Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ХРОМ (VI) АНЫҚТАЛУЫНЫҢ ТЕСТ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет201/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ХРОМ (VI) АНЫҚТАЛУЫНЫҢ ТЕСТ ӘДІСТЕРІ 
 
Назаров М.С. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. Исмаилова А.Г.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
mansurnazarov107@gmail.com
 
Тест әдістері талдау объектісі орналасқан жерде заттарды ашудың және анықтаудың 
жедел, қарапайым және арзан әдісі. Тест әдістері сынаманы дайындауды, күрделі құрал-
жабдықтарды пайдалануды, білікті қызметкерлерді қажет етпейді. 
Қазіргі кезде хром қосылысымен ластанған суларды қатаң бақылау қажет. Соның 
мысалы ретінде Ақтөбе қаласында орналасқан «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ 
алуға болады, ол хром қосылыстарын өндіретін мамандандырылған кәсіпорын болып 
табылады. Осыған байланысты аналитикалық реакциялар мен реагенттерді көзбен 
бақыланатын немесе оңай өлшенетін аналитикалық сигнал алуды қамтамасыз ететін, тез 
орындалатын, алдын-ала анықтауға негізделген тест-әдістерге қажеттілік туындайды. Тотығу 
дәрежесі +3 және +6 болатын хром қосылыстарының барлығы улы болып келеді. Әсіресе бұл 
хром қышқылы мен оның тұздарына, сонымен бірге хром (VI) қосылыстарына да қатысты. 
Көптеген зерттеулерде хромның (VI) дифенилкарбазидпен түсті реакциялары қолданылады. 
Бұл реакция сезімтал болғанымен хромның анықталуына кедергі келтіретін иондар бар. Олар 
темір (III), кальций, мыс, сынап, молибден. Сол себепті хром мөлшерін нақты анықтау үшін 
бөлу және концентрлеу әдісін орындап алған жөн. Тест әдісі түрлі тілімше, таблетка, 
түтіктер арқылы орындалады.
Зерттеу мақсаты химиялық тест әдісін өңдеу. Хромның тест әдісін өңдеу үшін 
орындалатын талаптар: анықталатын ионға селективті реагент таңдау; әсер ететін 
факторларды жою; тасымалдаушы таңдау; анықталатын ионның төменгі және жоғары шегін 
анықтау.
Тест құралын жасағанда тасымалдаушыға қатты көңіл бөлу керек және ол мынадай 
шарттарға сай таңдалады: 
- түсі анағұрлым ашық болу керек, яғни қосылыстың түсіне әсер етпеу керек;
- сіңірілетін қосылыс жуылып кетпеу керек (әсіресе сумен); 
- тасымалдаушы қышқылдар мен негіздерге тұрақты болу керек.
Зерттеу үшін анықталатын ионның концентрациясы 0,02 - 0,05 мг/л болатын 
стандартты ерітінділері дайындалды, хромның фотометрлік әдіспен градуирлеу графигі 
тұрғызылды. Ол үшін хром (VI) ионының стандартты ерітінділер сериясы дайындалды. 
Аликвот алынған әр колбаға 0,5 мл немесе 10 тамшы H
3
РO
4(конц)
ерітіндісін тамызып, үстіне 1 
мл ДФК индикаторын қосып, белгіге дейін дистилденген сумен толтырып, ерітіндіні 
араластырамыз. Оптикалық тығыздық 540 нм-де (l = 10 мм) өлшенеді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет