Сұраныс және ұсыныс негіздері


– тақырып. Монополиялық бәсеке және олигополия



бет59/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

10 – тақырып. Монополиялық бәсеке және олигополия.
1. Монополиялық бәсеке нарығына жалпы сипаттама.

2. Монополиялық бәсеке нарығындағы өндіріс көлемі мен бағаны анықтау.

3. Олигополия нарығындағы модельдер.

4. Картель және құпия келісім.
1. Егер нарықта бірдей емес бірақ бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін немесе қызмет көрсететін фирмалар саны көп

болса, мұндай нарық монополиялық бәсеке нарығы деп аталады. Аты айтып тұрғандай, ондай монополияның да, жетілген бәсекенің де белгілері болады.

Монополиялық бәсеке нарығының белгілері:


  • нарықта бір-бірімен бәсекелесуші фириалар санының көп болуы;

  • өнімдердің дифференциалдық сипатқа ие болуы;

  • салаға кіру-шығу кедергілерінің жоғары болмауы;

  • жарнаманың жүргізілуі.

Фирмалар монополиялық сипатқа өнім дифференциясы арқылы ие болады. Өнім дифференциясы – өнімдердің өзіне ұқсас өнімдерден ерекшеленуі. Бұл өнімоің сапасына, бағасына,сыртқы орамасына, құрамына т.с.с. байланысты 2 бірдей өнімнің болуы мүмкін емес. Монополиялық бәсеке нарығында, дәлірек айтқанда ауыстырушы тауар сатылады. Дифференциалды фирманың қызмет көрсету сапасына, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, фирманың ыңғайлы жұмыс режиміне, орналасуына байланысты болуы да мүмкін.

Монополиялық бәсеке мысалына нарықта ең көп тараған: шаштараз, мини-маркет, әсемдік салоны, дәріхана, тұрмыстық-химия бұйымдары, кондитерлік, макарон өнімдеріт.с.с. (жеңіл тамақ өнеркәсіп, қызмет көрсету ) жатады.

Монополиялық бәсеке кең таралғанымен теория жүзінде монополия және жетілген бәсеке нарығына қарағанда аз зерттеген. Онымен нақты айналысқан америка ғалымы Эдвард Чемберлин, ағылшын ғалымы Джоан Робинсон. Чемберлиннің «Монополиялық бәсеке теориясы», Дж.Робинсонның «Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы» атты еңбегі бар.

Көп капитал қажет болмағандықтан салаға кіру кедергілері жоғары болмайды. Капитал болса, дәріхана, мини–маркет, шаштараз ашу аса қиын емес. Кіру кедергісі монополия нарығындағыдай өте жоғары болмағанымен кейбір фирмалар қызметіне арнайы патент арқылы бәсекеден қорғауы мүмкін, бірақ мұнда дифференциалды өнім болғандықтан, патент күші жоғары емес. Егер фирма пайда таппаса саладан шығып кетуі де оңай.(егер өнімге сұраныс болмаса).

Монополиялық бәсекедегі ерекшелік - жарнаманың жүргізілуі. Жарнама жетілген бәсекеде болған жоқ, өйткені онда стандартты өнім шығарылады. Монополист үшін жарнамаға шығындалуының қажеті де жоқ. Яғни байқап отырғандай, монополиялық бәсеке нарығындағы монополиялық сипатқа ие болу өнімнің дифференциалдығымен байланысты. Бірақ монополиялық билік шектеулі. Ал көп фирмалар арасындағы бәсекенің болуы жетілген бәсеке нарығының белгісі. Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы теріс көлбеулі және монополистікіне қарағанда тіктеу болады. Р  МR. Ал жеке фирманікі горизонталь болуы мүмкін.
2. Қандай нарықта болмасын фирманың басты мақсаты- пайда табу және сол пайданы мейлінше арттыру екендігі белгілі. Пайда шығатын өнім көлеміне және бағаға байланысты екендігі де белгілі. Осыны графикте анықтайық. Өндіріс көлемін анықтау үшін фирманың теңдестік жағдайын еске түсірейік: фирма MR  MC шарты орындалатындай өндіріс көлемін таңдайды, өйткені осы шарт орындалғанда фирма максимум пайда табады.

Қысқа мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын талдауды 1 – сурет бойынша түсіндіреміз.

Бірінші көңіл аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес фирманың сұраныс қисығы(D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелес фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма – тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.

Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.

МС = МR

Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирма өнім өндіруін жалғастырады. Графиктен МС пен МR-дің қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр. Фирма Р0 бағасын тағайындап отырып, өз пайдасын барынша көбейтеді (8а – суретте көрсетілгендей) немесе 8б – суретте көрсетілгендей шығынын азайтады).

Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Q1.

Егер дәл осы баға Р0 таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнімі көлемін өндірер еді.

Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс-әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.

Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімді кезеңін талдағанда, бұл нарықтық құрылымның ерекшеліктері айқын көрінеді.

Материалды түсіндіруге ыңғайлы болу үшін шығындар қисығы өзгермейді деп жорамалдайық. D1 сұраныс қисығы АС қисығының ең төменгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пайда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, - монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.

Ал монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмаларсаладағы бұрыңғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.

Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисықтары төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.

Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нольге тең болады (суретте О нүктесі).

Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алмайтындығының нәтижесінде болып отыр.

Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің (О нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол АС ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір-біріне дәл келмейді? өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизантальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды.(Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 9,2-суретте орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиып өтетін Д2 сұраныс қисығы көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың Д1-ден Д3-ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.

Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып келеді. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе-теңдік баға мерзімдегі бәсекелестік бағамен жоғары болады. (бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екенін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін “артық” ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.

Егер жетілген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сатуға болар еді.

Нарықтағы сұраныс қисығы жатыңқылау, ал фирманың сұраныс қисығы тіктеу болады. Бұл икемділікпен байланысты. Енді монополиялық бәсекені жетілген бәсекемен салыстыратын болсақ, Pм.б.  Pб. , Qм.б.  Qб. Қысқа мерзімде фирма пайда табуы да, зиянға ұшырауы да мүмкін. Ұзақ мерзімде экономикалық пайда 0-ге тең. Өйткені, салаға кіру кедергісі жоқ.

П  TR-TC  TR  PQ  TC  ACQ

TR  SOACQ  OAOQ  PQм.б.

ТС  SOВДQ  ОВОQ  ACQм.б.

П  SAВСД  SOACQ  SOВДQ  TR  TC
Пайда көру мақсатында басқа фирмалар осы салаға келе бастайды. Бәсеке заңына сәйкес, бәсеке күшейсе, баға төмендейді. Баға АС-ға дейін ғана төмендейді және осы кезде эеономикалық пайда нольге тең болады. Бірақ Рм.б.  АСmin . Бұл дегеніміз монополиялық бәсекедегі фирма өндіріс қуаттылығын толық пайдаланбайды деген сөз.

Кейбір фирмалар бағалық дискрименация саясатын қолданады. Бағалық дискриминация - әр тұтынушы 1 топтағы өнімді әр түрлі бағамен сату. Өнімді дифференциялау жағдайында бағалық емес бәсеке үлкен роль атқарады.(Жарнама, сапа, сервис, тауарлық марка, патент). Мысалы тұрмыстық тауарлар алғанда олардың гарантиялық мерзімінің маңызы оның бағасының маңызымен артып кетпесе, кем түспейді. ҒТП-ның дамуына байланысты өнімдер көптеп шығарады. Сондықтан әр фирма өнімін өткізу үшін жарнама жүргізеді. Жарнама трансакциялық шығынға жатады.


Жарнама – сұранысты ынталандыру мақсатында өндірушінің немесе сатушының тұтынушылар үшін өнім туралы ақпарат беруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет