Сұраныс және ұсыныс негіздері


ОЛИГОПОЛИСТТІҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ



бет57/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
(толыќтыру керек)

ОЛИГОПОЛИСТТІҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ

Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету емес, басқа факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету т.б. арқылы тартуға негізделген. Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төмендеткен фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігі ғана өтеді. Ал егер осы фирмаға бағаны жоғарлатса, басқа фирмаларда оның соңынан ермеуі мүмкін. Сондықтан оның өніміне сұраныс бағалардың жалпы өскені жағдайына қарағанда тым шұғыл қысқарады.

Олигополист фирманың қисық сызығы график тұрғысынан қайталанбас сипаттағы «сынған қисық сызық» болады. «Сынған қисық сызық» идеячын таратқан американ экономисі П. Суизи.
Р




Р1 Д
Е
Q0 Д Q


  1. - сурет.

Графиктен көрініп тұрғандай, нарықтың олигополиялық құрылымы жағдайында Д1Д қисық сызығы Е нүктесіне қарағанда орныққан бағалар, бағалардың өсуі жағынан өте икемді. ЕД кесіндісімен көрсетеді. Басқаша айтқанда, салалық орныққан бағаның Е нүктесінде олигополист фирманың сұранысының қисық сызығының қисық сызығының салалық бағаның тұрақтылығына себепші болатын иілімі болады. Олигополиялардың “баға соғысы” кезінде талқандайтын бағадан қашып өзара бағалық бәсекеге бармайтыны осы. Сонымен, олигополия жағдайындағы баға құрылуы белгілі бір тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл тұрақтылық саладағы бірнеше фирмалар келіскен нарықтық саясат мәселесімен байланысты. Егер жетілген бәсеке нарығының үлгісін еске алатын болсақ, онда фирмалардың өзара бейімделі мәселесі болмайды. өндірушілердің өз биліктері өздерінде болды және сапалы өзара әрекет етудің мүмкіндігі мен қажеттілігі болған жоқ. Әрбір жеке өндірушінің әрекетін нарық байытып отырды.

Олигополия жағдайында фирмада қосымша мақсат немесе бір “аса жоғары міндет” пайда болады. Бұл олигополия көлемінде жиынтық пайданы барынша көбейту. Олигополиялардың өз өнімдеріне нарықтық бағаны келісулері, “бағадағы жетекшілік” деген ат алады. Бағадағы жетекшілік деген баға бәсекесін анық бас тартуды білдіреді. Оның мәнісі осы саланың олигополист өз бағаларын белгілегенде және өзгерткенде жетекші компанияның бағасын бағдарға алады. Жетекші ретінде, әрқашанда, саладағы ең үлкен фирма болады. Жетекші фирманың бағаларындағы өзгерістер саладағы басқа компаниялар үшін бағалар өзгертуге бағдар болады.



Олигополия нарығы мынандай типке бөлінеді:

1) Олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары жатады.

2)Дараланған өніммен монополистік бәсеке нарығында сатып алушы тауардың бір түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және т.б. назар аударады.

Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа фактор есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету т.б. арқылы тартуға негізделген. Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төтендеткен фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігіғана өтеді. Ал егер осы фирма бағаны жоғарлатса, басқа фирмаларда оның соңынан ермеуі мүмкін. Сондықтан оның өніміне сұраныс бағалардың жалпы өскені жағдайына қарағанда тым шұғыл қысқарады.

Баға жетекші өзінің прейскуранттық бағаларын олигополистік келісімге кірген басқа фирмалардың мүдделеріне, шығындардың немесе сұраныстың өзгеруіне сәйкес келмей қалса қайта қарауы керек. П. Самуэльсон және В. Нордхаус олигополистік жағдайдың үш аса маңызды типін көрсетеді.


  1. Құпия олигополия; 2. Үстем болған олигополия; 3. Монополистік бәсеке;

Бірінші жағдайда, олигополиялықтар толық келісімге келсе, нарықтық баға жалғыз монополистің мүддесіне сәйкес келеді.

Екінші жағдайда, саланың ең үлкен фирмасы салалық өткізу көлемінің 60 – 80%-ін бақылағанда басқа мінез танытуы мүмкін.

Үшінші жағдайда көп сатушылар мен сатып алушылардың фирмалардың салаға кіріп шығуы еркін болады және жеке фирма басқа фирмалардың бағаларына тікелей әсер ете алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет