Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет92/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
96 
«ӨГЕЙШӨП» ӨСІМДІГІНЕН ЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ТАБЛЕТКА АЛУ 
 
Серікқалиева А.А. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш. 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
aidaaidarhan@mail.ru
«Өгейшөп» - емдік мақсатта қолданылатын өсімдік. Латын тілінен аударғанда 
«
tussilago
» жөтелді шығару деген мағынаны береді.
Өгейшөп қақырық түсіретін, онымен қатар қабынуға қарсы және тамақты жұмсартатын 
әсерге ие. Сонымен қатар, антисептикалық, жараларды тезірек жазуға көмектеседі.
Зерттеу
 
нысаны

«Өгейшөп» өсімдігінің жапырағы - Алматы облысы, Іле ауданынан 
2022 жылдың шілде айының ортасында жиналып, кептірілген.
Өсімдік шикізатының сапалығын анықтау үшін ҚР Мемлекеттік Фармакопиялық 1-
басылым, әдістемесі бойынша келесі көрсеткіштер анықталады: шикізаттың ылғалдылығы, 
күлділігі және экстрактивті заттар. Өгейшөп жапырағының ылғалдылығы – 9,63%, күлділігі 
– 14,75%, эктрактивті заттар – (50% этанолда) -23,7, (70% этанолда) –25,3 болды.
Зерттеу
 
нәтижелері

Өгейшөп жапырағының ылғалдылығы және күлділігі жақсы 
мәліметтер көрсетті. Экстрактивті заттарды сараптау үшін 50% - этил спиртін пайдаланған 
кезде, спиртке өткен биологилық белсенді заттардың мөлшері артты.
Өгейшөп жапырағының құрамындағы биологиялық белсенді заттарды бөліп алу үшін 
70%-ды этил спирті тиімді екендігін көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде 70% сулы-этанол 
сығындысының (шикізат: экстрагент – 1:6/8 экстракция уақыты 3 күн (72 сағат), экстракция 
реті – 3 рет, бөлме температурасында жүргізілді) құрамында ББЗ-дың мөлшері жоғары 
болатыны белгілі болды. Алынған экстрактіні фильтрлеп алып, сосын қойылттық, 
концентратты Петри табақшасына құйып, кептіруге қалдырдық. Бізге таблетка алу үшін 
жақсы кепкен ұнтақ қажет. 
Өсімдік шикізатының құрамында органикалық қосылыстармен қатар минералды заттар 
да көптеп кездеседі. Өсімдіктерде макро- және микроэлементтердің жиналуы топырақтың 
түріне, оның орналасуына, суару көздеріне және т.б. факторларға байланысты болады. 
Өгейшөп жапырағы құрамынан Pb – 0.6168 мкг/мл, Cd – 0.0723 мкг/мл, Ca – 1663.550 
мкг/мл, Mg – 1311.900 мкг/мл, K – 2742.175 мкг/мл, Na – 96.1925 мкг/мл, Cu – 0.8967 мкг/мл, 
Fe – 23.8146 мкг/мл, Zn – 2.6116 мкг/мл, Ni – 0.4087 мкг/мл, Mn – 8.1492 мкг/мл.
Өгейшөп жапырағы құрамындағы дәрумендер мөлшеріне келетін болсақ, иммундық 
жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті А дәрумені және теріні күннің сәулесінен қорғайтын, 
иммунитетті жоғарылататын С дәрумені кездеседі.
Қазіргі таңда жұмыс жалғасуда және таблетка жасауға қажетті қоспалар 
қарастырылуда. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет