Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет79/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап 
деңгейлеп оқыту). 2022 ж.27 б. 
2.
Ізғали Ж. Жоспарлау мен оқытуда саралау тәсілдерін қолдану 
/Әдістемелік құүрал/ Атырау, 2019 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
ЖОЛДАРЫ 
Болатбек Динара Болатбекқызы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №3 Абай Қҧнанбаев атындағы орта 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
 
Білім саласының дамуы мен ілгерілеуі ешқашан назардан тыс қалмайды. 
Себебі еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Қазіргі заман талабына сай 
болашақ ұрпақтың оқып білім мен тәрбие алуы үшін атқарылатын қарқынды 
жұмыстар ұстаздардың еншісінде екені айтапаса да түсінікті. Балаға қалай 
бағыт берсең, солай ӛседі. Саналы ұрпақ ӛсіру – біздің міндетіміз.
Қазіргі оқушы зиялы, жауапкершілігі мол, ӛз бетімен білім алуға дайын 
болуы тиіс. Сондықтан оқыту үрдісінде оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін дамыту маңызды мәнге ие болып отыр.
«Шығармашылық» сӛзінің шығу тӛркіні «шығару», «ойлап табу» дегенді 
білдіреді. Жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. 


Философиялық сӛздіктен «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық 
мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» , - деп түсіндіреді. [1]
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ұстаздың атқарар рӛлі зор. 
Біреулер айналадағы құбылысқа таңдана, тамашалай қарайды, ал енді біреулер 
сын кӛзімен қарап, ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Таңдана, 
тамашалай қараған баладан шығармашылық қабілетті тани білу – мұғалімнің 
парызы.
Шығармашылық 
қызығуы 
қалыптасқан 
оқушылардың 
мынадай 
ерекшеліктері болады: 
- ӛзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы 
ұшқыр; 
- шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін 
сынауға тырысады; 
- оқушылар әңгіме, ӛлең, ертегі жазуға бейім; 
- ақыл-ой қабілеттілігін тек ӛзін қызықтырған іске ғана бағыттайды. 
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық 
әсері үлкен рӛл атқарады. Мысалы: 
-
«сенің қолыңнан келеді», «сен қабілеттісің», «үйрен», «жаз» деп, балаға 
сенім білдіру; 
-
оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап
кӛтермелеу; 
-
шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық кӛзқарас білдіру, сезім 
күйін бақылау; 
-
ақын-жазушылардың, ӛнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен 
қызықты оқиғаларды әңгімелеу; 
-
оқушылар үшін педагог ӛзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, 
сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру; 
-
оқушының қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың 
психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық оқушыға қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Шығармашылық – 
оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі. Оқушыларға алуан түрлі 
тапсырмалар беру, ойындар ұсыну оқушы назарын шығармашылық арнаға 
бұрады. [3] 
Шығармашылық – адамның ӛмір шындығын, ӛзін-ӛзі тануға ұмтылуы, 
ізденуі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мұғалімнің 
үнемі ізденісі, жаңашылдығы қажет.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда тӛмендегі мынадай 
шарттарды басшылыққа алуға болады: 
-оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін зерттеу; 
-оқушыға ӛз ойын ашық айтқызу; 
-ақпараттық технологиямен жұмыс жасау; 
-материалдың ӛзектілігін анықтап, қажеттілігін сезіну. [2] 
Оқушыларды қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында шығармашылыққа 
баулу барысында тӛмендегі технологияларды пайдаланамын. 

Дамыту оқыту технологиясы 

Диалогтік оқыту технологиясы 



Ақпараттық-коммуникативтік технологиясы 
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып табылады. 
Белсенді оқыту оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады. Белсенді 
әдістер оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіреді. Қазақ тілі мен 
әдебиеті сабақтарында «ойлан, жұптас, бӛліс», «мозайка», «біліміңді шыңда», 
«кӛршіңді тексер», «допты лақтыру», «кӛшбасшы» сиқяты әдістерді тиміді 
қолданамын. Осы әдістер оқушының ӛз ойын ашық білдіруге үйретеді. 
Мысалы, қазақ тілі пәнінде «кӛшбасшы» әдісін жиі қолданамын. Мәтінді 
оқыған оқушы оқыған мәтінінен түсініктеме береді. Ӛз тобының мүшелеріне 
мәтінді әңгімелейді, талдайды. 
Диалогтік оқыту технологиясында «интервью» әдісін қолданамын. 
«Интервью» әдісі ӛтілген тақырыпты қорытып бекітуге тиімді әдістің бірі. Бұл 
әдіс оқушының ой ӛрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, ӛз ойын еркін әрі 
нақты жеткізуге мүмкіндік жасайды. Диалогтік қарым-қатынас барысында 
оқушы мәтін құрай алу, хабарлау, баяндау, суреттеу, диалог, монолог құра 
білуге үйренеді. Шығармашылық қабілеттері дамиды, оқу мақсатында нәтижеге 
жетуге үйренеді. Оқушының бойында ойлау, шешім қабылдау, ақпаратты 
басқару дағдылары қалыптасады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану заман талабы. 
Білімді жаңаша беру мүмкіндері болады. Ең алдымен оқушылардың пәнге 
деген қызығушылығы артады деп есептеймін. Қазақ тілі мен әдебиеті 
сабақтарында тақырып бойынша берілген электронды оқулықтар, бейне 
материалдар, түрлі платформалар оқушының шығармашылықпен жұмыс 
істеуіне мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әр оқушыға пән 
бойынша тақырыптар бӛліп беремін. Бӛлінген тақырып бойынша оқушылар 
ізденіп бейне жазбалар, презентациялық жұмыстарды қызыға орындайды. 
Дайындаған презентациялық жұмыстарын қорғайды. Ӛздерінің орындаған 
жұмыстары бойынша ұсыныс жасайды.
Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргіземін. Жеке 
жұмысты жоспарлаған уақытта оқушының қандай дәрежеде орындай 
алатындығын ескеру қажет. Атап айтқанда, ӛздігінен кітап оқу, ата-әжелерінен 
халықтық мұра жайлы сұрап, деректермен жұмыс жасауға дағдыландыру. Есте 
сақтау, тұжырымдамалық карта жасауға дағдыландыру, ӛз жұмысын 
тиянақтауға бағыттау. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолданған кезде 
ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең алдымен оқушы ӛз бетімен жұмыс 
жасай білуге, ӛз ойын қорытындылай алуға үйренуі керек.
Шығармашылықтың түрлері кӛп. Солардың ішіндегі ерекшесі – сӛз ӛнері. 
Әдебиет – сӛз ӛнері. Әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық 
қабілетін жан-жақты дамытуға болады. Оқушының әдебиет сабағында кӛркем 
туынды туралы пікірін, ойын қалыптастыру маңызды. Кӛркем шығарманы 
талдау барысында проблемалық жағдаят тудыру арқылы оқушының ойын 
білуге болады. Мысалы, Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық шығармасын 
талдауда мынадай проблемалық жағдаят туындатуға болады. 
1.
Д.Исабековің «Әпке» драмалық шығармасының негізгі ойы қалай 
берілген? 
2.
Қай кейіпкер ӛздеріңе ерекше ұнады? Себебі? 


3.
Әпке орнында ӛзің болсаң не істер едің? 
Сонымен қатар, «кейіпкерге хат» әдісі арқылы оқушының ӛзіндік ойын 
кӛруге болады. «Әпке» драмалық шығармасы бойынша кейіпкер Қамажайға 
жазылған хаттан үзінді келтірейін: 
Сәлеметсіз бе, Қамажай әпке, қалыңыз қалай? Ауырмай жүрсіз бе? Мен 
сіздің ӛз денсаулығыңызды күткеніңізді қалаймын. Себебі ӛз бауырларыңызға 
ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрсіз. Жұмысқа да орналасыпсыз. 
Бауырларыңыз үлкейді, әркімнің ӛз ойы мен пікірі бар. Ал Ермек болса әлі 
кішкентай. Ермекке сіз керексіз. Кӛп уайымға салынбауыңызды сұраймын. 
Ӛзіңізді күтіңіз. Сіздің мықтылығыңызға, мейірімділігіңізге тәнтімін. Менің де 
сіздей әпкем болса екен деймін. Сіздің бойыңыздағы асыл қасиеттер әр жас 
жеткіншектің бойынан табылса екен деймін. Әрқашан жүзіңізден қуаныш, 
күлкі кетпесін. Бауырларыңыздың сіздей әпкесі барына қуанады. Мен оларды 
бақытты жандар деп санаймын. Жақсы, сау болыңыз, Ермектің бетінен сүйіп 
қойыңыз.
Сәлемнен 8-сынып оқушысы Темірбек Анора.
Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойлау қабілетін, кӛркем туындыға 
байланысты әсерлерін, кӛркем сӛз құдіретін түсіне білуге әр шығарма негізінде 
ой түйінін, ӛз пікірлерін жазуға үйретеді.
Шығармашылық әдіс оқушылардың оқырмандық қабілетін тәрбиелеу 
мақсатында кӛркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, соңғы 
кезеңінде де қолданылуы мүмкін. Мұнда оқушының мәнерлеп оқуы, жеке 
сахналық кӛріністер, кӛркем шығарма бойынша пікірлесу, эпизодтарға 
тақырыптар қою, кӛркем баяндау, иллюстрация жасау, мәнерлеп жаттау сияқты 
жұмыстарды кӛбірек қолданамын.
Меніңше, оқушының шығармашылық қабілетін жан-жақты ашуға болады. 
Бір бала мәнерлеп оқуға бейім болса, бір бала шығарманы кӛркем баяндауға 
икемді болады, бір бала пікір жазуға не айтуға мықты болады. Оқушының 
шығармашылық қабілетін дамыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп 
есептеймін. Күнделікті атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ӛз ойын жеткізе 
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-кӛзқарастары жүйелі дамыған, болашаққа 
семіммен қарайтын саналы жеке тұлға қалыптасады. Халқымыздың рухани 
кӛсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті кӛп білуге тырысу керек, оларды 
ӛзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр ұстаздың 
жадында болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет