Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ОТАНДЫҚ ШИКІЗАТТАН АЛЫНҒАН КАЛЬЦИЙ ОКСИДІНІҢ НЕГІЗІНДЕ КАЛЬЦИЙ БОРАТЫН СИНТЕЗДУ Мұратқызы І., Әбіл А.И. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. Калабаева М.К. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті inkar.muratkyzy@bk.ru Қазақстан - табиғи ресурстарға бай ел. Отандық шикізатты тиімді пайдалану бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Атап айтқанда Батыс Қазақстан аумағында
5 миллион тоннадан астам түрлі фракциядағы ұлутас-әктастың қалдықтары жинақталған.
Бұл шикізат көбінесе құрылыс қабырғалық материалы ретінде пайдаланылатын, әк тасын
өндірудің ірі нысандарының бірі болып табылады. Бірақ олар өзінің қасиеттері бойынша
жол құрылысына арналған материалдарға қойылатын стандарттар талаптарына сәйкес келе
бермейді.
Сондықтан әдеби деректерде Бейнеу әктас-ұлутас кен орындарының шикізаттарынан
күкірт негізіндегі іс жүзінде маңызды функционалдық қасиеттері бар композициялық
материалдар сериясын алуда кеңінен қолданыс тапқандары жайында айтылады. Әктас-
ұлутас қабығы мезокеуекті құрылымға ие, бұл оны балқытылған күкіртпен
модификацияланған гидрофобты адсорбенттерді шығаруға перспективті шикізат етеді.
Әктас-ұлутас негізіндегі күкірті бар адсорбенттер жоғары қалқымалы жүзгіштікті көрсетеді,
бұл оларды төгілген мұнай өнімдерін жою үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Отандық әктас-ұлутастың мезокеуекті құрылымға ие болуына байланысты, әктас-
ұлутасқа бор қышқылымен әрекеттестіріп кальций бораттарын синтездеудің оңтайлы
шарттарын анықтау бұл зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.
Нәтижеде B
2
O
3
– CaO – H
2
O жүйесіндегі комоненттердің өзара әрекеттесуі, фазалық
тепе-теңдігі және ерігіштіктері анықталды. Олардың әртүрлі темперутуралардағы
кристалдану аймақтары және қатты фазаға бөлінген кальций боратының құрамы анықталды.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын 170-200
о
С температура аралықтарында СаО кеуекті
ұнтағын бор қышқылымен өңдеудің тиімді параметрлерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бор қышқылының кальций тұзы болып табылатын кальций бораты өнеркәсіптің
әртүрлі салаларында, мысалы, керамика, эмаль, шыны өндірісінде қолданылады. Кальций
боратын қолдану керамикалық пигменттердің күйдіру температурасының төмендеуіне және
олардың түсінің жарықтығының жоғарылауына әкеледі. Шыны және шыны талшық
өндірісінде кальций бораты қоспалары балқу температурасын төмендетіп қана қоймай,
шыны сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни, механикалық беріктігін, химиялық
төзімділігін, жылу соққыларына төзімділігін арттыру, оптикалық қасиеттерін жақсартады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
207