Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет98/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ARTEMISIA TERRAE-ALBAE 
ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ КЕШЕНДЕРІН АЛУ
 
 
Тойшы З.Ж. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Құдайберген А.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

Алматы
 
қаласы
 
Toishy.zarina@gmail.com


Тамыржусан 
(Artemisia terrae-albae )
– шөлді аймақта өсетін жусан тұқымының 
ішіндегі ең жиі кездесетін түрі. Тамыржусанның биіктігі 45 см-ге дейін жетеді, бұтақша 
тәрізді, шашақ тамырлы өсімдік. Тамыры мүлдем ағаштанып кеткен. Сабағы жылтыр, қоңыр 
түсті. Жапырағы қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлі қос жынысты, ұсақ, сары және күлгін 
түсті болып келеді. Гүлденуі тамыз айына cәйкес келеді. Жемісі дәнек болып табылады. 
Тамыржусан (
A. terrae-albae
) Қазақстанның, Орта Азияның, Қытай, Монголия, Украина 
және тағы да басқа мемлекеттердің далалары мен шөлдерінде жиі кездеседі. Тамыржусан 
еліміздің ШҚО және Алматы таулы аймақтарында өседі.
Алматы обылысында өсетін тамыржусан 
(A. terrae-albae) 
өсімдігіне сандық және 
сапалық талдаулар жасалынды. Зерттеу нәтижелері бойынша 
A. terrae-albae 
өсімдігінің 
химиялық құрамдары анықталды: ылғалдылығы (7.14%), күлділігі (5,17%), ондағы 
экстрактивті заттар (57.61% 70% спирттегі ерітіндісінде), органикалық қышқылдар (1.44 %), 
тері илегіш заттар (4,92%), флавоноидтар (0,070%), алкалоидтар (14,39%), полисахаридтер 
(2,15%), кумариндер (1,67%), сапониндер (1,166%). Өсімдік күлінің құрамынан минералды 
заттар атомды-абсорбционды спектрометр көмегімен 11 макро-микроэлемент анықталды, 
олардың негізгі құрамы К (269,17 мкг/мл), Nа (176.89 мкг/мл), Ca (43.8 мкг/мл). Сонымен 
қатар, газ – сұйықтық хроматографиясы арқылы амин және май қышқылдары үшін жер үсті 
бөлігінің құрамдық және сандық құрылымы анықталды. 
A. terraealbae
өсімдігі құрамынан 
жиырма амин және сегіз май қышқылы анықталды. Аминқышқылдарының негізгі құрамына 
глутамат (1425 мг/100 г), аспартат (1062 мг/100 г), аланин (643 мг/100 г), май қышқылдарына 
олеин (44.2 %), линол (41.3 %) және пальмитин (19.7 %) жатады. 
Қазіргі таңда 
(A. terrae-albae)
өсімдігіне зеттіттеу жұмыстары жалғасуда, Яғни шикізат 
құрамындағы биологиялық белсенді заттарды бөлу жұмыстары жасылынып жатыр. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
103 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет