Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет78/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Ақпаратты іздестіру әдісі арқылы да тәуекелді төмендетуге болады. Өйткені ақпараттың жетіспеуі бизнестегі қате шешімдердің қабылдануына әкеледі.


  1. Жетілген бәсеке жағдайындағы модельді қарастыра отырып, біз ақпараттардың тең

(симметриялы) бөлінуін, нарықтық процеске қатысушылардың толық ақпараттануын ескердік. Дәл ақпараттың болуы табыстың болуына кепілдік бермейді, алайда қолда бар ресурстарды тиімді бөлуге жағдай жасап, табысқа қол жеткізуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

Біз ақпараттық ассиметриялығына күн сайын тап боламыз. Ақпараттардың ассиметриялығы дегеніміз - нарықтық мәмілеге қатысушылардың бір бөлігі маңызды ақпаратқа ие болып, екінші бөлігінде мұндай мүмкіндіктің болмайтыны орын алатын жағдай. Мысалы, ойын бизнесін ұйымдастырушылар бұл бизнестегі құпияны ойыншыларға қарағанда жақсы біледі, тауарды сатушылар тауар сапасы жөнінде сатып алушыларға қарағанда жақсы біледі, сақтанушылар сақтандыру объектісі туралы сақатндыру компанияларына қарағанда толық ақпаратқа ие. Сатушылар өз іс-әрекеттерінің шынайы мақсатын жиі жасырып, пайда көру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Сапа айқынсыздығының проблемасын алғаш рет 1970 жылы Джордж А. Акерлоф ұсынды.

Айталық, ұсталған автокөліктер нарығында екі түрлі сапа категориясындағы машиналар сатылады: жақсы сапалы және төмен сапалы. Бірінші категориядағы машинаның сатушы үшін бағсы-3000 доллар, ал сатып алушы үшін 3600 доллар Екінші категориядағы машинаның сатушы үшін бағасы 1000 доллар, сатып алушы үшін 1200 доллар. Егер екі категориядан тауар бірдей көлемде болса, орташа баға сатушы үшін 2000 доллар, ал сатып алушы үшін 2400 доллар . Бұл жағдайда жақсы автокөлікті сатып алу ықтиалдылығы 50%.

Дегенмен, сатушы өз машиналарының сапасын біледі, ал сатып алушылар білмейді. Жақсы машина иесі үшін 2000 доллар тиімсіз, ал «лимонның» иелері үшін 2000 доллар тиімді баға болып табылады. (Америкалықтар нашар сапалы автокөлікті «лимон» деп атайды). Ақпараттардың ассиметриялығы жағдайында ұсталған машиналар нарығы үлкен деформацияға ұшырайды. Ұтымды сатушылар сапасы жақсы машиналарды 2000 долларға сатудан бас тартып, осы бағаға нашар сапалы көліктерін көптеп сатады. Сөйтіп жақсы сапалы көлікті сатып алу ықтималдығы 50%-дан 0-ге дейін түседі де, нарықта жалғыз «лимондар» қалады.

Сақтандыру нарығында сапа туралы ақпарат сақтандыру полистерінің сатып алушыларының қолында болады.

Индивидтің мүмкін болатын зиянды сақтандыру компаниялары толықтай өтейді деген мақсатпен зиянның ықтималдығын қасақана, саналы түрде арттыруы моральдық тәуекел деп аталады. Мысалы, автокөлігін сақтандырғандар сақтандырудың қарапайым шараларын да жасамайды, сөйтіп оларды ұрлау ықтималдығы артады.

Сақтандыру компаниялары моральдық тәуекелді төмендету жұмыстарын жүргізеді:


  1. кандидаттарға жан-жақты іріктеп, оларды тәуекел топтары бойынша жіктейді;

  2. жоғары тәуекелді клиенттер тобымен сақтандыру келісім-шартына отырмайды(нашақорлармен, бұрын алкогольді ішімдік ішіп көлік жүргізіп ұсталған жүргізушілермен)

  3. зиянның бір бөлігін ғана төлейді.

Ақпарат айқынсыздығы мен моральдық тәуекелмен күресу шараларының бірі - нарықтық белгі. Фирма беретін кепілдіктер, фирма маркасы, фирмалық белгі, жұмысқа қабылданушының білім деңгейі нарықтық белгі болып табылады. Бұрын тұтынып көрмеген тауарды алдық немесе бұрын тамақтанып көрмеген мейрамханаға кірдік делік. Бірақ біз тауардағы фирмалық белгі немесе мейрамхананың танымал компанияға тиесілі болуы нарықтық сигнал болып табылады. Ақпараттың ассиметриялығын тез жоюға мүмкіндік беретін нарық түрі аукцион болып табылады. Аукцион ақпараттардың ассиметриялығынан басталады. Аукционға қатысушылар өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін жақсы білгенімен бәсекелестерінің потенциалды мүмкіндіктері туралы көп білмейді. Аукционның түрлері: ағылшындық, голландық, жабық аукцион.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет