ШАФРАН
CROCUS REGEL ET SEMEM
ӨСІМДІГІ ТҮРІНЕН СУБСТАНЦИЯ АЛУ
ЖОЛЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Төлебай А.Қ.
Ғылыми жетекші: доцент м.а. Елибаева Н.С.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aruka.kurmangali@mail.ru
Зерттеу нысаны – құртқашаштар тұқымдасына жататын Шафран (
Crocus
) өсімдігі. Бұл
өсімдік Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен)
жотасында, Қаратауда өседі.
Шафран
Crocus Regel et Semem
өсімдігінің шынайылығы (шикізаттың ылғалдылығы,
күлділігі, экстрактивті заттар) ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының әдістемесі бойынша
анықталды.
Crocus Regel et Semem
өсімдігінің ылғалдылығы – 1,99%, күлділігі - 3,06%,
экстрактивті заттар (50 % сулы-спирт) – 46,9%.
Шафран өсімдігі майлар мен ақуыздарға, көмірсуларға бай өсімдік болып табылады.
Сонымен қатар қаныққан май қышқылдары, А, С, В дәрумендері, минералдардың (әсіресе
калийдің), эфир майының, шайырдың, флавоноидтардың, каротиноидтардың және басқа да
пайдалы заттардың бай құрамы шафранды фармакологияда баға жетпес құнды етеді.
Шафранның 100-ден астам ауруды емдейтін дәрілік қасиеттері бар. Олар мыналарды
қамтиды: онкологиялық ауруларды емдеу, қанды тазарту, мидың белсенділігін жақсарту
және т.б.
Құртқашаштар тұқымдасы Шафран
Crocus Regel et Semem
өсімдігі амин-, май
қышқылдық құрамы, витаминдер құрамы сарапталу үстінде. Зерттеу жұмысы жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
104
Достарыңызбен бөлісу: |