MRSx,uy = MRSx,пy,
мұндағы х – кассета
у – кітап
немесе (кассета құндылығы/кітап құндылығы)u = (кассета құндылығы/кітап құндылығы)п.
Екі экономикалық агенттің арасында игіліктерді айырбастау тиімділігін түсіндіру үшін «Эджуорт(Эджворт)қорабын» қолданамыз. Ағылшын экономисті Фрэнсис Эджуорт өзінің «Математикалық психология. Математиканы моральдық ғылымдарға қолдану туралы эссе» кітабында айырбас процесіне талдау жасау әдісін ұсынған.
Тік төртбұрышты қарастырамыз. Оның сол жақтағы төменгі бұрышы Ивановтың, оң жақтағы жоғарғы бұрышы Петровтың координаталары жүйесінің басы деп есептейміз.
Төмендегі горизонталь осьтің бойына Ивановтың кассеталарының санын, сол жақтағы вертикаль осьтің бойына Ивановтың кітаптарының санын саламыз. Жоғары горизонталь осьтің бойына Петровтың кассеталары санын, оң жақтағы вертикаль осьтің бойына оның кітаптарының санын көрсетеміз. Горизонталь осьтердің ұзындығы кассеталардың жалпы санына (11 дана), ал вертикаль осьтердің ұзындығы кітаптардың жалпы санына
кассета (Пет) Оп
11кас 4кас 3кас
3кіт 6кіт
А 7кіт
2кіт
11кас
Оu кассета (Ив). 7кас 8кас
Айырбасқа дейінгі жағдай А нүктесінде болды. Айырбас жасалғанынан кейін жағдай В нүктесіне ауысты.
«Эджурт қорабын» пайдалана отырып келісім-шарттар қисығын (2-сурет) салуға болады. Келісім – шарттар қисығы дегеніміз – екі экономикалық игілікті екі тұтынушы арасында бөлудің тиімді көптеген нұсқаларын көрсететін сызық. Бұл сызық екі экономикалық агенттің көптеген талғамсыздық қисығының жанасу нүктелерін қосқан жағдайда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |