Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


β- АМИНОПРОПИОАМИДОКСИМДЕР НЕГІЗІНДЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ



Pdf көрінісі
бет97/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

β- АМИНОПРОПИОАМИДОКСИМДЕР НЕГІЗІНДЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ 
ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ СИНТЕЗІ 
 
Тобжанова А.Р. 
Ғылыми жетекші: PhD, доцент м.а. Елибаева H.C. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
tobzhanaray002@icloud.com
 
Туберкулез онкологиялық науқастардың, оның ішінде лимфопролиферативті, 
инфекциялық аурулардың ішінде жиі өлімінің ең негізгі себебі. Дүниежүзінде әрбір төртінші 
адам туберкулезбен ауырады,2019 жылы 1,4 миллион осы аурудан көз жұмды. 2000-2019 
жылдар аралығында туберкулезбен тікелей байланысты қант диабетінен болатын өлім 3%-ға 
артып, 2019 жылы қант диабетінен шамамен 2 миллион адам қайтыс болды. 
Қазіргі таңда фтизиатрия саласында
M. tuberculosis 
төзімді штамдарына қарсы жоғары 
белсенділік қасиеті бар, клиникалық нәтижелерді жақсартуға әсер беретін жаңа препараттар 
қажет. 
β-аминопропиоамидоксимдер - туберкулезге және диабетке қарсы биологиялық 
белсенді қосылыс, амидоксимнің күрделі туындысы. Амидоксимдер имин және амин 
топтарының азот атомдарында және оксим оттегі атомында белсенді алмасу реакциялары 
жүзеге асуымен ерекшеленеді.Асқазаннан глюкозаның түсуін реттейтін 
α
-амилаза және 
α
-
глюкозидаза ферменттерінің белсенділігін тежейді. Метилен топтары санының ұлғаюы 
антимикобактериялық белсенділікті арттырады. 
"Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ зертханасында β-
аминопропиоамидоксимді органикалық синтездеп, ИҚ және ЯМР спектроскопиясымен 
нақты талдаулар жасап,реакция қабілеттілігін анықтадық. Дәрілік сезімталдықты зерттеу 
үшін фенотиптік әдіс және дәріге төзімділікті тудыратын мутацияларды анықтау үшін in 
vitro 
тестілеу 
микробиологиялық 
скринингпен 
зерттеу 
жүргіздік.β-
аминопропиоамидоксимдер қабыну сатысының даму қаупін азайтады және патологияның 
дамуын тежейді. 
2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының туберкулез бойынша жоғары деңгейдегі 
бірінші отырысында Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының «2030 жылға дейін 
туберкулез 
індетінен 
толығымен 
құтылу» 
басты 
мақсатқа 
айналды. 
β-
аминопропиоамидоксимдер негізінде биологиялық белсенді қосылыстардың синтезі әлемдік-
экономикалық мәселені шешуде медицина және химия ғылымына жаңа ашылу болады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет