Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
β-(4-ФЕНИЛПИПЕРИДИН-1-ИЛ)ПРОПИОАМИДОКСИМ НЕГІЗІНДЕГІ СПИРОГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР СИНТЕЗІ Төребек Г.А. Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Елибаева Н.С. әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті torebekgulnaz00@gmail.com Спирогетероциклді қосылыстар табиғатта ғана емес, сонымен қатар дәрі-дәрмектер
арасында да кең таралған, себебі бұл қосылыстар ферменттермен байланысты арттыратын
қатаң кеңістіктік құрылымға ие. Спирогетероциклді қосылыстың емдік пайдасы көздей
отырып,
β(4-фенилпиперидин-1-ил)пропиоамидоксим
негізіндегі
спирогетероциклді
қосылыстар синтезін жүргізілді.
Пропиоамидоксимдер әртүрлі органикалық қосылыстардың синтезінде реагент ретінде
пайдаланылатын амидоксим өкілі. Олар ацетилхолинэстеразаның белсенділігін арттыруы
мүмкін, бұл өз кезегінде ишемиялық инсульт пен Паркинсон ауруы бар науқастарда мотор
қызметін жақсарта алады. Пропиоамидоксимдерді глаукома және алкогольге тәуелділік
сияқты кейбір басқа ауруларды емдеуде дәрі ретінде пайдаланылуға болады.
4-фенилпиперидин-1-ил-құрамында азоты бар, C14H18N формулаға ие, гетероциклді
қосылыс. Әдетте ауырсыну мен есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған дәрі ретінде
қолданылады. Сондай-ақ, бұл компонентті жарты шар аралық трансмиттер ретінде
пайдалануға болады және ол орталық жүйке жүйесіндегі допаминдік, норадреналиндік және
серотониндік жүйелермен әрекеттесе алады. 4-фенилпиперидин-1-лайдың морфин сияқты
басқа есірткі заттарымен құрылымдық ұқсастығы бар және эйфория және ләззат сезімдері
сияқты психоактивті әсерлерді тудыруы мүмкін.
β(4-фенилпиперидин-1-ил)
пропиоамидоксим
негізіндегі
спирогетероциклді
қосылыстардың синтезін циклизация және қайта топтастыру реакцияларының әртүрлі
әдістерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
105