Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет59/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Дайындық деңгейі бойынша саралау
- оқушылардың нақты білімдерді, 
түсініктерді және дағдыларды меңгеруінің ағымдағы деңгейі. 
1. Тиісті күрделілік деңгейін қамтамасыз ету үшін тапсырманың күрделілік 
дәрежесін реттеу. 
2. Оқушының тәжірибесіне немесе оның дағдыларына негізделе отырып 
тапсырманы артығымен немесе кемімен таныс етіп жасау. 
3. Шағын топтардың қажеттіліктеріне әртүрлі тікелей оқыту. 
Қызығушылық бойынша саралау
-бұл оқушының назарын, қызығушылығын 
және үрдіске араласуын тарту. 
1. Ортақ қызығушылықтар саласында тәлімгер болу үшін, алдын ала білімі 
бар ересектерді немесе құрдастарды пайдалану. 
2. Оқушыларға тақырыпты немесе мәтінді оқып-үйрену үшін әртүрлі 
мүмкіндіктер беру. 
3. Материалдар мен технологиялардың кең спектріне кең қолжетімділікті 
қамтамасыз ету. 
4. Оқушыларға тапсырмалар мен ӛнімдерді, оның ішінде оқушы әзірлеген 
нұсқаларды таңдауға ұсыну. 


5. Оқушылардың қызығушылықтары саласындағы негізгі тұжырымдамалар 
мен қағидаттарды зерттеуді немесе қолдануды ынталандыру. 
Оқыту стилі бойынша саралау-контентті қабылдау, зерделеу немесе білдіру 
үшін ерекшелік. 
Оқу ортасы бойынша саралау басты деңгейде келесілерден қҧралады: 
1. Бӛлмеде тыныш және алаңдатпай жұмыс істеуге болатын орындар, сондай-
ақ оқушыларды ынтымақтастыққа шақыратын орындар бар екеніне кӛз 
жеткізіңіз. 
2. Мәдениеттер мен үй жағдайларының алуан түрлілігін кӛрсететін 
материалдарды ұсыну. 
3. Жеке қажеттіліктерге сәйкес келетін ӛзіндік жұмыстың нақты басшылық 
қағидаттарын белгілеу. 
4. Мұғалімдер басқа оқушылармен жұмыс істейтін және оларға дереу 
кӛмектесе алмайтын кезде оқушыларға кӛмек алуға мүмкіндік беретін 
рәсімдерді әзірлеу. 
5. Оқушыларға кейбір оқушыларға қозғалу керек, басқаларға тыныш отыру 
керек екенін түсінуге кӛмектесу. 
Оқытуды саралаудың әдіс-тәсілдері кӛп. Оқытуды саралауды үйрену үшін 
бірқатар дағдыларды меңгеру қажет. Әрбір дағды кәсіби шеберліктің бір қырын 
дамытады, әрі олар бір-біріне сүйенеді. Уақыт ӛте келе бұл дағдылар әрбір 
мұғалімнің жұмысының ажырамас бӛлігіне айналуы мүмкін. Дегенмен, 
оқытудың кез келген жаңа тәсілін игеруге, оған машықтануға уақыт керек. 
Оқушыларымыз үшін қай тәсілдің қолайлы, оңтайлы екенін, ал қай тәсілдің 
кері ықпалы бар екенін анықтау арқылы біз ӛзіміз де үйрене отырып, оқыту 
тәжірибемізді жетілдіреміз. Бастапқыда бұның бәрі де соншалықты ауыр болып 
кӛрінгенімен, ең бастысы бірінші қадам жасау. Бір мезгілде бір ғана тәсілді 
қолданамыз. Біз ӛзімізге, біздің мәдениетімізге, оқыту стилімізге лайықтап әдіс-
тәсілдерді бейімдей аламыз, бұл тіпті пайдалы болмақ. Содан кейін екінші 
тәсілді қосамыз немесе ӛз тәсілімізді ойлап шығара аламыз. Осылай дами келе 
біз оқытуды саралауда машықтанып, ӛзімізді ыңғайлы сезінетін боламыз, әрі 
оқушылардың үлгерімін арттыруда бұның қаншалықты тиімді екенін кӛре 
аламыз. Нәтижесінде оқытуды саралау «бірқатар жаттығулар» емес екенін 
түсінеміз. Бұл – әрбір оқушы ӛзі үшін оңтайлы қарқынмен білім алатын 
сыныптағы оқушылар тобын оқыту мен бағалауды жоспарлау жолы. 
Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды 
қалыптастыру-қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты 
міндет. Мұғалім үнемі ізденісте болған кезде ғана ӛз ісінің нәтижесін кӛре 
алады. Сондықтан қиын да қызықты еңбек жолымызда аянбай еңбек етейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет