Тауарлық белгі – басқа фирманың ұқсас тауарлары мен қызметтерінен айыру үшін қолданылатын сөздер мен символдар.
Патент – жаңалықтарды, пайдалы үлгілер мен өнеркәсіптен үлгілерді пайдалану үшін олардың иесіне ғана құқық беретін, авторлықты куәландыратын қорғаныс құжаты.Оны патенттік ведмоствалар береді.
Олигополия нарығындағы модельдер.
Бұрын қарастырғанымыздай, жетілген бәсеке және монополия нарықтары көп кездесе бермейді. Монополистердің көбі – бұл табиғи монополия өкілдері. Яғни оларға үкімет лицензия беріп, олардың бағаларын реттеп отырады. Нарықта монополиялық бәсеке мен олигополия көп кездеседі.