Сұраныс және ұсыныс негіздері


Тәуекелді диверсификациялау



бет77/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Тәуекелді диверсификациялау- тәуекелді бірнеше тәуекелді тауарлар арасында бөлу арқылы оны төмендетуге бағытталған әдіс. Бір тауарды сатуда болатын тәуекелді екінші тауарды сату арқылы азайтып отыруға болады. Дүкендердің, мәселен, жалғыз кондитерлік немесе ет өнімдерін сатумен ғана айналыспауы сондықтан.

Тәуекелді біріктіру әдісі кездейсоқ зияндарды салыстырмалы түрде аса көп емес тұрақты шығындарға айналдыру жолымен тәуекелді төмендетуге бағытталған. Ауру сырқау, стихиялық апаттар, тонау - бұлардың бәрі едәуір шығынмен байланысты. Мұндай жағдайлардың салдарын жеңілдету үшін сақтандыру шараларын жүргізу керек. Сақтандыру компаниялары сақтандыру ісін ұйымдастыруға қажетті шығындар мен төлемдерді алған жарналардың көлемінен аспайтындай етіп ұйымдастырады. Сақтандыратын жағдай орын алған кезде сақтандыру команиясының алдын-ала келісілген ақша сомасын төлеу міндеттемесі сақтандыру полюсі деп аталады.

Ықтималды зиянның тәуекелін қатысушылар арасында бөлу әдісі тәуекелді бөлу деп аталады. Бұл жерде әр қатысушының мүмкін зияндары айтарлықтай жоғары болмайды. Мысалы, келісім шартта бизнестегі форс-мажорлық жағдайлар ескеріледі. Олардың салдарын жеңілдету үшін мүмкін зиянды алдын-ала әрқайсысы бөліп төлеуді мойындарына алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет