Сұраныс және ұсыныс негіздері


Қалдық тастағаны үшін төлемдер –



бет76/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Қалдық тастағаны үшін төлемдер – фирмадан қоршаған ортаға тасталған зиянды заттың әр бірлігі үшін төленетін төлемдер. Бұл зиянды заттың жалпы көлемінің азаюына жағдай жасайды, алайда қоршаған ортаны ластау стандарттары сақталмауы мүмкін.

Соңғы кезде қоршаған ортаны ластау құқықтарын сату әдісі қолданылып келеді. Мемлекет белгіленген аймақтағы зиянды заттар тастау нормасын анықтайды да оның көлемін лицензия түрінде аукционда сатады. Кей кездері оны қоршаған ортаны қорғау қоғамы сатып алуы да мүмкін.




Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Р.М. Нуреев Курс микроэкономики.- М.: 2001.

2. Хэл Вериан Микроэкономика Промежуточный уровень Современный подход. - М.: 1997.

3. И.П. Николаева Основы микроэкономики. - М.: 2001.



15 –тақырып. Ассиметриялық ақпараттар нарығы.
Дәріс жоспары:

1. Айқынсыздық және тәуекел.

2. Ақпараттардың ассиметриялығы.

3. Спекуляция және оның экономикадағы ролі.

4. Инвестициялық портфельді диверсификациялау.
1. Тұтынушылық таңдауы, көп жағдайда, айқынсыздықпен байланысты. Айқынсыздық нарық тиімділігіне кері әсер етеді. Айқынсыздық мәселесіне алғаш мән берген ғалым америка экономисі Фрэнк Найт (1885-1974) болды. Ол ықтималдылықты математикалық және статистикалық деп екіге бөлді. Математикалық ыктималдылық алдын-ала берілген қағидалар арқылы анықталды. Ал статистикалық ықтималдылықты эмпирикалық жолмен ғана анықтауға болады. Айқынсыздық жағдайында қабылданған шешімдер тәуекелмен байланысты. Тәуекел- бұл кез-келген әдіспен бағалауға болатын ықтималдылық. Ал айқынсыздық - бағалануы мүмкін емес жағдай. Нақты жағдай күтілетін жағдайдан ауытқуы мүмкін. Ауытқулардың квадраттарының орташа мәні дисперсия деп аталады. Дисперсияның квадраттық түбірін стандарттық ауытқу деп атайды.

Экономикадағы әр адамның тәуекелге бейімділігі әр түрлі болады. Тәуекелге бейім, тәуекелге бара қоймайтын және тәуекелге бейімсіз адамдар болады. Кепілденген тұрақты табыстан бас тартып, тәуекелмен байланысты табысты алуға ұмтылатын адамдар типі тәуекелге бейім адамдар қатарына жатады. Мұндай адамдар, әдетте, ұтыстың ықтималдылығын артық бағалап жібереді. Олар қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұрақты табыстан бас тартады. Мысалы, құмарлық ойынының қатысушылары. Белгісіз, тәукелмен байланысты нәтижелердің орнына белгілі кепілденілген нәтижені күтетін адамдар тәуекелге қарсы адамдар болып саналады. Кепілденген нәтиже мен тәуекелді нәтиже арасындағы талдау жасау талғамсыз болатын адамдар тәуекелге нейтралды қарайтын адамдар деп есептеледі.

Тәуекелдің мәнін нольге жеткізу мүмкін емес, алайда оны төмендетуге болады.

Тәуекелді төмендетудің төмендегідей тәсілдері болады:

1) тәуеклді диверсификациялау;

2) тәуекелді біріктіру немесе сақтандыру;

3) тәуекелді бөлу;

4) ақпарат іздестіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет