«стоматология» мамандығЫ Үшін силабус


Тәбеттің біртектес бүліністері



бет7/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34117
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тәбеттің біртектес бүліністері


Біртектес түрлері

Клиникалық мысалдар

  1. Анорексия – тәбеттің болмауы

  2. Гипорексия – тәбеттің төмендеуі

  • зат алмасуларының ауыр бұзылыстарын және организмнің арықтауын дамытады.

  • Асқазан-ішек жолы шырышты қабаттарының қабынуы;

  • қызбамен қабаттасқан жұқпалы аурулар;

  • әртүрлі ағзалардағы қатерлі өспелер;

  • кейбір эндокринопатияларда;

  • психоз, невроз.

  1. Гиперорексия – тәбеттің жоғарылауы

Семіру, қантты диабет, атеросклероз, жұқпалы ауруларға қарсы тұруының төмендеуін тудырады.

  • Қантты диабетте және басқа зндокринопатияларда;

  • Орталық жүйке жүйесінің ағзалық және қызметтік бүліністерінде.

  1. Булимия – шектен тыс күшейген тәбет

  • нервно-психические расстройства

  1. Парорексия – бұрмаланған тәбет

  • теміртапшылықты анемия;

  • психикалық бұзылыстар;

  • жүктілік токсикозы.

Сілекей бездері қызметі бұзылыстары


Біртектес түрлері және олардың организм үшін маңызы

Клиникалық мысалдар

  1. Гиперсаливация

  • Асқазан сөлін бейтараптайды, асқазандағы асқортыуды бұзады, асқазандағы қойыртпақтың ішекке өтуін жеделдетеді, асқазан сөлінің бактерицидтік әсерін төмендетеді, организмнің сусыздануын тудырады.

  • стоматит;

  • уланы (никотин);

  • токсикоз;

  • гельминтоз;

  • ОЖЖ зақымдануы (невроз);

  • рефлекстік (үшкіл жүйкенің зақымдануы).




  1. Гипосаливация

  • Ауыз қуысының шырышты қабатын құрғатады, онда жұқпалы қабынулық аурулар дамуына қолайлы жағдай жасайды, көптеген тіс жегілер дамуымен қабаттасады.




  • Сілекей бездерінің сүлде аурулары;

  • Жұқпалы аурулар;

  • дәрілер (атропин);

  • организмнің сусыздануы;

  • гипертиреоз ж.б.

Өңеш қызметінің бұзылыстары


Өңеш арқылы тағам өтуінің қиындауын дисфагия деп аталады (грекше dys қызметі бұзылуы, phageinтамақ жеу).

Дисфагияның түрлері

Даму тетіктері

Негізгі себептері

1. Орофарингеалды

  • мый бағанының зақымдануы;

  • жүйке-бұлшықет түйіспелік қызметтердің бұзылуы;

  • жұтқыншақ бұлшықеттерінің зақымдануы;

  • жұтқыншақ бұлшықеттерінің спазмы;

  • ксеростомия;

  • жұтынғанда ауыру сезімі.

  • инсульт, полиомиелит;

  • миастения;




  • дерматомиозит;

  • сіреспе, истерия;

  • сілекей бөлінуінің бұзылуы;

  • стоматит, ларингит.

  1. Өңеш денесінің қалыпты жиырылуының бұзылуы




  • Орталық жүйкелік реттелудің бұзылуы;

  • интрамуралды ганглийлерде нейрондардың бұзылуы;

  • бұлшықет талшықтарының дәнекер тіндерімен алмасуы

  • эзофагоспазм (өте жиі);

  • өңеш кеңістігінің тарылуы.

  • қатты эмоциялар;




  • жүйелі склеродермия;

  • невроздар;

  • күйіктік тарылулар, өспелер ж.б.




  1. кардияның және өңештің төменгі қысқышының ашылу тетігінің (механизмінің) бұзылуы

  • босаңсудың бұзылуы;

  • өңештің төменгі қысқышы межеқуатның төмендеуі.




  • кардияның ахалазиясы;

  • гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру.

Асқазан қызметінің бұзылуы

Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы


Бұзылу түрлері және көріністері

Пайда болу тетіктері

  1. Гиперсекреция

  • Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж.көпт.б.).

  • төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну,қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.

  • іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.

  • кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.

  • асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы).

  • Золлингер-Эллисон синдромы кезінде.

  • қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, кортизон және б. әсері кезінде.

  1. Гипосекреция

  • асқазан сөлінің қышқылдығы және ыдырату күші төмендейді, бұл жеткіліксіз өңделген тағам жентегінің асқазаннан ішекке түсуінің жылдамдауына және іш өтуі дамуына әкеледі. Жұқпалық сипаттағы сыртқы жайттардың ішекке өтуіне жағдай жасалады, бұл дисбактериоз және ішек-қарын жолы ағзаларының жұқпалық-уыттық бүлінісін туындатады.

  • организмнің арып-тозуы жиі байқалады.

  • дизэритропоэздік анемиялар қалыптасады.

  • асқазанның бездік құралының айқын құрылымдық өзгерістері (атрофиялық гастрит, полипоз, асқазанның қатерлі өспесі).

  • тамақтану тәртібінің бұзылуы.

  • тағамда нәруыз, витаминдер жеткіліксіздігі.

  • жұқпалы аурулар кезінде.

  • қызба кезінде.

  • гипотиреоз кезінде.

  • ОЖЖ қызметінің бұзылуы кезінде.



Асқазанның қимылдық белсенділігінің бұзылуы


Бұзылу түрлері және негізгі көріністері

Пайда болу тетіктері немесе клиникалық мысалдар

  1. Қимылдық белсенділіктің жоғарылауы

  • ауыру сезімімен, тағам жентегінің асқазаннан өтуінің баяулауымен қабаттасады.




  • ойық жара ауруы, гастриттер кезінде.

  • дерттік висцеро-висцералдық рефлекстер кезінде.

  • асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезінде.

  • пилороспазм кезінде.

  • кезбе жүйкені түрткілеген кезде.

  1. Қимылдық белсенділіктің төмендеуі

  • тамақ ішкеннен соң төс астында ауырлықтың пайда болуымен қабаттасады. Асқазанда іркілген тағам жентегі ашу және шіруге ұшырайды, бұл асқорыту жолының жұқпалық-уыттық зақымданулары, асқорыту жүйесінің толық, қатты бұзылулары үшін алдын ала жағдай жасайды.




  • отадан кейінгі кезең (кезбе жүйкені кесуден кейінгі синдром).

  • жұқпалы аурулар.

  • ауқаттық дистрофия.

  • асқазанның төмен түсуі.

  • қымылдың жүйкелік реттелуінің бұзылуы (асқазанның идиопатиялық салдануы, жүйкелік анорексия).

  • диабеттік нейропатия.

  • симпатикалық жүйке жүйесінің түрткіленуі.

Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы


Бұзылыстар түрі

Пайда болу тетіктері

Толқи жиырылудың жылдамдауы

  1. Іш өтумен қабаттасады . Ұзаққа созылу кезінде сусыздануға , ауыр электролиттік бұзылыстарға және асқорытудың жеткіліксіздігіне әкеледі.

Іш өтудің түрлері:




  1. Сөлденістік

  • тамырбелсенді ішектік пептидтің көбеюі

  1. Осмостық

  • ішек ішіндегісінің осмостық қысымының жоғарылауы (мәлабсорбциялық синдром, тұздық ішөткізгіштер)

  • әдеттегіден тыс дерттік тітіркендірудің әсері

  1. Гиперкинезиялық

  • жүйкелік реттеудің бұзылыстары кезінде

  1. Жалқықтық

  • қабынулық жалқық (жіті және созылмалы ішектік жұқпалар), антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау

  1. Әдеттен тыс

  • тоғышек саңылауының өспемен тарылуы кезінде, теңгерулік гиперсекреция нәжістің өтуін жеңілдетеді

Толқи жиырылудың баяулауы

    • іш қатуға әкеледі




Іш қатудың түрлері:




  1. Ауқаттық

  • тағамда өсімдіктік торшаның жеткіліксіздігі

  1. Дағдылық

  • кейбір ахуалдық жағдайлар кезінде (асығу, нашар санитариялық-тазалықтық жағдайлар)

  1. Нейрогендік:

а. түйілулік,
б. атониялық




  • тоғышектің түйілулік жиырылуы

  • мый және жұлынның әртүрлі зақымданулары кезінде

  1. Желішектік

  • көтен-желішектік аймақтың аурулары кезінде

  1. Уыттанулық

  • сынап, қорғасынмен улану, дәрілердің әсері

  1. Ішектің құрылымдық зақымдануының салдарынан – өршуі кезінде ішек бітелуін туындатуы мүмкін




  • ұзын тоғышек, алып тоғышек, өспелер, тарылулар, бүйірқалталар



Сіңірілу жеткіліксіздігінің синдромы


немесе мәлабсорбция синдромы (франц. мalауру).

  1. Асқорыту бұзылысының кез-келген түрі және кезеңі кезінде




кейбір асқорытулық ферменттердің жеткіліксіз өндірілуі кезінде өтетін ауру: созылмалы панкреатит, ұйқыбез обыры, ұйқыбез фиброзы, холестаз, асқазан бөлігін кесу, бүйірқалталықтық және б.


  1. Ашішектің шырышты қабығы эпителийінің зақымдануы кезінде

целиакия, амилоидоз, ішек лимфомалары, Уиппл ауруы, эозинофилдік гастроэнтерит, Крон ауруы, қысқа ілмек синдромы, вирустық, бактериялық жұқпалар және құрт аурулар ж.б.


Асқазанның ойық жара ауруының патофизиологиясы

Ойық жара ауруы – жалпы көрінісі шырышты қабаттардың, жиірек асқазан мен ұлтабардың орныққан жарасымен сипатталатын туындауы әртүрлі аурулардың жиынтығы.



Гастродуоденалды жаралардың туындауы заманауи көзқарас бойынша, асқазан қойыртпағының күшті агрессивті (озбырлық) әсерінен де, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабаттарының қорғаныстық мүмкіндіктерінің әлсіреуінен де дамиды.


Озбырлық жайттар

Әсер ету тетіктері

  1. Организмге стресстік, неврогенді теріс эмоциялардың әсері




  • патогенезде негізгі тетік болып табылады. Дербес жүйке жүйесін бұза отыра:

  1. асқазан сөлінің бөлінуі мен қышқылдығын арттырады.

  2. Асқазанның, ішектің бұлшықеттерінің және тамырларының ұзақ тарылуы

  3. Шырышты қабаттағы дистрофиялық үрдіс.

  1. Тұз қышқылы мен пепсин мөлшерінің жоғарылауы




  • Заманауи көзқарас бойынша шырышты қабаттың құрылымын бұзатын негізгі жайт болып табылады. Сол себепті тұз қышқылы мөлшерінің жоғарылауын дамытатын кез келген әсер – озбырлық жайт

  1. Озбырлық жайттар; Гиперхлоргидрия

  • Іргелік жасушалар санының артуы

  • Тұз қышқылы өндірілуін артық күшейткенде, мысалы, кезбе жүйке межеқуатының жоғарылауы, гастриномада (күшейткіштердің әсеріне іргелі жасушалардың сезімталдығының жоғарылауы, Золлингер-Эллисон синдромы)

  • Тұз қышқылы өндірілуі тежелуінің жеткіліксіздігі: секретин тапшылығында, (ішек шырышты қабатының атрофиясы), соматостатин, тұз қышқылы әсерінен пепсинге айналатын пепсиногеннің өзін-өзі реттеу тетігінің жеткіліксіздігінде, бұл симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылағанда, никотиннің әсерінен дамиды.

  1. Helicobacter pylori




  • Шырышты қабаттың қорғаныстық қабатын бұзатын лизистік ферменттерді бөледі.

  • Энтероциттерге тікелей зақымдаушы әсер ететін цитотоксиндер өндіреді.

  • Эпителиоциттерді зақымдайтын гастралды Т-лимфоциттерді күшейтеді.

  • Қабыну және фагоцитозды тудырады, қабыну дәнекерлері арқылы (интерлейкин, лизосомалық гидролазалар, өспе тіршілігін жоятын жайт) эпителиоциттерді зақымдайды.

  1. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар




  • Циклооксигеназа белсенділігінің тежелуінен асқазанда простагландиндердің аз өндірілуінен шырышты қабаттардың қорғаныстық қасиеттері төмендейді.

  1. Шылым шегу




  • Ұйқы безінің экзокринді қызметінің төмендеуі (ұлтабарға сілтілі секреттің шығарылуы азаюы және бикарбонатты аниондар мөлшерінің азаюы).

  • Пилорустық қысқыш межеқуатының төмендеуі және ұлтабарға асқазаннан қышқыл қойыртпақ түсуінің артуы.

  • пепсиноген-1 өндірілуінің артуы.

  1. Ұзақ стресс –серпілістерде немесе кортикостероидтармен ұзақ емдегенде




  • Асқазан эпителийінде қалпына келу үрдістерін тежейді.

  • Асқазанның резистивті тамырларының тарылуын және шырышты қабаттың ишемиясын дамытатын адренорецепторлардың эндогенді катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы.

  1. Гипергастринемия, сонымен бірге басқа гастроинтестиналды гормондардың (мысалы, холецистокининнің) артуы, гистаминнің артуы; простагландин Е2 азаюы; энтерохромафинді, іргелік жасушалардың массасының тектік жоғарылауы




  • Асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылауы – озбырлық белсенділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет