Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


SEDUM PURPUREUM L ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ



Pdf көрінісі
бет102/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

SEDUM PURPUREUM L ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ 
АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ 
 
Түрікбен А.Б. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Корулькин Д.Ю. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Шикізаттан биологияық белсенді затты алудың негізгі мәселесі процесстің ұзақтығына
және тиімсіздігіне тіреледі. Осы проблемаға байланысты Қазақстанда кеңінен таралған 
Sedum purpurem L өсімдігіне зерттеу жүргізілді. Зерттеудің ерекшелігі - өсімдік 
материалдарынан ББЗ алу дәрежесін арттыру үшін табиғи заттардың практикалық маңызды 
кластарын іріктеп алудың классикалық (химиялық және хроматографиялық) және қазіргі 
заманғы (микротолқынды экстракция) әдістерінің комбинациясын қолдану болып табылады. 
Классикалық әдістер бәріне таныс болса заманауй әдістер көп зерттелмегендіктен назардан 
тыс қалады. Осы зерттеуде заманауй экстракциялау әдістерін дәлірек айтқанда 
микротолқынды экстракцияны қолданып жақсы нәтижелер алынды.
ББЗ алу кезінде микротолқынды экстракцияны қолданғанда байқалатын бірқатар 
артықшылықтары бар, олар: 
1.
Химиялық реакциялардың жүру уақытын қысқарту; 
2.
Қатты және сұйық заттардың бүкіл көлем бойынша жылдамдатылған және таралған 
қыздыру; 
3.
Басқа активтендіру әдістерімен алу мүмкін емес химиялық қосылыстарды алу;
4.
Еріткіштің қайнау температурасынан асатын температураларды алу; 
5.
Реакцияны еріткіштерсіз жүргізу; 
6.
Сорбенттерді алмай, химиялық қосылыстарды жақсарту; 
7.
Кеуектілігі жоғары препараттарды қоса алғанда, әртүрлі қатты заттарды сусыздандыру; 
8.
Электр энергиясын үнемду.
Микротолқынды сәулеленудің өсімдік материалдарына әсері өсімдік материалдарының 
тіндері мен жасушаларының қарқынды жойылуын болжайды, мұндай әсер кеуекті сіңдіру 
процесінің қарқындылығының жоғарылауына және төмен молекулалық салмақты заттардың 
айтарлықтай жылдам бөлінуіне әкеледі. Бұл процестің кемшілігі алынған эфир майларының 
сапалық сипаттамаларының өзгеруі болады.
Жасалған зерттеу жұмысында жүргізілген эксперимент нәтижелеріне келетін болсақ 
микротолқынды экстракция арқылы 5 минутта: алколоидтардың 94,74%; тері илегіш 
заттардың 38,12%; кумариндердің 27,08% ; полисахаридтердің 96,77% бөлініп алынды.
Классикалық экстракция әдістерімен салыстыратын болсақ: термиялық экстракция 
арқылы 8 сағатта алколоитардың 59,16%; кумариндердің 53,53%; тері илегіш заттардың 
79,42%; полисахаридтердің 97,66% бөлініп алынды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет