндірме сөздікті оқып шыққан адам қаншама ғылыми білім алады. Ал, оны пайдалана білу нұр үстіне нұр болары анық.
Бұл сөздік әсіресе, жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімдеріне таптырмас оқытыу құралы. Қазіргі жаңа өзгерістер заманының оқушыларын жаңашылдыққа, қызығушылығын оятуға, білімдерін жан-жақты дамытуға бар күш-жігеріңді жұмсап оқыту қажет. Олай болмаған жағдайда, шетелдік білімге қатысы жоқ техникалар бар ойын жаулап алары хақ.
Бұл сөздікте автор математика ұғымдарының негіздерін сұрыптап, оларға анықтама беріп, түсінікті болу үшін мысалдар келтірген және олардың геометриялық мағыналарын берген.
Мысалы, «Санның логарифмі», «Логарифмдік теңдеу», «Логарифмдік функция» тақырыптарын өткенде сөздіктегі 94 – 98 беттерден оқып - айтар оқушылар үшін тың, жаңа ақпараттар бар. Сөздікте ұғымдар алфавит тәртібімен берілген. Негізгі терминдер сөздігіне қоса мұғалімнің педагогикалық анықтамалығы берілген. Онда: «Халықаралық термин түзгіштері», «Қысқаша педагогикалық сөздік», «Қазақша – орысша атаулар сөздігі», «Байырғы өлшеуіштер мен қазақ есебі» және «Әріптік математикалық белгілеулер» атты бөлімдері келтірілген.
5 – сыныптың математика пәнін оқытуда кейбір тақырыптарына осы сөздікті қолдануға нұсқау берілді.
Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау тақырыбы. Яғни, "4-сыныптан өткенді қайталау" сабағын бастарда:
Натурал сан - N әрпімен белгіленеді.
Теразыдан шыққан грек математигі Никомах (I ғасыр) өзінің «Арифметикасында» сандардың табиғи қатары туралы айтады. Натурал сан атауын алғаш қолданушы рим авторы Аник Боэций болғандығымен, оны тұрақты француз ағартушысы Даламбердің (1717-1783) «Энциклопедиясынан» бері пайдаланып келеміз. Латынша натура - табиғат деген сөз, өйткені табиғатта кездесетін заттарды санаудан 1, 2, 3, ... туғанды. 1992 жылғы сөздікте натуральные числа – шынайы сандар, табиғи сандар деп көрсетілген, - деп шығу тарихынан мағлұмат беру керек. Ғылымда, білімде натурфилософия, натурализм, натурал сандар жиыны деп кездессе тұрмыста табиғи деп, орысшалап натуральный деп қолданады.
Натурал сандар жиыны N символымен белгіленеді. Белгілі бір a санының натурал сан екенін көрсету үшін a ∈ N деп белгілейміз.
Сол кезде оқушылар натурал сөзінің мән-мағынасын, шығу төркінін естіп, сабаққа қызығып, оқуға деген ынтасы артады.
Мысалы, «Координаталық сәуле» тақырыбын өткенде координаталық сәуле ұғымына анықтама берілген. Ал, «координата» деген қандай мағына беретін ұғым? Неге қазақша «реттелген сандары бар сәуле» деп жазылмаған - деген ой жақсы оқитын оқушыларға келеді. Ал, ынтасыз тыңдап отырған оқушылар тіпті де термин сөзге мән бермейді. Берілген күйінде жаттап алатын оқушылар да, мағынасын түсініп терминді ауызша айтып қолданғаннан жаттап алатын оқушылар да болады.
«А нүктесі 1 санына сәйкес келеді немесе бір саны А нүктесімен кескінделген делінеді» - деп жазылған. Бұл оқушыларға түсінікті әрине, бірақ осы сандардың да басқаша аталуын айта кету артық етпейді.
Координаталар – сызықта, бетте, жазықтықта не кеңістікте нүкте орнын анықтайтын белгілі ретпен алынған сандар. Координата атауы латынның coordinata – координата, бірігіп реттелген сөзінен шыққан. Мұндағы co – бірге жинақтау жұрнағы, ал ordinare – анықтау, реттеу, ілестіру, сәйкестендіру деген сөз.
Сабақта терминдерді қолданғанда оған этимологиялық талдау жасалуына мән беру керек. Этимология сөзі гректің этимон – шын, сөздің негізгі мағынасы және логос – ілім деген екі сөздің кірігуінен жасалған. Терминдерге этимологиялық талдау жасауда қаралатын мәселелер:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың жетекшілігімен “Математикалық терминдер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі» жарыққа шықты. Еліміз егемендігін алғалы 20 жылдың ішінде мұндай сөздік бірінші рет жазылып отыр. 1970 жылдары осындай сөздік Қ.Бектаевтың авторлығымен жарық көрген. Сөздік білім беру жүйесінде математиканы оқытуда қолданатын 8 мыңға жуық терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды және халықаралық деңгейде қабылданған математика ғылымының сөздіктерін ескере отырып жасалған.
Иә, еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде математикалық терминдерді жүйелеп, терминологиялық сөздер қорын толықтыру және оны қолданысқа енгізу мақсатында жасалып жатқан іс-шаралардың ең маңыздысы болды.
Ізденген оқытушыға жаңа оқулықтар немесе аты өшпес ғалымдардың артына қалдырған кітаптарынан қызықты деректер мен ғылымның түпкі ой-тұжырымдары табылады
Мысалға 5-6 сыныптарының «Математика» оқулығындағы шетел сөздері мен терминдері туралы айта кетсек. (5 сынып, «Математика». Авторлары: Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов. Алматы: Атамұра, 2010. – 368 бет.
6 сынып, «Математика». Авторлары: Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов
Алматы: Атамұра, 2011. – 400 бет). Бұл мәліметтер шамамен алынған.

Сынып

Шетел сөздері саны

Терминдер саны

Терминдерге анықтама берілгендерінің саны

5 сыныптан қайталанған терминдер саны

жаңа түсінік ұғымдар саны



5

97

27

19

-

-

6

77

55

27

21

35

Терминнің тұрмыстық мағынасын, ғылыми мағынасын, этимологиясын мұғалімнің айтып түсіндіруі оқушылардың білімге құштарлығын арттырады десек қателеспейміз.


Кітапта келтірілген сөйлемдердің құрылымы да (17 сөзден аспауы керек) нақты, шұбалаңқы емес болса, түсінуге жеңіл айтуға оңай болады. Кітаптың тілі әдеби, диалект сөздер ма, соған назар аудару керек. Оқытушы ауызша сөйлегенде, түсіндіргенде сөйлемі 7сөзден аспауы керек, жай сөйлем болуы керек. Мәтінмен берілген есептер неше ұғымға, сөйлемге негізделгеніне де мән беру артықтық болмайды. Шамамен «5»-ке оқитын оқушылар 3 ұғымға, «4»-ке оқитын оқушылар 2-ұғымға, «3»-ке оқитындары 1 ұғымға негізделгенін меңгереді. Үй тапсырмасын да, үйіп-төгіп бермей, 1-5 есеп аралығында берсе болады. 5 есеп берілсе, 3 есеп шығарған оқушыға «5», 2 есеп шығарылса «4», 1 есеп шығарылса «3» қоюға болады. Әрине, қосымша сұрақтар мен сынып жұмысына да қараған жөн.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар көрнекі, есеп шартына, өлшеміне сәйкес болуы қажет. Иә, мұның барлығы жалпы оқулыққа қойылатын талаптар болса, сол оқулығымыз терминдер, ұғымдар, белгі, таңба, символдардан құралады емес пе? Сондықтан да қысқаша айта кеткенді жөн көрдік.
5-6 сынып оқулықтары жоғарыда айтылғандай, кейбір терминдерге анықтама берілмегенмен, сөйлем құрамы шұбалаңқы емес. Дегенмен, барлық жағына мән беру тиіс, мысалға 5 сыныпта шетел сөздер саны – 97, бұл сөздер орнына өзіміздің ана тіліміздің сөздерін пайдаланса, оқушылардың ұлттық сана-сезімін кеңейтуге үлкен үлесін қосар еді. Мысалы: альбом орнына сурет дәптер, кофта – жейде, туфли – аяқ киім, парк – саябақ, бидон – улкен ыдыс т.б. сөздерді алуға болады.
5 – сынып оқулығында 6-беттегі 21* есебінде есеп берілгенінде бақша өнімдерінің ішінде қарбыз жоқ болса, суретте артық көрсетілген. 21 – бетте де 55-есептің суреті гүл шоқтарын көрсетпеген. 26-беттегі 3-тапсырманың 1.5-суреттің а бөлімінде 24 пен 52 сандарына сәйкес заттардың өлшемдері бірдей. 42-беттегі №141-есеп, 1.18 - суреттегі кіші қорапшаның өлшемдеріне мән берілмеген. 8 см мен 15 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет