Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет79/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Лекции микро

Ағылшындық аукцион - тауар ұсынылған бағалардың ең жоғарғысына сатылғанша ставка төменен жоғарыға қарай өсетін аукцион. Бұл аукционда құнды өнер туындылары, дәулетті тауарлар, үй малдары сатылады.

Голландық аукцион- тауар ұсынылған бағалардың ең төменіне сатылғанша ставка жоғарыдан төменге қарай түсетін аукцион. Баға бастапқы жарияланған бағаның 20%-ынан төмен болмауы керек. Бұл аукционда гүл, бау -бақша өнімдері, тірі балық сатылады.

Жабық аукцион-қатысушылар бір мезгілде бір -бірінен дербес баға ұсынып, тауардың ұсынылған ең жоғарғы бағаға сатылатыны қамтамасыз етілетін аукцион.

Бұрын «Caveat emptor» (сатып алушы сақтану керек) деп аталатын заңдық қағида орын алған. Бұл қағидаға сәйкес тауар сатушылары тауар сапасының белгілі бір бөлігіне ғана жауап береді. Ал нарықтық экономика жағдайында «caveat venditor» (сатушы сақтану керек) қағидасы әрекет етеді. Бұл қағида бойынша тауар сапасынан моральдық, физикалық зиян көрген тұтынушы сатушыдан өтемақы талап ете алады. Мәмілеге қатысушы екі жақтың толық ақпаратқа ие болу мүмкін емес. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тауар туралы ақпарат алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет