Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет206/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиеттер 
 
1. Ы.Е.Маманов Қазақ тілі морфологиясы
2. 
 
https://bilimainasy.kz/
  
3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы
 
 
ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ САРАЛАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ 
ҚОЛДАНУ 
Исмайлова Уркия Курбантаевна
 
№28 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
мҧғалімі, п.ғ. магистрі, халықаралық тренер 
Шымкент қаласы, 
Қазіргі таңда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында мұғалімдердің 
тәжірибесінде кӛптеген ӛзгерістер орын алуда. Бұл ӛзгерістер мұғалім 
тәжірибесін дамытуға бағытталған. Осылайша жоспарлау және оқытуда 
саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту (дифференциация) латын 
тіліндегі «difference» сӛзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бӛліктерге, 
нұсқаларға, сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде 
«differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. Саралап оқыту 
дегеніміз: мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ 
ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді топ) 
жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі; оқу үдерісін оқушылардың 
әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған жалпы 
дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі. оқушылардың оқу талаптарына сәйкес 


оқыту үдерісін реттеу; оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін 
кішкентайдан үлкенге дейін ӛзгерістер енгізу; оқу бағдарламасын әр түрлі 
жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және сан алуан тапсырмаларды берудің 
әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету; оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және 
оған сәйкес жоспарлау; оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке 
тұлғалардың не оқушы топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру. 
Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады, 
сондықтан авторлардың кӛпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап 
оқыту» (оқушының белгілі бір ерекшеліктерін, қасиеттерін ескеру) ұғымымен 
тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі, 
кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.). 
Бұл дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуы үшін 
қажетті дағдылар. Әрине, бұл дағдылар барлық оқушылар үшін де қажетті. 
Бірақ оқушылардың барлығы бірдей аталған дағдыларға қол жеткізе бермейді. 
Осы тұста «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушыларды бірдей оқыту 
әдістемесімен оқыта отыра, бұл дағдыларды игерту қиынға соғады. Сондықтан 
да педагогтардың басты міндеттерінің бірі оқушыларға білімді, ақпаратты кӛп 
беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз бетінше тиімді игеруі үшін жеке 
ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл 
проблеманы шешуде жоспарлау мен оқыту үдерісінде педагогикалық 
тәсілдердің бірі саралап оқытуды қолдану тиімді жолдардың бірі болып 
табылады.
Оқытудағы «Саралау тәсілі» ұғымының негізін салушыларды Карл 
Роджерс, Абрахам Маслоу т.б гуманистік психология ӛкілдері деп есептелінеді. 
Гуманистік тәрбие үшін басты құндылық – барша жақсы, жаман тараптарымен, 
артықшылығы және олқылықтарымен, тұлғалық ерекшеліктерімен танылған 
оқушының ӛзі. Гуманист педагог ӛзінің тәрбиелік істерін баланың жеке 
қызығушылықтарын ескере отырып атқарады [1, 82- 83бб.]. Әлемдік педагогика 
оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары ойлана бастаған. Бұл 
кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке даралау және саралау 
саласында белсенді жұмыстар жүргізген. Ӛткен ғасырдың басында оқыту 
үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да кең етек алған. Кеңес, Батыс 
Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке даралау 4 саралау 
бағытындағы зерттеулер бір уақытта басталғанымен, қазіргі таңда батыстық 
педагогиканың бұл бағытта үлкен практикалық және теориялық тәжірибесі 
басым. 
Саралап оқыту – бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр 
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап 
оқытудың 
теориялық 
негізін 
Л.Выготский, 
А.Леонтьев, 
Б.Ананьев, 
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі 
саралауға 
байланысты 
мұғалім 
әрекеттерін 
В.Давыдов, 
Л.Занков, 
Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған. Кеңестік кезеңде білім беру 


саласын әр баланың дамуына қарай реттеу Л.В.Занков (1963 ж.) жетекшілігімен 
қабылданған болатын. Бұл ғылыми мектепте оқуды саралаудың және баламен 
жекелей жұмыс жасау тәсілінің басты ӛлшемі оқу материалын игеру деңгейінің 
жетістігі. Бірақ бұл балалардың бір ғана ерекшелігінің ӛлшемін қамтиды және 
бастауыш мектеп оқушысының қажеттілігін қамтиды. Ал, орта және жоғары 
сынып оқушылары мен мұғалімдері үшін бұл жеткіліксіз болды [2]. Қазақ 
зиялы қауым ӛкілдерінің педагогика саласындағы еңбектерінен және әр түрлі 
ой-пікірлерінен баланың ерекшеліктері, оның қажеттіліктері турасындағы 
тұжырымдарын кӛруге болады. Мысалы, Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» 
атты еңбегінде: «Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау һәм сезінуі ержеткен 
адамнан әжептәуір басқа. Баланың бұл жан кӛріністерінің әрқайсысының жеке-
жеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда да 
басқалық бар» - делінген.
Демек, ӛткен ғасырдың басындағы қазақ мектептерінің мұғалімдеріне 
баланың ерекшелігі туралы бағыт бергені деп түсінуге болады. Сондай-ақ, осы 
еңбекте Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың: «Сӛзді әрбір адамның ақылына қарай 
сӛйле», депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ӛзінің шамасына, жаратылысына 
қарай беру керек» [3] – деп тұжырымдайды. Дәл осы орайда Ахмет 
Байтұрсыновта: «Бала білімді тәжірибе арқылы ӛздігінен алу керек. Мұғалімнің 
қызметі оның біліміне шеберлігінің керек орны, ӛздігінен алатын тәжірибелі 
білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай ӛту үшін, 
балаға жҧмысты әліне шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа тҥзеп 
отыру керек» [4, 336б.], – деп пікір білдірген. «Оқуды саралау» деген ұғымның 
ӛзі қазақ даласында болмағанымен, қазақ ғалымдарының еңбектерінен 
теориялық және тәжірибелік негіздерінің болғанын, сол кезеңнің ӛзінде әлемдік 
педагогикадағы жаңалықтарды зерделей отыра, қазақы қырынан ұсынуға 
тырысқанын кӛруге болады. Саралаудың педагогикалық және психологиялық 
тұрғыдағы теориялық негіздерін ескерсек оқуды саралау қазіргі таңдағы білім 
беру саласындағы ӛзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ӛзекті дейтін 
себебіміз әр баланың -ӛзіндік даму ерекшелігі бар. 
Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта 
алмаймыз. Әр баланың ерекшелігін ескере отыра, оның қажеттілігін 
қанағаттандыратындай әдістемемен оқыту қажет. Бұл әдістемелік құралдың 
мақсаты педагог қызметкерлердің сабақты жоспарлау үшін саралаудың 
педагогикалық негіздерін білу мен түсіну және оқыту үдерісінде оқушылардың 
қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін қолдану 
дағдыларын дамыту болып табылады. Әдістемелік құралда саралап оқытудың 
педагогикалық және психологиялық тұрғыдағы теориялық негіздері, 
тапсырмаларды жоспарлауда белгілі саралау тәсілдерін жүзеге асыруға 
арналған мысалдар, жоспарлау мен оқыту үдерісінде қолдануға болатын 
саралаудың әдістері және қысқа мерзімді жоспарларда саралау тәсілдерін 
жүзеге асырудың үлгілері ұсынылған. 


Психолог Н.А.Менчинская «Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен 
әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар тұлғасының жеке 
басының ерекшеліктеріне байланысты», [5] – деген. Демек, оқушыларға оқу 
мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, жаттығуларды беру барысында баланың 
жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Бұл турасында ұлы ғұлама 
Аристотельдің ӛзі былай деген: «Оқушылар биіктен кӛрінуі үшін алдыңғыларға 
жетіп, соңғыларды тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз ерекшелігіне, қажеттілігіне 
және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен жаттығуларды орындай отыра оқу 
мақсатына жетуі керек. Кӛмек немесе қолдаудың мүмкіншіліктері бар: 
ынталандырушы, бағыттаушы және оқытушы [6]. Ынталандырушы кӛмек бұл 
оқушы ӛзіндік жұмысты орындауға ене алмай отырғанда маңызды. Мұғалім 
оқушыны 
ынталандырып 
тапсырманы 
түсіндіреді 
және 
әрекетін 
ұйымдастыруға кӛмектеседі. Сонымен қатар ынталандырушы кӛмек қателіктер 
жіберген оқушыларға да кӛрсетіледі.
Мұғалім қателікті табуға ынталандырады немесе қатені кӛрсетіп 
түзетуді ұсынады. Бағыттаушы кӛмек ынталандырушы кӛмек әсерлі болмаған 
жағдайда қажет. Оқушыға тапсырманы дұрыс орындауға немесе қатені түзетуге 
жол кӛрсетіледі. Яғни, білімді ӛзектендіретін, тапсырманың орындалуын 
жеңілдететін бағыт беруші қолдау (подсказка) кӛрсетіледі. Оқытушы кӛмек 
оқушыға ӛзіндік жұмысты бағыттаушы кӛмек арқылы да орындай алмай 
отырған жағдайда беріледі. Бұндай жағдайда мұғалім оқушы алдында не жасау 
керектігі жӛнінде тапсырманы орындау жолын ашып кӛрсетеді немесе үлгілеуді 
кӛрсетеді. Яғни, алдымен ұқсас тапсырманы немесе жаттығуды ӛзі орындап 
кӛрсетеді, кейін оқушыға орындауға береді. Оқытушы кӛмек әрекеттердің 
қадамдарын ескеретін әңгіме түрінде жүреді. Ал, оқушы іс жүзінде жүзеге 
асырады. Кез келген кӛмек оқушы тапсырманы ӛзі орындауға әрекет жасағанда 
тоқтатылуы қажет. Оқыту үдерісінде қолдау тек алаңдап отырған оқушыларға 
кӛрсетілмейді. Сонымен бірге қабілетті оқушыларыңызға да білімнің кейбір 
салаларында жеке кӛмек немесе қолдау қажет болуы мүмкін. Мысалы, жазба, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқу машықтарын 
немесе бірлесіп оқу машықтарын дамытуда.
Кӛмек беру бойынша саралау балалардың жеке ерекшеліктерін, оның 
білімді игеру деңгейін толық ескеруге мүмкіндік береді. Оқушыларға жақын 
арадағы даму аймағын есепке ала отыра тапсырма беріледі. Л.С.Выготскийдің 
айтуынша жақын арадағы даму аймағы балалардың тапсырмаларды 
ересектердің жетекшілігімен және қабілетті құрдастарымен ынтымақтастықта 
орындай алуымен анықталады. Бұл әр оқушының даму жолын анықтайды. 
«Бүгін бала ынтымақтастықта жасай алғанын, ертең ӛзі орындай алады». Осы 
талаптаға кӛбірек жауап беретіні бағыттаушы кӛмек. Бұндай кӛмектің негізгі 
екі түрі ерекшеленеді. Кӛмектің бірінші түрі – қосалқы тапсырмалар және 
дайындаушы жаттығулар түрінде. Оқу деңгейі тӛмен оқушыларға негізгі 
тапсырманы орындау үшін дайындалуға мүмкіндік беретін қарапайым 


тапсырма беріледі. Оқу деңгейі жоғары оқушыларға бірден негізгі тапсырма 
беріліп, кейін олар тез орындаған жағдайда қосымша тапсырмалар беріледі. 
Кӛмектің екінші түрі – бағыт беруші қолдау (подсказка) түрінде: кӛмекші-
карточка, кеңес беруші-карточка. Үшінші топ оқушыларына (оқу деңгейі 
жоғары) тапсырманы ӛздеріне орындау ұсынылады, ал бірінші және екінші топ 
оқушыларына түрлі деңгейдегі кӛмек беріледі. Кӛмекші-карточкалар барлық 
балалар бірдей таңдайды немесе жеке-жеке таңдайды... 
Әдетте, мұғалім таңдаған сабақтағы жұмыстың орташа қарқыны 
оқушылардың белгілі бір бӛлігі үшін ғана қалыпты, ал басқалары үшін ол тым 
тез, ал басқалары үшін тым баяу. Кейбір балалар үшін бірдей оқу міндеті 
күрделі, шешілмейтін мәселе, ал басқалары үшін бұл оңай мәселе. Бірінші 
оқудан кейін балалар бір мәтінді түсінеді, басқалары қайталануды қажет етеді, 
ал үшіншісі түсіндіруді қажет етеді. Басқаша айтқанда, оқу материалын 
игерудің сәттілігі, оны игеру қарқыны, білімнің маңыздылығы, баланың даму 
деңгейі тек мұғалімнің іс-әрекетіне ғана емес, сонымен қатар кӛптеген 
факторларға байланысты оқушылардың танымдық қабілеттері,қабылдау, есте 
сақтау, ақыл-ой белсенділігі, атап айтқанда, физикалық дамуына байланысты. 
Демек, әр мұғалімнің алдында үнемі үлкен міндет тұрады – мұндай қарама-
қайшылықтардың жағымсыз салдарын бейтараптандыру, жағымды жақтарын 
күшейту. Әр баланың нақты және ықтимал мүмкіндіктерін оқудың сыныптық-
сабақтық түрінде пайдалану мүмкін болатындай жағдай жасау. Бұл 
практикалық мәселені шешу оқушыларға сараланған және жеке кӛзқарасты 
дәйекті жүзеге асырумен байланысты. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет