Стереометрия есептерін шығару (қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)



бет20/31
Дата18.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#186454
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Стереометрия есептерін шығару. Казжанова ГЗ
20163550, Тесты терапевт. 7 курс 3, 1569074137-KTP-KTZh-English-plus-5-Grade, ҚМЖ, тәрбие сағаты слайд, Мемелекеттік тілде іс жүргізу-2021 емтихан сұрақтары, курсовой улгиси — копия, Адал ұрпақ жоспар 2022-2023, Ғылыми жобаға талаптар
Сабақтың барысы




Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет






Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау.
2. Миға шабуыл.
Проблемалық жағдайды шешу: дене іштей немесе сырттай сызылу үшін қандай шарт болу қажет.
Мақсаты: геометриялық денелерінің комбинациясын жазықтықта кескіндей алуын қалыптастыру ;
Дағдылар: білу, түсіну
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сұрақтар қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды, көп жақтар және айналу денелерінің комбинациясы бейнеленген слайдтарды көрсетеді.
Оқушының іс-әрекеті: слайдтарда ұсынылған сұрақтарға жауап береді, денелердің іштей немесе сырттай сызылу үшін қандай шарттар қажет екенін сипаттайды.
Сипаты: Мұғалім оқушыларға сұрақтар ұсынады
1. Қандай шар көпжаққа іштей сызылған деп аталады? Слайд №2
2. Қандай көпжақ шарға іштей сызылған деп аталады Слайд №3
3. Шар цилиндрге іштей сызылған. Шардың центрі қай жерде? Шардың радиусынеге тең? Слайд №4
4. Шар цилиндрға сырттай сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №5
5. Шар конусқа іштей сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №6 шар
6. Шар конусқа сырттай сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №6





2.Есептер шығару.
Мақсаты: әртүрлі фигуралардың комбинациясына есептерді шешу дағдыларын пысықтау, әр түрлі фигуралардың ауданы мен көлемін, іштей немесе сырттай сызылған шардың радиусын табуға бағыт береу тәсілдеріне көмектесетін математикалық түйсікті (интуиция) қалыптастыру;
Дағдылар: қолдану
Мұғалімнің іс-әрекеті: Көп жақтар және айналу денелерінің комбинациясына берілген тапсырманың шешу жолын оқушылармен бірге талқылай отырып, тақтада көрсетеді.
Есеп. Шар конусқа іштей сызылған, жасаушысы табан диаметріне тең. Конустың толық бетінің шар бетіне қатынасын табыңыз.
Шешімі №7 слайдта
Мұғалімнің іс-әрекеті:. Оқушыларды төрт есепті шешуді ұсынады.
Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы орындайды.
Сипаты: оқушылар тапсырмаларды шешеді, өз іс-әрекеттерін түсіндіреді .
1. Шар конусқа іштей сызылған. Слайд№9
2. Конус шарға іштей сызылған. Слайд № 10
3.. Шар цилиндрға іштей сызылған. Слайд №11
4. Шар кубқа іштей сызылған. Слайд № 12
Мұғалім тапсырманы орындаған оқушыға кері байланыс береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет