Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет45/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

6.8-суретке сәйкес, өндіруші Q1 көлеміндегі өндірісті таңдай отырып, ол өзінің қаражатын толық пайдаланбайды. Q3 өндірісін берілген жағдайда таңдау мүмкін емес. Өйткені бұл өндірісті алуға мүмкіндік беретін қаражат кәсіпорында жеткіліксіз. Сондықтан фирма Q2 өндірісін, оның ішінде Е нүктесіне сәйкес келетін ресурстар комбинациясын таңдайды.

Кәсіпорын бюджеті өзгерген кезде изокостаның орын ауыстыратыны белгілі. Сонымен қатар өндіріс көлемін кеңейткен сайын изокванта да оңға қарай жылжып отырады. Изокванталар мен изокосталардың жанасу нүктелерін қосатын болсақ, фирманың «даму жолы» немесе «өсу траекториясы» деп аталатын қисық пайда болады (6.9- сурет).


Микроэкономикада қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік уақыт аралықтары қарастырылады. Қысқа мерзімде кейбір ресурстардың шығынын айтарлықтай өзгерту мүмкін емес, ал ұзақ мерзімде барлық ресурстардың да құнын өзгертуге болады.

Қысқа мерзім ішінде қолданылатын бір ресурсты арттыру үшін екінші ресурстың бір бөлігінен бас тартуға тура келеді. Бұл өзгеріс изоквантаның бойында ғана көрсетіледі.Ал ұзақ мерзім кезінде екі ресурстың көлемін де арттыру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. Бұл жағдайда изокванта оңға қарай жылжиды. Еңбек пен капитал шығынын бір мезгілде арттыру өндіріс ауқымының өзгеруі деп аталады. Өндіріс ауқымының өзгеруі нәтижесінде өндіріс көлемінің өзгеруі өндіріс ауқымынан болатын қайтарым немесе өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу деп аталады.

Егер өндіріс көлемін арттыру ресурстарды үнемді пайдалану есебінен жүргізілсе, бұл өндіріс ауқымынан болатын өспелі үнемдеу (қайтарым) болып саналады (6.10а-сурет).

Мысалы, кәсіпорын ресурс шығынын 20%-дан аз шамаға арттыра отырып, өндіріс көлемін 20%-ға арттырады. Өндіріс ауқымынан болатын өспелі үнемдеу тұсында изокванта картасындағы изокванталардың ара қашықтығы бара-бара азая береді.

Егер өндіріс көлемін арттыра отырып кәсіпорын ресурсты үнемді жұмсамаса, бұл өндіріс ауқымынан болатын кемімелі үнемдеу (қайтарым) деп аталады.

Мысалы, кәсіпорын ресурс шығынын 20%-дан артық шамаға көбейте отырып, өндірісті 20% -ға ғана ұлғайтты. Бұл жағдайда изокванталардың ара қашықтықтары өндіріс көлемі артқан сайын өсе береді (6.10ә-сурет).

Егер өндіріс ресурстарын арттыру көлемі мен өндіріс көлемінің арту шамасы бірдей болса, бұл өндіріс ауқымынан болатын тұрақты үнемдеу (қайтарым) деп аталады. Мысалы, өндіріс көлемінің 20%-ға көбеюі ресурстар құнының 20%-ға артуы есебінен жүргізілді делік. Бұл кезде тұрақты қайтарым жағдайындағы изокванталардың ара қашықтықтары өзгермейді (6.10б-сурет).




Өндіріс ауқымынан болатын үнемдеуді Кобб-Дугластың өндірістік функциясы арқылы да түсіндіруге болады:



Егер болса, өндіріс ауқымынан болатын тұрақты қайтарым, болса, өспелі қайтарым, болса, кемімелі қайтарым орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет