ИІСТІ АЛАБҰТА (
CHENOPODIUM BOTRYS
), КӘДІМГІ ТҮЙМЕШЕТЕН (
FLORES
TANACETI
) ЖӘНЕ АСҚАБАҚ ДӘНІНЕ (
GRAINES DE POTIRON
) ФИТОХИМИЯЛЫҚ
САРАПТАУ ЖҮРГІЗУ
Сәулімбай А.С.
Ғылыми жетекші: х.ғ.д, профессор
Бурашева Г.Ш.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aruzhan.saulimbay02@gmail.com
Иісті
алабұта
(Chenopodium botrys
)
- алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық
өсімдіктер туысы. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын
, демікпе
ауруларын емдеуге
және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады.
Кәдімгі
түймешетен
( Flores tanaceti)
астралылар тұқымдасы, түймешетен туысына
жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Асқабақ
дәні
(Graines de potiron)
–
асқабақ дәнінің құрамындағы кукурбитин
аминқышқылы – ішек құрттарының нағыз жауы.
Зерттеу
нысаны
:
иісті алабұта (
Chenopodium botrys
) - 2021 жылы,
тамыз айында
Жамбыл облысы, Мерке ауылында өсімдік гүлдеген кезде;
ал
кәдімгі түймешетен (
Flores
tanaceti
) - 2022 жылы Алматы облысы, Ұзынағаш ауданынан жиналған;
асқабақ дәні
(
Graines de potiron
)- Тараз қаласы, Шайқорық ауылында бақшада өсірілген асқабақтан
алынды.
Үш өсімдік шикізатынан құралған компонентті фитохимиялық сараптау ҚР-ның I-
Мемлекеттік Фармакопеялық әдістемесі бойынша жүргізілді, нәтижесінде: ылғалдылық-
6,12% , күлділік- 10,82%, көмірсулар - 1,95% , флавоноидтар - 2,80%, тері илегіш заттар -
4,8%, органикалық қышқылдар-1,89% сапониндер - 0,26%, 70%-тік этил спиртіндегі
экстрактивті заттар – 36,2% болды.
Зерттеу
нәтижелері
:
Иісті алабұта, кәдімгі түймешетен және асқабақ дәнінен
алынған кешеннің құрамында органикалық қосылыстармен қатар минералды заттар да
көптеп кездеседі. Алынған кешеннің құрамында минералды заттар мөлшері: мырыш- 5,55
мкг/мл; мыс- 2,02 мкг/мл; қорғасын-0,39 мкг/мл; темір- 20,78 мкг/мл; никель- 0,58 мкг/мл;
марганец- 9,34 мкг/мл; кальций- 408,83 мкг/мл; магний- 500,09 мкг/мл; натрий- 59,97
мкг/мл; калий-3025,72 мкг/мл ; кадмий-0,04 мкг/мл.
Экстрактивті заттардың мәліметі негізінде биологиялық белсенді заттарды бөліп алу
үшін, 70%- этил спирті тиімді болды. Сапалық талдау бойынша кешенді алуда әртүрлі
қатынастар қарастырылды: 2:2:1; 1:2:2 және 1:3:1, нәтижесінде 2:2:1 қатынаста жақсы
көрсеткіштің болуына байланысты тиімді деп танылды. Тандап алынған 2:2:1 қатынаста
экстракция уақыты 3 күн ( 72 сағат) бөлме температурасында, 2 рет жүргізілді. Алынған
кешеннен 1500 мл экстракт бөлініп, 8°-қа тоңазытқышқа қойылды. Зерттеу жұмыстары
жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
98
Достарыңызбен бөлісу: |