Сұраныс және ұсыныс негіздері


– тақырып. Өндіріс факторы нарығы



бет65/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

11 – тақырып. Өндіріс факторы нарығы.

  1. Өндіріс факторы нарығының ерекшелігі.

  2. Өндіріс факторы нарығындағы сұраныс.

  3. Ресурстар нарығындағы теңдестік.


1. Нарықтық экономикада өндіріс факторы нарығы ерекше орын алады. Өндіріс факторы нарығы еңбектің табиғат ресурстарының, капиталдың, кәсіпкерлік қабілеттіліктің жалақы, рента, пайыздық табыс, пайда түрінде бағалары қалыптасатын, нарықта сұраныс пен ұсыныс жүзеге асатын экономика сферасы. Өндіріс факторының әр түріне әр түрлі нарық сәйкес келеді: еңбек нарығы, табиғи ресурстар нарығы (жер нарығы), капитал нарығы.

Өндіріс факторы нарығының тауарлар мен қызыметтер нарығынан ерекшеленеді:

1. Өндіріс факторы нарығына сұраныс туынды сұраныс болып табылады, яғни оның қажеттілігі тұтынушылар үшін тауар өндірісіне деген қажеттіліктен туындайды;

2. Бұл нарықта фирма сатып алушының, үй шаруашылығы сатушының ролін атқарады;

3. Өндіріс факторлары өндірістік мақсатта қолданылады;

4. Өндіріс факторлары өндірісте кешенді түрде қолданылады. Олардың құрамы өндіріс сипатына байланысты;

5. Өндіріс факторы нарығы фирмалар мен салалар арасындағы шектеулі ресурстарды тиімді бөледі.

Өндірістің көлемі мен тиімділігіне өндіріс факторларының бағасы арқылы анықталған шығындар әсер етеді. Бұл шығындардан дайын өнімге деген баға мен фирма қызметінің нәтижелері тәуелді болады. Ресурстар бағасының өзгеруіне, одан соң өндіріс шығындарының өзгеруіне байланысты өндіріс факторлары бағасы экономикалық таңдауды, фирма шешімдерін анықтайды. Сонымен қоса өндіріс факторына баға белгілеу табысты бөлуге ықпал етеді. Осылайша, өндіріс факторы нарығындағы баға белгілеу өнімді өндірушілер үшін де, ақырғы тауарлар үшін де маңызды роль атқарады.


2. Ақырғы тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұтынушы сұранысы бастапқы сұраныс болып табылады. Ал өндіріс факторлары нарығындағы сұраныс туынды сұраныс болып табылады. Мысалы көкөніс егетін жерге деген сұраныс көкөніске деген тұтынушылық сұранысқа байланысты. Еңбекке деген сұраныс еңбектің қатысуымен өндірілетін тауарға деген сұраныстан тәуелді. Өндірістік ресурсқа деген ресурстың туынды сипатта болуы ресурстың өнімділігіне және ресурсты қолданып шығарылған өнім бағасына байланысты. Өнімділігі (қайтарылымдылығы) жоғары ресурсқа да сұраныс жоғары болады. Ресурсты қолданып шғарылған өнімнің бағасы жоғары болса, ол өнімді сатудан да көп табыс түседі. Сондықтан ондай ресурсқа да сұраныс жоғары болады.

Шекті өнімділік теориясына сәйкес, фирма қолданатын ресурстар саны оның өнімділігінен тәуелді болады. Егер өндіріс факторының біреуін қолдануды арттыра берсек, кемімелі шекті өнімділік заңы орын алады.

Шекті физикалық өнім (МР) – қосымша ресурс бірлігін пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемінің өсуі өндіріске айнымалы ресурстың қосымша бірлігін енгізу есебінен шығындардың өсуі ресурстың шекті шығыны (MRC) деп аталады.

Ресурстың қосымша бірлігін қолдану есебінен фирманың табысының өсуі ақшалай көлемде берілген шекті өнімнен түсетін табыс (MRC) деп аталады.

Фирмада әр қосымша ресурс табысты арттырғанға дейін сатып алынып, қолданылады. Қолданылатын ресурстың санын таңдау қағидасы ұтымды өндіріс көлемін анықтау қағидасымен сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет