9-лекция. Монополия және монопсония. Нарықтық билік.
Монополия нарығының белгілері.
Монополистің пайдасын мейлінше арттыру.
Монополияның тиімсіздігі.
Монополияға қарсы күрес.
1.Өткен тарауда бір ұсақ фирмалар көп әрекет ететін нарық құрылымын зерттедік. Енді салада жалғыз фирма қызмет ететін жағдайды қарастырамыз.
Егер фирма біртекті тауардың жалғыз өндірушісі болса, ол таза (абсолютті) монополия деп аталады. Монополист фирманың ауқымы саланың ауқымына сәйкес келеді. Демек, монополистің сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығы болады және теріс көлбеулі болып табылады.
Монополия –салыстырмалы түсінік. Мысалы, шағын қалада жалғыз нан зауыты, жалғыз мектеп т.с.с. болса, жалпы ел көлемінде олар мыңдап саналады.
Белгілі бір салада бірнеше фирманың жұмыс жасауына мүмкіндік бола тұрса да, олардың біреуінен артығының жұмыс істеуі экономикалық жағынан тиімсіз болады. Оны табиғи монополия деп аталады. Мысалы, коммуналдық қызмет көрсететін фирмалар. Табиғи монополия субъектілері, көп жағдайда, мемлекеттің реттеуіне бағынып отырады және үкімет рұқсатымен жұмыс жасайды.
Нарықта көп сатушы, жалғыз сатып алушы әрекет етсе, ол монопсония нарығы деп аталады. Ол монополияға кері құрылым. Бұл жағдайда нарықтық билік сатып алушының қолында болды.
Дамуын еркін бәсекеден бастаған кәсіпорын өзінің әлсіз бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығару негізінде монополиялық фирмаға айналады. Кей жағдайда лидер фирма бірнеше кәсіпорынның капиталын біріктіру, ұсақ фирмаларды өзіне қосып алу негізінде қалыптасуы мүмкін.
Монополия нарығының белгілері:
нарықта ерекше өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін жалғыз фирманың болуы
нарықта ауыстырушы тауарлардың болмауы
салаға кіру және одан шығу тосқауылдарының жоғары болуы
Салаға кіру және тосқауылдары төмендегі жағдайларға байланысты:
- саланың капиталсыйымдылығының жоғары болуы
- шикізат көзінің шектеулілігі
- салада жалғыз фирманың әрекет етуінің экономикалық жағынан тиімді болуы
- мемлекет тарапынан авторлық құқықтың, лицензияның, патенттің берілуі
- импорттық тауарларға салынатын баж салығының сырттан болатын бәсекені шектеуі
Кей салаларда рентабельділіктің төмендігіне қарамастан, шаруашылық бірліктері сол салада қалып жұмыс жасай береді. Мұның себебі неде? Бұл сұраққа жауап алу үшін саладан шығу кедергілерін көрсету қажет.
Саладан шығу кедергілері:
саынған ірі инвестицияларды өтеу қажеттігі
фирма жетекшілерінің фирма имиджін жойғысы келмеуі
үкіметтің фирманың жабылмауына қызығушылық танытуы
кәсіпорынды жою шығындарының үлкен болуы
фирма серіктестерінің оппозициялары
фирма менеджерінің өз беделін түсірмеуге тырысуы т.с.с.
Жоғарыдан байқаймыз, монополисттің саладан шығуына экономикалық факторлармен қатар әлеуметтік, психологиялық факторлар да әсер етеді.
2.Монополия нарығында, жетілген бәсеке нарығындағыдай емес, баға берілген шама болып табылмайды. Тиімді өндіріс көлемін таңдау үшін монополист шекті шығынның шекті түсімге теңесуін ескеруі қажет. Егер шекті табыс шекті шығындардан аз болса, фирмаға өндіріс көлемін азайту тиімді. Ал, егер шекті табыс шекті шығындардан артық болса, фирмағаа өндіріс көлемін өзгертуге ынтасы болмайтын жалғыз нүкте –ол шекті табыстың шекті шығындарға теңесетін нүктесі.
Тиімділік шарт алгебралық түрде былай жазылады: MR=MC
Монополист өз өнімінің бағасын шекті түсімнен артық етіп белгілейді: P>MR.
Монополист өнімді өткізу нарығын арттыру тәсілінің бірі ретінде және пайданы арттыру үшін бағалық дискриминацияны қолданады.
Бағалық дискриминация дегеніміз- бір тауарды әр түрлі тұтынушыға әр түрлі бағамен сату.
Бағалық дискриминацияның фирма үшін тиімділігін төмендегі мысалдан аңғаруға болады.
Мысал: Фирма өнімінің шекті шығыны 30$, өнімді алғысы келетін бірінші тұтынушы 60$, ал екінші тұтынушы 100$ беруге дайын.
Егер өнімге 60$ белгіленсе, өнімді 2 тұтынушының сатып алуына мүмкіндігі болады.
П =2*60-2*30=60$
Өнім бағасы 100$ етіп белгіленсе, оны екінші тұтынушы ғана сатып ала алады.
П=100*1-30*1=70$
Егер сатушы өнімді бірінші тұтынушыға 60$, екінші тұтынушыға 100$ бағамен сатты делік. Бұл кезде оның пайдасы салыстырмалы түрде жоғары болады.
П=60*1+100*1-30*2=100$
3.Монополиялық биліктің күшін асырып айтуға болмайды. Монополист бағаны шексіз көтере алмайды. Өйткені, шекті пайдалылықтың кему заңына, яғни сұраныстың шектеулілігі тауардың сатылу көлемінің төмендеуіне әкеледі.
Монополиялық биліктің дәрежесін анықтау үшін Лернер және Хиршман-Херфиндаль индекстері қолданылады.
Лернер индексі келесідегідей түрде қолданылады:
Мұндағы: Р-Өнім бағасы
МС-шекті шығын
-баға бойынша сұраныс икемділігі
Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын фирманың монополиялық билігі соғұрлым күшті болады. Жетілген бәсеке жағдайында =0 болады. Өйткені бұл нарықта Р=МС.
Хиршман-Херфиндаль индексі нарықтың шоғырлану дәрежсін анықтауға мүмкіндік береді және ол төмендегідей түрде болады:
Мұндағы: -саладағы ең ірі фирманың үлес салмағы
-ауқымы жағынан екінші тұрған фирманың үлес салмағы.
-ең кіші фирманың үлес салмағы
Егер салада бір ғана фирма қызмет етсе, =100%, =10000
АҚШ-да бұл индекстің көлемі 1800-ден артық болса, сала жоғары монополияланған болып саналады.
Монополия тұсында тұтынушылар жетілген бәсеке нарығына қарағанда аз өнім алады және ол қымбатырақ бағаға сатылады. Бұл -өндіріске өндіріс факторлары да аз тартылады деген сөз. Қоғам ресурстары толық пайдаланбаудан зиян шегеді. Монополияның осы кемшілігін XX ғасырдың 50 жылдары америка ғалымы Харбергер зерттеген.
<
<
АВС үшбұрышы Харбергер үшбұрышы деп аталады және ол монополияның зияның көрсетеді.
Америка ғалымы Х. Лейбенстайн монополистің өндірісті техникалық игеру ынтасы төмен, өнім сапасы нашар, себебі бәсеке доқ деп түсіндірді. Монополияның бұл кемшілігі теорияда Х-тиімсіздік деп аталады.
Монополияның артықшылығы-ол ұзақ уақытта да пайда таба алады. Ол пайдасын ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстарға пайдаланады, ол пайдасын арттыру үшін өндірісін кеңейтуі немесе қосымша зауыттар салады.
4.Монополист нарықтық экономика тұсында қалыптасып, соның заңымен әрекет етеді. Ол потенциялды бәсекелестермен және пайда болуы мүмкін субстит-тауарлармен санасуы керек. Сонымен қатар көптеген елде монополияға қарсы заңдар әрекет етеді.
АҚШ-да антимонополиялық қозғалыс Азамат соғысынан кейін пайда болды.
1890 жылы АҰШ конгресі еш қарсылықсыз Шерманның антитресттік заңын қабылдады. Бұл заң жекелеген штаттар арасындағы сауданы шектейтін кез келген келім-шартқа, құпия келісім жасауға, бірлесуге тыйым салды.
1913 жылы Клейтон заңы мен Федералдық сауда комиссиясы туралы заң дайындалып олар 1914 жылы күшіне енді.
Клейтон заңы бойынша бағалық дискриминацияға, сату келісім –шарттарын саудалауға, әр адамның бәреуден артық акцияның иесі болуына тыйым салды. Федералдық сауда комиссиясының заңында антитресттік заңды соттан гөрі арнайы маманданған агенттіктің атқарғаны дүрыс деп көрсетіледі.
1936 жылы Робинсон –Петман заңы қабылданды. Онда сатып алушылар категориясын дискриминациялау заңсыз есептеді.
Іс жүзінде Шерман заңы көп қолданылған жоқ. Қазақстандағы монополиялық кәсіпорындардың қызметі әр түрлі заңдар, ҚР Президентінің Үкімет қаулылары, ҚР конституциясы арқылы реттеліп отырады.
1991 жылы 11 маусымда ҚР-да алғаш «Бәсекені дамыту және монополиялық қызметі шектеу туралы» арнайы заң қабылдады.
ҚР Президентінің Үкімі бойынша 1998 жылы шілдеде «Табиғи монополия туралы» заң күшіне енді және монополияны реттейтін орталық атқару органы құрылды.
1991 жылы тамызда ҚР Президентінің шешімінен жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Ол 1993 жылы антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет болып өзгетілді.
19998 жылы Президент Үкім шығарып, Антимонополиялық комитетті Үкімет құрамынан алып, бөлек орталық атқару органы статусын берді. Ол табиғи монополияны реттеу мен бәсекені қорғау Агенттігі деп аталады.
Антимонополиялық Агенттіктің міндеттері:
табиғм монополия субъектілерінің қызметін реттеу;
монополиялық қызметтің алдын алу, жол бермеу;
тауар өндіріснің бәсекені мемлекеттік қорғау, дамытуға ықпал ету;
мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсету тәртіптерін бақылау;
мемлекеттік монополияға жататын мемлекеттік кәсіпорындар қызметін бақылау;
табиғи монополия субъектілерінің қызметі бойыеша нормативтік-құқықтық актілерді жасау т.с.с.
Аталған Агенттік регистрдегі немесе реестрдегі тіркелген шаруашылық субъектілерінің қызметін реттейді.
Регистрде табиғи монополия субъектілері тіркеледі. Реестрде нарыұтағы жалпы тауарлардың 35%-нан артық бөлігіне ие шарушылық субъектілері жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |