P0 min
Q1 Q2 Q
5 – сурет. Қысқа мерзімді кезіеңдегі жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы.
Қиылысу нүктелерінен (сәйкестілік бойынша В немесе С) өнім көлемі көрсетілген оське перпендикуляр түсіретін болсақ, онда фирманың берілген бағамен өндіретін және ұсынатын тауарының ұтымды көлемін табуға болады. Олар Р1 бағамен ұсынылатын Q1 және Р2 бағаға сәйкес Q2 көлемдері Р- Р0 бағасында фирма ештеңе өндірмейді. Бұдан фирманың ұсыныс қисығы шекті шығындар қисығының – АVС – ден жоғары орналасқан бөлігі деп айтамыз. 5 – суретте ол А нүктесінен жоғарырақ МС қисығында орналасқан және қара сызықпен көрсетілген.
Нарықтық ұсыным дегеніміз - саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы. Бұларды төмендегі графикпен көрсетуге де болады.
Нарықтық ұсыным қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.
Мысалы, егер сала әрқайсысының ұқсас шекті шығындары МС бар 1000 ұқсас фирмадан құралатын болса, Р0 бағасындағы жалпы өнім
Q = 1000 * Q*- ге тең болады.
7 – сурет. Қысқа мерзімдегі өндіріс саласының ұсыныс қисығының қалыптасуы.
Мұнда, Q* – дәл осындай фирманың Р0 бағасымен ұсынатын өн!м мөлшері.
Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал ететін факторлардың бірі осы саладағы фирмалар қолданатын технология болып табылады. Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, айнымалы ресурстар бағасының өсуі МС қисығын жоғары жылжытады, өйткені фирманың шекті шығындары өседі. Нәтижесінде нарықтағы ұсыныс азаяды, салада жаңа технологияны пайдалану өндірістің шекті шығындарын азайтады,соның нәтижесінде әр фирманың МС қисықтары төмен жылжиды. Бұл тауарды ұсыну көлемінің өсуін көрсетеді.
Ұзақ мерзімді кезеңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, 5 – суретте ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру график түрінде келтірілген.
P A MC E
P0
D
G
P1
7 – сурет. Ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру.
P0 бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы АВСD ауданына тең. Егер ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін Q1 –ден Q2-ге көбейте отырып, пайданы АЕFG ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. (LRМС) : Р0 – LRМС.
Алайда фирма мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі ықтимал орташа шығындардың (LRАС) ең аз мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р = LRАС (біз осы саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп деп қарастырамыз).
Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3-ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек қана кәдімгі пайда алады.
Ал егер Р > LRАС болса , онда фирмалар бұл саладан кете бастайды6 бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.
Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік теңдестік орнайды. Ол, біріншіден, қызмет нтіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға, не азайтуға ынтасы жоқ екендігін, ал жаңа фирмалардың салаға енуге ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар Р
10-лекция.Монополиялыќ бєсеке жєне олигополия
Достарыңызбен бөлісу: |