Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет324/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
333 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮШ ТІЛДЕ ХИМИЯ 
ПӘНІ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА 
БАҒЫТТАЛҒАН ТИПТІК ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫН ҚҰРАСТЫРУ 
 
Қожагелді А.М. 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., х.ғ.к. Бекишев К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
Бізді қоршаған әлем өте жылдам өзгеруде, сәйкесінше, 
білім беру жүйесі мен химияны 
оқыту әдістемесі де бір орында тұрған жоқ. Химияны оқыту әдістемесінің даму 
тенденцияларын анықтау үшін жүргізіліп жатқан өзгерістерді үш бағытқа бөліп көрсетуге 
болады. Олар: цифрландыру, эдьютейнмент және функционалдық сауаттылық. Соның 
ішінде, функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы ерекше. 
ҚР Президенті 2021 
жылғы білім беру туралы жолдауында «Оқушылар мен мұғалімдердің функционалдық 
сауаттылығын қолдау ерекше маңызды. Білім сапасын және оқушылардың жетістіктерін 
арттыру үшін білім беру бағдарламаларына инновациялық технологияларды енгізу қажет» 
деп, болашақ қоғам мүшелері – жастардың біліміне, сауаттылығына аса көңіл бөлді. 
Білім мазмұнын өмірмен байланыстыру - білім беру жүйесінде қолданылатын маңызды 
дидактикалық принциптердің бірі болып табылады. Оны іске асыру үшін функционалдық 
сауаттылықты арттыруға бағытталған есептер мен тапсырмалар құрастырып, оны оқу 
бағдарламасына енгізу қажет. Журналдар мен интернет желісінде соңғы 10 жылда 
жарияланған мақалаларға сұрыптау жұмыстарын жасау арқылы, функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған үштілді тапсырмалар жинағының бүгінгі күндегі 
сұранысы өте жоғары екенін байқауға болады. 
Бұл жұмыстың мақсаты – ҚР мектеп оқушыларының химия пәні бойынша қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған типтік 
тапсырмалар жинағын құрастыру. Бұл тапсырманың маңызы зор, себебі ол мектеп 
оқушыларының тілді меңгеруі мен ғылыми білімін арттыруға әсер етеді. Осы жұмыста 
құрастырылған типтік тапсырмалар жинағы мектеп оқушыларына химия мазмұны мен 
принциптерінің берік негізін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл тапсырмалар оқушылардың 
сыни тұрғыдан ойлауына, есептер шығаруына және ғылыми ізденуіне өз ықпалын тигізеді. 
Олар, сондай-ақ, дәстүрлі және заманауи оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалады. 
Бұл есептер топтамасын орта мектеп мұғалімдері химия курсын оқыту процесінде
оқушыларға есеп шығаруды үйрету кезінде пайдалана алады. 
Сонымен, қорытындылай келе, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құрастырылған, 
функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған типтік тапсырмалар жинағы мектеп 
оқушыларының химия пәні бойынша білім дейгейлері мен дағдыларын арттырудың тиімді 
құралы болып. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
334 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет